Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:00, курсовая работа
Қолға алынған курстық жұмыстың өзекті мәселесі негізінен жұмыссыздық мен жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық және демогрфиялық көрсеткіштермен байланысы немесе әсері болып табылады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
КІРІСПЕ
І тарау. Жұмыссыздық және жұмысбастылық .
1.1 Жұмыссыздық және жұмысбастылық түсінігі.
1.2 Оукен заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы.
ІІ тарау. Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы.
Жұмыссыздықтың экономикалық проблемалары.
Көші-қон іс-әрекеттерін макро деңгейде талдау.
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықдық мәселесі
1.1Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету.
1.2 « Жол картасы» бағдарламасы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыссыздық
деңгейі =
Жұмысбастылық
деңгейі
2007ж/ң аяғында:
Жұмыссыздар
– 543мың; жұмыссыздық деңгейі - 6.2957%;
жұмысбастылық деңгейі – 93.704%.
2007 және 2008жж салыстырсақ ( 93,939-93.704=0.235) біз жұмыссыздықтың 1жыл ішінде 0.235%-ке азайғанын байқаймыз. Ал жұмыс күшінің (8.624-8.6248=-0.0008) 1жыл ішінде 80 адамға азайғанын байқаймыз. Бұл дегеніміз жұмыс күшінің 80 адамға азаюы жұмыссыздықты 0.235%-ке азайтты. Ал жұмыс күшінің азаюы 80 адамның жұмыс іздеуді тоқтатқандығы.
Мұндай ситуация мемлекеттегі жұмыс күшінің
көбеюі есесінен болады. Мысалы, мемлекетте
үй әйелдері, зейнеткерлер және студенттер
көбейсе, жұмыс күші тез өседі де, жұмыссыздық
деңгейі көбейеді.
2.2 Көші-қон
іс-әрекеттерін макродеңгейде талдау.
Регрессиялық үлгіде экономикалық алғышарттар ретінде еңбекпен қамтудың төменгі немесе жоғарғы деңгейдегі төменгі жұмыссыздық мәселесі қарастырылады. Нәтижесінде, макроүлгідегі көші-қон жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңдестіруші механизм болып табылады.
Жұмыс
күшінің аумақаралық
Мысалы, LA көлеміндегі еңбек ресурстарына иелік ететін – I аймақ және AL’ көлеміндегі еңбек ресурстарына иелік ететін - II аймақ болсын. Жалпы, екі аймақ LL’ көлеміндегі еңбек ресурстарына ие. S1 және S2 - I және II аймақтардағы, сәйкесінше, жұмыс күшін қолдану көлеміне қарай өндіріс көлемінің құндық өсімін көрсетеді.
Егер
аймақаралық миграция болмаса, онда
І аймақ өзіндегі артық еңбек
ресурстарын қолданады. Жұмыс күшінің
ұсынысы жоғары болуының нәтижесенде
нақты орташа жалақы көлемі LC белгіленеді.
Ал II аймақ өз өз еңбек ресурстарын қолдана
отырып, жалақының белгілі бір шамадағы
орташа деңгейін L’D қамтамасыз етеді.
I аймақтың өндіріс көлемі - a+b+c+d+e+f ,
II аймақта – i+j+k. Егер І аймақтағы жұмыс
күшінің бағасы ІІ аймақтан кем болса,
яғни LC <L’D, онда бірінші аймақтағы
жұмыс күшінің бір бөлігі екінші аймаққа
ауысады, соның нәтижесінде мұндағы жалақы
деңгейі бірінші аймақпен BR деңгейде теңеседі.
Осыдан, I аймақтан ауысқан еңбек ресурстарын
ұтымды пайдалану нәтижесінде IІ аймақтағы
өндіріс көлемі өсіп, жиынтық өнім артады.
Жалақы
Жалақы
i
R
D
c g j
E
F
b
C
a S2
f S1
L B A L’
Екінші жағынан, І аймақтан ІІ аймаққа еңбек мигранттарының ағылуы ондағы жалақы L’D деңгейінің L’F=BR-ге дейін төмендеуіне алып келді. Бірақ мигранттар еңбегін қолдану есебінен ішкі өндірістің кеңейюі жүзеге асты, яғни i+j+k i+j+k+g+h+t+f –ке дейін көтерілді.
Нақты орташа жалақы деңгейінің төмендеуі салдарынан ІІ аймақтағы қызметкерлердің табыстары j+k –ден k- ге дейін төмендейді, ал басқа өндіріс фактарлары иелерінің табыстары i-ден i+g+j-ге дейін артады. Осылайша, көші-қон түрлі аймақтардағы еңбекақы төлеу деңгейінің теңестірілуіне алып келеді. Жұмыс күшінің аумақтық қайта бөлінісі нәтижесінде өндірістің көлемі артады. Жалпы, қоғамдық шаруашылық тұрғысынан, еңбек ресурстарының көші-қон нәтижесінде өндіріс көлемі артады. /4/.
Осылайша, көші-қон әртүрлі елдер мен аймақтардың еңбек ресурстарының саны мен құрамында өзгерістер тудырады.
Жұмыс күшінің еларалық қозғалысына әсет етуші факторлар жөніндегі әлеуметтік-экономикалық үлгілердің бірі - Лаури үлгісі.
Лаури үлгісі бойынша, жұмыс күшінің қарқындылығы
өзара әрекеттесуші аймақтардағы жұмыссыздық
деңгейінің арақатынасы, сонымен бірге
жалақы ставкасының сәйкестігінің арақатынасы,
аймақтардың географиялық қашықтығы арқылы
анықталады:
Mij=K
Мұндағы:
М ij - i елінен j еліне миграция ағымы;
Vij - і және j елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі;
Wj , Wi – і және j елдеріндегі жалақы ставкасы;
Lij – і және jелдеріндегі жұмыс күші;
Dij – і елі мен j елі арасындағы арақашықтық;
K –
константа.
Іс жүзінде
факторлардың әсері әрқашан біркелкі
емес екендігі анықталған, сондықтан
эмиграция мен иммиграцияға тән
экономикалық және демографиялық шарттар
өз алдында жеке-жеке талдауды қажет
етеді. /5/.
ІІІ тарау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-елді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,
Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.
К.Маркс
жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады:
ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай
жұмыссыздық түрлері өткен
Жұмыссыздықтың
белгілі бір деңгейінің болуы
еркін экономикаға тән қасиет.
Нарықтық экономикаға өту
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:
Бұл бағдарламалар
іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі
әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз
болып келеді. Оның басты себебі
– бұл бағдарламалардың дұрыс
ұйымдастырылып, менеджмент негізінде
іске асырылмауы болып отыр. /6/.
3.2 « Жол
картасы» бағдарламасы.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімділігі көбінесе басымдықтардың дұрыс іріктелуіне байланысты болады. Былтыр әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке мемлекет 813 млрд теңге бағыттапты. Биыл бұл мақсаттарға 929,3 млрд теңге бөлінген екен, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 114,3% көлемінде.
Жаһандық дағдарыс тұсында елімізде жұмыссыздар армиясы артпауы үшін Елбасы «Жол картасы» бағдарламасын ұсынған. Оны қаржыландыруға 2009 жылы 191,5 млрд теңге, ал биылғы жылы 145 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде2009 жылы 5200-ден астам жоба іске асырылды. Ағымдағы жылдың 1 қазаны бойынша, 2633 жоба, яғни 74,3%-ы аяқталды. Бұл 390 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. 5 мыңнан астам адам кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жіберіліп, оның ішінде 64,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. 192 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі шеңберінде жұмысқа орналасты. Әрине бұл "Жол картасы" бағдарламасы қысқа мерзімді шұғыл шара ретінде өзін ақтап шықты, алайда бүгінде салмақты орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспар шараларына аудару қажеттігі туындап отыр. Дағдарыс жағдайында жұмыспен уақытша қамту және кез келген жұмысқа ие болу, жұмысы болмағаннан гөрі әрине, жақсы, бірақ ендігі жерде, яғни экономикалық өсудің жандануы мен жаңа сатысына өту кезеңінде, тұрақты және тиімді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту проболемасын шешуде жаңа салмақты орта және ұзақ мерзімді кезеңге жоспар даярлануда. Ол бірнеше бағытты қамтымақ: Біріншіден, ҮИИД бағдарламасы шеңберінде ғылыми негізде салалардың еңбек ресурстарына деген қажеттілігі болжанып, мониторинг жүргізіледі. Екіншіден, халықтың экономикалық белсенділігін арттыруға, базарда тұрған, ресми статистикада "өзін-өзі жұмыспен қамтушы" делінетін жандарды "ресми" жұмыс орындарына тарту жолымен ішкі еңбек ресурстары резервін сыртқа пайдалануға көңіл бөліне бастамақ. Үкімет алғаш рет осы "өзін-өзі жұмыспен қамтушылар" үлесін қысқартуға шындап кіріскелі отыр. "Үшіншіден, адам ресурстарының сапасын арттыру, кәсіптік білім беру жүйесін жұмыс берушілерді өз персоналын даярлауға және қайта даярлауға экономикалық ынталандыруды пайдалана отырып жетілдіру көзделеді. Бұған қоса, жұмысқа тұруда көмектесу, еңбек ресурстарының қозғалғыш-мобильділігін арттыру көзделуде. /8/.
2009 жылғы “Жол картасын” жүзеге асыру
258 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік
берді. 124 мыңнан астам жас азамат әлеуметтік
жұмыс орындарына жіберілді, 100 мыңдай
адам қайта даярлаудан өтті. Жалпы алғанда
“Жол картасы” қайта даярлаумен қоса,
400 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға жағдай
туғызды. Бұл шаралар жұмыссыздықтың деңгейін
соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш
– 6,3 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік
берді. /7/.
ҚОРЫТЫНДЫ
Cонымен қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.
Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.