Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 16:22, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы «Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары».
Курстық жұмыстың мақсаты: халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын талдау яғни, тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, оның жағдайын және дамыту жолдарын ашып көрсету.
Кіріспе........................................................................................................3
І бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары
1.1 Толық жұмысбастылық ұғымы............................................5
1.2 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар......................................................9
1.3 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік теориясы.......................................11
ІІ бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен
қамтамасыз ету саясаты
2.1 Еңбек биржасы және оның қызметтері............................14
2.2 Жұмыспен қамту саясаты..................................................15
2.3 Қазақстанның жұмыспен қамтамасыз ету шаралары.....20
Қорытынды.........................................................................
Кіріспе...................
І
бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз
ету концепциялары
1.1 Толық жұмысбастылық ұғымы.........................
1.2 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар......................
1.3 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік теориясы......................
ІІ бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен
қамтамасыз ету саясаты
2.1 Еңбек биржасы және оның қызметтері....................
2.2 Жұмыспен қамту саясаты.......................
2.3 Қазақстанның жұмыспен қамтамасыз ету
шаралары.....20
Қорытынды.................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Курстық жұмыстың тақырыбы «Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары».
Курстық жұмыстың мақсаты: халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын талдау яғни, тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, оның жағдайын және дамыту жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың өзектілігі– негізі мынаған келіп тіреледі: жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру, оның құнын арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберін анықтау.
Курстық жұмыс құрылымы: Алғашқы бөлімінде халықты жұмыспен қамтамасыз етудің концепциялары қарастырылады. Сонымен қатар бұл бөлімде неоклассикалық, кейнсиандық және монетарлық мектептің өкілдері, олардың ұсынылған тұжырымдамалары, жұмыссыздықпен күрес, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықтың табиғи деңгейі туралы айтылады. Және де икемді нарық концепциясы, оған жету жолдары, жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы туралы талдау жүргізіледі.
Ал,
екінші бөлімінде қазіргі таңда
Қазақстан Республикасындағы
Қазақстанда талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезінде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келеді. Әлеуметтік – экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары, әдетте жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын жеткізушілер бағасының өсу серпініне, Халықаралық валюта қоры кредиттерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде қалады.
Ал шын мәнісінде, жұмыспен қамту саласындағы қатынастар әлеуметтік – экономикалық және қаржылық қатынастардың барлық кешенінің нарықтық қысымының ықпалымен дамиды. Оның үстіне макроэкономиканың ілгерілеушіліктер жұмыспен қамтуға әр кезде қолайлы ықпал ете қойған жоқ.
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған едерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.
Сонымен, біздің қарқынды саяси әлеуметтік және экономикалық өміріміз күн өткен сайын жаңа, тіпті, кей жағдайда күтпеген оқиғаларға тап болып отырамыз. Ал, экономика адамзат өмірінің және қоғамның барлық жақтарын анықтайтын болғандықтан, соңғы 5-10 жылдардың ішінде түбегейлі өзгерістер жасалуда.
Ал,
бүгінде мемлекет еліміздің тұрмысы
төмен бөлігін қорғауға және жұмыспен
қамтуға назар аударып отыр. Бұл
курстық жұмыс арқылы қазіргі жұмыстың
деңгейіне толық сипаттама беруге болады.
І бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары
1.1 Толық жұмысбастылық ұғымы
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100% - нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нөлге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі» деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі «экономиканың өндірістік әлеуеті» деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз – оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарынан өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссызық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.
«Табиғи»
термині экономика
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өз алдына тұрақсыз көрсеткіш. Ол кезеңді түрде еңбек күші мен институтционалдық өзгерістермен байланысты демографиялық қозғалыстар әсерлей түседі.
Күн
сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады
немесе оларды жұмыстан шығарады, ал кейбір
жұмыссыз жүргендер жаңа жұмыс табады.
Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру
және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс
күшінің үлесімен анықталады. Берілген
бөлімде біз жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен
анықталатын факторларды көрсететін жұмыс
күші динамикасының үлгісін құрамыз.
L – жұмыс күші, Е – жұмысшы саны, ал U – жұмыссыздар саны болсын. әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы, не жұмыссыз болатындықтан, онда:
L=E+U
Ендеше,
жұмыс күшінің жиыны жұмысшы
мен жұмыссыздар санының
Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларға бар зейінді шоғырландыру үшін, жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз. Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы 89-беттегі суретте көрсетілген: s – жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші болсын, яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі, f – жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші, яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі. Осы екі көрсеткіш тұрақты дейік және олар жұмыссыздық деңгейін қалай анықтайтынына көз жеткізейік.
Егер
жұмыссыздық деңгейі
fU=sE
Бұл теңдеудң түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін табуымызға болады. E=L-U, яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға тең. Бұл fU=s (L-U) екенін білдіреді. Теңдіктің екі жағын да L-ге бөлеміз, сонда
f (U/ L) =s(1-U/L) шығады.
Теңдеуді түрлендірсек,
Бұл теңдеу U/ L жұмыссыздық деңгейі жұмысқа жалдану мен жұмыстан жшығарылу деңгейлерінің көрсеткіштеріне тәуелді болатынын көрсетеді. Жұмыстан шығарылу деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық та соншалықты жоғары. Жұмысқа жалдану деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық деңгейі соншалықты төмен болады.
Мысалы.
Айталық, ай сайын 1% жұмыс жоғалтсын
дейік (s=0,01), ал жұмыс істейтіндер қатарында
болудың орташа кезеңі 100 ай немесе 8 жыл
шамасында болады. Шамамен 20% жұмыссыздар
ай сайын жұмыс табатын болсын (f=0,20).
Бұл жұмыссыз болудың орташа деңгейі 5айға
созылатынын білдіреді. Берілген нақты
жағдайда жұмыссыздықтың тұрақты деңгейі
U/
L = 0,01/ (0,01+ 0,20) = 0,0476
Демек, берілген мысалда жұмыссыздық 5% деңгейде болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлгісі қарапайым, бірақ маңызды қорытынды шығады. Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару деңгейінің төмендеуіне, не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болу керек. Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздықтың табиғи деңгейін де ауыстырады.
Бұл
үлгі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші
және жұмыстан шығару мен жұмысқа
орналасу деңгейлерінің көрсеткіштер
арасындағы байланысты көрсетседе, ол
негізгі сұраққа жауап бермейді: жұмыссыздық
сияқты құбылыс неге орын алады? Егер адам
кез келген уақытта тез жұмыс табатын
болса, жұмысқа орналасу деңгейі өте жоғары,
ал жұмыссыздық деңгейі нөлге жақын болар
еді. Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық
деңгейі жұмыс іздеу үрдісі қандай да
бір уақытта жалғасатынын болжайды, бірақ
неге екенін түсіндірмейді. Келесі
екі бөлімде біз жұмыссыздық орын алуының
екі негізгі себебін қарастырамыз, олар:
жұмыс іздеу проблемалары мен жалақының
қатаңдығы.
8-сурет. Жұмысы барлар қатарынан жұмыссыздар қатарына ауысу және керісінше. Белгілі уақыт арлығында жұмыс істейтін адамдар бөлігі (s) өзінің жұмыс орындарын жоғалтады, ал жұмыссыздар бөлігі (f) жұмыс табады. Жұмысқа орналасу және жұмыстан шығу көрсеткіштері жұмыссыздық деңгейін анықтайды.
1.2 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар
Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясы өте ұзақ, олардың концептуалдық бағыттары, әдістері, инструментариі мол. Осы мәселеге назар аударған неоклассикалық мектептің өкілдеріне Д.Гидлер, А.Лаффер, М.Фелдстайн, Р.Холл т.б. жатады. Олар өздерінің концепцияларының негізіне А.Смиттің классикалық теориясын тартқан. Осы авторлар еңбек нарығын нарықтық заңдарға бағынатын іштей біркелкі емес және динамикалық байланыстардың жүйесі деп тұжырымдайды. Оның реттеушісі нарықтық механизм. Еңбек бағасы (жалақы дәрежесі) жұмысшы күшінің сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Жұмысшы күшінің бағасы нарық коньюнктурасына сезімшілдікпен жауап береді, осы коньюктураның нақты қажеттілігіне сәйкес өсіп немесе төмендеп отырады. Жалақының өсуңі немесе азаюы арқылы еңбекке сұраныс және ұсыныс реттеліп отырады. Егер еңбек ұсынысының оған сұраныстан артық болуының нәтижесінде жұмыссыздық пайда болса, онда жұмыссыздық бағаның төмендеуіне, яғни, жалақының төмендеуінің арқасында еңбек нарығында тепе – теңдік орнағанша әсер етеді. Классикалық үлгі еңбек нарығы өзін - өзі реттеуші деген принципке негізделеді.
Кейнстік бағыт еңбек нарығын жұмысшы күшін қатал бақылап отыратын оқшау (инерттік) жүйе деп қарайды. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері – жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың дәрежесі, еңбекке сұраныс, нақты жалақының дәрежесі, - еңбек нарығында белгіленбейді, олар тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы тиімді сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығынды тек жалақының дәрежесі және осыған тәуелді еңбек ұсынысының көлемі қалыптасады. Бірақ еңбек ұсынысы нақты жұмыспен қамтуды қалыптастыруда жетекші рөл атқармайды, ол тек жалақының берілген көлемі жағдайындағы оның барынша жоғары дәрежеде болатын мүмкіндігін сипаттайды. Жұмысшы күшіне сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың амалсыз болуы жиынтық тиімді сұраныстың жетімсіз болуымен байланысты. Мұны реттеудің бюджеттік және ақша – несиелік реттеудің экспансионистік шаралары жоя алады. Жиынтық сұраныстың өсуіне әсер етіп, мемлекет еңбекке сұраныстың өсуіне көмектеседі. Осының нәтижесінде жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыссыздықтың төмендеуіне жол ашылады.
Кейнстік концепция бойынша, жұмыспен қамтуға тек жиынтық сұраныс әсер етпей қоймайды, оған жалпы сұраныстың өсуінің әр түрлі салалар арасындағы бөлінуде, яғни жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыспен қамтудың жеткілікті дәрежесінің тиімді құралына мемлекеттің инвестициялық іс - әрекеттерінің молаюы, экономикалық дамудың нақты жағдайларымен есептесе отырып, мемлекет тарапынан инвестициялардың оптималдық көлемі қамтамасыз етуі жатады. Кейнстік үлгі мемлекеттің макроэкономикалық процестерді басқаруға кірісуіне негізделеді, ал оны жүзеге асыру механизмі психологиялық сипаты бар заңдылықтар мен құбылыстарға (тұтынуға бейімділік, жинақтауға бейімділік, инвестицияға ынталандыру) және басты экономикалық көрсеткіштердің арасындағы мультипликативтік байланыстарға негізделеді.