Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 21:52, курсовая работа
Бұл жұмыста жұмыссыздықтың түсінігін, нақты атауларын, жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары көрсетілген.
Казакстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық жағдайларға әсері көрсетілген, реттеу әдістері сипатталды.
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына талдау жүргізілді.. Курстық жұмыс 34
Кіріспе 5
1 Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері 7
1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері 7
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі 9
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары
1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы 12
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсер 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштермен байланыс
2.2 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
3.2 Халықты жұмыспен қамту бағдарламалары
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34
Аннотация
Бұл жұмыста жұмыссыздықтың түсінігін, нақты атауларын, жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары көрсетілген.
Казакстан Республикасындағы
жұмысбастылық пен
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына талдау жүргізілді.. Курстық жұмыс 34 беттен құралған, 3 сурет,
1- кестеден, 20 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 8 қосымшадан тұрады.
Мазмұны
Кіріспе |
5 |
1 Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері |
7 |
1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері |
7 |
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі |
9 |
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары 1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы |
11 12 |
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері |
15 |
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштермен байланысы |
15 |
2.2 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары |
20
23 |
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу 3.2 Халықты жұмыспен қамту бағдарламалары |
23 26 |
Қорытынды |
32 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
34 |
Кіріспе
Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ еліне Жолдауында негізгі атқарылуы тиіс жұмыстар мен іс шаралардың жиынтық тізімін шартты түрде атап өтеді және орындалуына бұйрық береді. Көбінесе халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударылады. Мысалы, халықтың денсаулық сақтау деңгейі, білім алу мүмкіндіктері, мәдени іс шаралардың жүргізілуі, әлеуметтік қамсыздандыру және т.с.с. мәселелерге назар аударылуда. Осыған орай халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және жұмыссыздықпен күресу мақсатында халықты жұмыспен қамту бағдарламалары да қабылданып жүзеге асырылуда.
Бұл өзіндік жұмыстың мақсаты жұмыссыздықтың мағынасын, оның негізгі түрлерін, сонымен қатар зардаптары мен салдарын ашып көрсету болып табылады.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу
олардың пайда болу себептерін аныктайды,
мемлекеттің тарапынан
Ал міндеті жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін атқарылып отырылған барлық мемлекеттік іс шаралар мен бағдарламалардың нәтижесін талдап, оның көрсеткіштерімен танысу болып табылады.
Зерттеу объектісі - макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.
Зерттеу пәні - экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жұмыссыздық азаматтардың жұмыспен қамтылу дәрежесін және еңбек нарығы мен көлемін сипттайды.
Зерттеу мақсаты- барлық көрсеткіштер қалай есептелінуі мен олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатандығын қарастырамыз.
Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар жұмысбастылық, жұмыссыздық, еңбек нарығы, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
- халықты жұмыспен қамту мен еңбек нарығын жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;
- жұмысбастылық пен
жұмыссыздықтың әлеуметтік
- елдегі еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
- елдегі халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.
Зерттеу кезінде ғылыми оқу әдебиеттерінің, монографиялар, мерзімді басылымдар мақалалардың талдауы, сонымен бірге экономико – статистикалық және графикалық әдістердің талдаулары қолданылды.
Курстық жұмыс 34 беттен құралған, 3 сурет, 1- кестеден, 20 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 8 қосымшадан тұрады.
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді. [11]
Әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады: жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа жатқызамыз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол – жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.
Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. [3]
Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны (1)
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ–ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. [12]
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Уақытша жұмыссыздық
Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде “жұмысаралық” жағдайда калады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады. Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.
Осы жұмыссыз адамдар
жаңа жұмыс орнына немесе уақытша
жоғалтқан жұмысқа қайтып келген
кезде, олардың орнын басқа
Уақытша деген анықтама
бұл құбылыс мәнін нақты
Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті деп бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайда өз еркімен түседі, олар – өздерінің төмен жалағылы жұмыстарын жоғары жалақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы. [3]
Құрылымдық жұмыссыздық
Уақытша жұмыссыздық ақырындап “Құрылымдық жұмыссыздық” деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының “қысқы белдеуден” - “жазғы белдеуге” миграциясымысал бола алады.
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда “сатуға” болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады. [3]
Циклдік жұмыссыздық
Циклдік жұмыссыздық
құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе
жиынтық шығындардың
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі
Жұмыссыздықтың себептері
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше «себептері» бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жатқызады, алдыменен цикылдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – «жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдардың пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады: мұндағы – ЖД - жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны;
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақша алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі. Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780жж) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Қазақстанда еңбек саласына нарықтық қатынастарды еңгізу 1991 жылы Қазақстан Республикасының «Еңбек ету туралы» Заңын қабылдаудан басталды, онда жұмыссыздық, еңбек нарығы, еңбекке сұраныс пен ұсыныс, т.б. ұғымдар бірінші рет көрсетіледі.