Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 10:40, сочинение
Мында өту: шарлау, іздеу
Күләш Ахметова (25.4.1946 жылы туылған, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын. Жамбыл медициналық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). “Қазақстан пионері” газетінде, “Жалын” баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет істеді. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[1] Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды
Ерен ерлігімен тарих
беттеріне есімі алтын әріппен
өрілген тағы бір қызымыз - Мәншүк
Мәметова. Батыр қыздың майданға аттануы
мен ұрыс даласындағы бiзге беймәлiм
болып келген кейбiр сырлары жайында
«Үш қиян» газетімен сыр
Халық қаһарманы атанғандар
Елімізге сіңірген ерен еңбегі,Отан қорғауда, азаматтардың өмірін қауіпсіздендіру барысында ерлік көрсеткені, Қазақстанның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолында аянбай күрескені үшін берілетін «Халық қаһарманы» жоғары атағы 1993 жылы Елбасы заңымен бекітілген болатын. Міне осы мәртебелі атаққа ие болғандардың бірі «қазақтың қанатты қызы» атанған тұңғыш әскери ұшқышы Хиуаз Доспанова.
Запастағы полковник Сағидолла
Көшімбаевтың жазуынша, Хиуаз Доспанова
Қазақстанның батыс өңірінің орталығы,
атақты Жайық өзенінің бойында көсіліп
жатқан көне қала Оралда 1922 жылдың мамыр
айының дәл ортасында дүниеге
келген. 1940 жылы Мәскеу қаласындағы
Медицина институтына оқуға түседі.
Ал соғыс басталған кезде атақты
орыс ұшқышы М.Раскова басқарған 46-гвардиялық
полкке қабылданады. Солтүстік Кавказ,
Кубань, Қырым, Украина, Белорусъ, Польша
және Шығыс Германия жерлерін фашистерден
азат ету барысында үш жүзден аса
әуе шайқасына қатысып, жауынгерлік
ерліктері үшін "қанатты қыз"
атанған. Х.Доспанованың жастық шағының
бес жылы бірдей қанқұйлы соғыс майданында,
аспандағы жау ұшақтарымен
Осы мәртебелі атаққа ие болғандардың
бірі КСРО-ның және Қазақстанның халық
әртісі Роза Бағланова болатын. Оның
ерекше әуезді дауысы соғыс жылдарында
жауынгерлерді ерлікке
Өнерімен баршаны тәнтті еткендер
Табиғат берген таңғажайып даусымен, тамаша орындаушылық шеберлігімен, азаматтық және отансүйгіштік асыл қасиеттерімен халқымыздың ерекше құрметі мен махаббатына бөленген нәзік жандан жетерлік. Солардың бірі әрі бірегейі ретінде Күләш Байсейітованы атауға болады.
Қазақтың көрнекті әншісі
Күләш Байсейітова - асылында Қазақстанда
аты аңызға айналған тұлға. Небәрі 45-жасқа
созылған қысқа ғұмырында ол жұлдыздай
жарқырап халық сүйіспеншілігіне бөленді.
20-ғасырдың музыка мәдениетінде пайда
болған жаңалықты халқы ардақтаған
Күләш Байсейітованың дарыны мен
асқан өнері "заңдастыра" түсті.
Еуропаның музыкалық жаңа жанры
мен түрлері - хор өнері, симфониялық
оркестр, ақырында опера - көшпелі қазақ
даласының өміріне
Бибігүл Төлегенова - әлемдік деңгейдегі әнші, опера жұлдызы. Ол - өзінің өнердегі аса жоғары жетістіктері үшін ғана емес, халық арасында үлкен сүйіспеншілікке ие болғандықтан да халық әртісі атанған жан. Бибігүл Ахметқызын әлемнің өнерсүйер қауымы әрқашан құшақ жая қарсы алады. Оның әндеріне Нью-Йорктың, Лондонның, Париждің, Римнің, Афинының, Токионың, Сеулдің, Каир мен басқа да әлемнің ірі қалаларының айтулы концерт залдарына жиналған жұрт тамсана қол соққан. Халық әртісі әлемнің ең үздік оркестрлерімен: Осипов атындағы орыс ұлттық академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Чайковский атындағы үлкен симфониялық оркестрі, принц Уэльскийдің (Ұлыбритания) камералық оркестрімен бірге ән салған. ЮНЕСКО шешімі бойынша Бибігүл Төлегенова XX ғасырдың ұлы жиырма әйелдерінің қатарына енген болатын.
Қазақ сахна өнерінің хас шебері атанған өнер Хадиша Бөкееваның да мәдени тарихымыздан алар орны ерекше. БҚО-ның Қазталов ауылында дүниеге келген Хадиша Бөкеева алғашқы сахналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған еді. 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының қазақ студиясын бітірген ол Шымкент облыстық Қазақ драма театрында, ал 1942 жылдан Алматыдағы Қазақ драма театрында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ел есінде қалған талай рольдерді тамаша орындады. Ол сомдаған рольдердің ішінде Сәуленің (Әбішевтің «Достық пен махабаты»), Қарлығаның (Әуезовтың «Қобыланды»), Мехмене Банудың (Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңызы»), Катаринаның (Шекспирдің «Укрощение строптивой»), Сәуленің (Т.Ахтановтың осы аттас туындысы), Тханьның (Куприяновтың «Звезда Вьетнама» туындысы) рольдері бар. 1957 жылы Қазақстанның халық әртісі, 1964 жылы КСРО халық әртісі атанған өнер саңлағы ұстаздық қызметпен де айналысып, профессор (1974) атағына ие болды. Елге танымал көптеген сахна шеберлерін тәрбиелеп, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Өзінің үздік дарынының арқасында театр өнерінің жетекші мамандары сапында болып, Қазақстанның ұлттық өнерінің дамуына орасан үлес қосқан Фарида Шәріпованың сахна мен кинода сомдаған бірталай бейнелер көрермендер жүрегінде өшпес із қалдырды. Ол 1936 жылы 16 желтоқсанда ҚХР Шәуешек қаласында туып өскен. 1955 жылы Алматы Мемлекеттік өнер институтын тәмамдап (қазіргі Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерватория), М. Әуезов атындағы драма театрына қабылданды. Қазақ актрисасының шығармашылығы қазақстандық көрермендерге «Сүйікті менің әуенім» спектакліндегі Жәмиля, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анадағы» Толғанай, М.Әуезовтың «Абайындағы» Ажар, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлудағы» Баян (Ғ.Мүсірепов), «Еңлік-Кебектегі» Еңлік, «Қаракөздегі» Қарагөз, Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен Теріндегі» Ақбала ролдерімен танымал. 1967 жылы «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Толғанай ролі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекттік сыйлығына ие болды. Ал 1974 жылы Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен Тер» спектакліндегі Ақбала бейнесін шығарғаны үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1995 жылдан бастап Ф.Шәріпова киноға түседі. 1969 жылы «Вьетнам жұлдызы» спектакліндегі Хиен ролі үшін Ф.Шәріпова Азия және Африка елдері және Вьетнамды қолдау комитетінің грамотасымен марапатталды. Көп жылдар бойы театр және көркемөнер институтында ұстаздық қызмет атқарады. 1996 жылы М.Әуезов атындағы театрда Ф.Шәріповаға арнайы жазылған С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» спектаклі жарыққа шықты. Басты ролді Ф.Шәріпова өзі ойнады. Кино өнерінде дубляж қызметін шебер орындаушы Ф. Шәріпова «Менің атым Қожада» Қожаға, «Қыз Жібектегі» Жібек, «Девушка джигиттегі» Ғалия, «Ботагөздегі» Ботагөз, «Гауһартастағы» Салтанат, «Тақиялы періштедегі» Айша бейнелерін сөйлете білді.
КСРО жұршылығын өнерімен тәнті еткен тағы бір қазақтың талантты өнерпазы Роза Жаманова Ақтөбе қаласында туған. Орал қаласындағы музыка мектебін, кейін гобой және вокал класы бойынша музыка училищесін бітірген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында профессор А.Кургановтың класында оқыған. Р.Жаманованың репертуарында 20-дан астам қазақстандық композиторлардың операларындағы жетекші партиялар (Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Ер Тарғын", А.Жұбановпен Л.Хамидидің "Абай", М.Төлебаевтың "Біржан-Сара", С.Мұхаметжановтың "Айсұлу", Е.Рахмадиевтің "Алпамыс", "Қамар сұлу", Қ.Қожамияровтың "Назугум", FҒ.Жұбанованың "Еңлік-Кебек", "Жиырма сегіз"), батыс-европалық (Дж.Пуччинидің "Тоска", "Мадам Баттерфляй", Дж.Вердидің "Травиата", "Аида", Ж.Массненің "Манон", Ш.Гуноның "Фауст", "Ромео мен Джульетта", Л.Делибтің "Лакме") және орыс композиторларының операларынан (П.Чайковскийдің "Евгений Онегин") бар.
Би өнерінің ханшайымы
атанған Шара Жиенқұлованың да қазақ
мәдениетінен алар орны ерекше. Ол он алты
жасында «Биші қыз» атағын иеленді.
Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы
Құрманбек Жандарбековпен бірге
Қазақ драма театрында бастады.