Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 23:50, курсовая работа

Описание

Зейнетақы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы», жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы дегеніміз:
ай сайын аударып отыратын жай ғана 10% емес;
ай сайынғы жарналарыңыз және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде алған инвестициялық кірісіңіз.

Работа состоит из  1 файл

I ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ12.docx

— 69.88 Кб (Скачать документ)

       Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде  зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен  ТМД территориясындағы бірінші  ел.

       Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты  зейнетақы жарналарының дербестендірілген  есебі арқылы экономикалық өсуді  ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын  лайықтай отырып, қаржылық тұрақты  және әділ жүйені оңынан тұрғызу.

       Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика  тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ.

       Зейнетақымен  қамтамасыздандыру екі жүйеден  тұрады:

  • ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен  қамтамасыздандыру);
  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру).

       1998 жылғы 1 қаңтарға дейін республикада  зейнетақы жүйесі толық қызмет  етті. Зейнетақы көлемі еңбекақының  50 пайызы есебінен белгіленді  және соңғы жұмыс істеген он  жылының 5 жылғы жұмыс өтіліне  және еңбекақысына байланысты  болды. Зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын. Бірақ  қайта құру процесінің дағдарысы  зейнетақы жүйесін күйреуге дейін  әкеп соқты да ұрпақтардың  «ортақтас» қағидасына негізделген  зейнетақымен қамтамасыз етудің  бөліп беру жүйесінің сәйкессіздігі  айқындалды. 

       «Қазақстан  Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңымен зейнетақы  реформасы басталды, нәтижесінде 3 қосарлас зейнетақы жүйесі қызмет етеді, атап айтқанда: 

       1.3.1 кесте - зейнетақы жүйесі қызметтерінің түрлері

         
 
 
 

       Келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, толық ортақтас жүйе – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткер жасында болғандар үшін; Аралас жүйе – зейнетақы жоғарыда аталған күннен кейін белгіленген және осы уақытта белгіленетін зейнеткерлер үшін; Жинақтау жүйесі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс өтілі болмаған (немесе жарты жылдан кем болған) адамдар үшін. Халық қартайған сайын алдыңғы екі жүйе кеми бастайды да жинақтау жүйесіне толық жол беретін болады.

       «Қазақстан  Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңның нормалары 2001 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы төлемдері  ерлерге 63 жасқа, әйелдерге 60 жасқа толысымен тағайындалады деп белгіледі.

       Қазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруы ынтымақтастықты және жинақтаушы жүйе механизмдерін бір  мезгілде үйлестіретін үш деңгейлі жүйесін (пиллар) ұсынады:

       Бірінші деңгей - КСРО ыдырағаннан кейін  Қазақстанға мирас болып қалған және «ұрпақтың ынтымақтастығына»  негізделген ынтымақтастықты зейнетақы  жүйе, онда зейнетақы төлем көздері  халықтың жұмыс істейтін бөлігінің  салық аударымдары есебінен және басқа да түсімдер есебінен мемлекеттік  бюджет атқарады. Зейнетақы төлем  мөлшері еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгей аясында 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  шығу сәтінде еңбек өтілімі алты айдан кем болған тұлғалардың  зейнет төлемдері реттестіріледі.

       Екінші  деңгей: Қазақстан азаматтары, Қазақстанда  тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табысынан 10 пайыз мөлшерде зейнетақы аударымдарын ұстап отыратын міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

       Үшінші  деңгей: ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы  жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.

       Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі халыққа қызмет ете отырып, зейнетке шыққаннан кейін  өз кірісінің деңгейінде дербес жауапкершілік алуға міндеттенеді.

       2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ  

       2.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің реформалау ерекшеліктерін талдау 

       Зейнетақы қызметін көрсету рыногы. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 2008 жылғы жағдай бойынша 9 613 112 болды, ал 2010 жылы жағдай бойынша 7 989 782 болып, 2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылғы зейнетақы қорларының үлесі 3,69 % өсті.  

       2.1.1 кесте – Қазақстан Республикасының зейнетақы жарналары жəне қорланымының көрсеткіштері (2008 – 2010 жж.) 

Кезең Міндетті  зейнетақы

жарналары бойынша

салымшылар  саны

(адам)

Зейнетақы қорланымы (ЗҚ) Зейнетақы жарналары (есеп берілген айда), млн. теңге
Сомасы, млн. теңге о.i.таза инвестициялық түсiм
Сомасы, млн. теңге ЗҚ-дағы үлесі, %
2008 ж. 9 613 112 1 420 509 306 983 21.61 272 539
2009 ж. 7 732 128 1 860 509 481 661 25.89 304 141
2010 ж. 7 989 782 2 258 199 571 367 25.30 332 92
 

       Ерікті  зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 2008 жылы 595-ке (1,5%-ға) өсіп, 2009 жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 959,2 млн. теңгемен 41 499 болды.

       2009 жылғы жағдай бойынша қорларға  зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 2008 жылы 272,6 млрд. теңгеге (29,9%) өсіп, 1 184,7 млрд. теңгені құрады.  

       Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттарының өсу қарқыны жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өткен жылдардың тиісті кезеңімен салыстырғанда, жинақталған зейнетақы қаражаттарының жылдық абсолютті өсу барысында олардың өсу жеке есепті кезеңдерде есепті жылы өсу қарқынының төмендеу үрдісін жəне елеулі төмендеуін көруге болады, соңғы 3 жыл ішінде 2.1.2 кестеде көрсетілген мынадай көрсеткіштерімен сипатталады: 

       2.1.2 кесте – Қазақстан Республикасының жинақталған зейнетақы қаражаттарының көрсеткіштері (2008 – 2010 жж.)  

Күні Жинақталған

зейнетақы

қаражаттарының

сомасы, млрд.теңге

Бір жылға өсімі

%-бен

Жинақталған зейнетақы  қаражаттарының

өсу қарқыны (%-бен)

2008 ж 1208,1 298,4 32,80
2009 ж. 1420,5 212,4 17,6
2010 ж. 1860,5 302,4 35,9
 

       Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы  қаражаттары 2008 жылғы жағдай бойынша 1 208,1 млрд. теңгені құрады, 2009 жылғы бір жылғы өсімі 2008 жылмен салыстырғанда 86 % төмендеді.

       Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттары 2010 жылғы жағдай бойынша 1860,5 млрд. теңгені құрады, 2009 жылғы бір жылғы өсімі 2010 жылмен салыстырғанда 90 % жоғарылады.

       Жинақталған зейнетақы қаражаттарының өсу қарқыны 2008 жылғы жағдай бойынша 32,8 % болды, 2010 жылмен салыстырғанда 3,1 % өскен.

         «Таза» инвестициялық кірістің өсу қарқыны 2008 – 2010 жылдардың тиісті кезеңімен салыстырғанда соңғы 3 жыл ішінде 2.1.3 кестеде көрсетілген мынадай көрсеткіштермен сипатталды: 

       2.1.3 кесте – Қазақстан Республикасының «Таза» инвестициялық кірістер көрсеткіші (2008 – 2010 жж.)  

Күні «Таза» инвестициялық

кіріс сомасы, млрд.теңге

Бір жылға өсімі Өсу қарқыны

(%-бен)

Жинақталған зейнетақы  қаражатының

сомасындағы «таза» инвестициялық

кіріс үлесі (%-бен)

2008 ж. 339,3 83,6 32,69 28,09
2009 ж. 307,0 -32,3 - 9,5 21,6
2010 ж. 481,5 27,9 -1,1 25,9
 

       Келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, 2008 жыл ішіндегі «таза» инвестициялық кірістің өсім сомасы 83,6 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылғы өсімнен 17,0 млрд. теңгеге (16,9 %-ға) аз болып отыр.

       2009 жыл ішінде «таза» инвестициялық кірістің өзгеруі алғаш рет теріс мәнмен сипатталып, 32,3 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жыл ішінде қалыптасқан өсімнен 115,9 млрд. теңгеге (3,6 есеге) аз.

       Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» инвестициялық кіріс сомасы 2009 жылғы жағдай бойынша 307,0 млрд. теңгені құрады, бұл ретте 2008 жылы осы сома 32,3 млрд. теңгеге кеміді.

       2010 жыл ішіндегі «таза» инвестициялық кірістің өсім сомасы 27,9 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жыл ішінде қалыптасқан өсімнен 142,2 млрд. теңгеге көп болып отыр.

       Жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы  сомасындағы «таза» инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себептері: мемлекеттік бағалы қағаздар, корпоративтік облигациялар жəне акциялардың нарықтық құны бойынша кірістіліктің төмендеуі, сондай-ақ «таза» инвестициялық кірістің төмендеуінің маңызды себебі теңгеге қатынасы бойынша АҚШ доллары бағамының құнсыздануы болып табылады.  

       2.1.4 кесте – Қазақстан Республикасының ЖЗҚ инвестициялық қоржынының құрамы көрсеткіштері (2008 – 2010 жж.) 

       зейнетақы активтерінің жалпы сомасынан, %

Кезең ҚР Қаржы  министрлігінің бағалы қағаздары ҚҰБ

ноттары

Шетел

эмитенттерінің

мемелекеттік  емес

БҚ

Шетел

мемлекетінің  БҚ

Қысқа мерзімді (МЕКҚАМ) Орта мерзімді (МЕОҚАМ) Ұзақ мерзімді (МЕАҚАМ) МЕҰЖҚАМ МҰИҚАМ МАОКАМ
2008 ж. 1,16 3,13 0,13 17,70 2,02 - 5,96 10,10 1,61
2009 ж. 2,92 4,86 5,74 20,35 1,53 0,12 4,70 11,94 0,95
2010 ж. 1,52 2,85 9,80 22,25 1,31 0,05 6,24 8,23 1,39
 

       Зейнетақы реформасы басталғалы бері ЖЗҚ бойынша  зейнетақы активтерінің көлемдері  жалпы алғанда өсуде. Осылайша, ЖЗҚ таза зейнетақы активтері 2008 жылғы жағдай бойынша 1 374 423 412 мың.теңгеден 2010 жылғы жағдай бойынша 2 054 217 008 мың.теңгеге өсті.

       2010 жылғы зейнетақы мен жәрдемақы  алушылардың саны 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,6% өсті, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 24,3% өсті және 21264 теңгені құрады.

       Қорлардың қаржылық жай - күйі. Қорлардың меншікті активтері есебінен қаржы инвестициялары 2008 жылы 30,0 млрд. теңге құрады немесе қорлардың жиынтық капиталының 91,74% болды.

Информация о работе Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері