Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 18:13, контрольная работа
1. Дидактиканың пәні. Оқыту мен білім беру теориясының дамуына Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтың қосқан үлесі.
5. И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1746-1827)
Тұлғаның ақыл-ой, дене , адамгершілік
және басқа жақтарынан
Бүгінгі заманда жұмыста жалпы
адамзаттық құндылыққа, өзара түсінушілікке,
ынтымақтастыққа бағдарлау мен
құра білу табысты еңбек
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Халық
педагогикасынан орын алған еңбек және
еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика
теориясы принциптерімен ұштасып жатыр.
Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл
қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру
үшін адам материалдық және рухани құндылық
жасайды. Шығармашылық еңбек барысында
адам өз күшінің шамасын және қабілетін
анықтайды. Қоғамның басты талаптарының
бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында
толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты
еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке
адал, саналы қатынасу болып табылады.
10.
Оқушылар ұжымын нығайту
жолдары мен қалыптастыру
процесі.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою бала-ларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
• Ұжымды нығайтуға
бағытталған мақсаттарды
• Ұжым іс-әрекетінің дамуы.
• Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы.
• Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды өр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудық арқасында ұжым-дық, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдықталқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко: "Егер балалар алдында қуанышты, қызыңты, істер бол-маса, онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну".
Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.
Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жылсайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу. Қашың перспектива -ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы. Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.
Қоғам адамдары кашьщ перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Әрбір мұғалімнің міндеті - перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде
дәстүрдің тәрбиелік маңызы зор.
Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан
екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық
өмірдегі, ұжымдағы адамдардық қатынастарын
көрсететін нормалар мен принциптер. А.
С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр
ұжымды бекітіп, нығайтып, оны толық, тұрақты,
ықпалды және тартымды етеді. Ұжым өміріндегі
дәстүрдің түрлері: мектеп мерекесі, сайыстар,
олимпиадалар, соңғы қоңырау, аға ұрпақтың
мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым
абыройы үшін күресу.
11. Мұғалімнің
жеке басына қойлатын талаптар
және педагогикалық мамандықтың ерекшелігі.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып детекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті- ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшіснің үшінші міндеті – оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір
зерттеушілердің пайымдауы
Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қроғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуна және даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ
міндеттері – диагностикалық-әдептік-
Үшінші топ міндеттері – жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.
Осы бастапқы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, бағалаушылық, дамытушылық, әдептілік, ынтландырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Педагогикалық
мамандықтың ерекшеліктері деп
әсіресе педагогтың
Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі – оның балаға деген сүйіспеншілігі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты иеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.
Балаға
деген сүйіспеншілікті бір
12. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарастары.