Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 22:44, курсовая работа
Қысқарған сөздер аббревиатура, олардаң мәтін ішінде жазылуы мен ауызша айтылуы, соның ішінде ілеспе аудармада қолданылу, қолдану ерекшелігін сөз еткенде ең алдымен тілімізге орыс тілі арқылы еніп, сан жылдар бойы сол қалпы қолданылуының арқасында қалыптасып кеткен халықаралық ұйымдардың қысқартылған атаулары ойға оралады. Орыс тілінде ЮНЕСКО, НАТО, ЮСАИД, ФИФА, ЮНИФЕМ, ЮНИСЕФ.... делінетін бұл ұйымдардың атауы әуел баста олардың ағылшын тілінде айтылу транскрипциясымен қысқартылып алынған. Айталық ЮСАИД дегеніміз – United states Agency of International Development “Американское агентство по международному развитию”, “Халықаралық даму жөніндегі
Аббревиатуралардың аудармадағы қолдану ерекшеліктері.
Аудармадағы қысқартпа жазу және күрделі атаулардың әр түрлі жолдармен қысқартылуы.
Аббревиатура және оның дыбысталу мен мағынасындағы өзекті мәселері.
Ағылшын аббревиатуралары мен қысқартулар арқылы сөз жасау үлгiлері
Жоспар
Негізгі бөлім
Қорытынды
Кіріспе
Қысқарған сөздер аббревиатура, олардаң мәтін ішінде жазылуы мен ауызша айтылуы, соның ішінде ілеспе аудармада қолданылу, қолдану ерекшелігін сөз еткенде ең алдымен тілімізге орыс тілі арқылы еніп, сан жылдар бойы сол қалпы қолданылуының арқасында қалыптасып кеткен халықаралық ұйымдардың қысқартылған атаулары ойға оралады. Орыс тілінде ЮНЕСКО, НАТО, ЮСАИД, ФИФА, ЮНИФЕМ, ЮНИСЕФ.... делінетін бұл ұйымдардың атауы әуел баста олардың ағылшын тілінде айтылу транскрипциясымен қысқартылып алынған. Айталық ЮСАИД дегеніміз – United states Agency of International Development “Американское агентство по международному развитию”, “Халықаралық даму жөніндегі американдық агенттік” деген сөздердің басқы әріптерінен USAID деп, ал ФИФА – Federation International de Football Association “Международная федерация футбола”, “Халықаралық футбол федерациясы” деген сөздердің басқы әріптерінен деп алынған. Сол сияқты ЮНИСЕФ дегеніміз ағылшын тіліндегі “Mеждународный чрезвычайный фонд помощи детям Организации Объединенных Наций”, “Ұлттар Ұйымының балаларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық төтенше қоры” дегенді білідіреді. Бүкіл дүние жүзіндегі сияқты қазақ тілінде жазылатын мәтіндерде де аталған халықаралық ұйымдардың атауын білдіретін қысқарған сөздерді қолданудың қалыптасқан дәстүрін бұзбаған жөн.
Шет тілінен енген
қысқарған сөздердің тағы бір
топтамасына халықаралық
Аударма - ол адамзат баласынның дамуы барысындағы өте күрделі де жан – жақты құбылыс болып табылады. Көбінесе аударманы тек бір тілден екінші тілге аудару деп қарастырад. Дегенмен, аудару барысында тұп нұсқа мен аударылатын тіл ғана қарыстырылмайды. Аударма жасаған кезде сан – алуан мәдениеттер, әр – түрлі тұлғалар, әр – түрлі пікір таластар әр – түрлі әдебиеттер мен дәуірлер, сонымен қатар, сан – алуан мәдениеттер мен даму кезеңдері кездеседі. Аударма саласымен мәдениеттанушылар, этногрофтар, психологтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар өздерінің қызығушылығын тудырады. Аударматанудың жан-жақтылығы сайма-сай ғылым саласында негізгі зерттеу нысаны бола алады.
Аббревиатуралар мен
қысқартуларда өзіндік
Қазіргі тілдердегі қысқарған сөздердің лексикалық бірліктегі тілдің спецификалық құбылысындағы мәселелері көптеген зерттеушілердің назарын алуда. Бұл мәселелер көптеген мақалалар мен қазақ және шет мемлекеттер тұлғаладының жеке жұмыстарында қарастырылуда. Бұл сұрақтарға жауып ретінде көп үлес қосқан келесі ғалымдарды атап кетуге болады; Д.И. Алексеева, Е.П. Волошина,В.Г. Павлова, Т. Пайлза, М.М. Сегаля, Л.А. Шеляховского, Р. Уэльза, О.Есперсена және т.б. Бұл жұмыста қысқарған лексикалық бірліктердің және аббревиатуралардың ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне аудару барысындағы семантикалық ерекшеліктерін байқау болып табылады..
Көптеген халықаралық спорт ұйымдары атауларының аббревиатурасы да осылайша жасалған. Мысалы, Еуропа футбол ассоциацияларының одағын (Союз европейских футбольных ассоциаций) орыс тілінде УЕФА, (Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы ұйымын) ИААФ деп атайды. Ұзақ жылғы ілеспе аударма жасау кезінде танымал аудармышалдың айтуынша бұл қысқарған сөздер жиі пайдаланылатын жиындар көбіне халықаралық сипатта болады. Сондықтан аудитогияға түсінікті болуы үшін орыс тілінен қазақ тіліне iлеспе аударма жасағанда да халықаралық деңгейде қабылданатын аббревиатураны қолданғанымыз дұрыс.
Ал, орыс тіліндегі ОБСЕ аббревиатурасы сөздердің ағылшын тіліндегі “The Organization For Security and Co-operation in Europe” деген кезектілігіне емес, осы тіркестің қазақ тілінде ЕҚЫҰ – “Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым”, “Огранизация по безопасности и сотрудничеству в Европе” деген орысша аудармасынан жасалған. ООН аббревиатурасының да жасалуы осындай ол ағылшын тіліндегі “United Nations Organization” дегеннен емес, осы тіркестің орыс тіліндегі “Организация объединенных наций” деген аудармасынан алынған. Оның қазақ тіліндегі аудармасы БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы. Сондықтан жазбаша аудармада осы сияқты қысқарған сөздердің өзімізде қалыптасқан ЕҚЫҰ және БҰҰ деп алып, ал ілеспе аударма жасаған кезде міндетті түрде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы деп аударған жөн.
Қысқарған сөздерді қазақша
мәтінде қолданудың өзіндік ерекшеліктері
де бар. Орыс тілінде қысқарған
түрінде қысқарған түрінде
Жиналыстарда баяндамашының қысқарған сөздерді пайдалануы ілеспе аударма жасау барысында да қиындық тудырады, өйткені жоғарыда айтып өткеніміздей, орысша қысқарған түрінде айтылған сөздерді қазақ тілінде таратып айту мәтінді ұзартып жібереді. Яғни, ілеспе аудармашы баяндама жасап тұрған адамға ілесу үшін одан жылдамырақ қарқынмен сөйлеуі қажет болады.
Орысша – қазақша өтетін жиналыстарда жиі қолданылатын қысқарған сөздерді бірнеше топқа бөлуге болады; ең көп кездесетіні сөздің басқы әріптері алынған қысқарған сөздер аббревиатуралар мысалы; ҚР – РК, ТМД – СНГ, АҚШ - США, БҰҰ – ООН, ШЫҰ – ШОС т.с.с. бұл топтағы қысқарған сөздердің біразы қазақ тілінде жасалатын баяндамаларда, сөйлеуші сөзінде сол қалпында пайдаланып жүр, сондай - ақ жазылған мақалаларда, сұхбаттарда да қолданылуы үлесі артып келе жатыр. Оның ішінде мемлекеттер, ұйымдар, мекемелер атауларының үлес салмағы молырақ.
Ал сөздердің бір немесе екі буыны бақы немесе соңғы алынған қысқарған сөздер орыс тілінде жиі кездескенмен қазақ тілінде солай қолданылуы өте сирек мысалы; Алтел – Алтын телефон, Гохран – Государственное хранилище ценностей, Госкомиздат – Государственный комитет по издательству; Казнет – Казахстанский интернет т.с.с. Бұдан қысқарған сөздердің бұл түрін де аудармада таратып айту қажеттігін туындайды.
Қысқарған сөздердің тағы бір тобы – бір сөздің басқы буыны мен екінші сөз тұтастай алынған сөздер де негізінен орыс тәләнде қолданылады, қазақшаға аудармасы қысқартып айтуға бірде келмейді; Госматрезерв – государственный материальный резерв, Евросоюз – Европейский союз, Казпотребсоюз – Казахстанский потребительский оптика, Казфосфор – Казахстанский фосфор, медоптика – медицинская оптика, Эксимбанк – экспортно – импортный банк, т.с.с.
Келтірілген мысалдар орыс тілінде қысқартылып алынған сөздерді қазақ тілінде пайдаланудың өзіндік ерекшеддігі бар екендігіне көз жеткізеді. Жазбаша аудармада әшәнара қысқартып алуға жол берілсе, ілеспе аудармада баяндамашы орыс тілінде қысқарған сөздерді қолданса да, ілеспе аудармашылар арасында қазақ тілінде оларды толық айту дәстүрлі қалыптасқан.
Ілеспе аударма жасауды жеңілдетудің бір амалы – сөйленетін сөздердің мәтіндерін алдын ала аударып қою. Міне, осындай баянбама мәтіндерді ертерек қолға тиген жағдайда іліспе аудармашылардың оны аударып алуына көмегі тисін деген оймен, біраз жылдардан бері жинақталған қысқарған сөздердің сөздігін шығарған.
1.2 Аудармадағы қысқартпа жазу және күрделі атаулардың әр түрлі жолдармен қысқартылуы.
Аударма әлемі қайта басылымдағы аударманың төтежазужүйесі үлкен қызығушылық туу дарып отыр. Бұл басылымнан аудармадағы қысқартпа жазу аудармашылдық универсалды төтежазудың негізгі принциптерін бөліп алуға болады. Унивессалды аудармашылдық төтежазу екі жақты аударма процесін жеңүлдедіп, оның тиімділік деңгейін 95 – 98 % дейін көтеріп отырады. Универсалды аудармашылық теориясы әрбір қолданушы үшін жеке дара болғанымен бірқатар ортақ ерекшеліктері де бар. Әрбір қолданушы үшін жеке дара болғанымен бірқатар ортақ ерекшеліктері де бар.
Жазудың диагональды басқышты орналасуы; бастауыш тобы баяндауыш тобы төл төлеу толықтауыш сөйлемнің біріңғай мүшелері. Сонымен қатар кең және тар ауқаымда контекстер негізінде жеңіл түсінетін, тез ұғынатын белгі таңбаларды есте сақтау тірегі ретінде қолданылады. Тек жеке сөздерді ғана емес, сонымен қатар тұтас мағынаны қамтып, оны ағылшын тілінде де орыс тілінде еде қазақ тілінде ед көрсете алады. Аударма кезінде есте сақтап қалуына киын соғатын маңызды сөздерді белгілеуде қоданылған жөн. Аудармашының қалауынша, жағдайға байланысты, бірақ ережеге сай,ерекше нақтылық пен іскерлік қажететілетін жауапты келіссөздер барысында қолданылады. Қабылданған ережеге сай, қысқартылған белгілер неізінде жасалады; ВВП (GDP), ЧП, СНГ, NATO, US, МИД, PR, және т.с.с.
Сонымен қысқартып аударған кезде логикалық байланыстар мынадай таңбалар арқылы беріледі;
: - айту, сөйлеу;
ОК – қолдау, мақұлдау, жақтау/ мақұлданбаса сөз сызылып көрсетіледі. Ол яғни, қабылдамау, қарсы болу деген мағынаны береді. Алдағы ауқытта (жақсару) - ↓↑‘’ өткен шақта нашарлау төмендеу. Модальдық әріптерәмен беріледі; d – міндеттілік m – мүмкіндік n – қажеттілік
Сан есімдер: t (мың); m (млн); tr(трилл); санның соңында: (17ВU =17 млрд, АҚШ доллары, U=US)
Даталар; n = ‘4; 1997 =’97; 1812 = ‘812
Апта күндері; дүйсенбі – 1, (сәрсенбі – 3)
Қысқартып аудару теориясын үйрену, меңгеру үшін негізгі тіл (орыс тілінен ана тіліне аударғанда, - ана тілі; ағылшыннан ана тіліне аударғанда ағылшын тілі болып табылады). Келешекте, тәжірибе жинақтай келе ағылшын тілі орыс тілінен үйлесіп, халықаралық қатынас тілі болып қалады, себебі ол ауқымды, иілгіш, әмбебап ол тілдің құрамына жалпылама қолданылатын сөздер мен көпмағыналы сөздер жазу барысында ыңғайлық туғызады. Ақыр аяғында әрбір аудармашы тәжүрибелік дағдылар мен ерекшеліктеріне байланысты қай тілді қолдануды өздері таңдайды.
Қысқартып аударуда жедел есте сақтаудың тірегі, сонымен қатар ол түпнұсқаның негізгі мәнін білдіреді. Жеке сөздер және біріккен сөздердің жазылуы ғана емес, сонымен бірге берілетін мәліметтердің қаңқасы болып табылады. Универсалды аударма теория жүйесі қысқартылған сөздерден тұрады. Олар тар және кең ауқымды контекстте қолданылуы;
Информация о работе Аббревиатуралардың қолдану ерекшеліктері