Қаныш Сәтбаев зерттеулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 20:04, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Уақыт талабына сәйкес болашақ азаматтарға Қаныш Сәтбаев туралы жаңаша бағыт беру. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі - өнеге болатын абзал жан туралы халыққа жеткізу.
Зерттеу обьектісі:Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен зерттеулері
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Қаныш Сәтбаевтың зерттеу обьектілерін қалыптастыру
2.Зерттеу обьектілерін қалыптастыра отырып көрсеткіштері мен
деңгейлерін анықтау.

Содержание

1. Кіріспе
1.1. Қаныш Сәтбаевтың өмірі.
1.2. Ұстаздық жолы.
2. Негізгі бөлім
2.1. Зерттеулері.
2.2. Қаныш Сәтбаев атындағы планета және мұздық.
3. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Қ.Сәтбаев зерттеулері.Курстық жұмыс.3-курс.doc

— 93.50 Кб (Скачать документ)

     2 .Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасаған Қаныш бұл кеннің аудандарының кең көлемдегі геологиялық – барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеді. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс – Қарағанды каналының қазылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол тікелей басшылық еткен металлогендік және болжам картасын жасау үшін ең алдымен (Сарыарқа) сол кезге дейінгі геологиялық зерттеуі жөніндегі мәліметтер жиналды. Сарыарқаның геологиялық дамуының 6 кезеңі (палеозойға дейінгі, ерте каледон,соңғы каледон, ерте варисс, соңғы варисс, киммер-альпі) анықталды және әр кезеңнің геологиялық құрылысы  мен металлогендік ерекшеліктеріне тән негізгі элементтік құрылымы табылды. Халықаралық номенклатураға сай бірнеше стандарттық беттерден тұратын картаның жеке беттерінде мынадай геологиялық материалдарды қамтиды:

       1. Әр беттің геологиясы мен металлогениясының негізгі

           өзгешеліктерінің сипаттамалары;

       2. Металлогендік формацияға кіретін  генотип ретіндегі

            кендердің басты сипаттамалары;

       3. Жеке кендер мен кентас белгілерінің  қысқаша сипаттамасы;

       4. Бұлардың бәрі тіркелген бірыңғай  кадастр;

       5. Кендер мен кентас белгілері  жөнінде толық мәлімет алуға

           болатын бастапқы әдебиеттердің тізімі;

      6. Әр беттің әр уақыт үшін  тиісті белгімен көрсетілген

          геологиялық зерттелуінің картасы;

     7. Шлихтық және геофизикалық зерттелгендіктің  беттестіру

         картасы;

     8. Геологиялық – құрылымдық карта;

     9. Әр беттің пайдалы қазындыларын  геологиялық құрылымдар

        мен магматизммен беттестіру  картасы;

  10. Жеке беттердің кешенді – металлогендік  картасы;

  11. Әр бет аумағында болжамдық мақсат үшін жасалған фран,

        фамен, этрен, жоғарғы палеозой  шөгінділерінің 

        палеогеографиялық картасы;

12. Әр  бет үшін темір мен марганец (екеуі бірге), мыс, полиметалл,

       сирек металдар (вольфрам, молибден, қалайы) кентастарының

       түрлі кезекте зерттелетін болжамдық алаңдарының және осы

       металдардың күткен нәтижені беруі ықтимал алаңдарының

       контурларын беттестіру (үйлестіру) картасы.

   Бұл картаның тағы бір ерекшелігі –  геологиялық барлау жүргізілетін аймақтар, болжам қорына қарай бірінші және екінші кезекте зерттелетін өңірлерге бөлінді. Метталогендік болжам картасын қолдау нәтижесінде үлкен табысқа қол жеткізді. 1958 жылдан бастап металлогениядан кеңес, симпозикм, конгрестер өткізілді. Қаныштың ашқан ғылыми мектебі Сарыарқаның металлогендік және болжам карталарының  теориялық негіздерін, оның берген нәтижелерін сын көзбен қарап, Қазақстанның басқа аймақтарының, бүкіл республиканың осындай картасын жасауды мақсат етті. «Металлогендік дәуірлер», металлогендік формациялар», кентасты формациялар», генотиптер», т.б. сияқты жаңа ғылыми терминдердің мәнін анықтады. Қазақстан Ғылым Академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, лабороторияларды, секторларды, базаларды сол кезде – ақ дұрыс жоспарлады. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысты. Жезқазған кен – металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия заводтарын, Ертіс – Қарағанды каналын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің  табиғат байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін, Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец,т.б. көптеген кен орындарын игеру Қаныш есімімен тығыз байланысты. Қаныштың бастамасымен 1940 жылдан бастап КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімінде доктурантура жұмыс істей бастады. Онда жүздеген ғылым кандидаттары мен докторлары даярланып шықты. Оның 50-ден астамына ол тікелей жетекшілік етті. Халық ауыз әдебиетін  зерттеуді Баянауылда жүргенінен бастап, студент шағында одан әрі жалғастырды. Ш.Уәлиханов жазып алған, әйгілі Едіге батыр жайындағы «Ер Едіге» эпосын қазақ тіліне аударғанда, 3 қасиетін ашып берді:

  1. Тілді сақтауға, дамытуға пайдалылығын;

    2. Эпостағы  шебер тілмен берілген ескі  толғауларға назар

         аударды;

  1. Қазақ халқының өткен тұрмысы, салт – сана, әдет – ғұрпы

        суреттелген тарихын білуге құнды мағлұмат беретіндігін

        көрсетті.

   Қазақ халқының алып ақыны Абай кезінде  ардақты адамдардың орны мен еңбегін  бағалай келе былай деген:

    Өлді  деуге сия ма, ойландаршы,

            Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

   Ал  қазақ халқының қазіргі аса дарынды ақыны Ә.Тәжібаев жасы кіші болғанымен, Қанышпен замандас болған, өмірлік ісін көрген, ұстаздық сөздерін өз құлағымен естіп, тоқыған адам, сол себептен де ол өзінің «Монологтар» деп аталатын поэмасында Қаныштың

аузынан шыққан бейнебір өсиеттік мәні бар сөздерді былайша шебер жырлайды:

      Қадірлеңдер  әр сағатын уақыттың,

    Әр  сағатты бір өмір деп қараңдар.

     Қадірлеңдер,  бір – біріңді, аяңдар,

        Бір – біріңді бауырым деп  санаңдар.

      Ауырмасын  ауыр сөзден жүректер,

    Көңілдердің көркі сола қалмасын,

        Қуанышқа мұздай тамшы тамбасын,

                               Күлкілерге күйік таңба салмасын.

      Мұның өзі, әрине, әбден табиғи нәрсе, адам атаулыға біткен көп жақсы қасиеттердің бірі болды. 
     

   2.1. Өнеркәсіп орталықтарының бірі – Қарсақбай мыс заводы, Жезқазған мыс руднигі, байқоңыр көмір шахтасы болатын. Бұларды қайтадан қалпына келтіруге, одан әрі мықтап өркендетуге, сөйтіп, елімізге аса қажет мысты мейлінше мол өндіруге көптеген жұмысшылар мен инженер – техник қызметкерлер, алдымен коммунистер мен комсомолецтер, жалынды жастар келді. Сол алғашқы қарлығаштардың бірі 1926 жылы Томск қаласындағы тау – кен технология институтын ойдағыдай бітірген жас тау – кен инженері Қаныш Сәтбаев келді. Мұнда ол алдымен Қарсақбай мыс заводы үшін мыс кені қорын іздейтін геологиялық экспедицияда қатардағы инженер –геолог, кейін бас инженер –геолог болып қызмет атқарды. Сол кезден бастап инженер – геолог Қаныш Сәтбаевтың бүкіл Жезқазған өңірінің қазба байлығын жан – жақты зерттеу – тексеру, сөйтіп ел қажетіне пайдалану жөніндегі баға жетпес қызметі, нағыз ерлікке тең еңбегі өріс алды.

   Қарсақбай мыс заводыын социалистік жолмен қайта құрып, қатарға қосу іске қатысу үшін өлкелік комсомол ұйымының шақыруы  бойынша 1927 жылдың жазында комсомол жастарының тағы бір тобы келді. Солардың қатарында Ташкенттегі қазақ жастары арасынан келген токарь Әшір Бүркітбаев (кейін ол Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бірінші секретары қызметіне дейін көтерілді, одан соң Свердловск қаласындағы Орал өнеркәсіп академиясын ойдағыдай бітіріп, 1934 жылы Алматыда ашылған кен – металлургия институтының (қазіргі В.И.Ленин атындағы политехника институты) тұңғыш ректоры болып қызмет атқарды. Қазалы қаласынан келген слесарь Сергей Строжников (бұл да кейін Ленинградта институт бітіріп, 1941 жылға дейін жауапты инженерлік қызметте болды) және Сақтаған Бәйішев Ақтөбе облысындағы Темір қаласынан келген. Өз зерттеулерінің нәтижесінде Жезқазған кенінде кентас қалыптасуының кейіннен дәлелденген 4 белгісін ұсынды:

    1. Тектоникалық белгісі. Жезқазған кенінің түзілуі қатпар түзуші тектоникалық процестердің аяқталған, құрылымдық элементтердің қалыптасып болған кезімен байланысты.
    2. Стратиграфиялық белгісі. Өндіруге тұрарлық кентас қызыл түсті Жиделісай свитасынан төмен орналасқан ортаңғы карбонның полмиктілік сұр құмтастары мен алевролиттерінде шоғырланған.
    3. Литологиялық – петрографиялық белгісі. Кентас сыйыстырушы шөгінді тау жыныстарының түйірлілігі әр түрлі; буларды біріктіруші керішті ыстық ерітінділер оңай алмастырады. Осы алмасудан пайда болған түйірлер арасындағы бос орындарда, қуыстарда, нәзік жарықшаларда минералдар жиналған.
    4. Құрылымдық белгісі. Жезқазған свитасының жоғарғы және төменгі бөлігіндегі кентас денелері бір – біріне көлденең (созылымдары 50º-330º) жарылыстарды қуалай орналасқан. Кентас сыйыстырушы осы жарылыстардағы гидротермалдық ерітінділердің таралуына бөгет болған қызыл түсті шөгінділермен жабылған.

   30-шы  жылдары еліміз халық шаруашылығын  социалистік индустрияландыруды, ауыл  шаруашылығын коллективтендіруді  жаппай іс жүзіне асырып, бесжылдық  жоспарларды бірінен соң бірін ойдағыдай орындап отырды. Еліміз тарихында осындай асулы кезеңдердегі іргелі істерге, түбірлі әлеуметтік экономикалық өзгерістерге, яғни, елімізде социализм жеңістерін қамтамсыз ету жолындағы қаһармандық күресте Қаныш Сәтбаев белсене араласты. Ол кезде Қарсақбай мен Жезқазған өңірінде тынбастан ізденуші – инженерлік қызмет атқарып жүріп-ақ республикалық және орталық газеттер мен журналдарда үзбестен талай тың мақалалар жарияланып, ойларын ортаға салып отырды. Оларда жалпы алғанда Қазақстанның, жекелеп алғанда Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін өркендету, жер астында тұнып жатқан жарылыс байлықтарын барынша мол пайдалану жөнінде де талай – талай тиімді, ақылға қонымды ұсыныстар енгізді, бүкіл ел назарын, барлық дерлік ғалымдар  күші мен назарын қазақ өлкесінің экономикасын өркендетуге аударды. Ол тікелей ұсынысы мен ынтасы арқасында 30-шы жылдардың ортасында СССР Ғылым Академиясының бірнеше көшпелі сессиясы Қазақстан өндіргіш күштерін өркендету мәселелерін, әсіресе, Жезқазғанда, Алтайда, Ембіде социалистік өнеркәсіпті өркендетудің болашақтарын жан – жақты қарап талдады. Бұл жұмысты ұйымдастырудағы, шешуін күтіп тұрған өзекті мәселелерді талдаудағы Қаныш Сәтбаевтың қажымай – талмай атқарған қызметі орасан мол болды.

   Қазақ ССР Ғылым Академиясының Атырауда болған көшпелі сессиясында (1949 жылғы қаңтар) Батыс Қазақстанда әр түрлі минералдық тұздардың қоры ұшан-теңіз екені айтылды. Сол сияқты Батыс Қазақстанда фосфориттің, хромиттің, әктің және басқа химиялық шикізаттың бай көздері барланды. Міне, мұның бәрі Батыс Қазақстанда химия өнеркәсібін жан-жақты өркендету үшін қолайлы алғы шарттар жасайды. Мұнда ең алдымен Қазақстан мен Орта Азия республикаларының ауыл шаруашылығы үшін минералдық тыңайтқыштар өндіруді ұйымдастыруға болатын еді. Бұл сессияда Батыс Қазақстанда мұнай өңдеу газдарын пайдалану негізінде органикалық синтез өнеркәсібін өркендету қажеттігі атап көрсетілді.

   Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге  арналған Қазақ ССР Ғылым Академиясының  көшпелі сессияларында Қаныш  Сәтбаев Орталық Қазақстанда, ең алдымен Қарағанды металлургия зоводының кокс – химия цехтарының және Павлодардағы мұнай өңдеу заводының, түсті металлургия заводтарының қосалқы өнімдері негізінде ірі химия өнеркәсібін ұйымдастыру үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап көрсетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2.2. Планетаны 1979 жылы СССР Ғылым Академиясына қарайтын Қырым астрофизикалық абсерваториясының аға ғылыми қызметкері Н.Черных ашқан еді. Планета Марс пен Юпитер аралығындағы «астероид белдеуінде» Күнді айнала қозғалады. Сыртқы түрі бұрышты, ойлы – қырлы келген. Түсі қарасұр, қара – қоңырлау. Аспан денесінің көлемі шағын. Диаметрі шамамен 11 километрдей болады. Күнді айналып шығу мерзімі 3 жыл 4 ай. Ол Күннен 332 миллион шақырым қашықтықта. Эклиптикада қиғаштығы 5,169º. Оның орбитасы эклиптикадан 5,17º-қа дейін ауытқиды. Экцентритеті 0,131; орташ қозғалу жылдамдығы тәулігіне 0,2976º; үлкен жарты шарлық осі 2,2216 абсолюттік биіктікке тең. Абсолюттік жұлдыздық шамасы 13,2. Жерге барынша жақындауы 1 жыл 5 ай сайын қайталанып тұрады.

      Қазақ КСР Ғылым Академиясы Астрофизика институтының ғалымдары Күн жүйесінің бір планетасына белгілі Совет ғалымы, Лениндік және СССР Мемлекеттік сйлығының лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Бұл ұсынысты АҚШ-ң Кембридж қаласындағы Халықаралық планета орталығы қолдап бекітті.

      Халықаралық планета орталығындағы алынған  мәліметтерге сүйене отырып, жаңа планетаның орбиталық элементтерін есептеп  шығарды. Сөйтіп, оны кіші планеталардың  халықаралық каталогына енгізді. Сонымен  енді, міне Жерден 100-деген километр қашықтықта, космос төрінде Қаныш Сәтбаев атындағы планета ұшып тұр.

Информация о работе Қаныш Сәтбаев зерттеулері