Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 19:37, курсовая работа
Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді–еңбек қызметіне психологиялық және физиялогиялық ерекшеліктері бойынша жарамды жанның жұмысқа қабілетті жасындағы жиынтығы. Жұмысқа қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады (жұмыс күштері) – қоғамдық өндіріске кіруге дайын немесе кіріскен бөлігі. Еңбек ресурстарының құрамына табыс әкелетін қызметтегі және еңбекақы төлейтін жұмыс іздеудегі жұмыссыздар – экономикалық белсенді тұрғындар бөлініп шығады
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жұмыссыздық
1.1 Жұмыссыздық туралы түсінік..........................................................................5
1.2 Жұмыссыздық түрлері.....................................................................................6
1.3 Оукен заңы.......................................................................................................10
1.4 Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы.................................12
1.5 Филлипс қисық сызығы..................................................................................12
2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі
2.1. Қазақстан Республикасындам жұмыссыздықтың ерекше нысандары мен ебебтері………………………………………………………………………….14
2.2. Қазақстан Республикасындағы 2009-2012 жылының статистика бойынша жұмыссыздық деңгейі………………………….....................……......................15
3.Жұмыссыздықты азайту бойынша талдау ұсыныстар...........................20
Қортынды................................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................
Ерікті жұмыссыздық – кез келген қоғамда өзінің психологиялық қалпы немесе басқадай себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобы болады.
Нақты жұмыссыздық. Жоғарыда сөз болған жұмыссыздықтың барлық аталмыш түрін қамтиды және экономикалық өрлеу кезінде ресурстардың толық қамтылу мәніне жуық ауытқиды. Уақыт талабына сай реформалар жүргізілгеннен кейінгі Қазақстандағы жұмыссыздықтың деңгейін төменде келтірілген кестеден білуге болады:
Абсолюттік және
салыстырмалы өлшем бойынша Қазақстан
Республикасындағы
Көрсеткіш |
Жылдар | |||||||||
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 | |
Жұмыссыздар (мың адам) |
925 |
964 |
950 |
906 |
780 |
691 |
672 |
659 |
641 |
625 |
Жұмыссыздық деңгейі (%) |
13.0 |
13.1 |
13.5 |
12.8 |
10.4 |
9.3 |
8.8 |
8.4 |
8.1 |
7.8 |
Азаматтарды жұмыспен толық қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясатының басты мақсаттарының бірі болып қала береді. 90 – жылдары жүзеге асырылған нарықтық реформа, еңбек нарығындағы нақты сұраныстың ықпалымен халықты жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы тұрғындардың жұмыспен қамтылу жағдайында және еңбек қатынасында орын алған түбегейлі өзгерістермен қатар жүрді. 1999 жылы 950 мың адамның жұмысы болмады (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 13.5% – ын құрайды). 2000 жылдан елде жұмыспен қамтылушылар санының тұрақты өсуі және жұмыссыздық деңгейінің төмендегені байқалды. Қоғамда жұмыспен «қайталама» қамтылу кең етек ала бастады, құру мүмкіндігі пайда болды.
Жұмыссыздық жұмыс істейтіндер үшін, әсіресе жұмыссыздар үшін үлкен әлеуметтік апаттармен байланысты. Жұмыссыздық жайлаған жерде өз – өзіне қол жұмсау оқиғалары көбейіп, қылмыс өршиді, сонымен бірге адамдар жүрек және жүйке сырқатына шалдығады және т.б. Бұл – жұмыссыздықтың әлеуметтік шығыны.
Жұмыссыздықтың экономикалық шығынына ЖІӨ –нің нақты деңгейінің әлеуетті деңгейден артта қалуы жатады. Егер экономика жұмыс істегісі келетіндердің бәрін жұмыс орнымен жеткілікті қамтамассыз ете алмайтын жағдайда болса, онда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өндірісі біржола құриды. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ–нің (ЖҰӨ–нің) өз әлеуетті деңгейінен артта қалуының арасындағы баланысты А.Оукен статистикалық материалдар негізінде қағалады. Аталмыш тәуелділік Оукен заңы деген атауға ие болады: Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1%–ға асса, онда жалпы өнім мөлшерінің артта қалуы 2,5% –ды құрамақ. Егер бұл байланысты формула түрінде келтірсек, ол былайша өрнектеледі:
Мұнда: Y– нақты ЖІӨ;
Yf – әлеуетті ЖІӨ;
u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі;
uf – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
β – Оукен коэффициенті.
Кейін анықталғандай, циклдік жұмыссыздық өзгерісіне қатысты Оукен коэффициенті әр елде әр түрлі, алайда әрдайым бірліктен көп. Басқаша айтқанда, жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен 1% жоғары болудан келетін экономикалық шығын әрдайым 1%–дан көп.
Оукен қисығы келесі екі жағдайда орын алғанда қозғалады.
Оукен заңның екі бөлігі анықталды:
Бірінші бөлік: ЖІӨ өсуінің белгілі бір шамасы жұмыссыздық нормасының азаюына жол бермеу үшін қажет.
Әр жыл сайын жұмыс күшінің саны өседі және оны пайдалану өнімдірек бола түседі. Осы себептерге байланысты нақты ЖІӨ жыл сайын 2,5% – 3% ға дейін өсуі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстауға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет.
Екінші бөлік: Оукен заңы жұмыссыздық үлесі өзгеруін ЖІӨ өсуі қарқынының қосымша түрлендірмеге байланысты суреттейді. Аса тез өсу жұмыссыздықты қысқартады, ал өсу қарқынына қатысты төмендеуі жұмыссыздық үлесін өсіреді. Егер, өсу қарқыны, мысалы 3 пайыздан 5 пайызға дейін өссе, жұмыссыздар үлесі 1 пайыздық пунктке түседі. Өз кезегінде өсу нормасынның 4 пайыздан 2 пайызға азаюы жұмыссыздар үлесін шамамен 1пайыздық пунктке өседі.
Оукен заңының ең маңызды аспектісі оның екінші бөлігі, оның ішінде 2:1 ережесі болып табылады. 2:1 ережесі жұмыссыздық проблемасын шешу үшін экономикалық өсу қандай болу керектігін көрсетеді. Жұмыссыздар үлесі 8 пайызға тең, ал әкімшілік келесі жылы жұмыссыздар үлесі 6 пайыз деңгейіне жеткізгісі келеді деп болжайық. Бұлэкономиканы интенсивті түрде ақша және фискалды ынталандыру арқылы жылдамырақ өсіруге мәжбүр ету керек деген сөз. Өсу қаншалықты жылдам болуы керек? Жұмыссыздық бір жыл ішінде 2 пунктіге түсуі керек. Бұл үкіметке келесі жыл ішінде нақты ЖІӨ өсуін шамамен 6,5 пайыз деңгейінде өсіруді қамтамассыз ету қажеттігін білдіреді, оның 2,5 пункті, жұмыссыздықты алдыңғы жыл деңгейінде сақтау. тағы 4–і. жұмыссыздар үлесін 2 пункте сақтау үшін (бұл өте жоғары өсім 1994 жылы АҚШ – та болды) қажет болады. Экономикалық өсу 6,8 пайыз болып, жұмыссыздық нормасы бір жылда шынында 2 пайыздық пунктке түсті. 1994 жылы АҚШ – та жұмыссыздық үлесінің деңгейі жұмыс күшінің 1,2 пайызын құрады. Нөлдік жұмыссыздық мүмкін емес. Жұмыссыздықтың қандай деңгейі бағыт болады? Осы мақсатта «Жұмыссыздықтың табиғи нормасы» түсінігі енгізілді.
Жұмыссыздықтың табиғи нормасы – бұл экономикадағы толық жұмысбастылықтың пайдалы деңгейіне сәйкес келетін жұмыссыздар үлесі.
Толық жұмыс бастылық циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын, бірақ табиғи жұмыссыздықтың толықтырылуын көрсетеді.
Толық жұмысбастылық кейбір жұмыссыздықтың болуын білдіреді, себебі жұмыс күші әрқашан қозғалыста болады, бір жұмыс орындары ашылып, біреулері жабылып отырады.
Инфляцияның төмендеуін жұмыссыздықтың уақытша өсуіне себеп ретінде қарастырады. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті, осы өзара байланысты тапқан экномист құрметіне аталған Филлипс қисығы көрсетеді.
Мемлекет экономикадағы ақша көлемін азайтқанда, тұрғындардың тауар мен қызметтерді сатып алуға шығыны қысқарады. Тұрғындардың шығынды азайтуы және бағаның баяу әсері тауар мен қызметті өткізу көлемін қысқартады. Сатудың төмен көлемі жұмыскерлерді жұмыстан шығару қажеттілігін туындатады. Сөйтіп, ақша көлемінің азаюы, жаңа жағдайға бағаның толық бейімделуіне дейін жұмыссыздың көбеюіне әкеледі.
Неоклассикалық теорияға сыймайтын екінші мән жалақының өзгерту мөлшері мен сұраным мөлшері аралығындағы байланыстан туындайды. 1958 жылы Лондодағы Экономикалық мектептің профессоры А.В. Филлипс Біріккен Корольдіктегі 1861 жылдан 1957 жылға дейінгі жалақыны зерттеді. Оның нәтижесі 13-4 фигурада көрсетіледі. Филлипс қисық сызығы жұмыссыздық мөлшері мен ақшалай жалақы мөлшерінің аралығындағы қарама – қарсылықты көрсетеді. Жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді. Басқаша айтқанда, жалақы инфляциясы мен жалақы аралығында өзара байланыс бар.
Филлипс қисық сызығы жалақы
инфляциясының мөлшері
Жұмыссыздықтың натуралды мөлшерін деп алып, Фллипс қисық сызығын былай жазамыз:
Мұндағы жалақының жұмыссыздыққа қатысын өлшейді. Бұл теңдеу бойынша жұмыссыздықтың мөлшері натуралды мөлшерден асқан кезде жалақы азаяды, яғни ; жұмыссыздық натуралды мөлшерден төмен болғанда, жалақы артады.
Филлипс қисық сызығында жалақы мен баға жиынтық сұранымдағы өзгерістерге қарай біртіндеп реттеледі. Неліктен? Экономика тұрақты бағамен тепе–теңдікте және жұмыссыздық натуралды мөлшерде, ал ақша қоры 10% – ке өсті делік. Экономика қайтадан тепе–теңдікте болуы үшін баға да, жалақы да 10% – ке өсуі керек. Алайда Филлипс қисық сызығы көрсетіп тұрғанындай, жалақы 10% – ке артуы үшін жұмыссыздық мөлшері төмендеуі тиіс. Бұдан жалақы артады. Жалақы өсе бастаса, баға да көтеріледі. Осылайша экономика жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы өнім деңгейі мен жұмыссыздыққа қайта оралады.
Сол тұста ақша қорының артуынан жұмыссыздық қысқарады. Мұны теңдеуді жалақының бүгінгі деңгейі мен бұрынғы деңгейін ескере отырып қайта жазамыз:
Жалақының бұрынғы деңгейінен жоғары болуы үшін жұмыссыздық натуралды деңгейден төмен болуы қажет. Теңдеуде көрсетілгендей, Филлипс қисық сызығы деген ұғым өзіндік Филлипс қисық сызығын немесе бағалардың өсу мөлшерінің инфляция деңгейінің жұмыссыздық деңгейіне қатысын көрсету үшін қолданылады.
Әлемдегі дүние жүзілік қаржылық–экономикалық дағдарыстың қиратушы салдарына қарамастан Қазақстан үкіметі елді дағдарыстан шығару жолын тауып қана қоймай, әлеуметтік проблемалардың басымдылық шешімдерін де қамтамассыз етті. дағдарыс жағдайында ғы өткір проблемалардың бірі – жұмыссыздық саннының өсуі. Сондықтан мемлекет жұмысбастылық проблемасына басты назар аударды. Бұл, біріншіден, қызметкерлердің еңбектің толық емес режиміне өтуі, жұмыстан босатылу жағдайына уақтылы және жедел жауап беруге мүмкіншілік берді. Екіншіден, жұмыссыздықтан мекен – жайлық (адрестік) қорғау күшейді. Үшіншіден, жұмысты жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдердің максималды кезеңі төрт айдан алты айға дейін ұзартылды. Төртіншіден, бюджеттік қаражат есебінен қайта оқытылатын және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы бар адамдар шеңбері кеңейтілді. Сонымен қатар, 2009 жылы ішкі еңбек нарығын қорғау үшін 2008 жылмен салыстырғанда шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квотасы екі есеге қысқартылды. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында жұмысбастылық проблемасын қызметтік, біріншіден, коммуналды желілерді қайта құру және жаңарту, екіншіден, жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, қайта құру және жөндеу, сонымен қатар, ең алдымен, мектептер мен емханалар сияқты әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, үшіншіден, әр нақты елдік орындарда жергілікті мәндегі обьектілер, төртіншіден, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру сияқты салаларында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы шешу қажеттігін нақты көрсетті,
2009 жылы «Жол картасы» бойынша іс–шараларын іске асыру нәтижесінде 248 мың адам жұмысқа тұрғызылып, 97,7 мың адам дайындық пен қайта дайындықтан өткізіліп, 125 мың әлеумет жұмыс орындары мен жастар практикасын өткізуге арналған орындар құрылып, жұмыссыздық деңгейі 6,3% –ға дейін төмендетілді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы «Өмір саласын жақсарту және әлеуметтік қорғау» бөлімінде: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғауды нығайту және мемлекет халық санын 2020 жылы 10%–ға өсуге қажетті барлық жағдайды жасайды: сондықтан Елбасы Н. Назарбаев 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 5% – дан, ал өмір сүру деңгейінен төмен табыс табатын халық үлесі 8% –дан артылмасын деген міндет қойды. Әлеуметтік қызмет мұқтаж азаматтарға ғана ұсынылып, қазіргі күн талаптарына және Қазақстандағы өмір деңгейіне сай болуы керек. 2015 жылға базалық зейнетақы төлемі өмір сүру минимумы шамасының 60% – ы деңгейіне дейін көтерілуі, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өсірілуі қажет. 2009 жылы зейнетақы, стипендия, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 25% – ға өсірілді. Әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 90%–ға өсті. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте зейнетақыны 1–қаңтардан, ал стипендия мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 1 –сәуірден 25% –ға өсіру көзделіп, соның нәтижесінде орташа жалақы мөлжері 43883 теңгеден 54510 теңгеге дейін өсті».
2011 жылы 15 жас жəне одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,8 млн. адамға жетті, бұл 2010 жылға қарағанда 163,9 мың адамға (1,9 %-ға) артық. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы саны 4,7 млн. адамды (53,3%) – қалалық халық, 4,1 млн. адамды (46,7%) – əйелдер құрады. Экономикалық белсенділік деңгейі 71,6%-ға қалыптасты.
2011 жылы Республиканың экономикасында 8,3 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылға қарағанда 187,5 мың адам (2,3%) санына өсті. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыспен қамтушылық деңгейі94,6%-ына, 15 жас жəне одан жоғары жастағылардың– 67,8%-ына жетті.
Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны5,6% млн. адамды немесе 67,2%, өз бетінше жұмыс істейтіндер – 2,7 млн. адамды немесе 32,8%-ды құрады. Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ерлер саны 4,3 млн. адамды немесе жартысынан көбі, əйелдер – 4,1 млн. адамды (48,8%) құрады. Жұмыспен қамтылғандық құрылымындағы негізгі үлесті – 30,5%-ды 25-34 жастағы тұлғалар, ал 22,7% – 45 – 54 жастағылар, 22,7%-ды– 35-44 жастағылар жəне 14,5% – 15-24 жастағы жастар құрады.
2011 жылы жұмыссыз халықтың саны 473,0 мың адамды құрады, өткен жылға қарағанда 23,6 мың адамға (5,0 %) азайды. Жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды қалыптастырды.
Жалпы жұмыссыздық саны бойынша қалалық халық 270,6 мың адамды (57,2%), ауылдық халық – 202,4 мың адамды (42,8%) құрады, жұмыс деңгейі 5,8% жəне4,9% сəй кестелді. Жұмыссыздар құрылымында əрбір екіншісі – əйелдер. Тұлғалардың үлесі – 25-34 жастағылар 40,7%, 15-24 жастағылар– 12,2% құрады. Жұмыссыздардың саны арасында жоғары білімді 117,9 мың адам (24,9%), жалпы орта білімді – 174,8 мың адам (36,9%), орта кəсіби білімді – 124,8 мың адам (26,4%). Əрбір жұмыссыздың үшіншісі кез келген жұмыстың жоқтығы себебі бойынша жұмыспен қамтылмаған, 20,4% - өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар, 10,5%- штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандар, 6,2% – оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың жоқтығынан. 2011 жылы15 жас жəне одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан енжар (əрекетсіз) халық саны 3,5 мың адаммен қалыптасты немесе 2010 жылмен салыстырғанда10,4 мың адамға (0,3%) азайды . Экономикалық тұрғыдан енжар (əрекетсіз) халық санының1,3 млн. адамын – ерлер (38,0%), 2,2 млн. адамын (62,0%) - əйелдер құрады. Экономикалық тұрғыдан енжар (əрекетсіз) халықтыңдеңгейі 28,4%-ды құрады. Экономикалық тұрғыдан енжар (əрекетсіз) халықтың негізгі үлесін зейнеткерлер – 42,1%-ын жəне оқытудың күндізгі нысанында оқитындар – 40,1%-ын құрады, үй шаруашылығын жүргізумен қамтылғандар – 6,4%, денсаулығы бойынша (мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық себептері бойынша) – 6,1%, 2011 жылғы жұмыспен қамту жəне жұмыссыздық көрсеткіштері бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу деректеріне жоғарғы дəрежеде сенімділік бар.