Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 16:22, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы «Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары».
Курстық жұмыстың мақсаты: халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын талдау яғни, тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, оның жағдайын және дамыту жолдарын ашып көрсету.
Кіріспе........................................................................................................3
І бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары
1.1 Толық жұмысбастылық ұғымы............................................5
1.2 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар......................................................9
1.3 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік теориясы.......................................11
ІІ бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен
қамтамасыз ету саясаты
2.1 Еңбек биржасы және оның қызметтері............................14
2.2 Жұмыспен қамту саясаты..................................................15
2.3 Қазақстанның жұмыспен қамтамасыз ету шаралары.....20
Қорытынды.........................................................................
Монетарлық мектептің (М.Фридмен, Э.Фелпс және т.б.) тұжырымдауы бойынша, нарықтық экономика жұмыспен қамтудың рационалды дәрежесін өзі белгілейтін, өзін - өзі үйлестіретін жүйе, бағалық механизм болып табылады. Осындай жүйеге мемлекеттің кірісуі нарықтық өзін - өзі реттейтін механизмін бұзады, ал мемлекеттің жиынтық сұранысқа ақша арқылы әсер етуі түбінде инфляциялық спиральдың шырқауын әкеліп соғады.
Монитаристердің болжауы бойынша, қандай уақытта болмасын, нақты жалақы ставкаларының құрылымдық тепе – теңдігімен үйлесімде бола алатын жұмыссыздықтың белгілі бір дәрежесі бола алады. Осы дәреже «жұмыссыздықтың табиғи нормасы» деп аталады. Бұл еңбек пен тауарлар нарығының нақты құрылымын – нарықтағы жетімсіз жағдайларды, сұраныс пен ұсыныстың схоластикалық (кездейсоқ, ықтимал) ауытқуларды, бос жұмыс орындары мен бар болып отырған жұмысшы күші туралы информациялардың құнын тағы басқа сипаттайды. Жұмыспен қамтудың өзінің табиғи дәрежесінен ауытқуы тек қысқа мерзімдік сипатта болады. Оның дәрежесі тепе – теңдік дәрежеден жоғары болса, инфляция үдей түседі, егер төмен болса – дефляция жанданады. Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты жұмыссыздық нормасының оның табиғи дәрежесінің ауытқуымен, өндіріс көлемі және жұмыспен қамтылғандардың санының ауытқуларымен күресуге бағытталуы қажет. Еңбек нарығын теңестіру үшін монетаристер көбінесе ақша – несие саясатының құралдарын пайдаланған жөн деп тұжырымдайды.
1.3 Икемді нарық концепциясы мен жұмыспен қамтудың контрактілік
теориясы
Икемді нарық концепциясы - (Р.Буае, Г.Стэндинг). XX ғасырдың 70-ші жылдардың аяғында батыстағы дамыған елдердің экономикасында құрылымдық қайта құру жүргенде пайда болып тараған. Бұл концепция бойынша, еңбек нарығын реттеудің қажеті жоқ, жұмыспен қамтудың әдеттегідей емес, функционалдық, индивидуалданған және стандартты емес, жекелей (толық емес) жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы, қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау (икемділеу) формаларына көшу қажет. Осындай шаралар экономиканың құрылымын қайта құруға жұмсалатын шығындарды төмендетуге тиісті.
Осыған жету жолдары:
Еңбек нарығының икемділігі концепциясы, қортындылап айтқанда, кәсіпкерлер мен жұмыскерлер арасындағы қатынас формаларының әр түрлерінің қалыптасуын талап етеді және ол жиынтық шығындарды рационалдауға, табыстардың жоғары болуына, нарықтың динамизмінің жоғары болуына бағытталады.
Жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы ( М.Бейли, Д.Гордон, К.Азариадис) неоклассикалық және кейнстік бағыттардың синтезіне негізделген концепция болып табылады. Осы авторлар, бір жағынан, кейнстік ақшалай жалақының қатал болу тезисін мақұлдап, еңбек нарығында үйлесімділігі баға арқылы емес, өндіріс және жұмыспен қамту көлемдеріндегі физикалық өзгерістер арқылы орнайды деп тұжырымдайды. Келесі жақтан, осы қаталдықтың өзін олар, өз мүддесіне сәйкес әрекет ететін индивидтердің оптималдықтандыратын тәртібімен байланыстырады.
Бұл
теорияның негізін кәсіпкерлер
мен жұмысшылар арасындағы келісім-шарт
– «имплициттік контракт» - құқықтық
келісім-шарт талап еткендігінен орындалып
отырмайды, ол екі жаққа да экономикалық
жағынан пайдалы болғандықтан орындалып
отырады. Еңбек-ақыны фирма өндіріс төмендегенде
төмендетпейді, ал өрлеу кезінде квалификациясы
жоғары жұмыскерлердің еңбекақысын күрт
көтермейді. Ақшалай жалақының динамикасы
тегістеледі. Өндіріс құлдырағанда жалақы
төмендемейді, ал өрлеу кезінде күрт
емес, бірте-бірте өседі. Жалақы дәрежесінің
өсуі белгілі болжамдалған шеңберде өзгеріп
отырады.
ІІ бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты
2.1 Еңбек биржасы және оның қызметтері
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгерщілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастардың дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызметтері өзгереді. Еңбек биржасы-бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен қызметкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай-еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипаты болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар банкісі болуы қажет. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдердің тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ-та, мысалы, аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілері құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көме көрсетіледі. Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 проценті бір айдың ішінде жұмысқа орналасады. Сондай-ақ жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген. Әсіресе, Вашингтон штатында федералдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын-ала жәрдемақы төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар, әдейі курстардан өткен, сондай-ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.
2.2 Жұмыспен қамту саясаты.
Осы
уақытқа дейін біздің елімізде еңбек
нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың
тым қарапайым жүйесінің болуы-
Оның есесіне жұмыскерлерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмайды. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектеледі.Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырады, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мем лекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етіледі.
Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңде мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тікелей жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылады. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс істеу ұмтылысы-қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылады. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні-адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеу керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажететеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірдің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанынан ауыстырып отырады.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмір бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмыс ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар, 2,5 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіштер Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен.Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы,Финляндияда өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазіргі жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі-кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді біртұтас еңбек саясатын жасап, оны жүзеге асырмай тұрып, іске асыру мүмкін емес. Халықтардың мүддесіне сай келетін мұндай саясатты жүргізу барысында экономикалық құрылымын өзгерту саласындағы жұмыстардың орасан зор көлемі мен өзектес жүйесін жасау, халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау, еңбек органдарын құру, халықты жұмыспен қамту, көші-қон мәселелерін реттеу сияқты маңызды шаралар жан-жақты ескерілді.
Алайда алда тұрған міндеттердің көлемі артып, күрделене түсуіне байланысты еңбектің тиімділігі мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы қарама-қайшылық неғұрлым шиеленісе түсті. Халықты өнімді еңбекке ынталандыру мен әлеуметтік кепілдіктер арасында да кереғар жағдайлар пайда болды. Мұндай қиындық әлеуметтік еңбек заңдылығы, жұмыс күшін реттеу мақсатымен жүргізілетін көші-саласында да кездесті.
Солай бола тұрса да, міне, төрт жылдан бері өндіріс көлемі кеміп, құлдырап барады. Осыған орай еңбек көрсеткіштері де оған тікелей тәуелі болуы керек сияқты. Алайда, еңбек өнімділігінің төмендегі қызметкерлердің ұдайы өсіп отырған жұмыссыздығы салдарынан өзге салаларға ауысуына, тіркелген жұмыссыздықтың арта түсуіне сай келмейді.
Дағдарыс өндірістің еңбекті көп қажет ететіндігінің өсуінен де байқалып отыр. Мейлінше өнімді прогресшіл жабдықтар пайдаланылмайды, оның есесіне халықтың өнімсіз жұмыспен айналысуы арта түсуде. Мұның өзі олардың табысының төмендеуіне алып барып соғады. «Жабық жұмыссыздық» та етек алып келеді. Өйткені, өндірістің көлемін шектеуге, жұмысшы күшінің мамандық дәрежесінің төмендеуіне байланысты проблемеларды шиеленісе түсуде. Кәсіпорындарды бәсекеге түсуге қабілеті аз, өз еңбегіне емес, қайта әлеуметтік кепілдіктерге арқа сүйейтін жұмысшы көбейіп барады.