Білім базасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:01, дипломная работа

Описание

Есептеу техникасы дамуының қазіргі кезеңі ЭЕМ бағдарламалық қамтамасына жасанды интеллект элементтерінің кіруімен сипатталады. Білім базалары (ББ) осыған байланысты жасалған. Бағдарламалық қамтаманың объектілерінің тек нақты фактілері кіретін мәліметтер базасынан олардың айырмашылығы - ББ-ға концептуалды, түсініктеме мәліметтері кіреді. Олар табиғи тілде жазылады да, одан басқа объектілер сыныбы туралы мәліметтер де кіреді (олардың байланыстары, қасиеттері).

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................
1.Мәліметтер базасы мен банкі.....................................................................
1.1 Мәліметтерді өңдеу жене оның құрылымы...........................................
1.1.1 Информация жене мәліметтер.............................................................
1.1.2 Мәліметтер құрылымы.........................................................................
1.1.3. Мәліметтер жиынтығы және файлдар................................................
1.1.4. Қол жеткізу тәсілдері...........................................................................
1.1.5 Мәліметті өңдеудің негізгі есептері....................................................
1.1.6 Мәліметтердің өзара байланысы мен..................................................
информациялық қарым-қатынасы................................................................
1.2.Мәліметтер банкінің құрылымы.............................................................
1.3.Ұсталатын мәліметтердің мәліметтер...................................................
базасындағы қасиеттері.................................................................................
1.4.Схемалар және оның бөлшектері............................................................
1.5 Бағдарлама пакетімен МЕВЖ өзара.......................................................
әсерлесу схемасы............................................................................................
1.6. Мәліметтер банкін қолданушылар.........................................................
1.7.Мәліметтердің база әкімінің құрамы......................................................
1.8.Мәліметтерді көрсету деңгейлері...........................................................
1.9.Мәліметтердің негізгі модельдері..........................................................
1.10. Реляциялық алгебра..............................................................................
1.11. Мәліметтер базасын жобалау..............................................................
1.11.1.Талаптарды түрге келтіру және талдау............................................
1.11.2.Астарлы жобалау................................................................................
1.11.3. Логикалық жобалау............................................................................
1.11.4.Физикалық жобалау............................................................................
2.Білім базасы.................................................................................................
2.1.Сараптау жүйесінің жалпылама схемасы..............................................
2.2. Білім және оларды көрсету....................................................................
2.3. Сараптау жүйе білімінің құрамы..........................................................
2.4 Білім базасындағы білім құрамы...........................................................
2.5.Сараптау жүйесін құру методологиясы................................................
2.6.Сараптау жүйесін паидаланушылардың өзара....................................
әрекет үлгісі...................................................................................................
2.7.Диалог жүйешесі - өзара әрекет үлгісі...................................................
2.7.1.Диалогтың жалпы құрылымы..............................................................
2.7.2.Диалогтың тақырыптық құрылымы.....................................................
2.7.3 Диалог қадамының құрылымы.............................................................
2.8. Хабарламалардың талдау және жинақтау жүйешелері .......................
2.9.Басқарушы компоненттердің қызмет үлгісі...........................................
2.9.1.Сараптау жүйесіндегі басқарудың нақты үлгісі ................................
2.9.2.Басқару механизмі түріндегі стратегия................................................
2.10.Сараптау жүйесінің түсіндіру қабілеті..................................................
2.10.1. Түсіндіру параметрлері.......................................................................
2.11.Білімге сусындау......................................................................................
2.11.1 .Білімді игеру сатылары........................................................................
2.11.2.Білімді игеру модельдері.......................................................................
2.11.3.Білім номеклатурасы.............................................................................
2.11.4.Білім деңгейі...........................................................................................
2.11.5.Білімге сусындау құралдары................................................................
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................
Мазмұны...........................................................................................................

Работа состоит из  1 файл

Білім базасы. 54.doc

— 384.50 Кб (Скачать документ)

Талдау мен жинақтау жүйешелерінің міндеті жүйе мен пайдаланушының жекелеген хабарламаларын дайындаудан тұрады. Жүйе хабарларын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады:

1) орындалатын тапсырманың бірнеше атрибутының мәні туралы пайдаланушыға сауал (бастаушы-жүйе);

2) тапсырма нәтижесін пайдаланушыға хабарлау (бастаушы-жүйе);

3) пайдаланушыға жүйенің  қимылы немесе білімі туралы  түсіндіру (бастаушы-пайдаланушы);

4) жүйеге білімнің  қалай қабылданғанын көрсету  мақсатында жүйеге енгізілген жаңа білімнің туындауы (бастаушы, пайдаланушы).

Жүйеде талданатын пайдаланушы хабарламаларын мынадай түрге бөлуге болады: 1) кейбір атрибуттардың мәні туралы сұраққа пайдаланушының жауабы (бастаушы-жүйе); 2) жүйе ұсынған тапсырмалардың нәтижелерін пайдаланушылардың бағалауы (бастаушы-жүйе) ; 3) пайдаланушының қимылды түсіндіруге немесе жүйедегі білімге сұрағы (бастаушы-пайдаланушы); 4) жаңа білімі, әдетте жаңа ережесі бар дерек (бастаушы-пайдаланушы).

Пайдаланушының хабарларды дайындауы кіріс хабарларык талдауға, ал жүйе хабарларын дайындау - шығыс  хабарламаларды талдауға әкеледі.

Талдау мен жинақтау әдістерінің күрделілігі қатынас жасау тіліне, сонымен қатар білімді көрсетуге қолданылатын тілге де баиланысты. Осылайша, мысалы. кеңес беру сатысында қатынас тілі жүйенің нақтыланған сұрақтар жиынтығымен пайдаланушының жауаптарымен қатаң түрде шарттануы мүмкін. Мұндай жағдайларда жинақтау міндеті алдын ала дайындалған сұрақтардың туындауына ұқсайды, ал талдау міндеті - флективті тілдерге морфологиялық анализ жүргізуді қажет ететін сөздер мен сөз тіркестерін дайындау болып келеді. Түсіндіру мен білім алу сатыларында қатынас тілі өте күрделі болады. Мұнда табиғи тілде пайдаланушының енгізетін сұрақтары мен деректерін (ережелерін) білдіру жолдары өте көп. Бұл сатыларда жекелеген сөз тіркестерін емес, сөйлемдерді талдау керек. Осылайша, талдаудың міндеті - сөйдемді сөз тіркестеріне бөліп, сөз тіркестерін одан әрі өңдеуге тура келеді, яғни морфологиямен қатар синтаксис пен семантика да өңдеуді қажет етеді. Апайда сараптау жүйелерінің көпшілігінде ең қарапайым (семантикалық) мағыналнқ өңдеумен-ақ шектелуге болады. Мағыналык талдаудың қарапайымдылығы жүйелердің сарап сапасындары шектеулігі мен білімді көрсету жолдарының қарапайымдылығына баиланысты .

Жүйелердегі білім игеру  мен түсіндіру - сатысындағы жинақтау міндеті - үлгілер мен алдын ала дайындалған хабарларды қолдануды керек етеді. Флективті тілдерде пайдаланушылармен өзара әрекет ету барысында (мысалы, ағылшын тілімен салыстырғанда орыс тілінде үлгілерді қолдануда морфологиялық жинақтау элементтерінің көп кездесетінін атап өту керек.

 

2.7. Диалог жүйешесі - өзара әрекет компоненті

Алдыңғы параграфта диалогқа анықтама беріліп, диалогты үш деңгейде қарауға болатыны көрсетілді: 1) диалог түрін сипаттайтын жалпы құрылым (макроқұрылым); 2) берілген диалогта орындалатын тапсырмалардың құрылымын айқындайтын тақырыптық құрылым: 3) диалогтың қарапайым актінде қатысушылардың өзара әрекет етуін көрсететін диалог қадамының құрылымы. Жоғарыда көрсетілген үш деңгейдің әрқайсысындағы диалог жүйесінің қимылын қарастыра отырып, диалогтың ұйымдастырылуы мүмкін  жолдарын  сипаттайық.

 

2.7.1. Диалогтың жалпы құрылымы

Диалог жүйешесінің бұл  деңгейінде мынадай сатылар бірізділікпен берілуі мүмкін: 1) нұсқау; 2) міндетті айқындау; 3) міндетті шешу;                        4) тапсырманы орындалу барысында түсіндіру, 5) нәтиженің берілуі мен бағасы (жетістігі, кемшілігі); 6) тапсырма орындалғаннан кейінгі түсіндірулер: 7) кемшіліктердің себептерін анықтау және жаңа білімді игеру. Келтірілген сатылардың тізімі көптеген сараптау жүйелері үшін типтік болып саналады. Бұл кезеңдердің нақты диалогқа түгелдей қатысуы міндетті емес, апайда егер олар бар болатын болса, макроқұрылымда көрсетілгендегідей тәртіптер болуы керек. Бір белгінің болмауы пайдаланушының айқын көрсетуімен немесе үнсіз қалуынан болуы мүмкін.

Мысалы, егер жұмыстың нәтижесін жағымды деп бағаласа, үндемеуіне байланысты жүйеде түсіндіру және білімді игеру сатылары қолданылуы ықтимал.

Нұсқау сатысында жүйе өзінің қызметін түсіндіріп, диалогты жүргізу тәртібін анықтайды, пайдаланушыға қажетті құралдарды санамалап көрсетеді. Нұсқауды жүзеге асыру мысалы үшін МҮ-CIN диалогын алайық.

Сіздерді MYCIN қарсы алады.

Ж: Нұсқау? (ИӘ немесе ЖОҚ)

П: ИӘ

Ж: MYCIN сарап жүйесі жұқпалы аурулар туралы кеңес беруге арналған. Сіз қандай да бір адамды емдеу туралы хабар алғыңыз келеді деп ойлаймын. Мен сізге емделушіңіз туралы сұрақтар қоямын. Егер сіз жауабыңызға күдіктенсеңіз, жауабыңыздан кейін оның нақтылық коэффициента жақша ішінде көрсетуіңізге болады (1-ден 10-ға дейін). 10 саны өте сенімді екендігіңізді білдіреді. Егер сіз өткен сұрақтарға берген жауабыңызды өзгерткіңіз келсе, ӨЗГЕРТУ бұйрығын енгізіңіз, одан кейін жауабыңызды өзгерткіңіз келетін сұрақ саны көрсетіледі. Бұл бұйрықты қолданбауға тырысыңыз, себебі оны басқаннан кейін жүйе басынан бастап кеңес беруге кіріседі (пайдаланушыға қайта сұрақ қоймаса да); бұл шешімді алу мерзімін ұзартады. Жүйе сұрағына әсер ретінде сіз келесі хабарды беруіңізге болады: 1) Б-СІЗ (БЕЛГІСІЗ)- жүйе сұрағының жауабын білмесеңіз; 2) ?- жүйе мүмкін жауаптардан мысал келтірсін десеңіз; 3) ??- осы сұрақтың жауабын жүйе толық көрсетсін десеңіз; 4) ЕР (ЕРЕЖЕ)- жүйе сұрақты қоюына негіз болған ережені көрсетсін десеңіз; 5) НЕЛІКТЕН-осы сұрақтың қойылуының нақты себептерін білгіңіз келсе; 6) ҚАЛАЙ_N_НЕЛІКТЕН бұйрығының жауабында келтірілген N мақсатына жүйенің қалай жететінін білгіңіз келсе; 7) В_О - жүйенің кеңес беруін тоқтатып, оның қалпы мен білімі туралы сұрақ қойғыңыз келсе. Егер сіз кеңес барысында қимылдардың тізімін ұмытып қалсаңыз, КӨМЕК бұйрығын басыңыз. Жayап ретінде жүйе сізге қимылдардың тізімін хабарлайды.

(Нұсқаудың соңы).

 

Күрделірек жүйелер  үшін нұсқау пайдаланушының осы сатыда танысуына болатын сұрақтардан тұратын тараулармен бөлінетін текст түрінде болуы да мүмкін. Пайдаланушы курсор арқылы осы сатыда танысқысы келетін сұрақты көрсетіп, жүйе соған сәйкес текстке көшеді. Өз кезегінде бұл текстің мазмұны т.б. болуы мүмкін.

 

2.7.2. Диалогтың  тақырыптық құрылымы

Бұл деңгейде мына мәселелерді шешіп алу керек: 1) тапсырманың құрылымын анықтау, яғни бастапқы тапсырмаларды реттелген көптеген ұсақ тапсырмаларға бөлу; 2) жалпы тапсырманың ұсақ тапсырмаларын диалогқа қатысушыларға бөлу, яғни жүйе қай тапсырманы өзі шешетінін, қайсысын пайдаланушыдан талап ететінін көрсетуі керек; 3) пайдаланушыға түсінікті болатын тапсырмалар мен бастапқы мәліметтердің шақырылуында бірізділікті қамтамасыз ету; 4) пайдаланушыға бастапқы мәліметтер мен пайдаланушыдан алынатын атрибуттардың мәнінің қатынас туындауын жүзеге асыратын механизмдерді анықтау.

МYСIN жүйесі мысалында тақырыпты диалогты ұйымдастырудың мүмкін жолын қарастырайық. Берілген жүйеде жоғарыда көрсетілген сұрақтардың біріншісі контекс ағашының көмегімен шешіледі. MYCIN-де контекстердің 12 түрі туралы білім сақталған. Оның негізгі түрлері мыналар: 1) ЕМДЕЛУШІ- қарастырылатын емделуші; Е) АҒИНФ - емделушінің ағымдағы инфекциясы; 3) АҒМӘД- микроорганизмдер алынған ағымдағы мәдениет; 4) АҒОРГ - ағымдағы мәдениеттен бөлінген ағымдық микроорганизм; 5) АҒДӘРІ - ағымдық микроорганизммен ем үшін емделушіге белгіленген ағымдық дәрі. Бұдан басқа емделушілердің осы қалыпқа келтірген күйін сипаттау үшін келесі контекстер қолданылады: БҰРИНФ, БҰРМӘД, БҰРОРГ, БҰРДӘРІ.

ЕМДЕЛУШІ контексінен  басқа контекстердің әрқайсысы кеңес беру барысында бір рет келтіруі мүмкін. Контекстердің біразы кеңес беру барысында мүлде кездеспейді. Егер контекстің бір түрі кеңес беру барысында қолданылса, оған тамаша ат беріледі (кезектей реттік нөмірімен берілген контекс түрі), мысалы: 1-МӘДЕНИЕТ; 3- МИКРООРГАНИЗМ т.с.с. Кеңес барысында келтірілген контекс түрлері контекс ағашы деп аталатын мәліметтер құрылымында саты түрінде қатаң ретке келтіріледі. Кейбір кеңестердегі контекстер ағашының мысалы 24- суретте келтірілген. Контекст ағашының басы тамаша атпен белгіленіп, контексті атаудан кейін жақша ішінде берілген. Контекстер ағашының жоғарғы сатысы - контекс деп аталып, осыған сәйкес контекстің белгіленген, нәтижесі ретінде жасалады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24-сурет.Диалогтың тақырыптық құрылымының берілу мысалы

 

Контекстер ағашы бастапқы тапсырманың ұсақ тапсырмаларға бөлінетіні сияқты, түсінікті түрде бөлшектенуі мүмкін: 1) емделуші туралы мәлімет жинау: 2) инфекция туралы мәлімет жинау, 3) қазіргі кезде және одан бұрын емделушілерден қабылданған мәдениеттер туралы мәлімет жинау; 4) қай мәдениетте қандай микроорганизм бар екендігін анықтау; 5) қай микроорганизмнің латогенді, яғни емдеуді қажет ететіндігін анықтау; 6) емделушіге қай дәріні, қандай мөлшерде белгілеу қажеттігін анықтау. Пайдаланушының диалогты түсінуін жеңілдету үшін жүйе талқылау барысында бір бағытты ғана қарастырады, мысалы, ағымдағы мәденитте барлық микроорганиемдер түгел қарастырылмай, тек ағымдық микроорганизм туралы ғана сөз болады. Одан кейін соған (микроорганизм патогенді болған жағдайда) дәрінің аты мен мөлшері белгіленеді. Бір микроорганизммен жұмыс істеп біткен соң жүйе келесісіне көшеді, бір мәдениетті бітірген соң келесі мәдениетке ауысады. Басқаша - айтқанда, "басынан тереңге" әдісі бойынша жүйе "шешім ізденісін" жүргізеді.

Контекстер ағашы тапсырма құрылымы үшін ғана емес. сонымен қатар әртүрлі контекстерді салыстыру үшін де қолданылады. Мысалы, 2 - МИКРООРГАНИЗМді қарастыру барысында жүйе осы микроорганизм алынған мәдениет орнына сілтеме жасауы керек. 24 - суретте.; берілген" кеңесте әртүрлі 3 - мәдениет келтірілгендіктен, 2- МИКРООРГАНИЗМ-нің 1- МӘДЕНИЕТ немесе 3- МӘДЕНИЕТТЕН емес, 2- МӘДЕНИЕТ-тен - алынғандығын анықтайтын механизм керек MYCIN-деп осындай механизм- контекст ағашының таралу (өсу) механизмі болып табылады.

 

2.7.3. Диалог қадамының құрылымы

2.7- параграфта көрсетілгендей, диалог қадамы қимыл мен әсерден құрылып, мынадай параметрлермен сипатталады: 1) бастаушы мен бастама түрі; 2) қимылдың әсерге ықпал ету жолы; 3) тапсырманың өзіндік тәсілдері. Бұл деңгейдегі диалог жүйешесінің міндеті - ағымдық диалог қадамындағы параметрлердің мәнін анықтаудан тұрады. Әдетте сараптау жүйесіндегі қадамның бастаушысы жүйе болып табылады, яғни ол пайдаланушының әсерін күте отырып, қимыл береді. Бұған пайдаланушының жүйеден бастаманы іліп әкетіп, жүйе қимылына әсер етудің орнына жүйеден жауап әсер күтетін өзінің қимылын хабарлайтын жағдай қайшы келеді. Басқаша айтқанда, пайдаланушы бастаманы өз қолына алған жағдайда диалог қадамын тоқтатып, бастама өзіне тиесілі болатын диалог ішінде бір немесе бірнеше қадам жасайды. Бастама түрі бойынша жүйе қимылы сұраныс түрінде де, ұсыныс түрінде де Оолады. Пайдаланушы қимылы әдетте алдын ала тапсырылған бұйрықтар жиынтығы тәрізді болады. Мұндай бұйрықтар жиынтығының белгіленуі жүйеге пайдаланушының бастаманы өз қолына алу жағдайын да, осы үзіліске жүйенің әсер ету жолдарын да тез анықтауға көмектеседі. MYCIN жүйесіндегі мұндай бұйрықтарға мыналар жатады: НЕЛІКТЕН, ?, ??, ЕР, В_0, КӨМЕК. Пайдаланушы бастаманы бір қадамға ғана алса, жүйе автоматты түрде үзілген қадамда қайта жалғастыра алады. Басқа ҚАЙТАРУ бұйрығын көрсетеді, не жүйе пайдаланушыдан қайтару жасау қажеттігін сұрап, ол мақұлданған жағдайда орындайды. Көп жағдайларда сараптау жүйелері қимылды орындаған соң көптеген мүмкін жауаптармен, не қажетті жауап синтаксисін  көрсету сияқты қимылдар жасап, мүмкін әсерлердің таңдауын шектейді. Тертіп бойынша, бір жүйенің бойында екі жол да қолданылады. Мысалы, MYCIN-де көптеген мүмкін жауаптар  анық ("мәзір" түрінде) немесе анық емес (атрибут мәнін күткен тізім түрінде) беріледі. Жауап синтаксисі көрсетілген шектеу өте көп мәні бар (шексіз) атрибуттардың мәнін беру үшін қолданылады. MYCIN- де жауаптың синтаксис түрінде берілуіне мәдениетті алу күні туралы сұраныс мысал бола алады. Мүмкін әсерлерді таңдауды шектеу қимылдарын қолдану пайдаланушының хабарды дайындауын жеңілдетіп, көп жағдайда (өсіресе ағылшын тілі үшін) табиғи тілдің сөздерін талдау қажеттігінен босатады. Әдетте, білімді игеру сатысынан басқа барлық сатылардағы жүйе жұмысында табиғи тілдегі сөйлемдерді өңдемеуге де болады. Вул сатыда пайдаланушы әсеріне қимыл арқылы берілетін еркін (немесе аз шектелген) таңдау сөз болады. TEJRESJAS жүйесі [7] ережелерді игеруде сарапшыға ереже қорытындысын шектеп, оның алғы шартының қалыптасуына толық еркіндік беретін сөз тіркестерін береді (мысалы, Сіздің 1- МИКРООРГАНИЗМ категориясы- enterobacteriaceal екендігін шығаратын ережені хабарлауыңызға болады).

Тапсырма өзгешелігін  анықтау жолдарына келетін болсақ, көптеген сараптау жүйелерінде пайдаланушы әсеріне берілетін шектеулердің есебінен қол жеткізуге болатын бір мәнді езгешелік болады. Тапсырманың сан қырлы өзгешелігі мына жағдайларда пайда болады: 1) жүйе қимылы (сұраныс) пайдаланушының әсерін шектейді, бірақ ол шектеулі табиғи тілде беріледі, соған сәйкес түсініксіз болуы да мүмкін (білімді игеру сатысы); 2) пайдаланушының қимылы (сұраныс) шектеулі табиғи тілде болып, көптеген шешілген тақырыптардың шектелгенімен де, жүйе оны біржақты түсінуі мүмкін. Тәжірибеде бірінші жағдай жүйенің игерілген ережені табиғи тілде текст түрінде қайталау жолымен шешіледі. Егер жүйенің түсініктемесі пайдаланушыны қанағаттандырмаса, игерілген ереже қайта таңдалады. Екінші жағдай пайдаланушыға қажетті түрді жүйеге берілуі мүмкін сұраныс түрлері көрсетілген "мәзірден" таңдау жолын ұсыну арқылы бір мағынаға келуі, одан кейін пайдаланушы сұраныстың осы түріне параметрлер толтыруы мүмкін. Васқаша айтқанда, табиғи тілден бас тартудың нәтижесінде бір мағыналылыққа қол жеткізуге болады.

 

2.8. Хабарламалардың талдау және жинақтау жүйешелері

Бұл жүйеше пайдаланушының кіріс хабарламаларын талдап, пайдаланушыға арналған шығыс хабарламаларды жинақтайды. Пайдаланушы хабарламаларының түрі диалог жүйешесімен анықталады. Талдау мен жинақтау жүйешелерінің жалпы үлгісі 25- суретте көрсетілген. Төменде берілген жүйешенің артықшылығы - оны түрлі сараптау жүйелерінде пайдалануға болады. Нақты қосымшаларға талдау мен жинақтау жүйешелерін дайындайтын болсақ, көп жағдайда жүйе қызметін қысқарту есебімен (білімді игеруді алып тастау) әлдеқайда жеңіл жолды таңдауға да болады (мысалы, синтаксистік талдау мен морфологиялық жинақтауды алып тастап, қарапайым морфологиялық талдау жүргізу). Алайда мұндай жол қолданысқа қажетті жүйенің кеңеюіне кедергі келтіріп, әр қосымшаның талдау (жинақтау) жүйешелерін қайта дайындауға мәжбүр етеді.

Ұсынылып отырған негізгі жүйеше морфологиялық, синтаксистік жене мағыналық талдау бағдарламаларының негізінде кіріс хабарларын талдайды. Талдаудың көпсатылылығы табиғи тілдің күрделілігімен, әсіресе оның мына ерекшеліктерінен туындайды: 1) түрлі деңгейдегі "үнсіздіктер"; 2) табиғи тілдің тармақталған синонимдері мен анонимдері; 3) табиғи тілдегі сөздер мен пікірлер контексінің байланысы т.с.с.

Морфологиялық және синтаксистік талдау барысында қатынас тілі туралы хабарлар сақталған жүйеше сөздігі қолданылады. Сөздікте тіл грамматикасында кездеспейтін, орыс тіліндегі сөздердің өзіндік ерекшелігі туралы морфологиялық, синтаксистік жене семантикалық мәліметтер бар. Морфологиялық талдау жұмыстарының нәтижесінде сөздердің негізі түбірі) бөлініп, осы негіздер сөздікпен теңдестіріліп, олардың морфологиялық белгілері беріледі, яғни сөз тобы, шақ, тур, септік, шақ категориясы т.с.с. Синтаксистік талдау сатысындағы жұмыста кіріс хабарларының өзіне сәйкес хабарламада сөздердің өзара әсерін көрсететін жалпыланған синтаксистік құрылым жасалады. Мағыналық талдауда пен саласына байланысты жүйе білімін көрсететін кіріс хабарларының ішкі түсінігі қалыптасады.

Информация о работе Білім базасы