Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 07:53, реферат
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған
және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде
жүйелік және нақты тарихи көзқарас
халық шаруашылығындағы еңбек нарығын
реттеудің әлеуметтік-
Әлемдегі
көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде
еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы,
қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы
алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде
еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік
негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман
еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде
мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің
маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге
тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған
және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне
негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып
жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену
еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты
жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз
болады.
2.1. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің маңызы
Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып, мемлекеттік араласу объектісі болып табылады. Сонымен бірге ол іштен және сырттан реттелетін болды. Бөл процесте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретәнде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан, мемлекет төреші (арбитр) – жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс.
Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге асадыЕңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы) – жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.
Еңбек рыногы – бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар – салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.
Жұмыс
күші дегеніміз адамның физикалық
және ой қабілеті, осы қабілетін
ол материалдық және рухани игіліктерді
өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің
нақтылы еңбекке қажет
Жұмыссыздық
деп- халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін
қанағаттандыратын және кіріс әкелетін
қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары (жолдары) мыналар:
Баланстық
құрылым жүйесі жұмыспен тиімді қамтуды
қамтамасыз етудің әдістемелік құралы
болып табылады, оның құрамына еңбек
ресурстарының балансы мен
Барлық еңбек ресурстары, оның ішінде:
Жұмыспен қамту проблемаларын шешетін бағдармалық-мақсатты тәсілдемеде бастапқы тармақ ретінде даму мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі іс-шаралар белгіленуі тиіс. Мемлекет халықты жұмыспен қамту бағдарламарын жасауда, онда еңбек ресурстарының сапасын арттыру, жұмыс күшінің бәсекеге жарамдылығын көтеру көзделген.
Жұмыспен қамту деңдейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі іс-шаралар:
Мемлекет атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар департаменттері айналысады. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қызметтің міндетіне мыналар кіреді:
Мемлекеттік органдар қызметті тегін көрсетеді. Сонымен бірге еңбек нарығында коммерциялық бюролар, жеке агенттіктер мен лицензиясы болса, ақылы негізде жұмысқа орналастыру жөөніндегі қызметтер көрсететін басқа да ұйымдар жұмыс істейді.
Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарында тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.
Мемлекет
тарапынан жұмыссыздық
Кейнсиандық
жұмыспен қамту теориясының
Бұдан
басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін
жүйе болып саналмайтыны және жоспарлы
әрі мақсатты мемлекеттік реттеуді
қажетсінетіні жөніндегі
Алайда мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбір азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегенді білдірмейді. Мемлекеттің араласуы мына негізгі екі бағытты:
1) жұмыссыздықтың деңгейі мен оның ұзақтығын реттеу;
2) жұмыссызжықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғауды топтастырады.
Бірінші бағытты таңдау кезіндегі мемлекет міндеті нақты жұмыссыздықты деңгейі жағынан да, ұзақтығы жағынан да табиғи жұмыссыздыққа айналдыру болып табылады. Сөз жұмыссыздықтың әлеуметтік жарамды деңгейі туралы болып табылады.
Егер ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен түсіп кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек рыногына жасалатын кедергілерді доғару қажет, «толық жұмыспен қамтылуды» орнатудың бос әурешілік әрекеттерін тоқтату керек.
Мәжбүрлі
жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық,
өңірлік, кезеңдік және басқа да
түрлеріне мемлекет енді басқаша
қарай бастады. Міне, осы жерде
ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма
деңгейіне дейін төмендете
Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Себебі мемлекеттің жұмыспен қамту саласына араласуда ықпал етудің барлық әдістерін түгел қолдануға құқығы жоқ. Негізгі талапты былайша қарастыруға болады: реттеу әдістерінің кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық қаиынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен инфляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика құлдыраудың кері шеңберіне түседі.
Мемлекет
адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін
уақытын қысқыртып, бос жұмыс
орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда
және жетілдіруде осы шартты толық
сақтайды.
2.2 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан республикасы Президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі бұл – мемлекет Басшысының «Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады» деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жал ғастыруымыз керек.
Халықты жұмыспен
қамтудың республикалық
және
аймақтық бағдарламалары
1. Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен
1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге
ынталандыратын шараларды;
2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру
жөнiндегi шараларды;
3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж
нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыруды;
4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын
және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды;
5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере
отырып, жұмыссыздарды кәсiби даярлау
мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;
6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен
жетiлдiрудi;
7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын
шешуде жергілiктi атқарушы органдардың
рөлiн арттыру жөнiндегi шараларды;
8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек
рыногы мәселелерінде уәкiлеттi органның
қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық
бiрлестiктермен, еңбек делдалдығымен
айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен
ұштастыруды;
9) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi
деректердiң ақпараттық базасын жетiлдiрудi;
10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген
кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере
отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды
көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және
бекiтедi.
2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын
қаржыландыру республикалық және жергiлiктi
бюджет қаражаттары және Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен
жүзеге асырылады.