Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес Фразеологизмдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание

Жалпы кез-келген ғылымда қарама-қарсылық ұғымы кеңінен сипатталынып, ауқымды түрде түсіндіріледі. Аталмыш ұғым туралы ғылыми бастама ежелгі замандарда ғылымдардың атасы философия ілімінде өте күрделі категориялар қатарынан орын алған. Сөйтіп ғылымның психология, логика, лингвистика салаларында өзіндік сипатқа ие болды. Тілдегі қарама-қарсылық ұғымының пайда болуының негізі философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңынан” бастау алады.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................
3

І
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес


Фразеологизмдер ................................................................................
5

1.1.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы .....................
5

1.2.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес


фразеологизмдердің жасалу жолдары ..............................................
11

1.3.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен


фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен


ұқсастықтары ......................................................................................
12

ІІ.
Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік


парадигмалар ......................................................................................
14

2.1.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік


фразеологизмдердің болымсыздық категориясымен байланысы .
14

2.2.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен


байланысы ...........................................................................................
16

2.3.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес


фразеологизмдердің контексте орын алуы ......................................
19


Қорытынды .........................................................................................
22


Қолданылған әдебиеттер ...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Сакен курсовая.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

Фразеологиялық парадигма  сипаттаушы мен сипатталушы ұғымаралық байланыстан туындап, бір ұғым басқа  бір абстракт ұғымның мәнін анықтауға қызмет атқарады. Мысалы, Бала мінез ойыншы бұрынғылар, Аңқау екен мазақтап, соны сынар. Артқа қарап, ақ пейіл шалға күліп, Абиырсыз, атақсыз көрге құлар (А) дегенде ақ пейіл тіркесінің сенгіш мағынасында,  Ақылды деп, арлы деп, ақ пейіл деп, Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп (А) дегенде ақ пейіл адал мағынасында қолданылады. Бір ғана ақ пейіл тіркесінің екі түрлі мағынада жұмсалуы – коммуникативтік қажеттіліктен туындаған парадигмалық жүйе. Ақ түске тән ұғымаралық сипаттан қалыптасқан фразеологиялық парадигма ақ жүрек, ақ көңіл, ақ ниет тіркестері арқылы адалдықты білдірсе, аққа тарту тұрақты тіркесі әділдікті жақтау, ақ өлім тұрақты тіркесі қаза туралы ақпарат береді.

       Терминологиялық парадигма бір сөздің ішкі түрін айқындайтын семалардың түйісуінен туындап, сол сөздің бірнеше ғылым саласында қолданылуына арқау болады. Мысалы, ассимиляция сөзінің ішкі семасы – ұқсату, сіңісу, сіңу. Осы семасы арқылы ассимиляция сөзі лингвистика ғылымында үндестік заңы болса, тарих ғылымында бір халықтың өзінен үлкен екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін т.б ұлттық ерекшелігін жоғалтуы, ал психология ғылымында ұлттық сананың жоғалуына байланысты ұлттық психологиялық ерекшеліктердің трансформациялануы, экология ғылымында зат алмасуының бір көрінісі ұғымының мәнін анықтайды. Аталған мәселелер тілдік қолданыстағы лексикалық мағынаның прагматикалық қызметін анықтап, сөз мағыналарының коммуникативтік-танымдық концепциясын танудың жолдарын көрсетеді.

Атаулардың коммуникативтік-танымдық концепциясы. Тиянақты ойды хабарлау және қабылдауда сөздердің атау ретінде  қолданылу ерекшеліктері бар. Атаулар  – белгілі бір заттар мен құбылыстар туралы нақты ақпараттың адам танымында  орныққан таңбалық көрсеткіші. Олар тілдік қатынастың әлеуметтік сипатын анықтауда басты рөл атқарады. Тілдік қатынас интеллектуалдық бағытта орындалса, қарым-қатынас жасауға негізінен, ғылыми танымдағы атаулар тірек болады. Тілдік қатынас ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған бағытта орындалса, жалпыхалықтың танымына ортақ атаулар басты қызмет атқарады. Тілдік қатынас ұлттық рухани бағытта болса, сол этностың танымына тән атаулар тірек болады.

Ғылыми танымдық атаулардың қолданыс аясындағы жұмсалымдық  қызметі үш түрлі: 1) арнайы ғылым саласында кәсіби лексика көлемінде қолданылады; 2) ғылыми тәжірибе нәтижесінде пайда болып, жалпыхалықтық сипатта қолданылады; 3) әрі ғылыми, әрі жалпыхалықтық мәнде жұмсалады. Бірінші топтағы атаулар ұлттық ғылым деңгейіндегі терминдер, кірме терминдер, балама терминдер, баламасыз терминдер түрінде жіктелді. Ұлттық терминдер қазақ ғылымының жетістіктеріне, қазақ ұлттық ғылым тілінің өміршеңдігіне жол ашады. Мысалы, Ақын тілі – лебіз өрнегі. Ақын тілімен сөйлегенде сөзге айырықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады немесе айтыс – шығарманың түрі деп А.Байтұрсыновтың қазақ филологиясының терминдерін қалыптастыруы ұлттық терминдер жүйесін құрайды.

Адам атымен аталатын эпонимдер кірме терминдер ретінде  жұмсалып, жеке тұлғаның ғылымдағы жетістіктерінен, жаңалығынан хабар береді. Мысалы, Ньютон заңы қозғалысқа тән үш түрлі заңдылық туралы ақпарат беріп қана қоймай, ғылыми зерттеу нәтижесінің белгілі бір адамға тән екенін көрсетеді. Бұл терминнің өзіне тән арнайы ерекшелігінен тілдік тұлға мәселесі көрініс табады. Сондықтан оларды аудармай кірме термин түрінде қолдану орынды. Балама терминдер – басқа тілден енген терминдердің ұлттық санаға сай аударылып, қолданылу үдерісін көрсетеді. Ал баламасыз терминдер этностың тіліне, мәдениетіне сай зерттеулермен байланысты болып, этностық ерекшелікті анықтайды. Мәселен, изафет тек түркі тілдеріне тән заңдылық болғандықтан, сол қалпында қолданылады.

Бірқатар заттық атаулар  ғылыми жетістіктер нәтижесінде  пайда болғандықтан тілдік қолданыста екі түрлі мағынада жұмсалады. Мысалы, ұшақ сөзінің «қос қанатына қосымша винт-пропеллерлі мотор орнатылған  әуе көлігі» деген мағынасы авиация саласында қолданылса, жалпыхалықтық қолданыста «аспан арқылы адам және жүк таситын әуе кемесі» мағынасында жұмсалады.

Адам санасында бұрыннан орныққан табиғи болмыстағы заттар мен құбылыстардың мәні жалпыхалықтық мағынада жұмсалады, ал олар арнайы ғылыми зерттеу нысанына айналса, терминдік мағынада жұмсалады. Бұл жөнінде Б.Қалиұлы: «Қазақ тілінде «жапырақ» сөзі қазір жалпыхалықтық сөз ретінде де, термин сөз ретінде де қолданылады. Сөздің жалпыхалықтық мағынасы – «өсімдіктің өзі, жалпақ, өзі жасыл түсті мүшесі» дегенді, ал терминдік мағынасы – «жоғары сатыдағы өсімдіктердің (төменгі сатыдағы өсімдіктердің емес) бойындағы фотосинтез жүретін, өзіне көмірқышқыл газын сіңіріп алып, оттегін бөліп шығаратын вегативті мүшесі дегенді білдіреді» деп тұжырымдайды [13, 81]. Ендеше, атаулардың коммуникативті-танымдық концепциясы тілдік қатынастың әлеуметтік мәнін анықтап, атаулардың жұмсалымдық қызметін зерделеуге жол ашады.

 Қазақ тіл білімінде  қарсы мәнді фразеологизмдер  мәселесі бүгінгі күнгі дейін  арнайы зерттелмеген. І. Кеңесбаев  мынадай тұжырым жасады: “Фразеологизмдер  ішінде өзара қарсы мағына  беретін сыңарлардың бары анық  болса, олардың типтері әлі де тереңірек зерттеуді, тексеруді қажет етеді” [2, 20.].

 Тіл білімінде ағылшын  тіліндегі фразеологиялық антонимдердің  алғашқы теориялық негізін қалап,  сондай-ақ, осы мәселе жөнінде  идеяны дамытушы – А.И. Алёхина  болатын [12]. Ғалымның теориясының жалғасы Л.П. Зимина (неміс тілі), Т.А. Тонконогова (француз тілі), Ж.К. Қонақбаева (ағылшын, орыс, қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдерді салыстыра зерттеу) сияқты зерттеушілердің кандидаттық диссертацияларында және Е.Н. Миллердің (орыс және неміс тіліне қатысты) ғылыми-теориялық еңбегінде көрініс тапты.

 Аталмыш зерттеушілер  фразеологиялық антонимдерді семантикалық  аспектіде қарастырады. Тек М.Н.  Миллердің “Природа лексической  и фразеологической антонимии”  атты еңбегінде лексикалық және  фразеологиялық антонимдер мәселесі лингвопсихологиялық, логика-философиялық, шығу тегі мен дамуы тұрғысына тұжырым жасалады. Зерттеу еңбегінің тағы бір ерекшелігі – қос тілдің лексикасы мен фразеологиясында кездесетін антонимия құбылысына жан-жақты терең талдау жасау, антонимдердің өзіне тән қасиеттері негізінде олардың тілдегі алатын орны, мәтін ішінде антонимдердің қолданылу ерекшеліктерін анықтау екендігінде.

 Сондай-ақ, антонимдік  фразалық тіркестердің жалпы  мәселелері: ағылшын тіліндегі етістікті  фразеологиялық бірліктердің антоним варианттары (Л.А. Грязнова), антоним компонентті фразеологизмдер (Р.Б. Синюк), етістікті фразеологизмдердегі антонимия құбылысы (С.А. Барсикьян), фразеологиялық антонимдердің прагматикалық функциялары (Л.Н. Зимина ) сияқты ғылыми тақырыптағы мақалаларда қамтылған.

Синтаксистік қызметте жұмсалатын сөзер нақты, абстракт, тұрақты, контекстік мағынада байланысады. Аталған мағыналар сөз тіркесінің қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу формалары арқылы 36 түрлі жолмен семантикалық үйлесімділікке ие болады. Атауыштық мәндегі синтаксистік синтагма мынадай танымдық ерекшеліктерге ие: біріншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер әр түрлі ұғымның мәнін айқындайтын мағыналардың үйлесімділігін танытады. Мысалы, мектепке барды, баланың кітабы деген сөз тіркестерінде бару сөзі мектеп сөзінің дербес тұрғандағы мәнін айқындауға қатысты емес. Сол сияқты бала сөзі кітап сөзінің (немесе керісінше) мәнін танытуға қатысты емес; екіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер барлық сөз таптары сонымен қатар, субстантивтену (зат есімге айналу), адъективтену (сын есімге айналу), вербалдану ( етістікке айналу) адвербиалдану ( үстеуге айналу) арқылы толық мағыналы барлық сөздердің байланысын қамтамасыз етіп, тілдік қатынаста белсенді қызмет атқарады. Мысалы, мына бала, маған келді, малға бай, үлкендер амандасты, еріншектің ертеңі, бесеуін ал, киноға кетті, мен жаспын т.б; үшіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздердің семантикалық үйлесімділігі тең дәрежеде қызмет атқарады. Әр компонент өзінің ішкі мазмұнын анықтайтын семантикасын өз бойына сақтап, дербес атаулар ретінде байланысады. Әр компоненттің семантикасы сөйлеу процесіндегі ой мазмұнын айқындауға қатысты болады; төртіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер синтаксистік валенттілікке ие; бесіншіден, тілдік қатынаста ең жиі қолданылатын қатысымдық бірліктер болады; алтыншыдан, тілдегі сөйлемдердің дені атауыштық мәндегі синтагмалық байланыста жұмсалған сөздерден құралады; жетіншіден, жанасу формасында жұмсалуға қабілетті; сегізіншіден, сөздер бірнеше мағыналарда жұмсалады.

 

1.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің жасалу жолдары

 

Тілдік фактілерден  мағына қарама-қарсылығы фразеологизмдерге  де тән айырықша құбылыс екендігін  аңғардық. Тұрақты тіркестердің қарама – қарсы мағынада жұмсалуы лексикалық антонимдерге қарағанда өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Бұл айқындылық фразеологизмдер мен лексикалық бірліктердің жеке қасиеттері негізінде туындайды.

 Бұл тараушада біз  қос тілдегі антоним фразеологизмдердің  жасалу жолдарының ерекшеліктерін  айқындадық.

 Қазақ тіліндегі  қарсы мәндес мағынадағы тіркестердің  жасалу жолдарының төмендегідей 3 түрін ұсынамыз:

  1. Тұрақты тіркестердің бір немесе екі компонентін тіркестен тыс жеке алғанда өзара қарсы мағыналы болу керек: жақсы атты көріну – жаман атты болу;
  2. Қарама-қарсы мәнде жұп құрайтын фразалық тіркестерде мағынаға өзек боларлық бір сөз қайталанып келіп отырады: ант ішті – антын бұзды;
  3. Тұрақты тіркестердің компоненттерін антонимдік мағына түгел қамтуы керек: ындыны кепкен – бейілі тоқ.

Ағылшын тіл біліміндегі антонимдік фразеологизмдердің жасалу жолдарының төмендегідей үш түрлі сипатын анықтадық. 1. Антонимдік қатар мүшелерінің құрылымы; 2. Антонимдік қатар мүшелерінің саны; 3. Антонимдік қатар мүшелерінің өзара ішкі байланыстары.

 Бірінші белгі бойынша біз фразеологиялық материалдарды талдау нәтижесінде қарсы мәндес фразеологиялық бірліктердің лексикалық жағынан әртүрлі құрылымды және бір-құрылымдық болатындығын байқадық.

 Лексикалық жағынан түрлі-құрылымдық  фразеологизмдерге мысалы : brisk as a bee ↔ slow as a snail; ал лексикалық тұрғыдан алғанда бір-құрылымдық фразеологизмдерге: a day after the firе ↔ a day before the fire, play one’s cards well ↔ play one’s cards badly сияқты мысалдар жатады. Дегенмен, кейбір жағдайда лексикалық түрлі-құрылымдық фразеологизм мен лексикалық бір-құрылымдық фразеологизмдер біріне-бірі қарама-қарсы болуы мүмкін. Мысалы: take a (the) lead; play first fiddle ↔ play second fiddle. Лексикалық құрылымдағы келесі айырмашылықтарды атап өтуге болады: антонимдік қатардағы түрлі-құрылымдық мүшелер толық қарама-қарсы қойылады.

 1. Түрлі лексикалық құрамға : at a low ebb ↔ on the crest of the wave;

2. Жалғыз компонентпен барлық  түрлі құрамдарға : with half a heart ↔ from one’s heart; fishy eyes ↔ eyes like gimlets.

 Антонимдік қатардың лексикалық бір-құрылымдық мүшелердің бір ғана

компоненті бір-біріне қарама - қарсы  қойылады. Мысалы: a bed of thorns ↔ a bed of roses; in cold blood ↔ in hot blood; lose one’s temper ↔ keep one’s temper;

 Екінші белгі бойынша кейбір  антонимдік қатар мүшелерінің саны тек

бинаралық, екімүшелік болуы мүмкін. Мысалы : in good faith ↔ in bad faith; a bird in the bush ↔ a bird in the hand;

 Тағы бір ерекшелігі фразеологизмдердегі  антонимдік қарама-қайшылық екі  бірліктен көп болуы мүмкін. Мысалы: fly (go, slip) off the handle; lose one’s grip (of, on); go off the deep end ↔ pull oneself together; face the music; take things on the chin;

 Үшінші белгіге тоқталар  болсақ, мұнда фразеологизмнің тура  мағынасы компонент бойынша анықталған  жағдайда, антонимдік қатар мүшелерінің өзара ішкі байланыстары фразеологизмнің ауыспалы мағынасын ескеру қажет.

 Егер екі стилистикалық  тұрғыдан тең бірмағыналы фразеологизм  қарама-қарсы қойылса, онда ішкі  байланыстар бір өлшемдік болады. Мысалы: on the other hand – on the one hand, come to the right shop – come to the wrong shop.

 Егер екі немесе одан көбірек бірмағыналық, көпмағыналық, стилистикалық тұрғыдан тең емес, қолданыс аясы әртүрлі фразеологизмдер қарама-қарсы қойылса, онда ішкі байланыстар көп өлшемдік болады. Мысалы: as cold as stone; as cold as charity ↔ as hot as fire; as straight as a diе.

 Антонимдік қатар  мүшелерінің саны бір мағыналы  және көпмағыналы фразеологизмге, стилистикалық тұрғыдан тең немесе  тең емес, әртүрлі қолданыс аясындағы  фразеологизмдер қарама-қарсы қойылса, онда ішкі байланыстар бір-өлшемдік және көп-өлшемдік болады. Мысалы: be in the cart ↔ be in queer street; cut up rough ↔ feel good; get the hump, bury the hatchet ↔ fall foul of , part brass rags.

 Сонымен, тілдегі бір өлшемді және бір және көп өлшемді тіркестер тек ағылшын тіліндегі қарсы мәнді фразеологизмдерге ғана тән екендігіне көз жеткіздік.

 

1.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары

 

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикологиялық және фразеологиялық антонимдердің мынадай айырмашылықтарын көрсетуге болады:

  1. екі тілдегі лексикалық антонимдер фразеологиялық антонимдерге қарағанда көбірек кездеседі. Қос тілдегі лексикалық антонимдердің басым көпшілігі сын есімнен, етістіктен, зат есім мен үстеуден жасалатындығы туралы теориялық еңбектерде қарастырылған болатын.

 Фразеологиялық антонимдерді  жинақтауда олардың басым көпшілігі 

 етістіктен болып,  санаулы болса да сапалық-бағалық  сипатындағы 

 есімдер мен үстеулерде ұшырасады.

  1. екі тілдегі лексикалық және фразеологиялық антонимдердің семантикалық категориялармен байланысы жағынан лексикологияға өте ұқсас. Дегенмен де, бұл тұстан да айырмашылықтар байқалады. Зерттеу нәтижесінде қос тілде де антонимдік фразеологизмдердің синонимдік қатары лексикологияға қарағанда көп ұшырасады. Мысалы: қаз.: қуану ↔ қайғыру – лексикалық антонимдер. “Қазақ тілінің синонимдер сөздігінде” [3] қуану сөзінің шаттану, мәз болу деген екі синонимі беріледі. Оған қарама-қарсы мағынада қайғыру сөзінің налу, күйіну, қапалану, мұңаю, уайымдау деген синонимдік қатары берілген.

Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес Фразеологизмдер