Кәсіптік педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 22:18, реферат

Описание

Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сезінен «пайдос» - бала және «аго» -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте деріс беретін құлды ғалым деп атаған.

Работа состоит из  1 файл

кәсіптік педогогика.doc

— 167.50 Кб (Скачать документ)

     Басқару кызметінің қазіргі таңда жетілдірілген  мынадай түрлері бар:

     1. Жоспарлау.

     2. Ұйымдастыру.

     3. Реттеу.

     4. Бақылау. 5.Есепалу. 6. Талдау.

     Осы қызметтерге жеке-жеке тоқталсақ:

     Жоспарлау - белгілі бір мақсатқа жету жолында қойылатын міндеттер. Ол жүйені болжау, ағымдағы кызметтер және нақты бағдарламалау сияқты бөлімдерден тұрады.

     Ұйымдастырү - қайсыбір басшылық шешімдерді іске асыруда жүйелер элементтерінің өзара байланысын ұйымдастырып, басқару процесін ретке келтіруге бағытталады.

     Реттеу - жүйе бөліктері арасындағы сәйкессіздік жағдай пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге арналған. Ол тиісті сәйкессіздіктерді бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер

     ақпарынан соң жүзеге асырылады. Негізгі күштерді қалай және қайтіп орналастыру керек екендігін жедел шешуге жұмылдырады.

     Бақылау - процестерді жоспарлаудық нүсқаудың жөне шешімдерді нақты жүзеге калай асып жатқандығы жөніндегі сәйкестікті тексереді. Бақылау - істің кері байланыс арқылы мәліметін білетін тәсіл. Басшылаыбайтын процесс -басқарылмайтын процесс.

     Есеп  алу - басқару процесі негізінде нәтижеге қол жеткізу үшін алынатын сандық жеке сапалық баға көрсеткіші. Ол шаралардың қаншалықты жүзеге асып жатқандығының өлшеуіші. Есепті бақылаудан ажыратуға болмайды, бірақ ол оған тәуелді құбылыс.

     Талдаү - басқару жүйесін жетілдіруде кейбір бөлім қызметтеріне объективті баға береді, ұсынысын білдіреді. Әрбір басқару циклы талдаумен аяқталады және нәтижелі болу үшін бұл цикл қайталана береді.

     ЖБ

       Оқыту мен бақылаудың жалпы заңдылықтарына ой

     жүгіртіп әрі мұқият окындар. Олардың қызметін, әсіресе бақылауда

     орын  алған кемшіліктер мен оларды түзету шараларын жүзеге

     асыру жүйесі іске асырылады. Бұған мысал ретінде, Қазақстан

     Республикасының барлық аумағындағы білім беру орындарына

     2003 жылы ендірілген тестілеудің бірыңғай Ұлттық   жүйесін

     келтіруге болады.

     1 кесте

     ҚБ   Басқару мен білім  беру процесінің қызметіндегі ұқсастықты мына кестеден көруге болады

Басқару функциясы Басқару функциясы мазмұнының оқыту процесіндегі көрінісі
Жоспарлау Мақсат:дидактикалық,   тәрбиелік   және дамытушылық. Сабақ жоспарын құру. Оқыту мазмұнын іріктеу және конспект дайындау. Дидактикалық материалдарды сұрыптау.
Ұйымдастыру Сабаққа дидактиқалық құраядар дайындау. Оқу және көрнекі қүралдардың тексеру үйымдастыру шараларын жүргізу, окытушы мен студенттің ілтипатты амандасуы, оларды түгелдеу, мақсатын, жоспарын таныстырып, кезең бойынша өткізу.
Реттеу Оқытуда жоспарға сәйкессіздік жағдай туса сабақ  әдісі мен қаркынын өзгерту
Бақылау Өткен материалдарды игергенін байқау үшін жазбаша және ауызша билет - сұрақтар, тесттер, бақылау жұмыстары, тақырыптық сынақ, модуль бойынша ауызша және жазбаша жауаптар алу. Курсты қорыту және мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру.
Есеп алу Баға  қою, алынған білім, білік дағдыларды журналға, оқушының кітапшасына қондыру.
Талдау Дайындалған жоспар бойынша өткізілген сабақ бойынша білім, білік дағдылар сәйкестігін, қолданылған оқыту әдістері мен құралдардың тиімділігін, оның білім алушылардың білімі, білігі және дағдысына әсерін анықтау.

      

     Оқыту процесіне бұл жағдайда басқару кызметі екі жақты жүзеге асады.

     - сабақ барысында;

     - оның құрамдық компоненттерінде.

     ББ  І. Машинаның қандай органы ақпаратты өңдей алады?

     ■ датчик;

     ■ байланыс каналы;

     ■ өңдеу - бағдарлау құрылғылары;

       • атқару органдары.

     2. Адамның қандай мүшелері қажетті ақпарат жинайды?

     - сезім мүшелері;

     - нерв жүйесі;

     - бас және ми;

     - бұлшық еттер.

     Кәсіптік оқыту жағдайында мына жұмыс құралдары оқытудың қай түріне жатады?

     - оқу құрал-жабдықтары;

     - машинаның жабдықтары;

     - оқыту құралы;

     - көрнекі құралдар.

     4. Басшылық нені көрсетеді? ~-мақсат не жүйелі мақсат қою;

     - арнайы кызмет әзірлеу;

     -  жұмыстың негізгі бағыты мен мазмұнына байланысты міндеттерді айқындау;

     - барлық көрсетілген қызметтсрді.  
 

     Сабақтың  түрлері және оның дидактикалық құрылымы  

     Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.

     Мектеп  тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мүғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.

     Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселесі турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдісі тәсілдерінің де өзгеріп отыруы сөзсіз.

     Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.

     Мысалы  И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу  материалының мазмұнымен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әртүрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.

     Ал  кәсіптік мектептің оқу үрдісінде  де осы айтылған сабақтар жүйесі  іске асырылады.  Атап айтсақ  кәсіптік мектептің  оқу үрдісінде мынадай сабақ түрлері кездеседі:

            1. Кіріспе сабағы.

     2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.

     3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.

     4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары                   

     5. Зертханалық сабақ.

     6. Қайталау-қорыту сабағы.

     7.  Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.

     8. Аралас сабақ.

     9. Өздігінен білім алу сабағы.

     Бұл жіктеме негізі - оқушылардың танымдық процесін ұйымдастыру. Жоғарыда сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелуін де қарастырған болатынбыз.

     Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада, пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі «Аралас сабақ» де аталады.

     Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның кұрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді: 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Кәсіптік педагогика