Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 21:52, курсовая работа

Описание

Бұл жұмыста жұмыссыздықтың түсінігін, нақты атауларын, жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары көрсетілген.
Казакстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық жағдайларға әсері көрсетілген, реттеу әдістері сипатталды.
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына талдау жүргізілді.. Курстық жұмыс 34

Содержание

Кіріспе 5
1 Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері 7
1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері 7
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі 9
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары
1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы 12
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсер 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштермен байланыс
2.2 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
3.2 Халықты жұмыспен қамту бағдарламалары
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

Работа состоит из  1 файл

Курсовой - Жұмыссыздық.doc

— 440.00 Кб (Скачать документ)

Бұл заңға сәйкес Қазақстан  Республикасында өздеріне байланысты емес себептерден еңбек табасы жоқ, мемлекеттік жұмысқа орналастыру  қызметінде жұмыс істемейтін деп  тіркелген, бірақ еңбек етуге қабілетті және дайын азаматтар жұмыссыз деп есептеледі. Қазақстанда 2001 жылдың аяғында жұмысқа орналастыру қызметінде 223 мың жұмыссыздар тіркелді. Экономикалық белсенді халық санында олардың үлесі 2,9% құрайды. Тіркелген жұмыссыздар санының жартысынан астамы - әйелдер. Жұмыссыздар саны (табысты жұмысы жоқ, оны белсенді түрде іздегендер және оған кірісуге дайын болғандар) 780 мың адамнан асты. Жұмыссыздық деңгейі 10,4%-ға жетті. (2000ж. – 12,8%). Жұмыссыздардың арасында әрбір екінші адам - әйел, әр үшінші адам – 15-24 жастағы жігіттер. Орта атаулы айлық жалақы 2001 жылы қараша айының аяғында 17 892 теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,7%-ға көтерілді, бұл кезде нақты жалақының өсуі 11,1%-ды құрады. Еңбекақының ең жоғары мөлшері қаржы шаруашылығында сақталып отыр – 44 187 теңге, ең төменгі мөлшері ауыл шаруашылығында – 7497 теңге, олардың арасындағы айырмашылық 5,9 есені құрайды. Бұл уақыт ішінде орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы жалақы 79 258 теңгеге жетті және 2000 жылмен салыстырғанда 18, 9%-ға, нақты ақшалай табыс 9,6%-ға артты.

Жұмыссыздық деңгейі

Жұмыссыздық деңгейі  – бұл дұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ  азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). [3]

Үкімет экономикалық саясатты жүргізу барысында қадағалап отыратын маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздардың жиынтық жұмысшы күші құрамындағы үлесі. Пайызбен алғанда:

 

u = U / L * 100% (2)

 

мұнда: U – жұмыссыздар саны;

L – жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны;

и – жұмыссыздық деңгейі.

 

L = E + U болғандықтан, e + u = 1, немесе e = 1 – u (3)

 

Жұмыссыздық деңгейі  кейде барлығына, кейде ел тұрғындарының  ересектеріне катысты есептеледі. [2]

 

1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары

 

Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады  да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ  та жұмыссыздықтың елдің жағдайына  тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.

Әлеуметтік  салдары:

Кері әсерлер:

1. Крименогенді жағдайдың  өршуі

2. Әлеуметтік кернеудің өршуі

3. Физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі

4. Әлеуметтік дифференцияның өсуі

5. Еңбек белсенділігінің төмеңдеуі

Пайдалы әсері:

1. Жұмыс орнының әлеуметтік  маңызының артуы

2. Өз бос уақытының  көбеюі

3. Жұмыс орнын таңдаудағы  еркіндік

4. Әлеуметтің мән мен  еңбек құндылығының артуы

Экономикалық  салдарлар:

Кері әсерлер:

1. Алған білімнің құндылығын  жоюы

2. Өндірістің төмендеуі

3. Жұмыссыздарға көмек  шығындары

4. Квалификациясын жоғалту

5 Өмір сүру деңгейінің  төмендеуі

6. Ұлттық табыстың  төмендеуі

7. Салықтың аз жиналуы

 Пайдалы әсері:

1. Экономиканы қайта  жарақтауға жұмыс күшіің резервін  жасақтау

2. Еңбекке бейімділігін  өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция

3. Білімін жоғарылату  үшін уақыт

4. Еңбек өнімділігі  мең өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы [6]

Жұмыссыздықтың  зардаптары:

1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

- халықтың сатып алу қабілеті төмендейді;

- қазына – қор қысқарады;

- инвестицияға сұраныс қысқарады;

- өндіріс құлдырайды.

2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Жұмыссыздық мәселесі қазіргі  кезде бүкіл дүние жүзі бойынша  ауқымды да, күрделі мәселеге айналып  отыр. Американдық еңбек базарында  жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.

Экономиканың қай уақытта  толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың  негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен  құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша  сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.

Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады

Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары ебек ауқымдылығымен сипатталады. [9]

 

1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы

 

Филлипс қисығы

1958 жылы Ұлыбританиядағы беделді экономикалық журналда Лондон экономика профессоры Албан Филлипстің мақаласы жарияланды. Оның айтуынша, еңбек сұранысы төмен болған жағдайда еңбекақы біртіндеп азаятын болады.

Филлипс осы гипотезаны Ұлыбританиядағы  еңбек нарығы туралы мәліметтердің негізінде тексеруге тырысты. Еңбек сұранысы шамасының оның ұсыныс шамасынан алшақтығы жайлы пікір білдіруге мүмкіндік беретін статистикалық көрсеткіш – жұмыссыздық деңгейі (и). Егер алғашқы болжам дұрыс болса, онда статистикалық талдау кезінде атаулы еңбекақы өзгерісінің қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы тұрақты әрі ұзақ уақытқа созылатын кері байланыс аңғарылуы тиіс.

Сол себепті, Филлипс жұмыссыздық  серпіні мен атаулы еңбекақы серпіні  арасындағы арақатынасқа айрықша назар  аударды. 1861-1957 жылдар аралығындағы көптеген статистикалық мәліметтердің негізінде ол өз болжамын эмперикалық тұрғыдан растады: жоғарыда аталған екі көрсеткіш бір-бірімен кері байланысты болды. Егер Филлипстің қисық сызығын аналитикалық тұрғыдан сөз етсек, онда оның өзі зерттеген кезеңнің алғашқы 52 жыл ішінде (1861-1913 жж.) бұл байланыс W = - 0.9 + 9.638и  функция түрінде көрінді. Ол жүргізген статистикалық  зерттеу кейнсиандық мектептің бастапқы теориялық болжамын растады және Филлипс функциясы экономикалық талдаудың баршаға танылған құралына айналды. Мұнда өзге елдерде де еңбекақы өзгерісі мен жұмыссыздық деңгейі арасында осыған ұқсас байланыстың болуы мүмкін.

А. Филлипс тоқтаған тұжырым графикте қисық сызық түрінде келтірілген:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Филлипстің қисық сызығының алғашқы нұсқасы

 

Абсцисса осінде жұмыссыздық  деңгейі, ал ордината осінде ақшалай еңбекақы өсімінің жылдық қарқыны бейнеленген. Графиктен көрініп тұрғандай, жұмыссыздық 5,5% жұмысшы күшіне тең болғанда, ақшалай еңбекақы өзгеріссіз қалады. Егер жұмыссыздық қысқаратын болса, онда еңбекақының өсу қарқыны өседі. Ал жұмыссыздық артатын болса, еңбекақының өсу қарқыны бәсеңдейді. Алайда, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан төмен болған жағдайда ақшалай еңбекақы деңгейінің өзгеру қарқыны, егер аталмыш деңгей осы мәннен асып түсетін болса, онда оның өзгеру қарқынынан біршама айрықшаланатыны байқалады. Бірінші жағдайда жұмыссыздық деңгейінің шамалы ғана өсуі ақшалай еңбекақының өсу қарқынын көп өзгеріске ұшырады, ал екінші жағдайда еңбекақының өсу қарқынында өзгеріс аз болады.

Атаулы еңбекақының өзгеру қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы кері байланысты, яғни Филлипстің қисық сызығының теориялық бастапқы нұсқасын тік сызық түрінде келтіруге болады:

 

w = -λ (и – иf) (4)

 

мұнда: и – Жұмыссыздықтың нақты деңгейі;

иf – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

λ – атаулы еңбекақыға тән өсу қарқынының жұмыссыздық  деңгейінің өзгерісіне сезімталдық  коэффициенті. Ол кезеңдік жұмыссыздықтың 1%-ға өзгеруі барысында атаулы еңбекақының λ%-ға кері бағытта өзгеретінін көрсетеді:

 

w = w – w-1 / w-1 * 100% - атаулы еңбекақы деңгейінің орташа жылдық өсу қарқыны. [2]

 

Оукен заңы

Жұмыссыздық жұмыс істейтіндер  үшін, әсіресе жұмыссыздар үшін үлкен  әлеуметтік апаттармен байланысты. Жұмыссыздық  жайлаған жерде өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары көбейіп, қылмыс өршиді, сонымен бірге адамдар жүрек және жүйке сырқатына шалдығады және т.б. Бұл жұмыссыздықтың әлеуметтік шығыны. [2]

Батыс экономикалық теориясында  және тәжірибесінде жұмыс күшін  ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен  қызметтің әлеуетті шығындарын есептеу  Оукен заңы негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады. [3]

Жұмыссыздықтың экономикалық шығынына ЖҰӨ-нің нақты деңгейінің әлеуетті деңгейден артта қалуы жатады. Егер экономика жұмыс істегісі келетіндердің бәрін жұмыс орнымен жеткілікті қамтамасыз ете аймайтын жағдайда болса, онда тауарлар мен көрсетілген қызметтердің әлеуетті өндірісі біржола құриды. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ-нің өз әлеуетті деңгейінен артта қалуының арасындағы байланысты А. Оукен статистикалық материалдар негізінде қадағалады. Аталмыш тәуелділік Оукен заңы деген атауға ие болды: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда жалпы өнім мөлшерінің артта қалуы 2,5%-ды құрамақ. Егер бұл байланысты формула түрінде келтірсек, ол былайша өрнектеледі:

 

Y-Yf / Yf = - β * (u-uf) (5)

 

мұнда: Ү - өндірістің нақты көлемі,

Үf - ЖҰӨ әлеуетті көлемі,

и - жұмыссыздықтың нақты деңгейі

uf  - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

β – ЖҰӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік коэффициенті. Егер     жұмыссыздықтың     нақты     деңгейі     табиғи түрдегіден   1%-ға жоғары  болса,  онда  өндірістің нақты көлемі әлеуетті түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%

Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі  экономистер жұмысындағы өзгерістер. [2]

 

2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштермен байланысы

 

Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі  жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақтылы берілмеуі және т.б. болып табылады.

Нарықтық қатынастардың  дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.

Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз  қорғалғандарды, еңбек ресурстарының  бәсекеге қабілеті төмен топтарын ерекше ескеру қажет. Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып  табылатын жастарды жатқызуға болады.

Жастардың орнын әлеуметтік-экономикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізднледі. Біріншіден, жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды; екіншіден, бұл аса маңызды, олар – елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты. Бүгінде жастар көбінесе қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды. Сонымен бірге бұл дүние жүзіндегі еңбек нарығында, әсіресе Қазақстанда қатты осал топтардың бірі болып табылады. Аталған мәселелердің маңыздылығына қарамастан, оларға ғылыми зерттеулерде, бұқаралық ақпарат құралдарынды, үкіметтік құжаттарда аз көңіл бөлінеді.

Еңбек нарығындағы жағдайларда  маңызды көрсеткіш болып жұмыссыздықтың деңгей, сыйымдылығы және еңбек нарығының  конъюнктурасы болып табылады. Алайда мұндай статистика толығымен еңбек нарығындағы толық жағдайды көрсетпейді. Нәтижесінде нарықтық қатынастың ерекшеліктерімен байланысты, жасырын жұмыссыздық, жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа құбылыстарының барлығы есепке алынбайды. Өндірістік емес салада жұмыс күшіне сұраныс жылдам өсу үстінде, әсіресе жылдам коммерциаланғандарда. Егер де қазіргі кездегі білікті мамандарды дайындау және оларға деген сұраныс өзгермесе, жақын аралықта біліксіз мамандар халық арасында жұмыссыздықтың ұлғаюын алып келуі мүмкін.

Курстық зерттеуде жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы құрылымында аграрлық, индустриалды, қызмет көрсету және жұмыспен қамтамасыз етудің ақпараттық секторларында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, себебі кәсіби білімінің жоқтығына байланысты. Аграрлық секторда  жұмыспен жастардың аз бөлігі қамтамасыз етілген, себебі еңбек ақысының төмен болуы. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ұйымдасқан - экономикалық қатынастар жиынтығын көрсетеді деп есептейді, бұл басқару объектісінің және субъектісінің әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталған, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігін береді.

Информация о работе Жұмыссыздық