Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:01, курсовая работа

Описание

Қазіргі Республика мектептеріне білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдар мен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдері ала білу ұлттық мектептер үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамызда «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық мектептердің» қалыптасуы мен даму тарихы зерттеудің мәні орасан зор.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
1.1. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында жүргізілген елдегі оқу-ағарту жұмыстары..............................................................................................................5
1.2. Алғашқы қазақ ағартушы-ойшылдары және олардың дүниетанымдық көзқарастары............................................................................................................9
1.3. Ғылыми-педагогикалық ойдың қалыптасуы............................................12
2 Халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеру және қалыптастыру жолында
2.1.Қазақ ағартушы азаматтары көзқарастарының ықпалынан туындаған елдегі өзгерістер.............................................................................................18
2.2. Зиялы азаматтардың қазақ халқы арасында жүргізген оқу-ағарту жұмыстары.............................................................................................................22
Қорытынды............................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Улттык педагогиканын калыптасуы.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

ХІХ ғасырдың соңына қарай  жәдидшілдік оқу  жүйесі кең өріс алып «Ғалия», «Хусейния», «Мухаммедия» секілді медреселер жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. Жәдидтік қозғалыстың нәтижесінде жаңа заман талабына сәйкестендірілген медреселер ашылды. Жәдидшілер мұсылман дінін теріске шығарған жоқ, керісінше, «Құранды» әр ұлттың өз тіліне аударып, оның мағынасын түсінуге көп көңіл бөлді. Сөйтіп, оны жәдид мектептерінде негізгі пәндердің бірі ретінде оқытуды көздеді.

1917 жылдан кеңестік  үкіметтің орнауы  бастауышта берілетін  білім мен тәрбие  жұмыстарын жаңаша  ұйымдастыруды және  бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын оқу мекемелеріне жаңа құрылымдық жүйесінің пайда болуына ықпал етті. Сондай-ақ, мұғалімдерді қайта тәрбиелеп, кеңсе мектебін орнатушы белсенді қайраткерлер қатарына қосу ісі маңызды болды.                                            1918-1919 оқу жылында курста 40 оқушы (І курста 21, ІІ курста 19 ) білім алды, 18 бастауыш мектеп  мұғалімі бітіріп шыққан. Сонымен бірге курстың жанынан қысқа мерзімді жазғы педагогикалық курс жұмыс істеді. Мұғалімдер семинариялары алты қалада (Алматы, Омбы, Ақмола, Семей, Орынбор, Орал) үш жылдық педагогика курстары болып қайта құрылды. Осы кезеңде Қазақ АССР Кеңестерінің 1 құрылтай съезі “Халық ағарту туралы ережелер” бекітті, онда кеңестік жаңа зиялы қауым кадрларын дайындау мәселесі де қойылды.  1920 жылдың 1- маусымынан бастап барлығы 1000 мұғалім даярлайтын          4 айлық курстар ашуды ұйғарды. Мұндай 4 айлық курстардың бағдарламалары мынандай пәндерді қамтыды: социализм тарихы, саяси экономика, Кеңес Конституциясымен байланысты мемлекет және құқық туралы ілім, ислам тарихы (түрік тайпаларының тарихы), география, орыс әдебиетінің тарихы, арифметика, жаратылыстану, ән үйрету, мектеп гигиенасы, сурет және мүсін салу, педагогикадағы жаңа ағымдар, еңбек мектебінің принциптері, балалар әдебиеті, ана тілінің әдістемесі, арифметиканы, географияны, тарихты, жаратылыстануды оқу, еңбекке үйрету әдістері, ауыл  шаруашылығы, қол еңбегі. Бірақ білімді оқытушылардың болмауынан көп пәндерден сабақ өткізілмеді.

Мектепке  дейінгі тәрбие орындары мен бастауыш (жеті жылдық) мектепке керекті педагог кадрлар даярлау үшін Ташкентте  қазақ педагогика училищесі ашылды. Бұл училищеде оқу мерзімі бастауыш мектептің жоғары сыныптарының болашақ мұғалімдері үшін үш жыл, бастауыш мектептің төменгі үш сыныбының мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбие орындарының басшылары үшін екі жыл болды. Оқуға кемінде орта білімі бар еркек-әйелдер толық құқылы болып қабылданды.

Осы жылдары екі жылдық педагогикалық курстар  ашылды, ал оның бағдарламасына енген пәндер:1.Арифметика. 2.Геометрия. 3.Гигиена. 4. Ислам тарихы: Мұхамедтен түріктердің арабтарды жаулап алуына дейінгі кезең. 5. Дін ілімі. Исламның философиясы мен негіздері. Исламды басқа діндермен салыстыру. 6.Педагогика. Тән және жан (рухани) тәрбиесі. Дидактика. 7. Қазақ тілі. Қазақ тілінің этимологиясы мен синтаксисі. (Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері бойынша). 8.Қазақ тарихы. (Шәкәрім Құдайбердиев еңбектері негізінде). 9. Физика. 11. Анатомия. 12. Зоология.14. Орыс тілі.15.География. 16. Әлем тарихы. Аталған пәндерден басқа кәсіпқой емес, мұғалімдер ән-күй, гимнастика, қол еңбегінен сабақ берген. Мұндай оқу бағдарламаларды Педагогикалық Кеңес төрағасы  бекітіп отырды.

Қазақ АССР үкіметі мұғалімдерді  қайта даярлауды  күшейтті. Халық ағарту институттары мен  педагогтар даярлайтын орта–дәрежелі педагогикалық техникумдар ашылды. Техникумның оқу мерзімі 5 жылға созылды. Мамандар дайындаудың бағыты:1. І-ІІ басқыш мектептер үшін мұғалімдер даярлау; 2. Мектепке дейінгі оқыту жұмысы; 3. Мектептен тыс оқыту қызметкерлерін дайындау; 4. Мектептен оқу жүйесіне инструкторлар дайындау. Әр аймақтағы елдің сауатын ашып, оқуға, білімге жетелейтін, мектептерге мұғалім кадрларын дайындайтын оқу орны осы педтехникумдар болды. Мұнда: студенттерге орындар ояздар аралығында бөлінді; техникумның негізгі сыныбына 15-20 жасқа дейінгілер, дайындық бөліміне 13 жастан жоғары және 20 жасқа дейінгілер қабылданды; техникумның бірінші негізі сыныбына мектеп көлемінде білімі бар немесе  5-7 сыныптық білімі барлар қабылданды. Оқу мерзімі 200 күн болды. Зерттеліп келтірілген деректерге  қарағанда, кеңес үкіметінің алғашқы күндеріндегі халық ағарту саласында мұғалім мамандарының жетіспеуі де ерекше орын алғанын байқаймыз. Сондай-ақ, сол кезде мұғалім мамандарын даярлау екі сатымен жүргізілгенін сонда да болса, қазақ өлкесіндегі оқу ағарту саласы мен мектептерді толық қамти алмағанына көз жеткіземіз.

1930-1932 жылдар аралығында  жоғары дәрежелі  білімді 445 мұғалім,  оның /65-і қазақ/  және 1069 орта дәрежелі  білімді  мұғалім  /770-і қазақ/ даярланды,  педагогикалық техникумдардағы  оқу  мерзімі қысқартылып, мұғалімдерді тездеп даярлау бағыты іске асырылды. Басқа салаларда жүрген мұғалімдік білімі бар адамдар мектепке қайтарылды.

Бұған дейін де, кейін  де бастауыш мектептер  жоқшылықтан қол  үзіп кете қоймады. Қиыншылықтар мен кемшіліктер  жаппай бастауыш білім беру ісінің жүзеге асырылуын еш жоққа шығара алмайды. Дегенмен, қазақ зиялылары құрған қазақ ұлттық бастауыш мектебінің ыдырауына алып келді, мектептегі жазу-оқу жұмыстары латын таңбасына ауыстырылды, әрі өкімет тарапынан жасалған қазақ ұлты үшін тағы бір кедергі - рухани байлықтан арылу кезеңі еді.

 

 

2.2. Зиялы  азаматтардың қазақ халқы арасында  жүргізген оқу-ағарту жұмыстары

 

       XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні орасан күшті. Осы кезеңде қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен әсіресе, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы болды. Әрине, бұдан аталмыш осы газет-журналдан басқа баспасөздер болған жоқ деген ой тумайды. Барлық баспасөздің өзіндік орны, мақсат-міндеті, саясилығы, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар. Біз 19 ғасырдың 2 жартысы мен 20 ғасырдың 1 жартысындағы қазақ баспасөзінің ішінде «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына тоқтала кетейік.

Тройцк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрген журнал - «Айқап»  журналы. Оның шығарушысы, редакторы демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаражысымен шыға бастады, оған жәрдемдесушілер де табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айыны бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.

Жәрдемдесушілер көбейіп  және өзі қаржыға ие болғаннан  кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына  екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Профессор Қ.Бекхожиннің дәделдеуінше «Айқаптың» тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың бес жыл ішінде 89 саны жарық көрген.

«Айқаптың» алғашқы  санындағы «Қызмет иесі мырзалар»  деген мақалада: «Журнал шығарудағы мақсат-атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды…Журналымызға «Айқап» деп есім бердік…Біздің қазақтың «Айқап» демейтұғын қай ісі бар ! «Қап !» дегізген, қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкінішімізге лайық «Айқап» болды»,-деп жазылды.

«Айқап» әр материалдың  мазмұны мен тақырыбына жете көңіл  бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде "«шық хат"»деген айдармен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сиез, сайлау т.б)., тақырыптар бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. «Фельетон», «Хабарлар» сияқты айдарымен материалдар журналдың орта тұсынан орын алды. Ал шетел жаңалықтарын, көңіл айтулар мен басқармадан ескертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.

«Айқаптың» «Өлең-жыр», «Фельетон», «Хабаршыларымыздан», «Ашық хат», «Басқармадан жауап» деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыпытылықты, жүйелікті танытады. Журналдың безендіру мәселесіне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдан айқын аңғаруға болады.

«Айқап» өз кезеңіндегі  үздік журнал болды. Оның әр санын  жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань  губерниясына қосылған Бөкей Ордалары мен Кавказ округына қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қостанайдан, Қызылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқаралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан, Шиеліден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.

Журнал  бетінде кейде  «Одан-бұдан», «Мұсылмандар түсінуге тиісті мәселелер» деген айдарлар бойынша да материал жарық көрді. Кейін оларды алмастырған «Хабарларымыздан», «Хабарлар» айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.

«Айқаптың» хатшысы  болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанбетов, Есенғали Хасаболатов т.б. қатысты. «Айқап» және оның редакторы сол кездегі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы-жер мәселелесі екенін жақсы түсінді. Мұны олар бектік-феодалдық қалдықтарына қарсы күрес барысында батыл көтере білді.

1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу  және Сырдария облыстарын басқару жөнінде уақытша ереже» шықты. 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторларының қырлық облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Барлық жер мемлекет меншігі, тек хан тұқымдарына патша «сыйлаған» жер ғана жекеменшік боп танылды. 1895 жылдан 1906 жылға дейін «Щербина экспедициясы» патшаға қазақ даласының ең шұрайлы жерлерін мәлімдеп отырды. 1870-1890 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді. Осыған байланысты ұлт араздығы да күшейе түсті. Түтін, мал, егін, т.б. салықтар және тасымал саудасы бұрынғыдан да артты. 15 тиындық ұстара бір қойға, 6-7 сомдық самауырын 20-25 сомға дейін сатылды.

«Айқап» осындай тонаушылық саясатының барынша белең алған  тұсында жарық көрді. Сондықтан  да бұл мәселелерді кеңінен жайды. Отырықшылық өмірге көшу, поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы ұсыныстар жасап, кеңестер берді. Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады. Айқаптың» 1912 жылғы 31-санында патша өкіметінің басқару-әкімшілік істері жөніндегі отаршылдық саясатын сынаған бас мақала жарияланды. Онда 1867-1868 жылдардағы Ережелерді патша үкіметінің тек үстем тап өкілдері кеңесімен шығарғанын, комиссия мүшелері-болыс, билер өз пайдаларын ғана көздегені, оны тек марқұм Шоқан Уәлиханов ғана әшкерелеп, Дала генерал-губернаторына хат жазғаны, қазақ үшін сайланған халық судьяларының пайдасыз екенін мәлімдегені айтылды .

«Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем  тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдарда жарияланды. Мысалы, журналдың 1911 жылға 4-санында  «Бөкей ордалықтары» деген корреспонденцияда: «Бұрынғы үй басына жеті жүз десятина жер қазір үй басына жиырма десятинадан келеді. Жарлы болдық дейміз, енді біз жарлы болмай кім жарлы болсын. Әлі біз былай отыра берсек, мұнан да жарлы болармыз»,-деп жазылды. Сондай-ақ «Айқаптың» 1912 жылғы 12-санындағы Хабибулла Мекеровтың «Болыс пен Шотан» әңгімесінде Шотан құл мен болысты сөзбен таластыра отырып, қанаушы таптың ескі феодалдық-патриархалдық өмірді аңсайтынын әшкерелейді, ал құл Шотан бостандыққа жетіп отырықшы болуды қалайды.

М.Сералин патшаның отарлау саясатының түпкі мақсатын дәл тани біліп, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен, оның мына пікіріне құлақ түрелік: «Соңғы он жыл ішінде үкімет…қырғыз-қазақтарды отырықшы қылып өнер үйрететін, өнерге алғызайын, салдырлап көшіп азап шекккенше отырықшы болып жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып, 12-15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ». Дәл былай батыл пікір айту тек Мұхаметжан тәрізді саналы, ержүрек жанның ғана қолынан келмек. Бұл тақырыпқа «Шідерлі болысының елінің отырықшы болып жер алулары"» деген корреспонденцияда Бақытжан Қаратаев: "«Қара шекпендер қырық тоғыз қала салдырып алды. Қара шекпендерге ең жақсы бірінші дәрежелі жерлер кетті. Жеті руға ең жаман жерлер қалды"» - дей келіп, «көшпелі халық-қабір ұлы» деген сөз бар, көшпелі болмақ балиғалық емес, сәбилік белгісі дейді»,-деп қазақ халқын отырықшы болуға шақырады.

М.Сералиннің «Отырықшы  болған қазақтар туралы» деген мақласында «Жаңа болыстық соттардың қазақы дау-жанжалдарды шешуге икемсіз  болып отырғанын мысалдармен дәлелдеп, болыс сот құны 300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды. Қазақ арасындағы жесір дауларының құны көбіне 300 сонан асып кететіндіктен дау-дамай қалай шешіледі?», - деп жұртқа сұрақ қояды, ол үшін «Қазақ әдеттері»-деген кітап шығару қажет дегенді айтады. Мақаланың екінші бөлімі отырықшы өмірдің артықшылығына арналған. «Түпкілікті қоныс болуға жарайтұған жерлер шетке кетіп бітетұғын. Қазаққа қолайсыз жерлер қалатұғын. Түбінде мұндай жерде бытырап жүріп оңбаспыз»,-деп автор басына төнген қатерден қорықпай, халық қамқоры дәрежесінде сөйлейді.

«Айқаптың» 1911 жылғы 3-санында  жарық көрген Бекмырза Бекжановтың  «Қазақтың қазіргі халы» мақаласында  артта қалуымызға басты себеп, феодалдық  қоғам, ұлттық томаға-тұйықтық, көшіп-қонумен  жүріп, көрші елдердің өнегесінен үлгі алмақ екені дұрыс көрсетілген. Осы мақаламен аттас келесі бір материалда озық елдер қатарына қосылу үшін фабрика, заводтар салып, өнеркәсіпті өркендету негізінен тас көмір, темір, шойын алатын, жер қазатын құралдарға байланысты. Ондай жағдайымыз болса, бұл кәсіппен айналысар едік. Орыс, ағылшын, француз елдерінің алға шығып, қуатты ел болып отырғаны да өнеркәсіптің өркендегенінен» - деп дамудың қандай жолына түсу қажеттігіне көңіл аударылды.

Мұның бәрі сол кезең  үшін саяси-әлеуметтік мәні терең мәселелер болатын. Соны журналдың жете түсініп, дұрыс жаза білуі шын мәніндегі үлкен прогресшілдік табыс еді. Халыққа қызмет етуде аса қызмет атқарған келесі бір газет - «Қазақ» Ол - қоғамдық - саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жуық жетке. Бірінші редакторы-белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы - қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы-«Азамат» серіктігі Хусаинов-Каримов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы 265 нөмері жарық көрді.

Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы