Контрольная работа по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 18:13, контрольная работа

Описание

1. Дидактиканың пәні. Оқыту мен білім беру теориясының дамуына Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтың қосқан үлесі.
5. И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1746-1827)

Работа состоит из  1 файл

Педагогика.doc

— 178.50 Кб (Скачать документ)

     Тұлғаның  дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар:

- тәрбие мақсатының реализм идеясы;

- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;

- өзін өзі талдау (анализдеу идеясы);

- бала күнінің жартысы;

- қиын мақсаттық идеясы;

- сүйеніш идеясы;

- ірі блоктар идеясы;

- ата – аналармен ынтымақтастық;

- мұғалімдердің ынтымақтастығы;

- өзін - өзі сыйлау идеясы;

- өзін - өзі басқару (реттеу) тағы басқа.

     Экспериментшіл мұғалімдер 50- ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы "Жалпы орта білім беретін  тұжырымдамада" және "Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған". Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.

     Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты – адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.

     Ересек  балалар мен балалардың бірлесу  іс - әрекетінің идеясы

"Ынтымақтастық  педагогикасы" принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс.

     Тәрбие  бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға –бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.

     Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы – бұл тәрбиешілер мен тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс – бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.

Тәрбие  ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік  қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық  сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты   - адамның жалпы қуанышы  мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.

     Өзін - өзі талдау идеясы. Балаларды өзін - өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н. Ильин  оқушыларын өздерінің өімірі, іс - әрекеті  жайында ойлануға үйретеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

8. Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары, оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану. 

   Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады.

   Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.

   Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі  идеологиясының жаңаруы көптеген  идеяларға негізделді. Олар:

  - тәрбие мақсатының реализм идеясы;

  - тәрбие  бағыттылығының ұжымдық идеясы;

  - өзін  өзі талдау (анализдеу идеясы);

  - бала  күнінің жартысы; 

  - қиын  мақсаттық идеясы;

  - сүйеніш  идеясы;

  - ірі  блоктар идеясы;

  - ата  – аналармен ынтымақтастық; 

  - мұғалімдердің ынтымақтастығы;

  - өзін - өзі сыйлау идеясы;

  - өзін - өзі басқару (реттеу) тағы басқа. 

   Экспериментшіл мұғалімдер 50- ден  астам жаңа идеяларды мұғалім  жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар  көптеген орта және жоғары  оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы "Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада" және "Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған". Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.

   Реализм идеясы, яғни тәрбиенің  шынайы мақсаты – адамды қабілетіне  және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты  дамыту. Шынайы мақсатының жетістік  құралы – мәдениеттің базалық  негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие  мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.

   Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс - әрекетінің идеясы

  "Ынтымақтастық  педагогикасы" принципінен туады,  өйткені ол мұғалім мен балалар  еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың  шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық  басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс.

   Тәрбие бағыттылығының дербес  идеясы мұғалімнің балаға ерекше  көңіл аударуын қажет етеді.  Барлық тәрбие жұмысының барысында  еске алатын басты тұлға –бала.  Ол педагогикалық жұмыстың ең  жоғары мақсаты. Сондықтан баланы  зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.

   Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде  ұжымдық бағыттылық идеясының  мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие  жұмысы – бұл тәрбиешілер мен  тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда  ересек адамдардың жастар жөніндегі  жалпы қамқорлығы, яғни ашық және  елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс – бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.

   Тәрбие ұжымының қозғаушы күші  жолдастық тәрбиелік қамқорлық.  Оның мәні адамдағы жолдастық  сыйласу мен жолдастық талаптың  бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.

   Өзін - өзі талдау идеясы. Балаларды  өзін - өзі жеке және ұжымды  талдауға үйрету қажет. Жаңашыл  мұғалім Е.Н. Ильин оқушыларын өздерінің өімірі, іс - әрекеті жайында ойлануға үйретеді.

 Көп жылдар бойы жалпы білім беретін  орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру  жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке – жеке, керек десе бірін – бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

   Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір – бірімен кездесуді, пікірлесуді тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жыл ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18 қазан 1986 ).

  "Ынтымақтастық  педагогика" – екінші кездесуінде  (17 қазан 1987 ж). "Тұлғаны демократияландыру", үшінші кездесуінде (19 наурыз, 1988 ж.) "Жаңарту әдістемесі", төртінші кездесуінде (18 қазан, 1988 ж), "Жаңа мектепке кіреміз", тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы, балалар, мұғалімдер және ата – аналар арасындағы ынтымақтастық ұжымдық шығармашылық тәрбие орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін - өзі талдауға үйрету, тұлғаның дамуы, тірек, идеясы, жаңарту әдістемесі, озып кету идеясы, жаңа мектеп және ғылым үздіксіз білім және тағы басқа.

   Осындай мақсатқа бағытталған  педагогикалық идеялардың іске  асырылуының нәтижесінде мектеп  өмірінде тек ғана мұғалім  емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса, дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер жалпы пәнге қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе, онда алдымызда бірақ – жол бар, «біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды,» - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.

   Оқудың нәтижесі ынталылық пен  қабілеттіктердің көбейтіндісіне  тең. Егер ынталылық нөльге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөльге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынмақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген олар. Мұндай педагогика балдарды ынмақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.

   Жаңашыл мұғалімдердің айтуы  бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

9. Мектеп оқушыларының  еңбек тәрбиесі. Қазақ халқының балалар мен жастарды тәрбиелеудегі еңбек дәстүрлері.  

     Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қадыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты мен түсінуіміз қажет.

     Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты – жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.

     Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.

     Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:

  • Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
  • Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың  дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
  • Мамандықты таңдауға дайындау.

         Еңбектің тәрбиелік қызметін  оқушы бойына дарыту барысында  оның экономикалық (дәрежесінде)  нәтижесіне мән беру қажеттілігін  ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек  нәтижесіз болса, ол адам бойында  еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.

Информация о работе Контрольная работа по "Педагогике"