Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:01, курсовая работа

Описание

Қазіргі Республика мектептеріне білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдар мен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдері ала білу ұлттық мектептер үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамызда «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық мектептердің» қалыптасуы мен даму тарихы зерттеудің мәні орасан зор.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
1.1. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында жүргізілген елдегі оқу-ағарту жұмыстары..............................................................................................................5
1.2. Алғашқы қазақ ағартушы-ойшылдары және олардың дүниетанымдық көзқарастары............................................................................................................9
1.3. Ғылыми-педагогикалық ойдың қалыптасуы............................................12
2 Халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеру және қалыптастыру жолында
2.1.Қазақ ағартушы азаматтары көзқарастарының ықпалынан туындаған елдегі өзгерістер.............................................................................................18
2.2. Зиялы азаматтардың қазақ халқы арасында жүргізген оқу-ағарту жұмыстары.............................................................................................................22
Қорытынды............................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Улттык педагогиканын калыптасуы.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

        1730 жылы Кiшi жүздiң ханы Әбiлхайыр  өз билерiмен келiсе отырып, қазақ   халқын  сақтап  қалу мақсатында,   Ресей  империясына  бодан   болуға мәжбүр  болды.   Көптеген  хандар мен  сұлтандардың қарсылық  бiлдiргенiне қарамастан, Ресей қазақ жерiн отарлап алу саясатын әрi қарай жүргiзе бередi. Қазақ жүздерiнiң бастарын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы – Абылай хан өте үлкен саяси-дипломатиялық күрес жүргiздi.

Бұл жайында “қазақтың  көне тарихы” атты кiтапта: “XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей өкiметi қазақ арасында хандық үкiметтi бiржолата жойып, ел басқарудың жалпы ресейлiк тәртiбiн жақындатуға тырысты...”,— деп, қазақ елiнiң отар елге айналғаны жайында әңгiмелейдi.

Қазақ жерiне қоныстана  бастаған орыстар шұрайлы егiстiк жерлердi, мал жайылымдарын заңсыз тартып алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер мен шiркеулер салынып, балаларды шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргiздi. Патшалы Ресей бай-сұлтандардың балаларына арнап орыс-қазақ мектептерiн ашты.

Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы қаласында “Азиатское училище” және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында қазақ бай-феодалдарының мектептерi ашылды. Орыстандыру, отарлау саясатын қатты сынаған Мұрат Мөңкеұлының, Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының шығармалары халық арасында кең тарады. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi Қазақстан даласында 15-20 жылға созылды.

XIX ғасырдың екiншi жартысында  Қазақстан даласында Ресейдiң алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пiкiрдегi (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б.   зиялы-демократтар   жер   ауып келiп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты қазақ демократ-ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi (44, 6).

Қазақ даласында бiлiмнiң  дамуы мен  қалыптасуына белгiлi қоғам  қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдiң орыстандыру, шоқындыру және байлардың балаларына жеке мақсаттары үшiн бiлiм берудi| көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерiн ашу туралы мәселелердi насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн пайдалануды қуаттады. Осы принцип негiзiнде құрастырылған өзiнiң  “Қазақ хрестоматиясын” (1879 ж.)   жазып, ұсынды.

Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлерi: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң, философияның негiзiн салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлендерi мен қара сөздерi және Құрманғазының музыка өнерi жас ұрпақтарды жетiлдiрiп төрбиелеуде зор ықпалын тигiздi.

XX ғасырдың барысында империалистiк патшалы Ресейдегi   саяси-әлеуметтiк жағдайлар шиеленiсе түстi. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.

Ресей империясының құрамында болып  келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер төңiрегiнде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдiң отаршылық және “орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерiн қайтарып беру және жастардың бiлiм алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Хәлел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, т.б. қазақтың зиялы қауым өкiлдерi ұлттық сана-сезiм мен тәлiмдiк идеялардың көсемдерiне айналды. Қазан төңкерiсiне дейiн шыға бастаған “Дала уәлаяты” (1889-1902 ж.ж.), газетi “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетi (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерi, мүмкiндiктерi, мәдениетi, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса маңызды ой-пiкiрлер жариялап отырды. Бұл орайда, белгiлi қоғам қайраткерi, ғалым-түрiктанушы Ахмет Байтұрсынов “Қазақ” газетiнде былай деп жазады: “...қазақ жерiнде өндiрiс жоқ, шикiзатын сатады, ал сол шикiзаттан жасалған өнiмдi 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшiлiк — бiлiм-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерiнде мектептер өте аз...”, — дедi (“қазақ” газетi, 1913 жыл, N 26, 15 тамыз).

1917 жылы Ленин бастаған коммунистiк  партия Ресей патшасын тақтан құлатып, тарихқа белгiлi Қазан төңкерiсiн жасады, әлемде жаңа империяның негiзi қаланды. Қазақстан ендi орыстар басқарған бұрынғы Ресей империясының мұрагерi жаңа Кеңес Одағының (КСРО) құрамына кiруге мәжбүр болды. Бұл кезең қазақ халқына тиiмдi және тиiмсiз әсерiн тигiздi. Қоғам проблемаларының аса күрделi саласы — сауатсыздық жойылды. Көптеген маңызды кәсiпорындар, электр станциялары, су жолы каналдары салынып, жұмысшылардың жағдайлары едәуiр жақсарды. Мектептер, бала-бақшалар және арнаулы орта, жоғары оқу орындары ашылды. Әлемдiк тәжiрибелерге негiзделген кеңестiк ғылыми педагогика мен психология ғылымдарының негiзi қаланды. Мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары, негiзiнен, орыс тiлiнде жүргiзiлуi талап етiлдi. Әрине, орыс тiлiнде бiлiм беру прогрессивтi роль атқарғанымен, онда қазақ мектептерiнiң оқу-тәрбие жұмыстарына қайшы келген жағдайлар көп болды. Кеңес Одағы кезiнде қалыптасқан педагогикалық тәжiрибелер “коммунистiк идеологияға” негiзделiп, “коммунистiк тәрбие беру” атты саяси-педагогикалық, диктатуралық жүйеге ұласты. 1937—1938 жылғы жүргiзiлген Сталиндiк жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте ұлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң дамуы мен   қалыптасуына   үлкен   үлес   қосқан   қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзi ұлт мәдениетiнiң өсуiн үлкен тежелуге әкелiп соқтырды.

Соғыстан кейiнгi жылдары жаппай орыстандыру мәселесi қолға алынды. Қазақстанның тың жерлерiн игеру  мақсаты отаршылық принципке  негiзделiп, өкiмет тарапынан жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттiк басқару жұмыстары, iс қағаздары, қоғамдық жиындар бiрыңғай орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Шеттен келген басқа ұлттардың Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткiзген өкiмет саясатының нәтижесiнде көптеген қазақ мектептерi, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бөлiмдерi қысқартылды. Халық педагогикасы жөнiнде ғылыми-зерттеулер жүргiзуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәурлердi дәрiптеу санадағы ескiнiң сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистiк идеологияға негiзделдi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдар орыс тiлiнiң аудармасы негiзiнде пайдаланылды. Қазақ тiлiнде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдiстемелiк нұсқаулар жазу назардан тыс қалды. Дегенмен, ұзақ ғасырлардан берi келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмiрдiң қажеттiлiгiне айналуына бағытталған туындылар: М. Жұмабаевтың “Педагогика”, А. Байтұрсыновтың “Оқу құралы”, “Сауат ашқыш”, “Тiл құралы”, “Ж. Аймауытовтың “Тәрбиеге жетекшi”, “Психология” атты еңбектерi, С.Көбеевтiң, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтiң, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтiң, Е.Смайыловтың, М.Ғабдуллиннiң, Ә.Марғұланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезiм көзқарасын қалыптастырды. Кеңестiк дәуiрде педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтiң, А,П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдiң, Т.Тәжiбаевтың, Ә.Сембаевтың, Ә.Сыдықовтың, Қ.Бержановтың, Е.Суфиевтiң, А.Темiрбековтiң, А.Асылбековтың, Қ.Б.Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның, М.Мұхановтың, А.Мәдиннiң, С.Мусиннiң, Ә.Б.Сейтешевтiң, Т.А.Умановтың, Н.П.Хмельдiң, А.Көбесовтiң т.б. әлденеше монографиялық еңбектерi жарық көрдi. Педагогикалык ғылыми-әдiстемелiк “Қазақстан мектебi” журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалiмдерi мен педагог ғалымдардың еңбектерi үнемi жарық көрiп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тiлiнде шығарылып, ғылыми терминдерi қалыптасты. Сөйтiп, педагогика, психология және әдiстеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Алайда Кеңестiк педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында халық педагогикасына терең мән берiлмей, көп жағдайда коммунистiк тәрбие тұрғысынан зерттеу талап етiлдi. Балалар мен жастарға жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершiлiктi мойындарына алған пионер-комсомол ұйымдары негiзiнен коммунистiк тәрбие принциптерiне сүйендi. Қазақ мектептерi, негiзiнен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, оның материалдық-техникалық базасына көп мән берiлмедi. Мектептегi оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдiстемелiк нұсқаулар ұлттық тәлiм-тәрбиенiң ерекшелiктерiмен санаспаған, орыс тiлiнде жазылған еңбектердiң аудармалары арқылы жүзеге асырылды.

 

1.3. Ғылыми-педагогикалық  ойдың қалыптасуы

 

Шоқанның өскен ортасы. Әжесi Айғанымның, әкесi Шыңғыстың маңына аңшы, әңгiмешi, ертекшi, әншi, күйшi, ақын, құсбегi т.б. өнер адамдарының үйiр болуы. Олардың Шоқанның жастайынан қазақ өнерiмен сусындауына ықпал етуi, Ауыл молдасынан оқып хат тануы. Ел билеу тiзгiнiн берiк қолда ұстау мақсатында Шыңғыстың 11 жасар Шоқанды Омбыдағы Кадет корпусiне әскери оқуға беруi. Шоқанның орыс тiлiн тез меңгеруi. Шоқанның Омбыдағы Кадет корпусiнде оқу кезiнде озық ойлы орыс интелигентерiнен бiлiм алуы. Оның ұстаздары И.Вас.Ждан, Пушкин, Николай Федорович Костымцский, Александр Андреевич Сотников, Василий петрович Лобадовсий т.б. болуы: Орыс география қоғамының негiзiн салушы П.П.Семенов – Тяньшанский, географ ғалым Н.Г.Потанин, саяси жер ауып келген орыс зиялылары: Ф.М.Достаевский, С.Ф.Дуров, А.Н. Майковтармен достық қатынаста болуы. Олардың прогрессивутiк идеяларының Шоқанға тигiзген әсерi; Шоқанның Кадет корпусында оқып жүрiп те Батыс-Шығыс халықтарының әдебиетiмен, тарихымен, салт-дәстүрiмен, дiнiмен, тiлiмен терең танысуы.Шығыс халықтарының әдет-ғұрпын, тұрмыс-тiршiлiгiн, тiлi мен дiни наным-сенiмдерiнжетiк бiлген Шоқанды Батыс Сiбiр генерал-губернаторы қырғыз елi мен ұлы жуз қазақтары, Қытайдың Жоңғария даласына саяхатқа жiберуi 1856-57 ж.ж. Шоқанның Қазақ, Қырғыз, Дұнған, Ұйғыр, Қытай халықтарының салт-дәстүрiн, ауыз әдебиет үлгiлерiн, тарихын зерттеп еңбектер жазуы; Сiбiр қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы жазба”, “Жоңғария очерктерi”, “Қырғыздың манас жыры туралы”, “Абылай”, “Шаман дiнiнiң қазақтар арасындағы қалдығы” деген еңбектерiнiң мазмұны мен тәлiмдiк мәнi .Шоқанның ел билеу мәселесiн демократиялық жолмен шешпек болуы. Қазақ қыздар тәрбиесi жөнiндегi ой-пiкiрлерi. Шаман, мұсылман дiндерiнiң шығу тарихы туралы ойлары. Қырғыз халқының Алатауға келiп орналасуы, салт-дәстүрi туралы көзқарасы.  Манас жыры туралы ойлары, онда кездесетiнқазақ батырларының (ЕРсайын, Ер Қосай, Орақ-Мамай) аттары жөнiнде, қазақ-қырғыз салт-дәстүрлерiнiң ұқсастық себептерiтуралы пiкiрлерi, Шаман дiнiнiң шығу тарихы, Шаман дiнiмен байланысты ырымдардың қазақ арасында күнi бүгiнге дейiн сақталуы. (Айға бата жасау, отқа май құю, келiннiң отқа салар апаруы, ауру адамды отпен аластау). Шоқанның қазақ ырымдарын талдауы, (көз тию, садақа беру, әулиелердiң басына түнеу, ақ сарбас айту, хайуанаттарды киелi санау, буаз аңдарды атпау т.б.) Қорқыт Көрұғлы туралы, Асанқайғы жөнiндегi ой-пiкiрлерi. Шоқанның қазақ салт-дәстүрлер мен дiни наным-сенiмдердi зерттеу еңбектерiнiң құндылығы. Шоқанның 1860-61 ж.ж. Петербургтегi сапары кезiндегi ғылыми қызметiне сипаттама; Шоқан өмiрiнiң соңғы кезеңдерi (Чернияев армиясынан кетiп қалуы, Тезек төренiң ауылына барып, оның қарындасына үйленуi). Шоқан еңбектерiн зерттеушiлер: Ә.Марғұлан, Қ.Хайдарова, Б.Сүлейменов т.б. Шоқанның есiмiн мәңгi есте қалдыру жолында iске асырылған iс-шаралар:

Қазақстан ұлттық ғылым  академиясының тарих және археология институтының , Көкшетаудағы университеттiң оның атымен аталуы, Алматы, Көкшетау қалаларында оған ескерткiш орнатылуы, көшелердiң аты берiлуi. Талдықорғанның  Алтын-Емел станциясындағы бейiтiне ескерткiш орнатылуы, Алтын -Емелде, Көкшетауда мұражай ұйымдастырылуы, оның атындағы тарихи ғылыми еңбектерге жыл сайын мемлекеттiк сыйлық тағайындау, орысша-қазақша оның көптомдық еңбектерiн шығару т.б. iстер атқарылды.

Ыбырайдың атасы Балғожа  бидiң тәрбиесiнде болуы, оны Балғожаның өз орнына әкiм етiп тәрбиелеудi көздеуi. Орынбор шекара комиссиясы жанында 1850 жылы ашылған орыс-қазақ мектебiне берiп тiлмаш, писарь етiп шығаруы.

Ыбырайдың ауыл-ауылды аралап елден қаржы жинап 1864 ж. Торғайда тұңғыш орыс-қазақ бастауыш мектебiн  ашуы. Әсiресе соңғы 10 жылда Торғай облысында мектеп инспеторы болып, оқу-ағарту iсiмен айналысуы. (Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда, Красноуфимскiде орыс-қазақ мектептерi, Қостанай, Торғай, Ақтөбеде қолөнер училищесiн, қыздар пансионатын ашуы).

Ыбырайдың “Мұсылмандық тұтқасы” атты (1884) оқулық жазып, дiндi тәрбиенiң құралы ретiнде пайдалануы, шала молдаларға қарсы күресi.

Ыбырайдың проф. Н.И.Ильминскиймен  достық қарым-қатынаста болуы, оны  өзiнiң ағартушылық iсiн алға апаруға  пайдалануы, астыртын миссионерлiк  саясатқа қарсы күрес ашуы, отарлау саясатына қарсылық бiлдiруi.

Ыбырайдың К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой еңбектерiн басшылыққа ала отырып екi оқулық (Қырғыз хрестоматиясы  – 1879, Қазақтарға орыс тiлiн үйретудiң  әдiстемесi – 1879) жазуы. Ол оқулықтардың үш түрлi ерекшелiктерi: бiрiншi – халық  ертегi-аңыздарын пайдалануы, екiншi – орыс, батыс жазушыларының дидактикалық сарындағы еңбектерiн аударып енгiзуi, үшiншiден – өзiнiң ақыл-нақылға құрылған қысқаша әңгiмелерiн енгiзуi; Ыбырайдың Ресей географиялық қоғамының Орынбор өлкетану бөлiмшесiнiң тапсыруы бойынша “Орынбор ведмоствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу, ас беру дәстүрлерiнiң очеркi” мен “Орынбор ведмоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерiнiң очерктерi” (1870) атты еңбектерiн жазып ұсыну:

Онда қазақтың құда түсу, жетi атаға дейiн қыз алыспау рәсiмдерiнiң елдi бiрiктiрудегi прогрессивтiк мәнiн ашып көрсетуiмен бiрге әмеңгерлiк зияндылығын айыптауы;

Молдалардың неке қиюдағы жас қыздарға жасайтын қиянатын, некенiң ерiксiз  қиылатыны айыпталады. Сондай-ақ өлген адамдары жерлеу рәсiмдерiне талдау жасай келiп, молдалардың өлген адамның күнәсiн “сатып алмақ” болып, мал-мүлкiн тонау сияқты жексұрын әрекеттерiн әшкерелейдi. Жоқтаудың тәлiмдiк мәнiн аша келiп, өлген адамның жетiсiн, қырқын, жылын, асын беру, бейiт тұрғызу салттарын жан-жақты талдап баяндайды. Өлген адамға асты 63 жасқа (пайғамбар жасына) келген атақты бай, билерге беретiнi, аста көп мал сойып, аста төк жасайтыны, ысырапқорлыққа жол берiлетiнi айтылады. Күрес, ат бәйгесi, т.б. ұлт ойындары ұйымдастырылатыны, аттың бәйгесi мен күрестiң бәйгесiн рулы елдiң талап алып кетiп, балуан мен ат иесiне түк тимейтiнi, мұның бiр жағы мақтаншақтық-даңғойлық екенi айтылады. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерiн зертеудегi мақсаты дәстүрлердiң шығу тарихына ғылыми талдау жасай отырып, озығы мен тозығын ажырату, тәлiмдiк мән-мағынасын ашу, озық дәстүрдi тәрбиенiң құралы ету едi. Сонымен бiрге қазақ мәдениетiн орыс достарына бiлдiрудi мақсат еттi. Ол сол кездегi орыс чиновниктерi ойлағандай қазақтардың “ұры”, “тағы, көшпелi, жабайы халық” емес, өзiндiк мәдениетi, өнерi бар халық екенiн бiлдiрудi көздедi.

Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы