Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 07:53, реферат
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сонымен
қатар әлеуметтік сауалнама
1. Жастарды еңбек нарығына дайындау. Кешенді зерттеу негізінде жастарды жұмыспен қамту мәселелері көрсетілген (еңбек нарығының жастар сегментіндегі диспропорционалдық, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтылмау себептері, оқып жүрген жастардың негізгі ағымының еңбек саласындағы құндылықтарды бағалау, еңбек нарығындағы әлеуметтік – психологиялық бағыты мен кәсіби біліктілік дайындығы тұрғысынан алғаш еңбек нарығынан шыққан кездегі бәсекелестік қабілеті, сәтті кәсіби өсім факторлары, әлеуметтік дайындық қызметін үйлестіру мәселесі).
2. Оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту мәселелері. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері жоғарғы оқу орындарының түлектері көп жағдайда оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуды мақсат тұтатындарын көрсетіп отыр (82,5 пайыз), оның ішінде облыстағы жоғарғы оқу орындары түлектерінің 60,1 пайызға жуық негізгі нормативтері бойынша жұмысқа орналастыруды көздейді.
3. Жастарды қолдау бағдарламалары. Әлеуметтік саладағы облыстық ұйымдар жастардың аяғынан тік тұруына және дамуына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесін қалыптастыруға белсенді түрде қатысады, олардың бағдарламалары жастар мәселесінің ерекшеліктерін ескереді. Бірақ жастар әлеуметтік топтардың жасы жағынан ғана емес, өмірге қадам басуға байланысты, оларға тән әлуметтік қызметтері де ерекшеленеді.
4. Жастардың кәсіби дайындығына ықпал ету. Облыстық әкімдікпен маслихат шешімі бойынша мемлекеттік еңбек және әлеуметтік қорғау ғылымдары жастарға арналған бағдарлама негізінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жастарды жұмыспен қамту жағдайының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз ететін бағыттарға жалпы білім беру және жастарды еңбекке кәсіби тұрғыдан дайындау жатады. Жастарды еңбекпен қамтуға ықпал етуге төмендегілер жатады:
Іс
жүзінде Үкіметтің
Үкімет талай жылдан
бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық
факторларын бағалау кезіңде жұмыспен
қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік
– экономикалық дамудың макроэкономикалық
бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары,
әдетте, жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне,
инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын
жеткізушілер бағасынын өсу серпініне,
Халықаралық валюта қоры кредиттерінің
алынуына немесе алынбауына байланысты
есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде
қалады.
Ал шын мәнісінде, жұмыспен қамту саласындағы
қатынастар әлеуметтік-экономикалық және
қаржылық қатынастардың барлық кешенінің
нарықтық қысымының ықпалымен дамыды.
Онын үстіне макроэкономикалық ілгерілеушіліктер
жұмыспен қамтуға әр кезде қолайлы ықпал
ете қойған жоқ.
Еңбекке деген сұраныстың азаюы нарықтық
экономиканың жаңа салаларында тиісті
жұмыс орындарының ашылуына ұласпады.
Сонымен қатар, еңбек өнімділігі төмен
өндірістік емес салаларда жұмыспен қамтудың
артқанын атап өту қажет. Ал ғылымды және
ғылыми еңбекті қажет ететін салаларда
жұмыспен қамтылғандардын үлесі төмендегені
байқатады.
Жұмыспен қамту саласында
қолданылатын саясатқа жасалған талдаудан
2000 жылдан бастап жұмыспен қамтудың мемлекеттік
саясаты кедейшілікпен және жұмыссыздықпен
күрес жөніндегі бағдарлама шеңберінде
іске асырылуда. Осы Бағдарлама жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыруды, оларды кәсіптік
дайындауды және қайта дайындауды, кәсіптік
машықты талап ететін қоғамдық жұмысқа
қатыстыруды, жұмыс орындарын, оның ішінде
салалар мен қызмет түрлері жөнінде облыстар
бойынша индикативтік көрсеткіштерді
қамтиды. Бағдарламаны іске асыру белгілі
бір дәрежеде жұмыссыздықтың деңгейіне,
жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға
ықпал етті. Шын мәнінде жұмыспен қамту
саясатының ауқымы еңбек рыногындағы
саясаттан анағұрлым кең, ал еңбек рыногындағы
саясат болса жоғарыда аталған бағдарламадағы
сапалық көрсеткіштерден ауқымды.
Жұмыспен қамтудың
еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану,
жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы,
осы ұсынысты оңтайландыру, оның құнын
арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды
өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберінен
тыс қалып келді. Ал еңбек рыногындағы
саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер
мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта
бөлу ісі де тыс қалып отыр.
Бүгінгі таңда, экономикалық өрлеу кезеңінде,
мемлекеттің жұмыспен қамтудағы және
еңбек рыногын реттеудегі рөлі туралы
мәселе принципті тұрғыдан жаңаша шешілуге
тиіс.
Бұл салада Үкіметтің өзі басты реттеушінің
рөлін атқаруға тиіс, жұмыспен қамту саясатының
әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа
да аса маңызды бағыттарымен өзара байланысы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің құзыретінің шеңберінде
емес, тек макроэкономикалық реттеу шеңберінде
жүзеге асырылады. Тиімді бақылау мен
жұмыспен қамту саясатын іске асыруды
бақылауды Мемлекеттік органның еншісіне
қалдырған жөн.
Ағымдарды ескере отырып, министрліктің
құрылымында соңғы бес жыл ішінде жұмыспен
қамту саласында атқарылған жаңа міндеттерді
жеке құрылымда шешуді ойластыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: