Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 17:54, курсовая работа
Жалпы кез-келген ғылымда қарама-қарсылық ұғымы кеңінен сипатталынып, ауқымды түрде түсіндіріледі. Аталмыш ұғым туралы ғылыми бастама ежелгі замандарда ғылымдардың атасы философия ілімінде өте күрделі категориялар қатарынан орын алған. Сөйтіп ғылымның психология, логика, лингвистика салаларында өзіндік сипатқа ие болды. Тілдегі қарама-қарсылық ұғымының пайда болуының негізі философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңынан” бастау алады.
Кіріспе .................................................................................................
3
І
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
Фразеологизмдер ................................................................................
5
1.1.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы .....................
5
1.2.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
фразеологизмдердің жасалу жолдары ..............................................
11
1.3.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен
фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен
ұқсастықтары ......................................................................................
12
ІІ.
Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік
парадигмалар ......................................................................................
14
2.1.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік
фразеологизмдердің болымсыздық категориясымен байланысы .
14
2.2.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен
байланысы ...........................................................................................
16
2.3.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
фразеологизмдердің контексте орын алуы ......................................
19
Қорытынды .........................................................................................
22
Қолданылған әдебиеттер ...................................................................
Мазмұны
Кіріспе .............................. |
3 | |
І |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес |
|
Фразеологизмдер .............................. |
5 | |
1.1. |
Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы ..................... |
5 |
1.2. |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес |
|
фразеологизмдердің жасалу
жолдары .............................. |
11 | |
1.3. |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен |
|
фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен |
||
ұқсастықтары .............................. |
12 | |
ІІ. |
Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік |
|
парадигмалар .............................. |
14 | |
2.1. |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік |
|
фразеологизмдердің |
14 | |
2.2. |
Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен |
|
байланысы .............................. |
16 | |
2.3. |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес |
|
фразеологизмдердің контексте
орын алуы .............................. |
19 | |
Қорытынды .............................. |
22 | |
Қолданылған әдебиеттер
.............................. |
23 |
Кіріспе
Жалпы кез-келген
ғылымда қарама-қарсылық ұғымы
кеңінен сипатталынып, ауқымды түрде
түсіндіріледі. Аталмыш ұғым
Тілдегі антонимия құбылысы психолингвистикалық, семантикалық, гносеологиялық аспектлерде кеңінен зерттелді. Тұрақты сөз тіркестері де антоним қасиетіне ие бола алады. Тіл біліміндегі қарсы мәнді фразеологизмдердің туындауына адамның ой-санасында объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар, табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды салыстыру және осы ұғымдарды бір-біріне қарсы қою секілді қабілеті әсер еткен. Дегенмен, фразеологиялық антонимдер лингвистиканың кешірек зерттеле бастаған, әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет ететін дүниесі. Аталмыш мәселенің тіл біліміндегі өзектілігі жөнінде академик І. Кеңесбаев былай дейді: “Фразеология саласында басы ашылмаған, тіпті, күн тәртібіне қойылысының өзі принцптік тұрғыдан шешілмеген мәселе антонимия. Жеке сөз лексема көлемінде айдан анық көрінетін, осы құбылыс тиянақты сөз тіркесі аясында көмескеленіп айқын аңғарылмайды. Әйтсе де, фразеологизмдер табиғатында «сырт» тұрпаты жағынан да «ішкі» ұғымы жағынан да қарсы мағына сипатындағы тіркестердің бары анық. Алайда бұл да танылып жетпеген категория. Фразеологизмдер ішінде өзара қарсы мағына беретін сыңарлардың бары анық болса да, олардың типтері әлі де тереңірек зерттеуді, тексеруді қажет етеді. Арада жарты ғасырдай уақыт өтсе де, қарсы мәнді фразеологизмдердің қыр-сыры ашылып, топтастырылмағаны баршаға аян” [2, 10].
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда синонимдік фразеологизмдердің семантикалық категорияларына қатысты мәселелер ғана қарастырылған, ал қарсы мәнді фразеологизмдер оның ішінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік фразеологизмдерді салыстыра зерттеу назардан тыс қалған тақырып. Сол себепті, жеке сөз, лексема көлемінде анық байқалатын антонимия құбылысын екі тілдік фразеологизмдердің ауқымында қарастыру жан-жақты талдауды қажет ететін тың мәселе. Олай болса, ана тіліміздегі мағыналары қарама-қарсы мәнде жұмсалатын антоним фразеологизмдердің топтарын, тілдік ерекшеліктерін ағылшын тіліндегі антонимдік фразеологизмдермен салыстыра зерттей отырып, ұлт, тіл, мәдениет пен өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау өзекті мәселелер қатарына жатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – екі тілдегі антонимдік тіркестердің мағыналық сипатын ашу, контексте қолданылу ерекшеліктері мен олардың қызметін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттерді шешу көзделді.
Зерттеу объектісі: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер.
Зерттеу пәні: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің семантикалық парадигмасы.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Тақырыптың мақсатына сәйкес екі тілдегі антонимдік фразеологизмдердің жұбын табуда топтастыру, жинақтау, статистикалық, жүйелеу әдістері және салғастырмалы әдіс басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
1.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер. Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 жылы шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген: «Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика – грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер. Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік бірліктер, қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде болуы мүмкін.
Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы лексикологиямен жақындасатынына негізделген.[1,223]
Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық сөздермен) мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.
Мысалы:
ұзақ түнді көзбен
атқызды фразеологизмі –
Ал кең мағынада фразеологизмдерге жататын мақал – мәтелдер мен қанатты сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық) бірліктердің т.б. өздеріне тән лексика – грамматикалық, стильдік ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қолданылатындығы, құрылымының тұрақтылығы жағынан ғана фразеологизмдерге жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздердің беретін мағынасына балама, парапар емес, көбінесе бейнелі түрде астарлы мағынада жұмсалады.
Мысалы:
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Мың сіз – бізден бір шыж – быж; алыстан арқалағанша, жақыннан дорбала т.б. мақал – мәтелдің сипаты осындай.
Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы. Фразеологизм мен сөйлемнің құрылымдық жағында формалды жақындық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі.
Қарама-қарсылық ұғымының әртүрлі ғылым салалары мен тіл біліміндегі сипаты атты бірінші тараушада “қарама-қарсы” және “қайшылық” ұғымдарының мәні философия, психология, логика және тіл білімі салаларында қалай түсіндірілетіндігі жөнінде сөз қозғалады.
Осы орайда философиядағы Аристотель, Гегель, И. Кант, В.И. Горбач, логикадағы Д.П. Горский, А.Д. Гетманова, психолингвистикадағы Қ. Жарықбаев, Ф.Н. Гонобалин, С.Н. Кахиани, А.А. Брудный, Э.И. Родичева, В.А. Маслованың зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдар басшылыққа алынды.
Философиялық тұрғыда қарама-қайшылық бірін-бірі жоққа шығару қасиеттерін иеленсе, осы қайшылықтың екі шегі қарама-қарсы құбылыстар болып табылады деп түсіндіріліп жүр.
Салыстыру нәтижесінде философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңының”: 1. Ажырамас бірлікте болу; 2. Әр қилы ғана емес, сондай-ақ біріңғай қарым-қатынаста тұрып бірін-бірі жоққа шығару; 3. Бір-біріне өту [1, 224.] сияқты басты белгілері тілдегі қарсы мәндес ұғымдардың төмендегідей белгілерімен ұштасып жатады:
1. Қарама-қарсы ұғымдар
бір-бірімен тікелей тығыз
2. Қарама-қарсы мәндес
жұптар бірін-бірі жоққа
3. Антонимдер көбінесе
қарамa-қарсы мағынада
Психолингвист ғалымдар тәжірибеде адамдардың ассоциациялы ойлауы негізінде қалыптасқан жауаптары арқылы берілген ұйытқы сөздің түрлі қарама-қарсы жағын айқындаған.
Тіл білімінде фразеологиялық антонимдерге қарағанда лексикалық антонимдер көбірек қарастырылып, әртүрлі аспектіде талданған. Тілдегі фразеологизмдердің мағына қарама-қарсылығын анықтауда зерттеушілердің лексикалық антонимдерде ұшырасатын ерекшеліктерді негіз етіп алуы да осы себептерге тікелей қатысты.
Сөз мағыналарының жұмсалымдық
қызметіне тән коммуникативтік-
Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес Фразеологизмдер