Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 21:52, курсовая работа

Описание

Бұл жұмыста жұмыссыздықтың түсінігін, нақты атауларын, жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары көрсетілген.
Казакстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық жағдайларға әсері көрсетілген, реттеу әдістері сипатталды.
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына талдау жүргізілді.. Курстық жұмыс 34

Содержание

Кіріспе 5
1 Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері 7
1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері 7
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі 9
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары
1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы 12
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсер 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштермен байланыс
2.2 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
3.2 Халықты жұмыспен қамту бағдарламалары
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

Работа состоит из  1 файл

Курсовой - Жұмыссыздық.doc

— 440.00 Кб (Скачать документ)

Халықтың тұрмыс дәрежесінің  төмен не жоғары болуының  басты  факторларының немесе себептерінің бірі еңбекке жарамдылардың қаншасы  жұмыспен қамтылған, қаншасы жұмыссыз екендігі. Бүгінгі күні республикадағы еңбек рыногында жұмыссыздық ең ірі өткір мәселе. [20]

1999 жылы экономикалық  белсенді халықтың саны 12.225,8 мың  адам болды немесе ол бүкіл  халықтың  34,2 % пайызы болды. Одан  басқа 4.273,2мың адам экономикалық  белсенді емес деп саналды,  Сонда еңбек ресурстары 11.479,0 мың  адам. Экономикада шұғылданатын адам саны 2004жылы 10.1245 мың деп есептелді. Оның 3.676,1 мыңы заңды тұлғаларда, 4.4484 мыңы шаруа қожалықтарында жұмыс істейтіндер, 489,7 мыңы шағын кәсіпорындарында (жұмыс саны 50-ден аспайтын), 4.456,1мың адам өздігінше жұмыс істейтіндер. Ал қалған  12,962 мың адам немесе экономиканың белсенді халықтың 4,1 % пайызы жұмыссыздыр болып саналды. Осы дерек шындыққа сәйкес сияқты. Кейбір сарапшылар мен мамндар жұмыссыздар саны статагенттіктің  бұл жағынан әжептеуір көбірек деп айтып, жазып жүр. [19]

Қазіргі кезде үкімет кедейлікпен күрес бағдарламасын  жасап, жұмыссыздардың санын азайтудың  жолдарын табу.

2005 жылдың 1 қаңтарында  ресми тіркелген жұмыссыздық  деңгейі экономикалық белсенді  халықтың  4,5%  болды.

Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің сараптамалық бағалауы бойынша 2006 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл басындағы 15,6 пайыз орнына 13,4 пайызға дейін төмендеді.

Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін жетілдіру үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, оны 2006 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізетін болады.

2006 жылы 1 қаңтарға жұмыспен  қамту орталықтарына өтінішпен барған азаматтар саны 489,3 мың адам болды, ал 2005 жылғы 1 қаңтарында  439,3 мың  болғандығы. Ауылды жерде жұмыс іздеуші адамдар саны 118,2мыңға жетті, яғни 2000 жылдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз, Оралда 5,1 пайыз,  Қызылорда да 6,0 пайыз, Маңғысатауда 5,8 пайыз және Атырау облысында 4,9 пайыз болды. [19]

Жасалған талдау көрсеткендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту органдарына өтінішпен барушылар санының біраз өсуінің себептерінің  бірі – жұмыссыз ретінде тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде жұмыспен қамту бағадарламасына мезгілінде қаражат бөлуіне себеп болды. Мәселен,  Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген мөлшердің 87 пайызындай, Оралда - 75 пайызындай, Қызылордада – 72 пайызындай, Маңғыстауда – 85 пайыздай және Атырау  облысында – 79 пайызындай болды. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың құрылымы мен статусын (жағдайын) күшейту де өз әсерін тигізді.

Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының орындалуы үшін 2005 жылға 19.530,4 миллион теңге (Жалпы ішкі өнімнің 0,85 пайызы) қаржы бөлу жоспарланғандығы, нақты бөлінгені 16.650,3 миллион теңге (ЖІӨ - нің 0,7 пайызы) яғни жоспар 85,3 пайыз ғана орындалды.

2006 жылдың 1 қаңтарына  республика бойынша тұтас алғанда есепке 231,4 мың жұмыссыз адам тұрды, оның 22,2 мыңы ғана материалдық көмек алды, 7,8 мыңы қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін көтеруде және қайтадан даярлауда болды.

Сондай-ақ жұмыспен қамту  бағдарламасын қаржыландырудың 80 пайыздан жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан ( 87 %), Батыс Қазақстан (81%), Қарағанды облыстарында (86%), Астана қаласында (81%) орын алды. [20]

Сурет 2. Қазақстан Республикасынвң 1999-2010 жж. бойынша еңбек нарығының көрсеткіштері

3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары

 

3.1 Қазақстан  Республикасында еңбек нарығын  мемлекеттік реттеу

 

Бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс әсері біздің елімізде де шарпып өтті. Еліміздегі бұл жағдай халықтың әл-ауқатына, әлеуметтік тұрмыс тіршілігіне кері әсерін тигізбей қоймайды. Кейінгі үш жылға талдау жасайтын болсақ, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы 7,3%, 2008 жылы 6,8%, 2009 жылы 6,7% құраған. Бұл көрсеткіштер нақты тіркелген жұмыссыздар мөлшерімен көрсетілген. Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы, еңбек биржаларына тіркелмеген жұмыссыздарды есепке алатын болсақ нақты жұмыссыздар деңгейі бұдан көбірек болады,

Еліміздегі жұмыссыздық  деңгейін одан әрі төмендету мақсатында, еңбек нарығындағы мәселелерді  реттеу бойынша көптеген шаралар атқарылып, бағдарламалар қабылданған.

Қазіргі кездегі мемлекеттік  масштабтағы жұмыссыздықпен күресу бағдарламалары:

1. «Жол картасы» бағдарламасы -  Қазақстанның дағдарысқа қарсы қабылдаған жоспарының атауы. Бұл бағдарлама, негізінен, аймақтардағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Облыс аудандары мен қалалары бойынша «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру 4 бағытта жүргiзiлдi. Бiрiншi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытында сала бойынша 16377 жұмыс орны ашылып, 14,7 мың адам жұмыспен қамтылды. Екiншi бағыт – жолдарды жөндеу және көпiрлер салу бойынша 8792 азамат еңбекпен қамтылып, 131 жобаның жұмысы аяқталды. Үшiншi бағыт – мектеп, аурухана, тағы басқа әлеуметтiк объектiлердi жөндеу бойынша 12212 жұмыс орны ашылды. Төртiншi, ауылдық жерлердегi әлеуметтiк-мәдени объектiлердi жөндеу бағыты бойынша 345 адам жұмысқа тартылды. Биыл «Жол картасы» бағдарламасы барынша жемiстi жүргiзiлдi. Ал «жастар практикасы» бойынша 2122 кәсiпорынмен келiсiм-шарт жасалып, еңбек дағдысын алуға жұмыссыз жүрген 14346 жас маман жiберiлдi. Кешегi күнге дейiн солардың 507-сi тұрақты жұмысқа орналасқан. «Жол картасы» бағдарламасы осы ағымдағы жылы бірінші рет өткізілген және де нәтижелі істерге қол жеткізуі себебінен, Президентіміз уәде бергендей келесі жылы да өткізілмек.

2. «Дипломмен ауылға» мәселесі – бұл жастарға арналған бағдарлама. Бағдарламаның негізі – жоғары оқу орындарын бітірген жастарды ауылдарға жіберу. Мұндай жастарға мемлекет  берері мол: әлеуметтік қолдау да әжептәуір, ауыл тұрмысына жетерліктей. Бір реттік жәрдемақысы, тұрғын үй алуға жеңілдетілген несиесі, айлық жалақыға 25 пайыздық үстемеақысы тағы бар. Ең бастысы бір оқпен екі қоянды бірдей ататындығында, ауылдағы кадр дефициті де шешілмек, әрі жастарға жұмыс болады. Әрине бұл өте үлкен мүмкіншілік, дипломды қалтаға салып қойып, тек қаланың шаңын бос тоздырып  жүргенше, екі қолға бір күрек болар жұмыс іздеп ауылға барған жөн. 

3. Айтып кетер мемлекеттік масштабтағы тағы бір бағдарлама – «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы. Елбасы бастамашы болған бұл бағдарлама 2007 – 2009 жылдар аралығында 106 білім беру объектілері мен 103 денсаулық сақтау орындарын салу жоспарланған болатын. Және де мемлекет бюджетінен бұл бағдарламаға бөлінген қаржы сомасы 375 млрд тенге. Бүгінде елімізде 51 білім беру нысаны пайдалануға тапсырылды. Ал денсалық сақтау мекемелерінің жалпы іске қосылған саны – 39. Әзірше, бұл бағдарлама нысаналы тарнсферттердің нашар игерілуі, құрылыс жұмыстарының төмен сапасы мен технологияларының бұзылуынан уақытылы орындалмай отыр. [7]

Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын  құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс

Жұмыссыздықтан қоғау  жүйесінің негізгі мақсаты –  жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету.

Жұмыссыздық бойынша  қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады.

Жалпы, қазіргі күні Үкіметтің жұмыссыздықпен күрес жөніндегі шаралары кең тыныспен, жан-жақты жалғасып келеді деп айтуға болады. Бірінші кезекте Индустрия және сауда министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әкімдіктер арқылы ірі және орта бизнес кәсіпорындарымен 3 мыңнан астам меморандумға қол қойылды. Шетелдік жұмыскерлерді ішкі еңбегі рыногына тартудың квотасы белгіленіп, бұрнағы жылдармен салыстырғанда оның көлемі төмендетілді. Жастар арасында жұмыссыздықпен күрес аясында жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің ішінде 40 пайызға жуығы жұмысқа орналасатын болды.

Екіншіден, Үкімет халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігін қорғау мәселелерін қолға алып отыр. 2012 жылы халықтың осы бөлігіне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге 8 миллиард 617 миллион теңге бағытталмақ.

Үшіншіден, еліміздегі еңбек рыногын қолдау мақсатында кәсіпорындардың жұмыс күшіне деген қажеттілігін анықтайтын және олардағы жұмыс орындарының сақталуын бақылайтын мониторинг жүргізу жүйелі жолға түсірілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр-лігінің www.enbek.kz сайты ашылды. Бұл сайтқа жұмыс іздеп жүрген кез-келген қазақстандық хабарласып, өз түйіндемесін жолдауына болады.

Төртіншіден, жұмысынан қысқарған адамды қайта дайындау жүйесі жұмыс істей бастады. Осы жүйе бойынша 25,8 мың адамды қайта оқыту шарасы көзделіп отыр. Жергілікті бюджеттерден бұл шараны жүзеге асыруға 743,9 миллион теңге бөлінген.

Ақыр аяғында жұмыс  орындарын сақтау үшін Үкімет шағын  және орта бизнеске үлкен қолдау көрсетіп отыр. Бұл шараға ұлттық қордан 2008 жылы 120 миллиард теңгенің қаржысы бөлініп, ол қаржы “Самұрық-Қазына” қорына аударылды. Мұның сыртында жаңадан қолданысқа енгізілген Салық кодексі арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке 361,3 миллиард теңгенің салық жеңілдігі ұсынылып отыр.

Сонымен қатар Үкімет отандық тауар өндірушілерді  қорғау мақсатында мемлекеттік және елімізде жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлар тапсырысындағы қазақстандық үлесті арттыру ісін қолға алды. Осы бойынша жуықта ғана Астанада өткен жалпыұлттық форумда ұлттық компаниялар мен орта және шағын бизнес кәсіпорындары арасында 32 миллиард теңгенің жұмыстарын орындау жөнінде ниет хаттамасына қол қойылды.

Сондай-ақ жылжымайтын  мүлік рыногын қолдау, халыққа  жеңілдікті ипотекалық несиелер беру, арендалық тұрғын үй рыногын ұйымдастыру  бағытында да көптеген шаралар қабылданып, жүзеге асуда.

Осындай сан-салалы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізде 500 мыңға тарта жұмыс орындары ұйымдастырылуы тиіс. Соның ішінде “30 корпоративтік көшбасшы” бағдарламасы аясында жаңадан іске қосылатын 5785 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы үстіміздегі жылдың өзінде 348,3 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Инновациялық индустриялық жобалар шеңберінде «Самұрық Қазына» қоры халықты жұмыспен қамту мақсатында 4741 жоба әзірлеген, оған 13939 адам тартылады деп күтілуде.Ал «КазАгро» АҚ ныі ауыл шаруашылығы саласында жасалған 21жобасы 10636 жұмыс орындарын ашу қарастырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі 120800 адамды, Көлік және коммуникациялар министрлігі 90130 адамды жұмысқа тартты. Индустрия және сауда министрлігі өзі жасаған 136 жобаға 22209 адамға, «КЕГОК» АҚ  43 жобаға 100жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.

Бүгінде жұмыс орындарынан  қысқарған азаматтар мен жұмыссыздарға  әлеуметтік қолдау көрсету үшін жергілікті бюджеттен 5,2 млрд. тенге бөлінген. Бұл  қаржы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, оған 94,2 мың адамды тартып, кәсіби және қайта даярлау үшін 25,6 мың адамның шығынын өтеуге және 9,7 мың адамға әлеуметтік жұмыс орындарын ашып беруге жұмсалатын болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа  жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:

• Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;

• Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;

• Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

• Жұмыспен қамтуды субвенциялау;

• өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;

• өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.

Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр.

Жоғарыда қарастырыған шаралармен қатар жұмыссыздықты  азайту үшін:

• шағын және орта бизнесті дамытып, қосымша нысандарын ашуды,

• шетелдік жұмысшыларды қысқартуды, оның ішінде төртінші дәрежелі  жұмысшы күшін елге кіргізбеуді,

• жұмысшы күшіне сұранысқа сәйкес мамандар даярлауды жолға қою

• Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік фирмаларда отандық жұмысшы күшінің үлесін ұлғайту керек. [11]

 

     3.2 2020 жұмыспен қамту бағдарламасы. Халықты жұмыспен қамту

 

Әлемдік тәжірибеде халықты  еңбекпен қамту ісін басқарудың әртүрлі  модельдері қолданылады. Мәселен, америкалық модель еңбекке қабілетті азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін кеңінен қамтуға ұмтылатын жұмыс орындарын құрумен ерекшеленеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда жұмыссыздар қатары азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің жағдайы онша жақсара қоймайды. Ал скандинавиялық модель мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбекақысы қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын көптеп аша отырып, жұмыс күштерін солай қарай тартуға бейімделген. Бұл модель негізінен мемлекеттік қаржы қаражатына арқа сүйейді. Үшінші еуропалық модель еңбек өнімділігін арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесіне орайластырылған. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары болады. Қазақстанның қазіргі қолға алған шаралары осы модельге келіңкірейді, бірақ өзіндік ерекшеліктері аз емес.

Информация о работе Жұмыссыздық