Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 17:54, курсовая работа
Жалпы кез-келген ғылымда қарама-қарсылық ұғымы кеңінен сипатталынып, ауқымды түрде түсіндіріледі. Аталмыш ұғым туралы ғылыми бастама ежелгі замандарда ғылымдардың атасы философия ілімінде өте күрделі категориялар қатарынан орын алған. Сөйтіп ғылымның психология, логика, лингвистика салаларында өзіндік сипатқа ие болды. Тілдегі қарама-қарсылық ұғымының пайда болуының негізі философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңынан” бастау алады.
Кіріспе .................................................................................................
3
І
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
Фразеологизмдер ................................................................................
5
1.1.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы .....................
5
1.2.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
фразеологизмдердің жасалу жолдары ..............................................
11
1.3.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен
фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен
ұқсастықтары ......................................................................................
12
ІІ.
Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік
парадигмалар ......................................................................................
14
2.1.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік
фразеологизмдердің болымсыздық категориясымен байланысы .
14
2.2.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен
байланысы ...........................................................................................
16
2.3.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
фразеологизмдердің контексте орын алуы ......................................
19
Қорытынды .........................................................................................
22
Қолданылған әдебиеттер ...................................................................
Тар көлемдегі контексте антоним фразеологизмдер бір ғана сөйлем ішінде немесе іргелес сөйлемдерде беріледі. Мыс, қаз.: Бала кезімнен бірге өскен Сәуле момын, қой аузынан шөп алмас, ал мен болсам керісінше шаш ал десе бас алатын қыз едім («Ақ босаға»). Әке қаншама ағынан жарылдым дегенде де әлде бірдеңелерді бүгіп қалған (Р. Тоқтаров). Ал, ағыл.: Some of the old French families were poor as church mice but some of them were as rich as Croesus. (U. Sinclair, “World’s End”, ch.2.). At school I always found algebra a very hard nut to crack and for my friend that subject was as child’s play (W. Moss. English Idioms).
Осындай бірінші сөйлемде қой аузынан шөп алмас – шаш ал десе бас алатын, момын-пысық мағыналарын білдіріп тұрған қарсы мәндегі фразеологизмдер бір сөйлемнің ішінде қатар қолданылған. Екінші сөйлемде де дәл солай ағынан жарылу – бүгіп қалу фразеологизмдері ‘бір нәрсені бүкпесіз айту’ немесе ‘жасыру’ деген қарама-қарсы қасиетке байланысты айтылып, бір ғана сөйлем ішінде антонимдік жұп болып тұр. Ал ағылшын тіліндегі мысалдың алғашқы сөйлеміндегі poor as church mice (‘тас кедей’ мағынасында ) фразеологизмі адамның өмір сүру жағдайының бір жақты көрінісі ғана, ал оның қарама-қарсы жағы оған іргелес сөйлемдегі as rich as Croesus (‘шіріген бай’ мағынасында) фразеологизмі арқылы берілген. Екінші сөйлемдегі a very hard nut to crack (‘өте қиын’ мағынасында) ↔ as child’s play (‘өңай’) тіркестері ‘қиын’ немесе ‘оңай’ мағынасында тұрып біріне бірі қарсы мәнде жұмсалып бір ғана сөйлемде көрініс табады.
Кең көлемдегі контексте
антоним фразеологизмдер
Үйдің іші азан-қазан болып, жоқтау айтқан әйелдердің дауысынан күңіреніп кетті. Үйге кірген Сәйтек бастаған көңіл айтуға келген адамдар төрге келіп, жайылған көрпенің үстіне жайласты. “Артының қайырын берсін” – деп Сейтек құран оқи бастады. Үйдегі у-шу, жоқтау айту су сепкендей тоқтады (Ә. Шәріпов). Ал, ағыл.: “This shows Mr. Martell has no intention of recognizing the basic principles of 100 per cent trade union membership. He wants an open shop and the right to interfere in any settlement that doesn’t suit him”, said Mr. Willis. Mr. Martell has written to the point unions asking for cooperation to keep the words open but saying he could not agree to a closed shop. (“Daily Worker”, Dec., 16, 1963.). Мұнда қос тілде де авторлар оқиға желісіне орай қарсы мәнді фразеологизмнің бір сыңарын, қаз.: “азан-қазан болу”, ағыл.: “an open shop” абзац басында қолданса, қарсы жағын абзац соңында қаз.: “су сепкендей тоқтату”, ағыл.: “closed shop” ұтымды пайдалана білген. Өкінішке орай, мағыналары қарама-қарсы фразеологиялық бірліктерді алсақ, олардың бір контексте қолданылуы сирек кездесетін жағдай екенін зерттеу нәтижесінде көз жеткіздік. Сонымен америка және ағылшын әдебиетінен алынған 53 мысалдың үш мысалында ғана “on the one hand” – “on the other hand” антоним тіркестері бір ғана контексте қолданылған.
Қорыта келгенде, қазақ
тіліндегі фразеологизмдердің
Қорытынды
Антонимияға қатысты “қарама-қарсылық” “қайшылық” ұғымдарының мәнін ашып саралай келе, қарама-қарсылық тілдегі антонимияға негізделсе, қарама-қайшылық болымсыздық категориясының ерекшеліктерімен ұштасып жататындығы анықталды;
Әдебиеттер тізімі
Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес Фразеологизмдер