Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа

Описание

Курстық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың әдістерінің теориялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау негізінде қазақстандық экономика жағдайында банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
І бөлім. Валюталық тәуекелділіктің теориялық негіздері
1.1 Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні...........................................5
1.2 Валюталық жүйенің мәні, түрлері...................................................................8
ІІ бөлім. Валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың негізгі әдістері
2.1 Валюталық тәуекелдердің экономикалық мәні............................................14
2.2 Халықаралық валюталық нарықтар...............................................................17
ІІІ бөлім. Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу.........24
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Валюталык тауекел - сактау.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

    Баға  тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына ықпал ететін қаржы нарықтарының жағдайлары өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдарының қоржындары құнының өзгеруі салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі.

    Банкте  апта, ай және тоқсанға болжаммен баға тәуекелі бойынша Var есептеу арқылы баға тәуекеліне мониторинг жүргізу  мен сараптау, сондай-ақ болжамдардың дұрыстығын сараптау жүзеге асырылады. Сонымен қатар Активтер мен пассивтерді басқару комитетіне, Директорлар кеңесіне ай сайынғы негізде баға тәуекелі бойынша есеп жіберіледі.

    Нарықтық  тәуекел бойынша VAR шектерден асып кетсе, Тәуекел-менеджмент басқармасы Қазынашылық басқармасына VARды төмендету туралы ұсынымдар мен VARы ең жоғарғы құралдар бойынша нұсқаулары бар ұсынымдар береді.

    Баға  тәуекелі ұлғайған кезде уақытылы әрекет ету мақсатында Тәуекел-менеджмент басқармасы Қазынашылық басқармасынан  қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге өтінім алысымен контрагенттердің шектерін есептеуді, сондай-ақ жеке капиталдың  жеткіліктілік деңгейін және Уәкілетті орган нормативтерінің – к1, к2 орындалуын есептеуді жүргізеді және олар бойынша ақпаратты Қазынашылық басқармасына береді.

    Баспасөз  қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі ағымдағы жылдың қаңтарында екінші деңгейдегі банктерге кейіннен банктердің өкілдерімен  сұхбат жүргізе отырып, сауалнама  жүргізу нысанында "Кредит нарығының  жағдайы және өлшемдерінің болжамы" кезекті тексеруді жүргізді. Банктер ұсынған нәтижелер кредит нарығының мынадай сапалық үрдістерін растайды.

    Корпоративтік кредиттеу секторында қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік  ресурстарға сұраныстың шамалы өскені байқалып отыр. Сұраныстың ұлғаюы туралы мәлімдеген респонденттердің үлесі 2009 жылғы 3-тоқсандағы 18%-дан 4-тоқсандағы 30%-ға өсті. Қаржылық емес ұйымдар кредиттік ресурстарды айналым қаражатын толықтыру және бұрын алынған кредиттерді қайта құрылымдау үшін тартуын жалғастырып отыр.

    Банктердің  пікірі бойынша, жаңа заемшылар өтініш беруде, бірақ олардың үлесі өте  төмен және олардың бір бөлігі көбінесе банктердің талаптарына сәйкес келмейді, себебі банктердің кредиттік  саясаты әлі де қатаң болып  қалуда.

    Банктердің 2010 жылдың 1-тоқсанына арналған болжамы кредит саясатына қатысты консерватизмді сақтап отыр және корпоративтік заемшылар тарабынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуін күтуде.

    Кредиттеудің  бөлшек нарығында кейбір тыныштық байқалуда, бұл белгілі бір дәрежеде маусымдық фактордың ықпал етуіне байланысты. 2009 жылғы 4-тоқсанда ипотекаға сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 17% құрады, бұл 3-тоқсанға қарағанда (26%) айтарлықтай төмен. Сондай-ақ тұтынушылық кредитке сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесінің төмендеуі байқалып отыр - өткен кезеңдегі 37%-дан талдау жасалып отырған кезеңдегі 19%-ға дейін.

    Банктердің  пікірі бойынша, ипотекалық және тұтынушылық  кредиттеуге сұраныстың шамалы төмендеуіне  маусымдық фактор белгілі бір дәрежеде ықпал етті, банктердің бағалауы бойынша жылдың аяғы халықтың тарапынан іскерлік белсенділіктің кейбір бәсеңдеуімен сипатталады.

    Банктердің  кредиттік ресурстарды ұсыну  факторларының одан әрі динамикасына қатысты жауаптары көрсетіп отырғандай, банктердің көпшілігі халыққа қатысты кредиттік саясатты бұрынғы деңгейде қалып отыр деп бағалауда. Сонымен қатар 5 ірі банктің орташа алынған бағалауы бойынша кредит саясатының және бөлшек кредиттер бойынша талаптардың кейбір бәсеңдеуін 2010 жылдың 1-тоқсанында күтуге болады.

    Бұл ретте корпоративтік заемшыларға  қатысты, 5 ірі банктің ақпараты бойынша, төмендегі талаптар кредиттеудің ықтимал  жандануы үшін негізгі мотивация  болып табылады:

    банктер жеткілікті өтімділікке қарағанда, көбірек өтімділік жинақтады;

    Ұлттық  банктің корреспонденттік шоттарындағы сыйақы ставкасы өте төмен;

    Компаниялар және халықтың депозиттері бойынша  сыйақы ставкасы айтарлықтай жоғары, нәтижесінде бұл ішкі қорландырудың  қымбат болуы салдарынан маржаның төмендеуіне  әкеп соғуы мүмкін.

    Банктердің  пікірі бойынша, тұтастай алғанда кредиттеудің жандануы: Қазақстандағы макроэкономикалық  ахуалдың (макроэкономикалық тәуекелдер), оның ішінде халықты жұмыспен қамту  бойынша ахуалдың орнықтылығына  және тұрақтандыруға; кредиттік портфель сапасының одан әрі динамикасына, яғни мерзімнің өтуінің өсуіне; қаржы секторындағы реттеушілердің іс-әрекеттеріне қатысты болады, яғни реттеушілік нормаларды қатаңдату экономиканы кредиттеуді тежеуге әсер етуі мүмкін.

    Нашар кредиттердің үлкен үлесі осы  уақытқа дейін банктердің негізгі жүйелік тәуекелі болып табылады, алайда, олардың көлемі, банктердің өзінің бағалауы бойынша тұрақтандырылды. Өтімділік тәуекелі және валюталық тәуекел банктер үшін біртіндеп төмендеуде, соңғы көрсеткіш барынша төмендеді, атап айтқанда: өтімділік тәуекелінің ұлғаюын респонденттердің 17%-ы, ал валюталық тәуекелдің өсуін респонденттердің небәрі 8%-ы атап өтті. 2009 жылғы 4-тоқсанда жылжымайтын мүлік бағаларының тұрақтануын ескере отырып, кепілге салынған мүліктің одан әрі құнсыздануы проблемасы өткірлігінің төмендегенін атап өту қажет. Банктердің бағалауы бойынша, кепілге салынған мүліктің барынша құнсыздануы 2009 жылғы бірінші жарты жылдықта болды.

    Банктер үшін маңызды проблемалардың бірі жинақталған  кепілзаттарды сатудан тұрады, заемшылар көбінесе өзінің қаржылық жағдайының нашарлауы салдарынан заем бойынша міндеттемелерінен бас тартады және олардың кепілге салынған мүлкі банкке өтеді, ал құнсызданған кепілзатты, әсіресе жылжымайтын мүлікті сату жылжымайтын мүлік нарығы өтімділігінің төмен болуынан айтарлықтай күрделі болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.

    Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының  және сапалық бағаның өзгерісі себебінен  бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын  жоғалтулармен байланысты тәуекелдер. 
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:

    1)   жіберіліп қойған пайда тәуекелі;

    2)   табыстылықтың төмендеу тәуекелі;

    3)   тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

    Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі  бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі. 
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін.

    Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің  пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып  алумен түсіндіріледі. «Портфельдік» термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді. 
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер. 
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері  жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.

    Пайыздың  нарықтық мөлшерлемесінің өсімі  бағалы қағаздардың бағамдық құнының  төмендеуіне алып келеді, әсіресе  тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Қазақстан  Республикасының Заңы «Валюталық  реттеу және валюталық бақылау  туралы», Заң – N 7- 2008

2. Мақыш  С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2007, 19 б.

3. Найманбаева  С. «Валюталық құқықтың жүйесі»,  Заң және заман, 

    N 9- 2009

4.   Худяков А.И.  Основы теории  финансового права.  -Алматы, Жеті  Жаргы,   2005.  -С.224-225.

5.  Дирофеев  Б.Ю., Земцов Н.Н., Пушин В.А. Валютное право.   -М,  НОРМА-ИНФРА,  2005.   -С.15.

6.   Худяков А.И. Финансовое право  Республики Казахстан (особенная  часть) Алматы, НОРМА-К, 2006. -С.24.; Худяков  А.И. Налоговое право Республики  Казахстан (общая  часть).   -Алматы,  НОРМА-К,  2003.  -С.222.

7.  Худяков  А.И. Финансовое право Республики  Казахстан (общая  часть).  -Алматы,  Қаржы-қаражат,  2005. - с.168-177;  с.98.

8. Сейітқасымов  Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы  – 2006

9. Қазақстан  Республикасы Парламен Жаршысы, 7-2007

10. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.

11. Найманбаев  С. «Валюталық құқықтың жүйесі» 
 
 

Информация о работе Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу