Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 07:53, реферат
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Халықты
жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi
және бағыттары
1. Мемлекет
азаматтардың жұмыспен
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына,
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға
қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға
бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек
жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк
қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз
етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс
орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне
және инвестициялық саясатты ескере отырып,
оның даму перспективасына сай кадрлар
даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге
асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын
қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық
еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа
жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы
топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын
жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту
агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс
күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу
жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi
республикалық iс-шараларды жергiлiктi
атқарушы органдар қолданатын шаралармен
ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы
қызметтi экономикалық және әлеуметтiк
саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық
базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен
қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу
мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп,
реттеп отыруға және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының
шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан
Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне
байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда,
халықты жұмыспен қамту проблемаларын
шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және
қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік
жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске
асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен
қамту саясатымен
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.
|
Республика экономикасында 2010 жылғы IV тоқсанда 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 67,1%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 32,9% құрады.
2010 жылғы III тоқсанда 15 жастағы және одан асқан экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,7 млн. адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,9%-ға көп. Республика экономикасында 8,2 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 15 жас және одан асқан жастағы халықтан 67,5%. Өткен жылғы III тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 215,9 мың адамға (2,7%-ға) артты.
2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 474,7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрады.
2008- 2010 жылдардың IV тоқсанында Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары
15 жас және одан асқан жастағы халық | ||||
IV тоқсан | 2010ж.
III тоқсан | |||
2008ж. | 2009ж. | 2010ж. | ||
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам | 8421,4 | 8469,2 | 8616,1 | 8652,8 |
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, % | 71,2 | 70,8 | 71,2 | 71,5 |
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам | 7862,1 | 7937,4 | 8141,4 | 8171,1 |
Жұмыспен қамту деңгейі, %-бен: | ||||
15 жас және одан асқан жастағы халыққа шаққанда | 66,4 | 66,4 | 67,3 | 67,5 |
экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда | 93,4 | 93,7 | 94,5 | 94,4 |
Жалдамалы қызметкерлер, мың адам | 5229,9 | 5285,3 | 5460,0 | 5447,2 |
жұмыспен қамтылған халық |
66,5 | 66,6 | 67,1 | 66,7 |
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам | 2632,2 | 2652,1 | 2681,4 | 2723,9 |
жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, % | 33,5 | 33,4 | 32,9 | 33,3 |
Жұмыссыз халық, мың адам | 559,3 | 531,8 | 474,7 | 481,7 |
Жұмыссыздық деңгейі, % | 6,6 | 6,3 | 5,5 | 5,6 |
15-24 жастағы жұмыссыздар, мың адам | 89,8 | 76,6 | 56,3 | 60,1 |
Жастар
жұмыссыздығының деңгейі, %
(15-24 жастағы) |
7,1 | 6,0 | 4,7 | 4,7 |
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % | 2,7 | 2,3 | 2,1 | 2,1 |
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам | 3410,5 | 3489,3 | 3483,4 | 3447,4 |
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі, % | 28,8 | 29,2 | 28,8 | 28,5 |
Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,7%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 33,3% құрады. Жалдамалы қызметкерлердын негізгі үлесі мемлекеттік ұйымдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамтылған – 81,3% (4,4 млн. адам).
2010
жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны
(табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз
іздеген және оған кірісуге әзір болған
15 жастағы және одан асқан адамдар) 481,7
мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті
кезеңмен салыстырғанда 54,0 мың адамға
немесе 10,1% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі
5,6% (2009ж. III тоқсанда – 6,3%) құрады.
2008 - 2010 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері
2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 11,9% немесе 56,3 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,7% болды, бұл республика бойынша тұтастай алғандағы жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінен 0,8 пайыздық тармаққа аз.
Жұмыссыздар ішінде жалпы орта білімі бар адамдар – 37,6% (178,5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар – 26,0% (123,2 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың үлес салмағы 23,3%-ын (110,7 мың адам) құрады.
2010 жылғы желтоқсанның соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 35,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы кезеңдегіден 18,0 мың адамға немесе 33,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4% (2009 жылғы желтоқсанда – 0,6%) болды.
2010
жылы (алдын ала деректер
бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді
халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады. Экономиканың
әртүрлі саласында 8,1 млн. адам жұмыспен
қамтылды, бүл 2009 жылдан 2,7%-ға көп. Жұмыссыздардың
саны көрсетілген кезенде 496,6 мын. адамды,
жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады.
2.3. ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі ғылыми өндірістер еңбек ресурсына жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл арақатынастар макро деңгейінде ұлттық жұмыс күнін ақы төлеуде кемшіліктерінің сақтау саясатын білдіреді. Аралық деңгейде жұмыс ету жағдайлары шартты, ақысы төмен аймақтарға мамандардың жұмыс ету қызығушылығын арттыру. Микро деңгейде ресурстар сапасын білімді жоғарылату жұмыстарын жүргізу керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, еңбек өндіргіштігі мен мамандарының бір жұмыс орнында жұмыс ету ұзақтығымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді. Арнайы зерттеулер менеджер–маманның бір орында оптимальды жұмыс ету мерзімі – 4 жыл болатынына куәгер бола алады. Психология осы уақытта өндірісті дұрыс түсіну және басқару жұмыстарын шешуде қажетті тәжірибеде жинақталатындығын көрсетті, алайда әрі қарай ізденісі кемігендіктен бұл білімдер көрсетілген мерзімнен бастап төмендей бастайды. Сондықтан тігінен (қызметтік өсу, карьерлік ауысу) немесе көлденеңі бойынша (жаңа міндеттер) маманның жұмысқа тұрақты белсенді қатынасын көрсетеді.
Еңбек ресурстарының тиімділігін қолдану шаралары
Елімізде жүргізіліп жатқан реформа мақсатты бағдарламаны жүзеге асыруға қарамастан біздің облыста жұмыспен қамту мәселесі өте актуальді екеніне талдау нәтижесі бойынша шешім жасауға болады.
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы үдерістер әрқашан әлеуметтік – экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты. Қазақстандағы еңбек нарығындағы жастардың жағдайын талдау екі түрлі маңызды жағдайға негізделеді.