Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:00, курсовая работа
Қолға алынған курстық жұмыстың өзекті мәселесі негізінен жұмыссыздық мен жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық және демогрфиялық көрсеткіштермен байланысы немесе әсері болып табылады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
КІРІСПЕ
І тарау. Жұмыссыздық және жұмысбастылық .
1.1 Жұмыссыздық және жұмысбастылық түсінігі.
1.2 Оукен заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы.
ІІ тарау. Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы.
Жұмыссыздықтың экономикалық проблемалары.
Көші-қон іс-әрекеттерін макро деңгейде талдау.
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықдық мәселесі
1.1Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету.
1.2 « Жол картасы» бағдарламасы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І тарау. Жұмыссыздық және жұмысбастылық .
1.1 Жұмыссыздық және жұмысбастылық түсінігі.
1.2 Оукен
заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы.
ІІ тарау. Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы.
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықдық мәселесі
1.1Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету.
1.2 «
Жол картасы» бағдарламасы.
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қолға алынған курстық
Соңғы жылдары жұмыссыздық
Ең алдымен жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жоғарыда айтылған көрсеткіштермен байланыстылығын ашу үшін жалпы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалпы теорияларын біліп алған дұрыс. Сонымен қатар бұл байланыстылықтың маңыздылығын түсіну үшін модельдер құрастырып, зерттеуді ықшамды етіп мысал келтіре қарастырғанды жөн көрдім.
Жұмыссыздық пен жұмысбастылық түсінігімен бірге Оукен заңы мен Филлипс қисығына тоқталу аса маңызды. Жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауы ЖҰӨ-нің төмендеуіне алып келеді. Осы Оукен заңы жұмыссыздық пен ЖҰӨ-нің арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді.Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Жұмыссыздықтың демографиялық көрсеткіштермен байланысын көші-қон іс-әрекеттерін мысал ретінде көрсетіп түіндіріледі. Мұнда Киреев бойынша елдің негізгі жұмыс күшін қалыптастырушы – көші-қон деп түсіндіріледі. Және көші-қон әртүрлі елдер мен аймақтардың еңбек ресурстарының саны мен құрамында өзгерістер тудырады.
Жаңа экономикалық жағдайларда ескі шешілмеген проблемаларға жаңа проблемалар қосылып отырады. Қазақстан еңбек нарығының қйын қалыптасуының себебі оның инвестициялық потенциялының төмендігі, соған байланысты жұмыс орындарының аздығы, және жұмыс күші бағасының өз тиісті бағасынан өсуі, сонымен қатар жұмыссыздықтың төмендемеуі.
Жұмыссыздықты зерттегенде республикадағы жұмыссыздық жағдайын қарастыра отырып, негізгі проблемаларды анықтап алу керек. Сөйтіп, жұмыссыздық деңгейін төмендеду мәселелерін қарастырған жөн.
І тарау.
ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Жұмыссыздық - деңгейі бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші.
Егер азамат жаңа жұмысқа
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын
(U) бүкіл экономикалық белсенді халық
санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен
көрсетіледі:
Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны.
Ол Халықаралық
еңбек ұйымының әдісі бойынша
және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен
есептелінеді.
Жұмыс
күші құрамындағы жұмыссыздық
мұндағы салмағы – бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады.
Толық жұмысбастылық
Басқа сөзбен айтқанда , толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі цикілдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайда ғана жетеді . Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықты “ жұмыссыздықтың табиғи ( шынайы ) деңгейі ” деп те аталады Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “ экономиканың өндірістік әлуеті ” деп аталады . Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты ( шынайы ) көлемі . Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе – теңдік жағдайында болғанда , яғни жұмыс іздеушілер мен бос орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнады . Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - өң өлшем , өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек . Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін уақыт керек . Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса , онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз ; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады . Басқа жағынан қарағанда , жиынтық сұранысы артық болған жағдайда , жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады , яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады . Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады . Еңбек күші нарақтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады .
“ Табиғи ” термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп , өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді . Біздің іскерлік циклдары қысқаша шолуымызды экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік . Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейінен төмен де болуы мүмкін .
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
де өз алдына тұрақсыз көрсеткіш
. Ол кезеңді түрде еңбек
күші мен институционалдық
өзгерістерімен байланысты демографиялық
қозғалыстар әсеріне түседі
.
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады , ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады . Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен анықталатын факторды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін құрамыз .
L – жұмыс күші , E – жұмысшы саны , ал U – жұмыссыздар саны . Әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы , не жұмыссыз болатындықтан, онда :
Ендеше , жұмыс күшінің
жиыны жұмысшы мен
үшін , жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы 2 – ші сызбада көрсетілген . s – жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші , яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі , f – жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші , яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі .
Егер жұмыссыздық деңгейі
өзгермейтін болса , яғни
еңбек нарығы тұрақты , онда
жұмысқа жалданғандар саны
жұмыстан шығарылғандар санына
тең болуы керек . fU –
жұмысқа жалданған адамдар
саны , ал sE – жұмысын жоғалтқан
адамдар саны және бұл
екі шама тең болуы
керек :
Бұл теңдеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін тадуымызға болады . E=L – U , яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға тең . Бұл fU = s( 1 – U/L) екенін білдіреді . Теңдіктің екі жағын да L – ға бөлеміз , сонда :
Теңдеуді
түрлендірсек ,
Бұл теңдеу U/L жұмыссыздық деңгейінің жұмысқа жалдану мен жұмыстан шығарылу деңгейлерінің көрсеткіштеріне тәуелді болатынын көрсетеді . Жұмыстан шығарылу деңгейі қаншалықты жоғары болса , жұмыссыздық та соншалықты жоғары . Жұмысқа жалдану деңгейі қаншалықты жоғары болса , жұмыссыздық деңгейі соншалықты төмен болады .
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлесі қарапайым , бірақ маңызды қорытынды шығады . Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару деңгейінің төмендеуіне , не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болуы керек . Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздақтың табиғи деңгейін де ауыстырады .
Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің
көрсеткіші және жұмыстан шығару
мен жұмысқа орналастыру деңгейлерінің
көрсеткіштері арасындағы байланысты
көрсетсе де , ол негізгі сұраққа
жауап бермейді . Егер адам
кез келген уақытта тез жұмыс
табатын болса , жұмысқа олналасу
деңгейі өте жоғары , ал жұмыссыздық
деңгейі нөлге жақын болар
еді . Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық
деңгейі жұмыс іздеу үрдісі
қандай да бір уақытта жалғасатынын
болжайды . Келесі екі бөлімде
жұмыссыздық орын алуының екі
негізгі себебін қарастырамыз ,
олар: жұмыс іздестіру проблемалары
мен жалақының қатаңдығы .