Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 20:04, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Уақыт талабына сәйкес болашақ азаматтарға Қаныш Сәтбаев туралы жаңаша бағыт беру. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі - өнеге болатын абзал жан туралы халыққа жеткізу.
Зерттеу обьектісі:Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен зерттеулері
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Қаныш Сәтбаевтың зерттеу обьектілерін қалыптастыру
2.Зерттеу обьектілерін қалыптастыра отырып көрсеткіштері мен
деңгейлерін анықтау.
1. Кіріспе
1.1. Қаныш Сәтбаевтың өмірі.
1.2. Ұстаздық жолы.
2. Негізгі бөлім
2.1. Зерттеулері.
2.2. Қаныш Сәтбаев атындағы планета және мұздық.
3. Қорытынды
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ақтөбе мемлекеттік
педагогикалық институты
Факультет: Тарих
Кафедра: География
Топ:
306 топ
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қаныш Сәтбаев
зерттеулері.
Орындаған: Кукеева Айгерім
Жоспар:
1. Кіріспе
1.1. Қаныш Сәтбаевтың өмірі.
1.2. Ұстаздық жолы.
2. Негізгі бөлім
2.1. Зерттеулері.
2.2. Қаныш Сәтбаев атындағы планета және мұздық.
3. Қорытынды
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Уақыт талабына сәйкес болашақ азаматтарға Қаныш Сәтбаев туралы жаңаша бағыт беру. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі - өнеге болатын абзал жан туралы халыққа жеткізу.
Зерттеу обьектісі:Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен зерттеулері
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Қаныш Сәтбаевтың зерттеу
2.Зерттеу обьектілерін
деңгейлерін анықтау.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу көздері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді.
Курстық
жұмыс құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден,
негізгі бөлім және екі тараудан, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1.1.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы сәуірдің 12-сінде Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақкелін болысы, Шадра ауылында дүниеге келген. Қаныштың атасы Сәтбай Шотықұлы (1823-1902) Баянауыл өңіріне танымал, қадірменді азамат болған. Ол қажылық сапар кезінде Меккеде қайтыс болып, сонда жерленген. Қаныштың әкесі Имантай Сәтбайұлы (1845-1928) Омбы қаласындағы медреседе білім алған. Ал анасы Әлима Исақызы (1860-1904) Қаныш 5 жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының (1850-1929) тәрбиесінде өтті. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Қаныш 1911-1914 жылдары Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алады. 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Онда Жүсіпбек Аймауытов. Мұхтар Әуезов сияқты көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Семинария қабырғасында өз әріптестерімен бірге Семейде ұйымдасқан қайырымдылық мақсаттағы шараларға қатысты. 1915 жылы Семейде Н.Құлжанованың жетекшілік етуімен өткізілген кеште Қаныш Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқумен көзге түседі. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлымен тығыз байланысты болып, оның шығармаларын жоғары бағалады. 1917 жылы Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қабылдап, жаңа үкімет қазақтарға бостандық әкеледі деп түсінді. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау көрсетті. 1918 жылы семинарияны бітірген соң Семейдегі педагогикалық курста мұғалім, 1920-1921 жылдары Баянауылда халық судьясы болды.
1921
жылы Баянауылға емделуге
1929 жылы Қарсақбай мыс комбинатының геология барлау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Көп ұзамай комбинаттың бас геологы болды. Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да: мәдениет саласында да; тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарда танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Қаныштың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылды. Қаныштың басшылығымен ғылым мен техниканың тығыз байланысын күшейту мақсатында және Қазақстанның экономикалық аудандарының өндіргіш күштерін зерттеу мен игеруге бағытталған Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының көшпелі сессиялары (Алтайда, Солтүстік Батыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда) өткізілді. 1948 жылы Қаныштың қолдауымен Алматыда, Орталық Азия геофизика тресі ұйымдастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді. 1941-1964 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдар институтының директоры, КСРО Ғылым Академиясының президенті (1946-1952) болды. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен шеттетілді.Қызметтен босаған соң Қазақ КСР Геология институтының директоры болып еңбек етті. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенттігіне қайта сайланып, бұл қызметті өмірінің соңына дейін атқарды.
1956
жылы Қазақ КСР-і Геология
1926-1929
жылдары кені мардымсыз өңір
болып саналған Жезқазғанды
Ол
– геология ғылымына қатысты әлемдік,
одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі
толып жатқан комиссиялардың, коммитеттердің
мүшесі, басшыларының бір; бірнеше мәрте
КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестің
депутаты; СОКП съездерінің делегаты,
КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік
және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі
комитеттің президиумының мүшесі. Ол 4
рет Ленин орденімен, 2-ші дәрежелі Отан
соғысы орденімен марапатталып, КСРО және
Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың
иегері болған. 1964 жылы 31-ші қаңтарда Москва
қаласында дүниеден өтті. Алматы қаласында
жерленген. Оның есімі институттар мен
кенметаллургия комбинатына, Қазақстан
қалалары көшелеріне, мектептер мен шаруашылық
аттарына берілген.
1.2. XX жылдары В.И.Ленин көтерген деректерге байланысты Қазақстанда ұйымдастырылған «Атбасарцветмет» тресіне жас инженер Қаныш келді. Олардың да кен өндіру жұмыстары жедел дами бастады. Осы кезде алдына қойған мақсат – Жезқазған – Атбасар аралығында жатқан кен көздерін барлап, өндіріске қосу еді. Сондықтан жаңа келген жас инженердің алдында осы өңірдің барлық қазба байлықтарын (Байқоңыр, Қияқты көмірі, Ұлытаудың мысы, сирек металын, Жезқазғанның мысын ашу) үшін Жезқазғанда тұрақты геологиялық – барлау экспедициясын құру негізгі мақсат болды. 1931 жылдың аяғында Жезқазған зерттелген руда қоры бойынша еліміздің мыс кенінің ішінде 1-ші орынға шықты. Бұл кезде Жезқазған – Ұлытау аудандарын зерттеумен шұғылданып қана қоймай, Орталық және Шығыс Қазақстанда да барлау жұмыстарының дамуына белсене қатысты. Ол Атасудың темірін, мысын, қорғасынын, Атбасардың мысын, Торғайдың бокситін жедел барлап игеру қажет екенін көрсетті, Орталық Қазақстанда қара металлургия Индустриясын құру проблемасын көтерді. Жезқазған аймақтарының руда байлықтарын тез арада еліміздің халық шаруашылығына пайдалану үшін қажетті мына мәселелерді алға қойды:
1. Атасу темірлі аудан арқылы Қарағанды көмір бассейні мен
Жезқазған аралығынан темір
2. Үлкен Жезқазған комбинатын салуға кірісу;
3. Комплексті геологиялық барлау жұмыстарын жедел
дамыту;
4. Жезқазған аудандарында ферро – марганец заводын және
басқа өндіріс орталықтарын
5.
Болашақ зор өндіріс
ету.
1937 жыл Қарағанды – Жезқазған темір жол құрылысы аяқталып, 1938 жылы Жезқазған комбинатын салу туралы үкімет қаулысы шықты. 1940 жылы Жезқазған – Ұлытау аймақтарын геологиялық зерттеудегі үздік жетістіктері үшін Қанышты СССР Жоғарғы Советінің Президиумы Ленин орденімен наградтады. Көп жылдар бойы өндіріс құру жұмыстарын басқарудағы, ауыр индустрияны (материалды) минералды шикізаттармен қамтамасыз етудегі қажырлы, жігерлі еңбегімен, парасаттылығымен көзге түсті. 1942 жылы СССР Ғылым Академиясы Қазақ филиалының председателі болып тағайындалды. 1946 жылы қыркүйекте еліміздің шығыс халықтары өкілдерінің ішінде 1-ші болып СССР Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Ғылым Академиясын басқара отырып, ғылымның барлық салаларында жас кадрлар тәрбиелеп, даярлауды басты мәселе деп есептеді және оған тікелей қатысты. Ғылыми кадрлардың саны және сапа жағынан өсуіне ерекше көңіл бөлді. Ғылым Академиясының қасында осы күнге дейін табысты жұмыс жүргізіліп келе жатқан аспирантура құрылды. 1944-1970 жылдар аралығында академия 1500 шамасында ғылым кандидаттарын, 150-ге жуық ғылым докторларын даярлап шығарды. Қаныштың үлкен қамқорлығы арқасында Қазақстанда геологиялық проблемалардың қандайын болмасын көтеруге және оған байланысты мәселелерді шеше алатын қабілетті ғылым докторлары даярланды. Ол өзімен кеңесушілердің жасына қарамай бәрін үлкен ықыласпен, бар көңілімен тыңдап, ақыл - өсиетін айтатын, үлкен – кішімен бірдей сыпайы сөйлесетін. Ол уақыттың тығыздығына қарамастан аспиранттармен, студент жастармен жиі араласып тұрды. Аспиранттардың қолбасшы бола отырып, ол әкелік қамқорлықпен студенттерді де қабылдады, Қазақ тау – кен институты емтихан комиссиясның председателі болып, көптеген жас инженерді өмірге аттандырды, ол жастарды оқыта білді, оларға әсер ете білді, ой арманын түсіне білді. Міне, сондықтан да 60-70 жылдарға дейін даярланып шыққан жас инженерлер, ғалымдар буыны Қанышты зор мақтанышпен, үлкен ризалықпен өзінің оқытушысы, қамқоршы, қолбасшы деп санайды.
Мұнай
– химиялық синтез және полимерлер
алу үшін Ембі мұнайын зерттеуді ұйымдастырудың
пайдасы туралы дәлелді деректер келтіріп,
көп кешікпей жоғары молекулалық қосындылар
химиясы мен полимерлер өнеркәсібі лайықты
орын алатын Қазақстанда химия дамуының
болашағын сипаттап берді. Қаныш жеке
архивінде орыс тілінде 534-і, 641 ғылыми
еңбектің авторы, қазақ тілінде 98 ғылыми
еңбектері мен мақалалары бар.