Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:01, курсовая работа
Қазіргі Республика мектептеріне білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдар мен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдері ала білу ұлттық мектептер үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамызда «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық мектептердің» қалыптасуы мен даму тарихы зерттеудің мәні орасан зор.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
1.1. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында жүргізілген елдегі оқу-ағарту жұмыстары..............................................................................................................5
1.2. Алғашқы қазақ ағартушы-ойшылдары және олардың дүниетанымдық көзқарастары............................................................................................................9
1.3. Ғылыми-педагогикалық ойдың қалыптасуы............................................12
2 Халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеру және қалыптастыру жолында
2.1.Қазақ ағартушы азаматтары көзқарастарының ықпалынан туындаған елдегі өзгерістер.............................................................................................18
2.2. Зиялы азаматтардың қазақ халқы арасында жүргізген оқу-ағарту жұмыстары.............................................................................................................22
Қорытынды............................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................29
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
1.1. ХІХ ғасыр аяғы мен
ХХ ғасыр басында жүргізілген
елдегі оқу-ағарту жұмыстары.....................
1.2. Алғашқы қазақ ағартушы-
1.3. Ғылыми-педагогикалық
ойдың қалыптасуы..............
2 Халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеру және қалыптастыру жолында
2.1.Қазақ ағартушы азаматтары
көзқарастарының ықпалынан туындаған
елдегі өзгерістер....................
2.2. Зиялы азаматтардың
қазақ халқы арасында
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі Республика мектептеріне
білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде
бағыт нұсқаушы материалдар мен қатар
өткен мұраларға барынша мұқият қарап,
бүгінгі күн талабына сай талдап, оның
ішінен пайдалы ілімдері ала білу ұлттық
мектептер үшін аса қажет шарттардың бірі.
Бүгінгі таңда республикамызда «Қоғамның
жаңару жағдайындағы ұлттық мектептердің»
қалыптасуы мен даму тарихы зерттеудің
мәні орасан зор. Қазақстан республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына жолдауында: "«Мәдени
мұра» бағдарламасын іске асыруды жалғастыра
беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы
қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту
қажет. Біз осы саланы мемлекеттік қолдаудың
толымды бағдарламасын қалыптастыруымыз
керек. Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің
басты факторларының бірі-еліміздің мемлекеттік
тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан
әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек"
-деп атап көрсеткенін, әрі ХХІ ғасырда
білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа
тірелері анық. Бәрі де мектеп қабырғасынан
басталады.Қазақстан Республикасы егеменді
ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында
жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға
жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер
негізінде тәрбие мен білім беру ісін
неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал
етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді
демократияландыру және ізгілендіру жағдайында
ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани
мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі
туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер
еткен ұлттық менталитетімізді қалпына
келтіріп, нығайту және өркениетті елдер
қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық
мемлекетімізді қалыптастырудағы басты
алғышарттардың бірі.Бұл мәселелер Қазақстан
Республикасының «Білім туралы»Заңында,Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында,
«Мәдени мұра» бағдарламасында басты
назарға алынған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері
ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз
Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,
халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу,
отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне
баулу,қазақ халқы мен республиканың басқа
да халықтарының тарихын,әдет-ғұрпы мен
дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген. Мемлекетімізде
ұлттық маңызы бар бірқатар бағдарламалар
болса, соның бірегейі «Мәдени мұра» бағдарламасы
болып табылады. Ұлт тарихын түгендеу,
ұлт руханиятын қайта түлету мақсатында
жасалынған бұл бағдарлама ұзақ мерзімге
бағытталған кешенді, жүйелі іс-шаралардың
мазмұнын құрайды. Бағдарлама елдің рухани
және білім беру саласын дамыту, мәдени
мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын
қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бұл
мақсаттың тиімді шешімін табуда әлемдік
ғылыми ой-сананың, ұлттық мәдениет пен
өнердің таңдаулы жетістіктерінің негізінде
гуманитарлық білім берудің мемлекеттік
тілдегі толыққанды қорын жасау міндеті
қойылып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым өкілдерінің педагогикалық көзқарастарын жүйелі түрде қарастыру, әрі зиялы азаматтардың еңбектерінің құндылығы ашып көрсету.
Зерттеу пәні: Күнделікті сабақтарда ұлттық дүниетанымды қалыптастыру әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу міндеттері:
- тақырыптың мазмұнын қарастырған ғылыми – теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу;
- оқу-тәрбие
процесіне бақылау жасап,
Зерттеу әдістері:
- ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау;
- дидактикалық
және оқу-әдістемелік
Тақырыптың ғылыми жаңалығы:
- зиялы қауым өкілдерінің педагогикалық көзқарастары мен ХХ ғасыр басында қалыптаса бастаған ұлттық мектептер мен бүгінгі таңдағы ұлттық мектептер арасындағы ерекшеліктер мен сабақтастықты танып білуге септігін тигізді.
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
Қазақ даласындағы бастауыш мектептердің даму тарихын өткен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы (1861-1930 ж. ж.) жартысындағы өтпелі кезеңдері мен әр түрлі құрылымдық деңгейлеріне мән берсек, қайталанбас асыл мұралар бар. Бұл мұралар осы уақытқа дейін қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің тарихына айтылған кері пікірлер мен қазақ өлкесінде жүргізілген оқу-ағарту жүйесінің дамуы жөніндегі ойларды жаңаша мәліметтермен толықтыратыны күмәнсіз. Қазан төңкерісіне дейін Ресейлік патшалықтың отарлау саясатының бодауында болған, одан кейінгі кеңес өкіметі кезіндегі саяси және идеологиялық дербестігінен айрылған шақта қазақ ұлтының даму тарихын әсіресе, жас ұрпаққа білім беру саласында өзіндік жүйесі болып із қалдырған түрлі оқу мекемелері мен орындарын толығымен жоққа шығаруы бастауыш білім берудегі кадими, жадидтік, ұлттық, т. б. мектептер мен медреселер немесе оларды өздеріне тән етуі өткенімізді бұрмалауға апарды.
Көрсетілген тарихи мерзімде қазақ жерінде бастауыш мектептің дамып қалыптасуын мектептің жаңа типтері, олардағы білім мазмұны мектеп қажеттерінің елеулі өзгеріске ұшыраған уақыттарын деректі мұрағат құжаттарына сүйене отырып, үш кезеңге бөліп қорытындылауымызға тура келді.
Бірінші кезең (1861-1890 ж.ж.) отаршылдардың оқу-ағарту саласындағы жұмыстары, бастауыш орыс, орыс-қазақ (орыс-түзем немесе аралас) мектептердің пайда болуы және олардың мұсылмандық ескі оқу жүйедегі оқу орындарымен қосарлана дамуы.
Екінші кезең (1891-1916 ж.ж.) бастауыш орыс-қазақ мектептері қызметінің дамуында оқуды әр халыққа ана тілінде ұйымдастыру мәселелері және мұсылмандық жаңа оқу жүйесі жадизмнің қалыптасып дамуы мен қазақ ұлттық бастауыш мектептерінің іргетасының қалануы.
Үшінші кезең (1917-1930 ж.ж.) Жадидтік оқу жүйесіндегі ұлттық қазақ бастауыш мектептері және кеңестік қоғам құрылымындағы мектеп, ондағы білім берудегі жаңашылдық сипат.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі мектеп жүйелерінің құрылысы өзгерістерге ұшырай бастады. Оған негізгі төрт себеп болды. Олар: біріншіден, қазақ жерін отарлау, қазақтарды орыстандыру мақсатындағы патша өкіметінің саясаты және осы негізде орыс, орыс-қазақ мектептерінің құрылуы, екіншіден, осындай тарихи құбылыстардан қазақ даласындағы араб тілінде білім беретін ескі (қадими) жүйедегі мектептерде білім беру тілінің татар тіліне ауысуы, үшіншіден, ескі жүйедегі мектептердің оқу бағдарламасына орыс тілінің енуі, төртіншіден, қазақтарды орыстандыру барысында балаларға арналған оқулық, оқу құралдары мен әдеби кітаптардың баспа бетінен орыс әрпімен қазақ тілінде жазылуы.
Ресей үкіметінің оқу ағарту министрлігінің 1870 ж. 26 наурыздағы «Ресейді мекендеуші бұратаналарға білім беру шаралары туралы» заңы орын алды. Бұл заңдардың негізінде қазақ даласында оқу ағарту жұмысы діни және азаматтық екі бағытта жүргізілді. Діни бағыттағыға ескі жүйедегі (қадими) мектептер, медреселер, шіркеу, приход мектептері еніп, ондай мектептердің өз мүмкіндігінше және ұстанған жүйе бағыты бойынша балалардың сауатын ашуға айтулы қызмет атқарғаны белгілі. Ал, азаматтық сипаттағы мектептер қазақ өлкесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алып дамыды, олардың қатарында азаматтық мектеп, қалалық училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс, орыс-қазақ және жадидтік мектептер болды. Мұндай оқу орындары көптеп ашылып, онда жұмыс жасайтын мұғалімдер Ресейдегі жоғары оқу орындарын бітіріп келгендер еді.
Мектептерде қолданыста болған оқыту әдістері: Сауаттау әдісі, дыбыстық әдіс, тұтас сөз немесе американдық әдіс, буындап оқу, өз бетінше іштей және дауыстап оқу, оқығанын баяндап беру, жаттау әдісі, араб, парсы сөздерінің аудармасын түсіндіріп беру әдісі, аударма (орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға, т. б. мектеп типіне байланысты) әдісі, сөздік әдісі, сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік әдісі, жалқылау (айырыңқы) әдісі, жалқылау-жалпылау әдісі, т. б.
Мұсылмандық діни мектептер мен медреселерге қатысты Ресейлік патша үкіметінің саясатына келсек, мұсылман халқы орналасқан елде исламға қарсы ашық күресуге бата алмаған Кауфман мұсылмандардың діни нанымдарына «қол сұқпаушылық» ұранын көтере отырып, діни мектептерге әкімшілік іс-шаралар жүйесімен зиян келтірді. Біріншіден, қалада балалардың медресе, мектепке баруын қадағалайтын «райстар» қызметін қысқартты. Екіншіден, орыс үкіметі дін басы шағымдарын қарастырмайтын болды (бұған дейін олар хандарға, бектерге шағым жасай алатын). Үшіншіден, төменгі әкімшілікті және соттарды бекіту үшін орыс балаларын және медреседе оқымаған кандидаттарды тағайындауды жөн көрді. Отаршылардың бұндай астарлы идеологиясы әкімшілік үстемдігінің алғашқы кезеңінде мұсылмандық діни мектептер мен медреселердің құлдырауына әкеп соқтырды. 1884 жылы мұсылмандық шариғатты оқыту орыс-қазақ мектептеріне енгізіле бастады. 1890 жылдардан медреселер мен діни мектептерге түбегейлі тексерулер басталды (бұл жұмысқа Наливкин тағайындалды).
Зерттеу аумағына енген
кезеңдегі Қазақстандағы
Мұсылмандық дүниетанымға үйрету мен баулу, білім мен тәрбие беруге негізделген оқу мекемелерін, әсіресе, мұсылмандық ескі мектептер жөнінде сөз қозғасақ, бұл мектептер (бәд-әл-мағариф - (араб т.) бастауыш білім, көпшілігінде аталуы ибтида - (араб т. - бастауыш, алғашқы) балалардың білім алуының алғашқы сатысын қамтитын оқу орны болған. Бұл мектептер христиандардың приходттық училищелері, еврейлердің хедері, көне-жапондық бастауыш мектептерімен ұқсас. Негізгі мақсаты балаларға діни ережелерін үйрететін оқу орны және мұсылман адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау ережелерді орындауға үйрететін. Мұнда 6-14 жас аралығындағы балалар оқитын. Дегенмен, көп кездесетін жайлардың бірі мұсылмандық мектептердегі балалардың ұлтына қарай ақындардың поэзиялық шығармаларын ана тілінде оқытылуы жүзеге асырылып отырған, сондай-ақ, мұнда арифметика мен жазуды үйретті. Алған білімдерін олар кейіннен жеке сауда ісінде немесе аудармашы яки көшірмеші мамандығына пайдаланса, кейбіреулері бұндай бастауыш мектептерді бітіргеннен кейін үлкен қалалардағы атақты медреселерде оқуын жалғастырып жатты. Осылай кеңінен таралған міндетті бастауыш мектептер қазақ даласында да өзіндік орын алған, бірақ қазақ халқының дүниетанымдық көзқарасымен сол кездегі мұсылмандық оқу жүйенің үйлесімдігінің тамыры әлі де болса тереңге бойлай қоймаған еді.
Бұл жүйедегі ерлер мектебі әдетте мешіттерде орналасты, оларға көбінесе имамдар мен даммоллдалар сабақ берді. Ал ірі қалалардағы медресе, мектептерде жоғары кәсіби - мұғалімдер яғни, мүдәрристер мен мусаниэфаттар болғаны анық. Бұл типтегі мектептерде білім берудегі оқу бағдарламасына енген пәндерді шәкірттердің игеруі оқу кітаптарындағы бөлімдерді меңгеруге байланысты болған және баланың қабілетіне қарай оқу жылдары қысқартылып немесе ұзартылып отырған. Мұсылмандық оқу жүйенің құрамында тағы бір мектеп түрін - Қарыхана деп атаған. Қарыхананың білім беру жолындағы оқыту жұмысын ұйымдастыру жоғарыда айтылған екі мектептен өзгешелеу болған. Тек ислам дінінің негізінде мұсылмандық оқу орны болғандықтан құран сүрелерін жатқа айтқызуға үйретті, бірақ, сауат ашу жұмысы, алфавитті тану, буындап оқу немесе өз бетінде сөз оқу мүлдем болмады десе де болады. Себебі, мұндай қарыханаларға оқуға көбінесе соқырлар тартылатын.
ХІХ ғасырдың 1870-1990 жылдардағы ағарту саласындағы саясат жаңа мектеп уставтарының қабылдауымен ерекшеленді, олар: 1871 жылы гимназиялар мен прогимназиялар уставы; 1872 жылғы реальдық училищелер уставы; 1874 жылы бастауыш халықтық училищелер туралы жаңа ережелер; 1884 жылғы университет уставы, шіркеулік-приход мектептері туралы ережелер қабылданды. Онда мектеп түрлері және олардың тәрбие мен білім берудегі ұстанымдары анықталған болатын.
1864 жылы гимназиялар мен прогимназиялар уставы бойынша гимназиялардың екі түрі бекітілді. Классикалық және реалдық болып екіге бөлінеді. Классикалық гимназиялар оқушыларды университеттерге және басқа оқу орындарына бағыттап, көптеген көне тілдерді, орыс сөз өнерін, жаңа шет тілдер мен тарихты оқуға бөлді. Реалдық гимназияларда азаматтық және әскери қызметке дайындап, көне тілдердің орнына математиканың төрт амалын оқытуға көп күш салды, заңтану сабағы енгізілді. Прогимназия - гимназияның бастауыш сатысы болып табылады. Гимназиядағы педагогикалық оқыту бағдарламаларын бекітуге, оқулықтарды таңдауға бағытталған құқық берілген. Гимназиялар мен прогимназиялардың барлығы ақылы болды. Бастауыш пен орта мектеп аралығында ешқандай сабақтастық ескерілген жоқ.
Бірақ, прогимназияның бастауыш білім беру атысында орыстарға ана тілі мен әдебиеті, құдай заңы болған жоқ. Кейінен, 1864 жылы философия, саяси экономика, комерциядан білім беретін пәндер алынып орнына жаратылыстану пәндерінің біршамасы ендірілді. Сондай-ақ, көне және жаңа тілдерді, математиканы оқыту мен құдай заңы пәндері жүргізілді. Ал, приходтық және шіреулік діни білім беретін мектептерде христиан дінінің негіздерін оқыту басымдылық орын алып, қалған ғылыми негіздерден білім беретін пәндер орыс-қазақ мектептерінің оқу жоспарының үлгісімен жүргізілді.
Қалалық, приходтық училищелерде бір 4 сыныптық, алты 3 сыныптық ал қалғандары облыс қалалары мен Алматы станциясында болды. Оқушылардың 1906 жылы жалпы саны 4448, оның 3221 ер бала, 1227 қыз балалар болған. Оқу жоспары мұғалімдер мен оқушыларға үлкен жүктемені орындауға алып келді. Мұғалімдер тек қана нұсқау берілген оқулықтарды қолдануға міндетті болды.
Приходтық мектептерді - губерниялық, уездік қалаларда және приходтық шіркеуге қарасты мекендерден ашуға мүмкіндіктер болды. Олар уездік училищелерде оқуға дайындау мен балаларға (ер балалар мен қыздар бірге оқуға болатын) жалпы білім беретін ілімдерді оқыту мақсаттарын көздеді.
Шіркеулік (діни) мектеп 1906 жылы үш 2 сыныптық, отыз төрт 1 сыныптық және 10 мектепте хат тануға (грамоты) жалпы саны 47 болды. Жалпы шіркеулік мектепте 1448 ер бала, 1268 қыз бала оқыды.
Діни шіркеу мектептің оқу жоспары: Құдай заңы, Шіркеу өлеңдері, Шіркеу, азаматтық баспа мен жазу кітаптарын оқу. Арифметика негіздерінен білім беруге жалпы уақыттың 46%- пайызы бөлініп, қалған уақыт тек діни пәндерді оқытуға арналды. Бұдан оқылатын оқу материалдарының мазмұнының басқалары да христиандық дінге байланысты болған, өйткені бұл оқу мекемесінің мұғалімдері діни қызметкерлер болған.