Жергілікті өзін-өзі басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2011 в 18:31, курсовая работа

Описание

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

    2.7. Тұрғын  үй департаменті (басқарма)

    2.8. Еңбекпен  қамтуды реттеу  және әлеуметтік   бағдарламалар  департаменті (басқарма)

    2.9.Денсаулық  сақтау департаменті (басқарма)

    2.10.Мәдениет  департаменті (басқарма)

    2.11. Азаматтық  қорғаныс, жұмылдыру  жұмыстарына дайындық,  авариялық  және табиғи  апаттарды  алдын ала  ескерту департаменті (басқарма)

    2.12. Білім  беру   департаменті (басқарма)

    2.13.Жүргіншілер   көлігі  және автокөлік  жолдары  департаменті (басқарма)

    2.14.Кәсіпкерлік      және өнеркәсіп департаменті (басқарма)

    2.15.Табиғи  ресурстар    және қоршаған  ортаны  қорғау департаменті (басқарма).Құрылыс   департаменті (басқарма)

    2.16.Қаржы  департаменті (басқарма)

    2.17.Экономика   және бюджетті  жоспарлау департаменті (басқарма).Энергетика  және  коммуналды  шаруашылық  департаменті (басқарма)

    2.18.Архив   және құжаттану  басқармасы (бөлім)

    2.19.Жер  қатынастары басқармасы

    2.20.Тілді  дамыту басқармасы

    2.21.Дене  шынықтыру және  спорт басқармасы (бөлім).Тариф бойынша   басқарма  (бөлім). 

    Аудан және облыстық  маңызы бар қала әкімияты

    3.1.Аудан,  облыстық  маңызы бар  қала  әкімінің аппараты

    3.2.Ішкі  саясат бөлімі

    3.3.Сәулет  және құрылыс  бөлімі

    3.4.Тұрғын  үй  шаруашылығы,  жүргіншілер   көлігі және   автокөлік   жолдары бөлімдері

    3.5.Еңбекпен  қамту  және әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі.Жер қатынастар бөлімі.

    3.6.Мәдениет  және тілді   дамыту  бөлімі

    3.7.Кәсіпкерлік

    3.8.Ауыл   шаруашылығы  бөлімі.

    3.9.Құрылыс  бөлімі

    3.10.Дене  шынықтыру  және спорт бөлімі

    3.11.Қаржы   бөлімі

    3.12.Экономика  және бюджеттік  жоспарлау бөлімі.

      Міне,  осы  басқарушылық  құрылым   жергілікті шаруашылықты   басқару   мәселелерін  шешуде  үлкен   рөл атқарады.

     Тәуелсіздік алған жылдарда  жүргізілген   экономикалық   реформалардың   нәтижесінде  аймақтары  мамандандыру  бағытында  көптеген өзгерістер  болды. Санаулы   аймақтар ғана  Қазақстан экономикасын   дамытуға   негіз бола алады. Ал  жергілікті   басқаруды   жетілдіру   дамыту   ауыл  экономикасын  дамыту   керектігін білдіреді.Ауыл  экономикасының  дамуына  соңғы  жылдары  оның құрылымдарының,  әсіресе, жеке (фермерлік)  шаруа    қожалықтарының  көп әсер етіп  отырғанын статистикалық деректерден көруге болады.

       Шаруа  (фермерлік)  қожалықтардың    ауыл экономикасын  дамытудағы  рөлі, орны, олардың әрі қарай   жетіле   беруіне  қажетті  көмектер  дұрыс  жолға   қойылу керек.

    Әрбір ауылдық  (селолық) округке   шаққандағы  жергілікті   тұрғындардың   орташа  саны жағынан  да, онда  өндірілген  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  орташа  көлемі    жағынан да еліміздің   облыстары  арасындағы   айырмашылық  өте үлкен. Әрине, бұл жағдайдың  көбінесе  табиғи  себептермен  түсіндіріледі. Бірақ әрбір  округте тұратын халық  саны мен аталмыш   өнімдердің   көлемін өзара  салыстырғанда  кейбір  округтерге ауыр да, кейбір округтерге   жеңіл.

                                                                   Аудан әкімі

 

    Аудан әкімінің                             Аудан әкімінің                                  Аппарат

     орынбасары                                 орынбасары                                     жетекшісі

 

  Экономика  және                              Аудандық ішкі                                       Ауыл 

бюджетті жоспарлау                          саясат  бөлімі                                  шаруашылығы

          бөлімі                                                                                                      және жер 

                                                                                                                     қатынастар   бөлімі

   Қаржы бөлімі                                Білім беру  және                       

                                                             спорт бөлімі 

  Тұрғын-үй,                                  Аудандық  еңбекпен

коммуналдық                              қамту мен әлеуметтік

шаруашылығы,                           бағдарламалар бөлімі

жолаушылар                                

көлігі  және автокөлік 

жолдарын  басқару бөлімі 

    Жергілікті өзін-өзі  басқаруды енгізудің  маңызы  мен проблемалары

   Көптеген дамушы елдердің  тәжірибелері   көрсетіп отырғандай,  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды іске асыру   кез келген  мемлекеттегі   демократиялық  тәртіптің   қажетті  саласы  болып табылады.

     Қазіргі  уақытта   Қазақстан  жергілікті  өзін-өзі  басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан да өз еліміздің   ерекшелігін ескере отырып, шетелдік  тәжіибені  талдау мен жинақтауға ықылас арта түсуде.

    Бұрынырақ  осындай  жүйені  құруға  талай рет  ұмтылыс   жасалды.  Халықтың жергілікті  маңызы бар  мәселелерді  дербес  шешуді қамтамасыз ететін  жергілікті  өзін-өзі  басқару туралы  ереже  бастапқыда  қазақстан Республикасы  Конституциясының    негізіне  арқау болады.

      Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  заңнамалық  негізін әзірлеу   мен оны енгізуге  талай рет ұмтылыс жасалды. 1997 жылы   «Жергілікті   мемлекеттік   басқару мен және өзін-өзі басқару туралы» заң әзірленді,  бірақ ол қабылданбады.

      Жергілікті басқаруды дамыту  мақсаты  әр әкім  өз мекенінің  (ауылдың, қаланың, ауданның)  бюджетінің толуына  мүдделі  болуы үшін  жеке шағын, орта, үлкен  кәсіпорындардың экономикасына  араласпай, қайта олардың  дамуына  қолайлы  жағдай жасауы  тиіс.  Облыстардың бүгінде  әл-ауқаты  өзін-өзі асыруға   жетті деу   қиын. Республикалық   бюджеттен  қаржы  алып   отырған  облыстар баршылық. Оларға дербестік  берілсе, бюджеттің   шығыс бөлігін  қамтамасыз ететін   қаржы көзін  қайдан  алмақ? Ал әлеуметтік   қамсыздандыру  саласы  ақсап  жатса,  ол облыс   шеңберінде   саяси наразылық  туғызары сөзсіз. Демек, әр облыс  өз бетінше өмір сүре алатын  жағдайға жетпей, орталықтың  билігін  шектеуді   енгізу ерте.  Ал әкімдерді   сайлау   мәселесіне   тоқталсақ, әлеуметтік –экономикалық  жағдайы ауыр  аймақта   әкімдерді   сайлау кері  әсер беруі   мүмкін. Экономикалық   дағдарыстан жаңа  шыға бастаған  ел  үшін толассыз  сайлаулар экономикалық  өсу қарқынын  бәсендетуі әбден мүмкін.

     Жергілікті жағдайда   экономиканы   басқаруды жетілдіру   жолдарын  іздестіруде   көптеген   пікірлер бар.  Жергілікті басқаруды   жетілдіруде оған  саяси тұрғыдан емес,  оны шаруашылық   тұрғысынан  да қарау керек.  Біз  үшін  оның дамуы,  жергілікті халықтың  барлық  әлеуметтік   қызмет түрлерімен қамтамасыз етілуі    маңызды. Яғни үнемі орталықтан көмек күту тиімсіз, сондықтан да  өздері   шеше алатын мәселелерге еркіндік (өкілеттілік) беруді талап етеді. Өкілеттіктерді ажырату мәселесі  де сатылап шешілуі дұрыс болады. Себебі,  кейбір өкілеттіктер  жергілікті деңгейде   берілгеннен кейін орталық   ол мәселеге  оралмайды,  ал жергілікті   органдар  оны толыққанды  шеше алмай   қалуы  да ықтимал, лоай болса,  барлығы эксперимент  сынынан  өтіп барып  қабылдануы керек.  Жергілікті  өзін-өзі  басқаруды мемлекеттік басқару   жүйесінен бөлек   алып  қарау мәселесі  әлі де  көптеген  талқылауларды талап етеді. Кез келген   экономикасы дамыған   мемлекеттерде мемлекеттен бөлек жүйе жоқ.

      Жоғары Кеңес  өзінің  таралуы  алдында  1993 жылдың 10 желтоқсанында  «Жергілікті  өкілетті  және  атқарушы органдары туралы»    заңды қабылдап,  онда жергілікті   басқару органдарының  мүлдем басқаша   үлгісін енгізеді. 1995 жылдың 30 тамызында  қабылданған  Конституцияда   мемлекеттік басқару   қағидалары мен  бағыттары  нақты  белгіленген.  Конституцияда  жергілікті мемлекеттік басқарумен  (85-бап) қатар жергілікті  өзін-өзі басқару да (89-бап)   берілген.  Онда  жергілікті   өкілетті  органдарға – облыстың, ауданның, қаланың мәслихаты;   жергілікті  атқарушы органдарға -  облыстың,  ауданның, қаланың, ауылдың әкімшіліктері жатады  деп берілген.

    Ал 2001 жылдың  қаңтарында     «Қазақстан  Республикасының   жергілікті мемлекеттік  басқару   туралы» заңы қабылданды (соңғы  өзгерістер  2006 жылдың  10 қаңтарында  енгізілді).

     Қазір «Жергілікті  өзін-өзі басқару  туралы»  Заң жобасы   көпшіліктің талқылауына  2006 жылдың  қазан айына берілді,  ол 2007 жылдың  1 қаңтарынан бастап  күшіне енді.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару   жергілікті қоғамдастық    шеңберінде   іс-қимыл жасайтын және жергілікті  маңызы бар мәселелерді шешуді  өзінің   жауапкершілігіне  алатын  халықтың  өзін-өзі ұйымдастыруының    жүйесі болып табылады.  Жергілікті  өзін-өзі басқарудың арнайы   сайлау органдары -  кеңестері   құру көзделуде,  олардың   мүшелерін тікелей жергілікті   қоғамдастықтың   халқы сайлайтын  болады.

    Кеңесті   Төраға  басқарады,  оны  кеңестің  не жергілікті   қоғамдастықтың  мүшелері  сайлайды.                                                                            

    «Жергілікті  өзін-өзі басқару  туралы»  Заң жобасы    талқыға  түскеннен  бері 150-ден аса ұсыныс  жасалып, 117-сі  Үкіметтің   жұмыс тобымен  келісілді.

     Жергілікті  өзін-өзі басқару   органдары  - бұл мемлекеттік   құрылымдары қызметін  ешқандай   да қайталамайтын   дербес  басқару бірліктеі екенін  есте  ұстау аса маңызды.   Бұл орайдағы  мемлекеттің басты міндеті -  жергілікті  өзін-өзі басқару    органдарының  дербестігіне кепілдік  беру.

   

     

                    

Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқару