Қаныш Сәтбаев зерттеулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 20:04, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Уақыт талабына сәйкес болашақ азаматтарға Қаныш Сәтбаев туралы жаңаша бағыт беру. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі - өнеге болатын абзал жан туралы халыққа жеткізу.
Зерттеу обьектісі:Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен зерттеулері
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Қаныш Сәтбаевтың зерттеу обьектілерін қалыптастыру
2.Зерттеу обьектілерін қалыптастыра отырып көрсеткіштері мен
деңгейлерін анықтау.

Содержание

1. Кіріспе
1.1. Қаныш Сәтбаевтың өмірі.
1.2. Ұстаздық жолы.
2. Негізгі бөлім
2.1. Зерттеулері.
2.2. Қаныш Сәтбаев атындағы планета және мұздық.
3. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Қ.Сәтбаев зерттеулері.Курстық жұмыс.3-курс.doc

— 93.50 Кб (Скачать документ)

      Сәтбаев мұздығы – Жетісу Алатауының солтүстік  беткейінде аңғарлық мұздық. Алматы облысы, Сарқанд ауданы жерінде, Лепсі өзені  осы мұздықтан бастауын алады. Мұздықтың  ауданы 7,5 км², ұзындығы 5,5 км, абляция (еру және булану телімі) ауданы 4,7 км², мұздығының көлі 0,50 км³. Мұздықтың ені 1 км-ге жуық, мұздықтың тілі 2950 м-ге дейін төмендеген. Мұзқар (фирн) 3520м биіктіктен өтеді. Мұздықты алғаш рет 1912 жылы С.Дмитриев, 1915 жылы В.Сапожников зерттеді. 1947 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Географиялық секторының экспедициясы абляция аумағын, мұздың жылжу жылдамдығын, мұз тілінің жағдайын бақылап, нақты қорытындылар жасады.

      Сәтбаевит – ванадаттар тобына жататын минерал. Химиялық құрамы:AlO VOVOHO

      Қоспалары:ZnCuNiCrBa.

      Ромбылық  сингонияда кристалданады. Агрегаттары  ұндай үгітілген метаколоидты, қолға  жабысқыш, сирек ұсақ қабыршақты немесе түйіршікті (0,5-0,1 мм). Түсі қанық сарыдан  ашық сарыға дейін, күңгірт, кейде жібекше құлпырған. Қаттылығы 1,5-2,0. Тығыздығы 2,4 г\см³. Алғаш Қаратаудағы Құрымсақ және баласауысқан кенді даласының сазды – антраксалитті қабаттарынан табылған. 
     
     
     
     

      3. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі - өнеге болатын абзал адамдардың бірі болды. Мұның нәтижесінде еліне, халқына жан – тәнімен адал қызмет атқарған адам дүние салғаннан кейін де ғасырлар бойы ел тарихында, халық санасында сақталып жүреді.Осындай адамдардың бірі – қазақ халқының адал ұлы, білімпаз уәкілі академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Ол шын мәнісінде біздің советтік заманымыздың энциклопедиялық білімді ғұлама ғалымы болды. Оның қадірлі есімі, артында қалдырған ісі, жалпы алғанда, барлық совет ғалымдары ұрпақтарына, жекелеп алғанда, қазақ совет ғалымдарының қазіргі мен болашақ ұрпақтарына үлгі де, өнеге болмақ. Ол ғұлама ғалымдылығымен қатар нағыз нәзік жанды тәрбиеші, адам жанының зергері еді. Ол қазіргі заманғы сан алуан салалар мен тарауларға бөлінген ғылымдардың бәрінен де хабардар болды, сонымен бірге білім тарауларының тілін де, заңын да білуші еді.  
     
     
     
     
     
     
     
     

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ғ.А.Батырбеков, Ә.Қ.Жармағанбетов «Қаныш» Алматы «Жазушы» баспасы, 1989;
  2. Т.Оразов «Қаныштың жастық шағы» Алматы «Жазушы» 1971;
  3. Акадеимик наук Казахской ССР» Алматы 1959;
  4. Наука Советского Казахстана» 1920-1960  Алматы «Ғылым» 1965;
  5. Большой Джезказган. Геология мен металлогения. Біріккен ғылыми сессияның материалдары. Алматы «Ғылым» 1961;
  6. Естеліктер мен мақалалар жинағы. Алматы «Ғылым» 1965;
  7. Основные элементы геологии и металлогении Джезказган – Улутауского района.: В книге «Большой Джезказган», Алматы 1961;

Информация о работе Қаныш Сәтбаев зерттеулері