Жергілікті өзін-өзі басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2011 в 18:31, курсовая работа

Описание

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

  Қазақстан  Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық  өсуі, оның аймақтарының дамуымен  байланысты. Сондықтан экономикалық  механизм келесілермен қалыптасу  керек:

- аймақ  - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;

- бұл  жерде ұдайы өндіріс пен еңбек  ресурстары, қаржылай айналыммен  ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру,  айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;

- басқару  органдарының біріккен әрекеті,  территориялық өндірісітің дамуына  орындаушы органдардың бірігуіне  әкеледі ;

- аймақтың  табиғи құзіретіне жоспарлау  , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен  еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .

   Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан, экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық-әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет. Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.

    Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның  дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің  еңбек ресурстарының төлем ролін  күшейтуге тырысады. Эквивалентті  байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:

- кәсіпорын  – аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.

- облыс,  қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің  есеп принціпі мен экономикалық  есептертің эквивалентті негізін  басқару органдары мен жалпы  қатынас. 

- жергілікті  бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын  мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты .

   Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың  өзін-өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес  жүргізілуі керек.

   Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді  жүргізудің басты мақсаты әлеуметтік  – экономикалық дамудың комплексті  жоспарының ғылыми деңгейін арттыру жатады. Жоспар алдындағы зертеулер маңызды әлеуметтік-экономикалық және аймақтың дамуының ғылыми-техникалық мәселелерін анықтау болып табылады. 

Жергілікті өзін-өзі басқарудың халықаралық тәжірибесі

      Әлемдік қауымдастықта жергілікті өзін-өзі басқару ертеректен дамып келеді. Сондықтан батыс елдерінде Қазақстанның пайдалануына болатын бай тәжірибе жинақталған. Жергілікті өзін-өзі басқару төңірегіндегі ұйымдастыру және экономикалық шешімдерде үлкен әр түрлілік бар. Еуропада жергілікті өзін-өзі басқарудың екі негізгі үлгісі қалыптасты деседі. Олар агнлосаксон және континенталды болып бүкіл әлем бойынша таралған.

  1. Англосаксон үлгісі осындай құқықтық жүйесі бар: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдерде көбіне таралған.

Оның  белгілері:

  • жергілікті өзін-өзі басқарудағы автономияның жоғары дәрежесі, ең алдымен тұрғындар тарапынан бақылау;
  • жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы мемлекеттік өкілдіктің болмауы;
  • жергілікті мемлекеттік әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) болмауы.

      Мұндағы негізгі қағида «ұсынылған  өкілеттілік төңірегінде дербес  жұмыс жасау» (Ұлыбританияда өкілеттіктер  мемлекеттің парламенті, яғни орталықтан, ал АҚШ-та штаттары, яғни өңірлік деңгейде ұсынылады). Сайланған жергілікті өзін-өзі басқару органдары заң аясында, дәстүрден шықпай, қалыптасқан тәжірибе, ықтимал соттық шешім негізінде дербес және өз жауапкершілігіне ала отырып, мемлекет құзыретіне жатпайтын мәселелерді шешеді.

      Мемлекеттік реттеу жанама формада,  мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару  органдары өз аумағында өзгерістер  ендіре алатын модельді заңдарды  қабылдау арқылы іске аса алады. 

    Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын  мемлекеттік бақылау сот бақылау формасында атқарылады. Ықпал ету құралы – мемлекеттік демеу қаржылар.

  2. Континенттік үлгі Еуропаның континенттік елдерінде (Франция, Италия, Испания, Белгия) және Латын Америкасы, Таяу Шығыс, франкотілді Африка елдерінде кең таралған.

  Оның белгілері:

  • жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) үйлесімі;
  • басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару жоғары тұрған мемлекеттік жүйеге қарағанда ең төменгі сатыдан табылар белгілі бір сатылық;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудағы шектелген автономия; жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы мемлекеттік өкілдіктің болуы.

     Осы ретте, жергілікті өзін-өзі  басқару коммуналар деңгейінде  қарастырылған, ал ауқымды кантондар мен округтер мемлекеттік биліктің жергілікті деңгейі ретінде қабылданатын, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару элементтері өңірлер деңгейінде мемлекеттік билікті толығымен ауыстыра алу үшін департамент деңгейінде қайта пайдаланылатын Франция елін айқын мысал етуге болады.

      Жергілікті өзін-өзі басқарудағы  негізгі буын коммуналар. Әрбір  коммунаның өз өкілетті органы  – кеңес пен кеңес депутаттары  арасынан сайланатын мэрі бар.  Мэр және тұрақты негізде жұмыс  жасайтын муниципалдық кеңестің депутаттары муниципалитетті құрайды. Сонымен қатар, мэр мемлекеттік қызметші болып табылады.

   Мэрдің қызметі муниципалдық  кеңес және республикалық комиссардың  әкімшілік бақылауы арқылы жүзеге  асырылады. Республикалық комиссар  сондай-ақ, коммуна қабылдайтын шешімдердің заңдылығын бақылайды және қажет жағдайда оның күшін жою туралы сотқа шағымданады (яғни, муниципалды кеңеске әкімшілік бақылау принціпі жүрмейді).

    Барлық муниципалды жүйелерге  демократиялық шарттарда даму, жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлі формаларын сақтау және дамыту сияқты мазмұнды белгілер тән. Бұл әр түрлі аумақ тұрғындарының бірыңғай өмір сүру деңгейіне ерекше назар аударатын елдер үшін әділетті болмақ. Мысалы, Германияда коммуналдық құқық –жерлердің ерекше құзыреттілігі ретінде саналып, жер Коммуналдық Конституциялары арасында көптеген айырмашылықтары бар.

      Мемлекетте жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың төрті үлгісі бар:

  1. «мықты мэр» – жергілікті мәселелермен де, мемлекеттік өкілеттіктердің орындалуымен де айналысады (француздық үлгі);
  2. «мықты магистрат» – депутаттар жиналысында сайланады және атқарушы билікті алқалы түрде жүзеге асырады (солтүстікгермандық үлгі);
  3. «мықты директор» – атқарушы билік басшысы, коммуналдық кеңес сайлайды бургомистр негізінен өкілеттілік функцияларды атқарады (англосаксондық үлгі);
  4. «мықты кеңес» – қауымдастықтың ең жоғарғы билік органы болып табылады, бургомистр кеңестің және бір уақытта атқарушы биліктің төрағасы қызметін атқарады (оңтүстікгерманиялық үлгі);

      Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бірыңғайлауға байланысты Германияда бірнеше мәрте талпыныстар болған, бірақ тиімсіз ретінде танылды.  

      Жергілікті өзін-өзі басқарудың «есеп нүктесі».

   Жалпы, Еуропада жергілікті өзін-өзі  басқару «солтүстік» – «оңтүстік» осі бойынша танылуда. Скандинав елдері автономиялы жергілікті өзін-өзі басқарудың жоғары деңгейімен, ал Оңтүстік Еуропа елдері төмен деңгейімен ерекшеленеді.

      Адольф Гессер өзінің «Еркін  муниципалитеттердің құрылуы Еуропаны  құтқару ретінде» кітабында жергілікті өзін-өзі басқарудың даму деңгейін қоғамдық бостандық пен мемлекеттіліктің дамуымен байланыстырып, оның ішінде:

«ежелгі-еркін» дәстүрлі жоғары деңгейлі азаматтар бостандығы бар, яғни монархиялы-бюрократиялық орталықтандыруға қарсы иммунитеті қалыптасқан елдер (Ұлыбритания, Солтүстік Еуропа мемлекеттері, Нидерланды, Швейцария, Еуропадан тыс – АҚШ) және «жоғары биліктің либералды мемлекеттері», яғни бюрократиялық аппараттың жалпы қарамағы негізінде құрылған және жергілікті деңгейде «өз жауапкершілігіне ала отырып, басқаруға» мейлінше аз мүмкіндік береді (Испания, Франция, Италия және Германия).

      Алғашқы топтағы елдерді топтастырудағы  «есептеу нүктесі» жергілікті  қауымдастық, ал екіншілері үшін  – мемлекет болып табылады. Мысалы, XIX ғасырда Белгияның заң шығарушылары: қауымдастық мемлекеттен жоғары тұрады, заң оны табады, құрмайды деген тезисті қорғайтын. Франция үшін керісінше, мемлекеттің үстемдік етуі, яғни заң қауымдастық құра алу мүмкіндігі неғұрлым әділ болмақ.

    Бірінші топтағы мемлекеттер арасында қауымдастықтың үздіктері жергілікті өзін-өзі басқаруға ықпал ету мен бақылауға азаматтарының ерекше назар аударуымен анықталады.

      Финляндияда азаматтардың демократиялық  құқықтары жергілікті өзін-өзі  басқару туралы заң арқылы  жүзеге асырылады. Ол 105 баптан, оның ішінде 6-уы азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға тікелей қатысу құқықтары туралы және 13-і азаматтардың муниципалитет шешіммен келіспеуі немесе оған шағымдануға байланысты құқықтар. Заңда муниципалитеттің азаматтарды өз қызметі жайында ақпараттандыруы тиіс ережелері бар. Азаматтар жергілікті маңызы бар кез-келген мәселелер бойынша өзі жеке пікірін білдіре алады. Бұл ретте, заң жергілікті өзін-өзі басқару органдарына азаматтардың жеке бастамаларын қарау жөнінде міндеттер жүктейді. Скандинавия мен Дания мемлекеттерінде азаматтардың арыз-шағымдарын қарау муниципалитеттердің маңызды әкімшілік жұмысы болып табылады. Мұндай шағымдар қарапайым соттық талаптардан өзгешеленеді және арнайы әкімшілік соттарда қарастырылады. Онысы әрі тез, арзан, негізді болады.

      Екінші топтағы мемлекеттер де  белсенді азаматтар муниципалитет  бағы деп есептейді, алайда  мемлекеттік бақылауға ерекше  назар аударады. Германияда округтік  басқарма бастығы — жер ауданның  жетекшісі, аудандық басқарудағы қауымдастықтарға жалпы және құқықтық бақылауды жүзеге асырады, округ әкімшілігі аудандық емес қалаларға құқықтық бақылау жүргізеді, сонымен қатар, аудандық басқарудағы қауымдастықтар үшін жоғарғы орган ретінде саналады. Федералды жерлердің ішкі істер министрлігі аудандық және ауданнан тыс қалаларға бақылау жүргізді. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қатысты ерекше нормалар бар. Әр муниципалитеттің бюджеті ол игерілемін дегенше мұқият мемлекеттік бақылаудан өткізілетін. Әсіресе, кіріс пен шығыстың үйлесімі және арнайы бюджеттік процедура келісімі шеңберінде бекітілуі тиіс еді. 

      Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті

    Бірінші топтағы мемлекеттер  үшін жергілікті өзін-өзі басқару  құзыреттілігі деген жалпы ұғымдар  тән. Финляндияда муниципалитет  қызметі аясы жалпы: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, техникалық инфрақұрылым, қоршаған ортаның сақталуын бақылау сияқты ұғымдармен анықталады. Данияның жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңында жергілікті маңызы бар мәселелер анықталмаған. Данияның муниципалитеттері жергілікті қауымдастық үшін маңызды деп санайтын кез-келген мәселелермен айналысуға ерікті. Алайда ол мәселелер салалық заңнамамен реттелетін және мемлекет құзыретінде болмауы тиіс. Мұндағы салалық заңнамамен реттелетін мәселелер кітапханаларды ұйымдастыру және музыка мектептері саналады. Егер даниялық муниципалитет өзі муниципалдық мектепті ашқысы келсе ол белгілі бір стандарттарды сақтауы қажет. Жергілікті заңнамамен тек спорт ғимараттардың құрылысы, спорттық клубтарды қолдау кедейлерге көмек беру бағдарламасы секілді мәселелер реттеледі. 1988 жылдан бастап Финляндияда муниципалитеттердің бостандығын жоғарылату бойынша (қазір онда муниципалитеттердің жартысынан көбі қатысады) тәжірибе жүргізілуде. Ол мәлімдеме жасау негізінде жүзеге асырылады. Мысалы, муниципалитет Ішкі істер министрлігіне тәжірибеге қатысу жайында шешімдерін жолдайды, содан кейін арнайы уақытша тапсырма негізінде өздерінің мұқтаждықтарына байланысты басқарумен айналысуды бастайды. Тәжірибеге қатысушылар үшін муниципалитетаралық қарым-қатынас жасауы мейлінше еркін болмақ, кейбір қоғамдық қызметтерді жекешелендіру, бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері жеңілдейді.

Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқару