Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:00, курсовая работа

Описание

Қолға алынған курстық жұмыстың өзекті мәселесі негізінен жұмыссыздық мен жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық және демогрфиялық көрсеткіштермен байланысы немесе әсері болып табылады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.

Содержание

КІРІСПЕ
І тарау. Жұмыссыздық және жұмысбастылық .
1.1 Жұмыссыздық және жұмысбастылық түсінігі.
1.2 Оукен заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы.
ІІ тарау. Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы.
Жұмыссыздықтың экономикалық проблемалары.
Көші-қон іс-әрекеттерін макро деңгейде талдау.

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықдық мәселесі
1.1Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету.
1.2 « Жол картасы» бағдарламасы.
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ.docx

— 511.53 Кб (Скачать документ)

                                                                                                                                                                                

                                      

                                                                   

               

1-сурет.  Жұмысы  барлар қатарынан  жұмыссыздар  қатарына  ауысу  және

керісінше .  Белгілі  уақыт  аралығында  жұмыс  істейтін  адамдар

бөлігі  ( s )  өзінің  жұмыс  орындарын  жоғалтады ,  ал  жұмыссыздар

бөлігі  ( f )   жұмыс  табады . Жұмысқа  орналасу  мен  жұмыстан  шығу                                                                    көрсеткіштері   жұмыссыздық  деңгейін  анықтайды . 

       Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:

    • фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
    • құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
    • циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
    • маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады.

Құрылымдық  жұмыссыздық дегеніміз – бұл  экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып  табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық  жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан  туындайды, яғни экономикадағы жұмыс  орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына  ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды.

        Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.

       Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді.

        Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.

        Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.

        Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық” деп атайды.

         Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды. /1, 59-67бб./. 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Оукен заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы.
 
 

        Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі   арасында  қандай  тәуелділік  бар ?  Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген   қызмет  түрлеріне байланысты   жұмыстарды  атқарады , ал  жұмыссыздар атқармайды ,  осыған  байланысты  жұмыссыздық деңгейінің   жоғарылауы  нақты   ЖҰӨ көлемінің төмеңдеуіне әсерін  тигізеді .Бұл жұмыссыздық   деңгейі мен ЖҰӨ көлемі  арсындағы жағымсыз   тәуелділік ,  бірінші болып осы тәуелділікті  зерттеуші , экономист Артур Оукеннің  есімімен  Оукен заңы  деп аталады .

        Суретте Оукен заңы  Құрама  Штаттар деректері бойынша көрсетіледі . Суретте   пиктограмма болып табылады ,  ондағы  әрбір нүкте бір бақылаудың  нәтижесі  болып табылады  ( бұл жағдайда – белгілі бір жыл бойынша ) .  Горизонталь ось бойынша өткен жылмен  салыстырған   жұмыссыздық деңгейінің  өзгерісі  көрсетілген , ал  вертикаль ось бойынша – пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің өсім  қарқыны көрсетілген . Суретте жұмыссыздық деңгейінің  өзгерісі  нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты  екендігі  анық  көрсетілген .  Жұмыссыздықтың  өзгермейтін деңгейінде  заң өлшемділігі   болады , яғни  мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің   өсім   қарқыны тұрғын   халықтың  өсімімен ,  капиталдың  жиналуымен  және  ғылыми – техникалық  прогрестің  өсімімен  белгіленіп , 30  пайызды құрады .  Сонымен қатар ,  әрбір жұмыссыздық   деңгейінің  жоғарылауын 1 пайызға ,  нақты ЖҰӨ көлемінің өсім  қарқынын  2  пайызға төмендетеді .  Сол себепті , жұмыссыздық   деңгейінің  6  және  8  пайызға өсімі   нақты ЖҰӨ   көлемінің өсімін  былай құрайды : 3 – 2 х ( 8 – 6 ) = - 7 %

         Осыған  байланысты ,  Оукен  заңы   бойынша ,  экономиканың   төмендеуімен  нақты  ЖҰӨ  көлемі  1 пайызға   төмендейді .

        Оукен  заңы  жұмыссыздық  деңгейі   мен  ЖҰӨ  арасындағы  байланысты  көрсетеді :

                             

                        Y – Y *   - β (U –U* )

                   ————

                         Y* 

  Мұндағы :  Y       -   нақты өнім  көлемі ;     

                      Y*-   потенциалды ЖҰӨ ;

                     U-нақты  жұмыссыздық  деңгейі ;

                      U*-табиғи жұмыссыздық деңгейі;

                     β –эмпирикалық коэффициент.                              

 

Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы

2-сурет.  Оукен заңы. Сурет пиктограмма болып табылады, мұнда горизонталь ось бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша- нақты ЖҰӨ көлемінің өзгерісі пайыз түрінде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылға сәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағыты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуімен байланысты екендігін көрсетеді. /1, 79-80бб./ б                  

      

       Филлипс қисығы жұмыссыздық мөлшері мен ақшалай жалақы мөлшерінің аралығындағы қарама-қарсылықты көрсетеді. Жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендейді. Басқаша айтқанда, жалақы инфляциясы мен жалақы аралығындағы өзара байланыс.

        Филлипс қисығы жалақы инфляциясының  мөлшері жұмыссыздық мөлшері  бойынша көбейтіндісін көрсетеді.  Осы кезеңде жалақыны – W, өткен кезеңдегі жалақыны – W-1, жалақы инфляциясының мөлшерін – gw деп белгілеп, мына теңдеуді жазамыз: 

   (1) 

Жұмыссыздықтың  натуралды мөлшеріне  деп алып, Филлипс қисығын былай жазамыз: 
 
 

Мұндағы жалақының жұмыссыздыққа қатысын өлшейді. Бұл теңдеу бойынша жұмыссыздықтың мөлшері натуралды мөлшерден асқан кезде жалақы азаяды, яғни ; жұмыссыздықтың натуралды мөлшерден төмен болғанда, жалақы артады.

       Филлипс қисығында жалақы мен баға жиынтық сұранымдағы өзгерістерге қарай біртіндеп реттеледі. Неліктен? Экономика тұрақты бағамен тепе-теңдікте және жұмыссыздық натуралды мөлшерде, ал ақша қоры 10%-ке өсті дейік. Экономика қайтадан тепе-теңдікте болуы үшін баға да, жалақы да 10%-ке өсуі керек. Алайда Филлипс қисығы көрсетіп тұрғандай, жалақы 10%-ке артуы үшін жұмыссыздық мөлшері төмендеуі керек. Бұдан жалақы мөлшері артады. Жалақы өсе бастаса, баға да көтеріледі. Осылайша экономика жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы өнім деңгейі мен жұмыссыздыққа қайта оралады.

         Сол тұста ақша қолрының артуынан жұмыссыздық қысқарады. Мұны (2) теңдеуді жалақының бүгінгі деңгейі мен бұрынғы деңгейін ескере отырып қайта жазамыз. 

[1    (2a) 

      Жалақының бұрынғы деңгейінен  жоғары болуы үшін жұмыссыздық  натуралды деңгейден төмен болуы  қажет.

     (2) теңдеуде көрсетілгендей, Филлипс  қисық сызығы деген ұғым өзіндік  Филлипс қисығын немесе бағалардың  өсу мөлшерінің инфляция деңгейінің  жұмыссыздық деңгейіне қатысын  көрсету үшін қолданылады.

     3-сурет 1960 жылдарғы АҚШ-тағы инфляция  мен жұмыссыздық туралы мәлімет  береді. Ол Филлипс қисығымен  толық үйлеседі.  /2/. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

 
 

 

 

 
 

3-сурет.  АҚШ-тағы инфляция мен жұмыссыздық, 1961-1969 жж.

Д е  р е к    к ө з і: DRI/McGraw-Hill. 

      Суреттегі У осі инфляция мөлшері(процентпен) болып табылады. Ал Х осі жұмыссыздық мөлщері(процентпен). 1969(3,5-5); 1968(3,6-4,4); 1967(3,7-3,1); 1966(3,8-3); 1965(4,5-2); 1954(5,2-1,5); 1963(5,4-1,5); 1962(5,5-1,7); 1961(6,7-1) жылдар жұмыссыздық пен инфляция мөлшерінің қиылысу нүктелері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ тарау. ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ.

2.1 Жұмыссыздықтың экономикалық проблемалары. 
 

         Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

     Жұмыссыздық  – экономикалық өсу жетістіктерінің  адам дамуына ықпалын азайтатын  құбылыс.

          Біріншіден, ол адамдар мен үй  шаруашылықтарының белгілі бір  бөлігін (кейде едәуір көлемін)  экономикалық әрекет жағдай жасайтын  мүмкіндіктерге қол жеткізуден  айырады. Олар үшін адам даму  жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден,  жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға,  яғни жинақталған адам капиталынан  айырылуға ұшыратады және осылыайша  ол адам дамуына теріс ықпалын  тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық  тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың  әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту  жөніндегі түрлі бағдарламаларын  іске асыруға байланысты елеулі  әлеуметтік шығындарға ұшыратады,  ал мұндай жағдай адам дамуына  анағұрлым тиімді бағытталуы  мүмкін ресурстарды қоғамнан  оқшауландырады.

Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының  шиеленісуін білдіреді. /3/. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Демографиялық көрсеткіштердің жұмыссыздыққа  әсері. 

 
 
 

 
 

 
 

 
 
 
 
 
 

                                         
 

 
 
 
 
 
 

2008ж/ң аяғында: 

Информация о работе Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы