Кәсіптік педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 22:18, реферат

Описание

Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сезінен «пайдос» - бала және «аго» -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте деріс беретін құлды ғалым деп атаған.

Работа состоит из  1 файл

кәсіптік педогогика.doc

— 167.50 Кб (Скачать документ)

     I БӨЛІМ КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА НЕГІЗДЕРІ

     I Tapay

     Кәсіптік  педагогика пәніне кіріспе,

     оның  міндеттері

     АБ

     1.1 Кәсіптік (кәсіби) педагогика туралы ұғым  

     Кәсіптік  педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сезінен «пайдос» - бала және «аго» -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді.

     Ежелгі  Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте деріс беретін құлды ғалым деп атаған.

     Бертін  келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын «баланы өмірге жетелеуші» ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны оқытып, тәрбиелеп жаны мен рухын дамытатын өнер деп қалыптасты. Атақты адамдардың қасына оны тәрбиелеген ұстаздарының аты да қоса айтыла бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды.

     Осылайша  педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптаса бастады.

     Педагогика  туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіле басталды.

     Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы - адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым екендігінде. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада берілген, ол: оқыту, білім беру, тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

     Сөйтіп, «тәрбие» түсінігінің аясының кеңуі  оның ғылым ретінде қалыптасқан  бастапқы мағынасына қайшы келіп  отыр. Сондықтан, әлемдік педагогика лексиконына жаңа термин: «андрогогика» (грек сөзі «андрос» - ер, «аго» - жетелеу) немесе «антропогогика» адам жетелеу деген ұғым пайда болды.

     Кәсіптік  педагогика немесе кәсіби білім беру педагогикасы деп, адам баласының жасын, білім деңгейін және оның еңбегі мен кәсіптік іс-әрекетінің сипатын ескермей-ақ, оның кәсіби даярлығын жетілдіруге қажет теориялық, практикалық білім жүйесі десе болады.

     Бұл анықтама адам баласының қалыптасуына қажет жалпы білім жүйесіндегі кәсіптік даярлықтың рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.  

     АБ  1.2. Кәсіптік педагогика - педагогика ғылымының біртармағы және оқу пәні  

     Қазіргі ғылымның дамуы оны дифференциялау және интеграциялау үрдісімен сипатталады. Ғылымның дифференциялануы деп кейбір ғылым салаларының өзі дербес ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болуы. Ғылымның тоғысында олардың құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып, зерттеудің ортақ ғылыми әдіс -тәсілдері саралана түсуін интеграциялау десек болады. Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ, соңғы кезде ғылымның дифференциялануы арқылы педагогиканың мына салалары даралық сипат бере бастады:

     - мектеп алды педагогикасы;

     - жасөспірімдер педагогикасы;

     - жалпы білім беретін мектеп педагогикасы;

     - кәсіптік педагогика (кәсіптік мектептер педагогикасы);

     - мектептану (білім және оқу-тәрбие мекемелерін басқару); т.б.

       Осыған орай кәсіптік педагогиканың да өз салалары қалыптаса

     бастады.

     -  бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік мектептер мен лицейлердегі тәрбие мен оқыту мәселелерімен шұғылданады);

     - орта кәсіптік білім беру педагогикасы (колледждердегі тәрбие және оқу мәселелерімен айналысады);

     -  жоғары білім педагогикасы (институт, университет және академияларда тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысады).

     Атап кету керек, кәсіптік педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп, жалпы педагогика аясында қала алмайды. Оның қалыптасуы, техниканың, ғылымның, экономика мен өндірістің өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіптік педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды:

     - жалпы және педагогикалық психология;

     - инженерлік психология;

     - еңбек психологиясы;

     - еңбек физиологиясы;

     - акмеология (кәсіптік шеберлік шыңына жету туралы ғылым). Бұдан басқа кәсіптік педагогика тиісті техникалық және

     экономикалық  ғылымдарға да арқа сүйейді.

     Кәсіптік  педагогиканың пәндік зерттеу нысандары  мыналар:

     1.  Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргізілудің тиімділігін зерттеу.

     2. Кәсіптік білім мазмұны.

     3.  Жеке тұлғаға ғылыми-техникалық білімнің және кәсіптік біліктілік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту.

     4.   Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін басқару.

     Жоғарыдағы  аталған мәселелерді тұжырымдай келе, кәсіптік педагогика саласына мынадай анықтама беруге болады.

     Кәсіптік  педагогика - жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын ғылымының негізгі саласының бірі.

     КБ  Педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы ретінде дамып келді. Тек XVII ғасырда ғана дербес ғылым ретінде танылып, сан ғылымдар тоғысына айналды.

     Педагогиканы философия ілімінен чех халқының ұлы педагогі Ян Амос Коменский (1592 - 1670) ажыратуға болмайтынын дәлелдеді. Ол кісі педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның 1854 жылы Амстердамда шыққан «Ұлы дидактика» кітабы - педагогика саласына арналған тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек болды. Ондағы айтылған пікірлер мен идеялар қазірге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Оның сыныптық білім беру жүйесі болса педагогикалық теорияның негізі болып дамып келеді.Ағылшын философы әрі ағартушысы Джон Локктың (1632 - 1704 ж) Я.А. Коменскийден айырмашылығы ол тәрбие теориясына басты назар аударды. Ол «Тәрбие туралы ойлар» атты еңбегінде білімді, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеуді мақсат етіп қояды.  

     АБ 1.3. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары

     Кәсіптік  педагогиканың негізгі категориялары (кәсіптік білім, кәсіптік оқыту және кәсіптік тәрбие) мен оның басты ұғымдары (кәсіп, мамандық, біліктілік және құзыреттілік, құзырлылық) оның тезаурусын құрайды.

     Кәсіптік педагогиканың негізгі категорияларын анықтайық.

     Кәсіптік білім - бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойьнша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі.

     Кәсіптік оқыту - бұл оқушы мен инженер-педагогтің кәсіп бойынша ғылыми-техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті.

     Кәсіптік тәрбие - оқушы мен инженер-педагогтің белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

     Кәсіптік педагогика негізгі ұғымына жататындар: кәсіп, мамандық, біліктілік, құзыреттілік және құзырлылық болып табылады.Енді осыларға жеке анықтама берейік:

     Кәсіп - қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы.Кәсіп саласына қарай енбек бөлінісіне ие.Мысалы: слесарь кәсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь-құрастырушы; слесарь-жөндеуші және аспапшы-слесарь т.б. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие болады.

     Мамандық - белгілі бір кәсіп саласы бойьшша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының кызметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.

     Кейбір кәсіп саласындағы мамандық қызметінде мамандандыру процесі де жүргізіледі. Мысалы: дәрігер кәсібінің оташы мамандығы және оның нейрохирургия (бас сүйекке операция жасаушы) саласы бойынша маманданады. Сөйтіп, мамандық - кәсіп қызметіне қарағанда ұғымы тар, ол мамандану - мамандыққа қараганда әлдеқайда тар ұғым.

     Біліктілік - бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласың атқаруға тиісті дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз -кәсіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.

     Академик B.C. Леднев кәсіптік даярлықтық біліктілік деңгейін мына төмендегідей етіп көрсетеді:

     0-дік деңгейі - біліктілігі жоқ жұмысшылар;

     1 деңгей - жұмысшы мамандар;

     2 деңгей - орта дәрежелі мамандар (техниктер);

     3 деңгей - жоғары дәрежелі мамандар (инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер);

     4 деңгей - ғылыми дәрежелі мамандар (ғылым саласы бойынша кандидаттар мен докторлар).

     Жұмысшы мамандығының кәсіптік біліктілігі игеру деңгейінің тиісті разрядтары арқылы белгіленеді. 2-3 деңгейдегі мамандар біліктілігін санат класқа бөлу орныны анықтайды. Мысалы, 1 -ші санатты мұғалім, жоғары санатты дәрігер, 3-ші санатты заңгер.

     Белгілі бір кәсіп, не мамандық саласы бойынша дайындық деңгейі кәсіптік біліктілік сипаты арқылы айқындалады.

     Біліктілік  сипаттамасы - тиісті кәсіп саласы бойынша мамандардың білім, білік және дағдысын белгілейтін мемлекеттік құжат. Жұмысшылардың кәсіптік біліктілігі екі нәрсе арқылы сипатталады.Кәсіп саласы бойынша білім деңгейін анықтау үшін «білуі тиіс» нәрселер мен білік пен дағдыға байланысты «істей алатын» нәрселер. Мұның барлығы бірыңғай тарифты - біліктілік анықтамасында белгіленіп, жинақталған.

     Құзыр - белгілі бір кәсіптік таным саласы бойынша шешім шығаруға лауазымдық кұкы бар маман.

     Құзыреттілік  -тиісті кәсіп саласы бойынша білім, білік және дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан, оны саналы атқара алатын маманның қабілеттілігі.

     Сонымен педагогика - мәнді ғылым, дұрыс орнын таппаған сөз, оның ұғымын өзгертіп жібереді. Сондықтан педагогикалық терминдер мен сөз тіркестері дұрыс, өз орнында нақты сөйлемдегі мағынасына қарай қолдануды талап етеді. Енді өз біліміңді тексеріп көр!  

     (ББ)  Мыиа төмендегі  жауаптардың дұрысын таңдап бер

     I. Педагогика дегеніміз қандай ғылым?

     1. Педагогика - сәбилердің даму зандылықтары мен оларды тәрбиелеу жолдарын анықтап береді.

     2 Педагогика - адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту жөніндегі ғылым.

     3. Педагогика - тәрбиешілер үшін тәрбиеленушілердің дүние танымын қалыптастыруды үйрететін өнер.

     4. Педагогика - жеткіншек ұрпақтарға білім беру мен оқыту мәселесімен шұғылданады.

     5 Педагогика - адам тәрбиесі жөніндегі ғылым.  

     П. Тәрбие туралы білімді  мына төмендегі герминдердін кайсысы дәл анықтап бере алады?

     1.  Педагогика (грек тілінде «пайдос» - бала және «аго» -жетектеуші деген мағына білдіреді.)

     2.  Андрогогика (грек тілінде «андрос» - ер адам және «аго» - жетектеуші)

     3.  Антропогогика (грекше «антропос» - адам)

     4.  Антропология (грекше «антропос» - адам,   «логос» -ғылым)

     5.  Педология (грекше «пайдос» - бала, «логос» - ғылым).  

     III. Педагогика ғылымының алдына қандай міндеттер қойылады?

     6. Жас жеткіншектерді тәрбиелеу, оқыту,

     7. Тәрбие қағидаларын танып-білу, педагог-практиктерді оқу-тәрбие үрдісінің теориясымен қаруландыру

     8. Тәрбиені адамдардың рухани дамуының бір тармағы ретінде қарау.

     9. Қазіргі заманғы адамдарға білім беру мен оқыту мәселелерін зерттеуді үйрету.

     10. Адамзат табиғатын зерттеу.

     ПБСіздер осыдан бұрын «Мамандыққа кіріспе» атты пәнді окьідьщдар. Сол пәшіің мазмүнына сүйене отырып, кәсіптік окьггу педагогінің бшіктілік қүзыреттілігінің негізгі сипатын анықтап бер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Кәсіптік педагогика