Жұмысбастыдық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 16:22, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың тақырыбы «Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары».
Курстық жұмыстың мақсаты: халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын талдау яғни, тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, оның жағдайын және дамыту жолдарын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3
І бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары
1.1 Толық жұмысбастылық ұғымы............................................5
1.2 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар......................................................9
1.3 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік теориясы.......................................11
ІІ бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен
қамтамасыз ету саясаты
2.1 Еңбек биржасы және оның қызметтері............................14
2.2 Жұмыспен қамту саясаты..................................................15
2.3 Қазақстанның жұмыспен қамтамасыз ету шаралары.....20
Қорытынды.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Жұмысбастылық.doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

          Міне, экономиканы ұзаққа созылған мұндай дағдарыстан алып шығу ең алдымен еңбек өнімділігін арттыруды, халықтың экономикалық тұрғыдан алғандағы белсенді тобының жұмыспен қамтылуын күшейтуді қажет етеді. Жұмыспен қамтылған адамдардың еңбек өнімділігі жоғары болуы, ал сәйкес келуі үшін не істеу керек? Бұл жерде әңгіме өркениетті еңбек рыногын қалыптастыру туралы болып отыр.

          Реформаны жүргізу барысында «Жабық жұмыссыздық» барған сайын ашық жұмыссыздыққа  неғұрлым мол мөлшерде ұласады. Бұл  процестің банкротқа ұшыраған, жойылған және қайта құрылған кәсіпорындар саны неғұрлым көбейген сайын күшейе түсетіні белгілі. Инфляция неғұрлым төмен болған сайын жұмыссыздық та арта түседі. Кәсіпорындарға берілетін дотация азайған сайын жұмыссыз қалатын қызметкерлер көбейе береді.

          Міне, сондықтан да мемлекет алым-салықтың қысымын азайту және ақылға қонымды процент мөлшерінде несие беру мөлшерін айқындау арқылы өндірісті қайта құруды шапшаңдатуға елеулі дәрежеде ықпал етіп келеді. Осыған сәйкес экономиканы нарықтық секторырнда жұмыспен қамдудың тиімділігі арта түсуде.Онсыз меншікті мемлекет иелігінен алуға байланысты жаппай орын алып отырған уақытша жұмыссыздықты жою мүмкін емес. Бұл ретте жұмыссыздар сақтандыруды жүйеге келтіріп отыратын деңгейлерді сақтандырмайынша болмайды.Жұмыссыздықтың болуы өндірістің тиімділігі және еңбек өнімділігін арттырудың ықпалды факторы болып табылады.

          Мұндай  саясат өндірісті шоғырландыруды және еңбек ресурстарын ең жақсы және болашағы бар өндіріс орындарына жұмсауды, жұмысшы күшін қайта  даярлауды, босап қалған қызметтерді  жаңадан пайда болатын өндіріс  орындарына жоспарлы түрде және кезең кезеңімен қайта бөлуді қамтамасыз етеді.

          Халықты жұмыспен қамтуды тұрақтандыру бағыты жұмыссыздықты шектеуді және соған  сәйкес жалақы  мен жәрдемақыны  мүмкін болатын кепілдік дәрежесіндегі  еңбек табыстарын қамтамасыз ететін болады. Табыс саясатының негізіне алынып отырған ең төменгі күнкөріс мөлшері еңбек жағдайлары мен әлеуметтік және кәсіби топтардың әртүрлі салалары үші н еңбек қатынастарын тарифтік және аймақтық келісімдер негізінде реттеп отыратын аса  маңызды тетікке айналды.

                2.3 Қазақстанның жұмыспен  қамтамасыз ету шаралары

          Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек  ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының (17 миллион адам) 55 процентін құрайды. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарын терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар туралы біз нені түсінеміз?

          Еңбекпен  толық қамту дегеніміз- ол халық  шаруашылығы көлемінде еңбекке  деген қабілеті бар халықты жұмыс  орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз- қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

          Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік ұлы жетістік деп есептелді. 1991 жылы еңбекен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтінішін білдіріп оны 75 мың еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастырды. Сол жылы бірінші 4 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. Олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздықтың бесеуі- жоғары білімді, әрбір екеуі орта- кәсіптік маман, әрбір үшеуі жалпыға бірдей орта білімді.

          Болжаммен үстіміздегі жылдың аяғына қарай, Қазақстанда  тіркелген жұмыссыздардың саны 250-500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйрену қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткерлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен  қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі оның құқықтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет.

          Жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақының мөлшері  мен оның төлеу мерзімі: АҚШ-та 26-34 апта бойына жалақының 50 процентін кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; ( Жапонияда жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; Францияда  1-2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдемақы; Ұлыбританияда-52 апта бойына 28,5 фунд стерлинг) құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбекақысын ұстап қалу есебіне  арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.

          Қазақстан Республикасының « Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орындаған негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру минимумінен төмент болмайтын жәрдемақы беруге кепілдік беріледі.

          Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің  ұсынымын азайту үшін имиграцияны ( шетел  азаматтарының келуі) шектеу, шетел  жұмысшыларының репатриясын ( отанына  қайту) ынталандыру, жұмыс аптасын  ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын  бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезде жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.

          Нарық қатынастары дамыған көп елдерде  еңбек нарығы әртүрлі топтағы  адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өзт мойнына алады.

          Еңбек нарығы бойынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.

          Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту  саласындағы үдерістер әрқашан  әлеуметтік- экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты.

          Нарықтық  қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болды. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың, нарықтық инфрақұрылымның жетілдірілуі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.

          Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақстандық еңбек нарығы аймақтық еңбек нарықтарының қарама- қайшылықтарын бойына жинақтаған. Сондықтан да жұмысшы күші мен  еңбек нарығын саралау үшін және сол негізде макродеңгейде біртұтас стратегия құру үшін облыстардағы жұмыспен қамту мәселесіне толық талдау жасау қажет. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                      Қорытынды

          Осы «Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары»атты курстық жұмысты қорытындылай келе, оның 2 бөлімнен тұратындығын және әр бөлімінде өз тақырыбына сәйкес сипаттама берілгендігін айтуға болады.

          Жалпы, адамзат тарихының тәжірибесі, адамның  жұмысқа деген ең жақсы ынтасы,яғни,талаптануы еңбек жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті.  

            Бүгінгі күнде ғасыр бойынша дамыған, халықты жұмыспен қамтудың бағыттарының ерекшеліктері мен айырмашылықтары бір жүйеге келіп, « Дағдарыстан дамуға» деген ұран тастап, әр мемлекет өзіндік жаңа бағыттардың негізін салуда. Осы орайда, жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеп, жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беретіндігін, жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқытумен қайта дайындауды ұйымдастырып, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсетіп және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындап, халықты жұмыспен қамтитындығын тағы да атап өткен жөн. Осыдан мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы елдің әлеуметтік- экономикалық жағдайына әсерін көруге болады.

          Бұл жағдайда мемлекет басшысының, соның  ішінде,                  Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатын атап өткен дұрыс. Әсіресе дағдарыс кезінде көршілес елдермен сауда қатынастарын үзбей, әр елмен бейбіт қарым- қатынаста болып, әрі ел халқын жұмыспен қамтудың жаңа бір саласын, мәселен « Жол картасын», «Қазақстан  2030 стратегиялық жоспарын»,экономикасы дамыған үздік елу елдің қатарына қосылу саясатын осынау қиын күндері халықты жігерлендіріп, алға ұмтылдыратынын мақтанышпен айтуға болады.

          Яғни, курстық жұмыс- мақсаты мен өзектілігіне сай халықты жұмыспен қамту негізінде жазылған. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Әкімбеков.С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А « Экономикалық теория» Астана-2002 жыл.
    2. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақыпова Ф.Н, Табаев Т.П «Экономикалық теория», «Қазақ университеті» Алматы-1999 жыл.
    3. Жүнісов Б.А, Мәмбетов Ү « Нарық экономикалық негіздері» Алматы-1999 жыл.
    4. Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А « Жалпы экономикалық теория»Алматы- Ақтөбе,2002 жыл.
    5. « Еңбек нарықтық категория».//Егемен Қазақстан,2006жыл,4 қаңтар.
    6. Заң 2004, №1
    7. «Халықты жұмыспен қамту»//Егемен Қазақстан.2007жыл,14 мамыр
    8. « Халықты жұмыспен қамту»// Жас қазақ,2007жыл,26 қазан

Информация о работе Жұмысбастыдық