Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 23:50, курсовая работа

Описание

Зейнетақы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы», жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы дегеніміз:
ай сайын аударып отыратын жай ғана 10% емес;
ай сайынғы жарналарыңыз және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде алған инвестициялық кірісіңіз.

Работа состоит из  1 файл

I ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ12.docx

— 69.88 Кб (Скачать документ)

       1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

       1.1 Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері  

       Зейнетақы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы», жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін  зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

       Зейнетақы дегеніміз:

      • ай сайын аударып отыратын жай ғана 10% емес;
      • ай сайынғы жарналарыңыз және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде алған инвестициялық кірісіңіз.

       Жинақтау  мерзімі неғұрлым ұзақ болған сайын, жалпы жинақтар сомасындағы инвестициялық  кірісіңіздің үлесі де соғұрлым үлкен болады.

       Зейнетақы қоры дегеніміз:

      • 1998 жылға дейін еңбек өтілі 6 айдан аспайтын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің жалғыз көзі.
      • зейнетақы жинақтарыңызды инфляциядан қорғай отырып, көбейтуге көмектесетін жалғыз қаржы институты.
      • зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуын қамтамасыз ететін жалғыз қаржы институты.

       Жинақтаушы  зейнетақы қор — бұл Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

       Жинақтаушы  зейнетақы қорлары салымшылардың  міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру  арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бөлінеді.

       Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды  тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы — мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге зейнетақы активтерін қалыптастырьш, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.

       Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл  қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы  шығындарды азайтатын, қаржы нарығында  тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны»  тартатын әлеуметтік - экономикалық институт.

       Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры —  салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі  зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуді, сондай - ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын занды тұлға. Ол міндетгт қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері жинақтаушы зейнетақы қорлардан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді.

       Мемлекеттік емес зейнетақы қоры халықтың зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптасатын коммерциялық емес ұйым (еңбек ақысынан – 10%) және келісімшартқа сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады.

       Жиналған  қаржыны көбейту үшін қор зейнетақы  қорының активтерін басқару жөніндегі  арнайы компанияға тапсырады.

       Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерінен өзге ашық және корпорациялық зейнетақы қорларын бөліп көрсетуге болады.

       Жинақтаушы  зейнетақы қорлары:

  1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

       Қазақстан Республикасының резидент емес қатысушысы бар ашық ЖЗҚ — бұл 25% - дан да көп дауыс берушінің акциялары  төмендегілердің меншік иесінде  немесе басқаруында болатын зейнетақы  қоры:

  • Қазақстан Республикасының резиденті еместер;
  • 50% - дан да көп акциясы Қазақстан Республикасының резидент еместердің меншігінде немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің занды тұлғасы;
  • ҚР резиденті еместерінің, бағалы қағаздарына атаулы ие болып табылатын ҚР резиденттері.
  1. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы – қызметкерлері үшін құрылады.

       Ашық  жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір тұлғаның дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25% - дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы болмайды.

       Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларында мұндай щектеулер жоқ. Алайда зейнетақы жинағының нақты кұны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің, жауапкершілігі үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.

       Зейнетақы активтерін алғашқыда ЗАБК ғана орналастыра алады. ЖЗҚ жарна түсімін кастодиан-банктің шотына орналастырады, ал ЗАБК үш күннің ішінде оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті.

       Бір жинақтаушы зейнетақы қоры тек бір ғана ЗАБК-мен келісім-шартқа отыра алады, ал компания өз кезегінде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорына қызмет көрсете алады.  

       1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі  принциптері, қызметтері және зейнетақы қорлары
 

       Реформадан  қазіргі кезеңге дейін зейнетақы  жүйесінің негізгі принциптерінің сипаттамасы: 

       1.2.1 кесте – Зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Жұмыспен  қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы  таңдаған зейнетақы қорына жұмысшының айлық табысынан 10 - пайыздық міндетті зейнетақы салымдарын аударуды жүзеге асырады. Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу мөлшері, салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының есебінен де жүзеге асады.  

       Зейнетақымен  қамтамасыздандыру жүйелеріндегі  өткізілген өзгерістер барысында, оның  бөлімдерінің ең маңыздысы -  Зейнетақыны төлеу Мемлекеттік орталығы құрылды.

       Орталық зейнетақы жинақтаушы қорында маңызды  рөл атқарады, ең бастысы ақпараттық жүйелерді іске асырады. Орталық, міндетті зейнетақы салымдарының адамды фициялық есебін жүзеге асырады, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аударады және бюджет қаржысының есебінен зейнетақы қамтамасыздығына құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүргізеді.

       Жинақтаушы  зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің  қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына  жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы  төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату.

       Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес міндетті зейнетақы салымдарын толық және уақтылы төлеуді және өсім пұл салуын республиканың салық  органы жүзеге асырады.

       Жинақтаушы  зейнетақы қорларының, қаржы салымдарын басқару зейнетақы активтері  ұйымдарының, кастодиан-банктерінің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеушілік  және  бақылаушылық жүйелерін атқарушы өкілетті орган, Қазақстан Республикасының нарық рыногын және қаржы ұйымдарын бақылаушы реттеуші Агенттік болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі халықты зейнетақымен қамтамасыздандыру саласында мемлекеттік саясатты құру жүйелерін жүзеге асырады.

       Республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді, республиканың аймақтарында олардың да 76 филиалы мен 48 өкілдігі бар.

       Зейнетақы қорларының тізімі:

  1. «БТА Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «БТА Қазақстан Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ;
  2. «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы;
  3. "Қазақмыс Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ;
  4. "НефтеГаз-Дем" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ;
  5. «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ;
  6. "ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (“Казкоммерцбанк” АҚ еншілес ұйымы);
  7. «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ;
  8. «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы(бұрынғы атауы - «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (ашық));
  9. «РЕСПУБЛИКА» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ;
  10. "Ұлар Үміт" Жинақтаушы зейнетақы қоры (ашық)" АҚ;
  11. "АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН" Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
  12. "Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "Атамекен" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ;
  13. "МЖЗҚ" Жинақтаушы Зейнетақы Қоры" АҚ;
  14. «Қорғау» ЖЗҚ АҚ.

       Жинақтаушы  зейнетақы қорлары акционерлік  қоғам нысанында құрылады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органмен белгілеген келісім бойынша, ол белгілеген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары болып, ҚР резиденттері – заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

       Жинақтаушы  зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.

       Жинақтаушы  зейнетақы қорларының жарғылық капиталынның ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді. 
ЖЗҚ-ның жарғылық капиталы ақшамен төленеді.

       Жинақтаушы  зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары:

  • Инвестициялық табыстың 15 процентінен;
  • Айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгіленеді.

       1.3 Зейнетақы жүйесін реформалау: мазмұны, мақсаты, бағыттары  

       Қазақстанның  заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі  еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру  жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру  туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже  ынтымақтастықты жүйеден ақырындап  бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің негізін құруға жасалды.

       Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп  бір жағынан нарықтық экономика  механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық  фактор болды.

       Әрекет  еткен ынтымақтастықты зейнетақы  жүйенің шарттарында инфляцияның  жоғарғы өсу қарқыны және халық  арасындағы жұмыссыздық, ЖІӨ (жалпы  ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік  тапшылық зейнетақы төлемі жөніндегі  қарыздардың пайда болуы мен  ұлғаюына себеп болды және тіпті  әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі  деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмады.

       Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды  және қызметкердің жеке шотына қаражатты  толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші  әрбір адам дербес шот алып, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше олар зейнет төлемдерінің көздеріне  айналады. Чилилік жүйе негізінен  басқа қазақстандық үлгі өзіндік  ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол  себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі болып саналады.

Информация о работе Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері