Кәсіптік педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 22:18, реферат

Описание

Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сезінен «пайдос» - бала және «аго» -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте деріс беретін құлды ғалым деп атаған.

Работа состоит из  1 файл

кәсіптік педогогика.doc

— 167.50 Кб (Скачать документ)

     II Tapay

     Кәсіптік білім негіздерін қалыптастыру жүйесі

     АБ

     2.1. Кәсіптік педагогикадағы кибернетикалық теория.

     Жалпы жағдайлар. Негізгі ұғымдар мен анықтаулар  

     Кибернетика ғылымы кез келген жүйенің басқару органдарының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Биологиялық, әлеуметтік және автоматтандыру жүйелерінің басты материалдық қасиеттері қоршаған ортамен өзара бірлікте болып табылады. Ол бірлік басқару органдарының ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және жіберу мүмкіндігінің өзара ұқсастығында. Басқару жүйелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол заңдылықтарды биологиялық, әлеуметтік немесе техникалық деп ажыратуға болады.

     Бірақ кибернетика ғылымы үшін бұл іргелі ғылымдар интегралды мәнге ие.Бұл дегеніңіз кибернетика ғылымының негізі болып табылатын адамдардың ғылыми дүниетанымдық ұстанымы басты мәнге ие екендігін көрсетеді.

     Кибернетика, әсіресе, техииканы басқару автоматты құрылғылар мен олардың жұмыс істеу принципін үйренуде, адам еңбегін автоматтандырудың мәнін түсінуде зор рөл атқарады.

     Сөйтіп, кибернетика мына төмендегі танымдық процестердің қалыптасуына:

     - дүниенің біртұтастығына;

     -   түрлі табиғи бірліктердің ақпараттық байланыста болатындығына ықпал етеді.

     Кибернетиканың модельдеудегі құбылыстарына сипаттама беру үшін (тірі ағза, сана, қоғам, тіл т.б.) біз қызметтік модельді таңдап аламыз да оған ұқсас элементтерді қарастыра бастаймыз.

     XX ғасырдың 40-шы жылдарында пайда болған кибернетикалық бұл тәсілді функциональдық ұқсастық әдісі деп атап кетті. Бұл әдісті іске асыру үшін әрине, автомат пен жанды организмнің, автоматты жүйелер мен қоғамның, ЭЕМ мен ми

     кұбылысының арасындағы байланысты,олардың жалпылама касиеттерін білуіміз керек. Ал, кибернетика бұл ұқсастықты біле алады, күрделі динамикалық құбылыстарды басқара алады. Олардың сыртқы және ішкі реакцияларын байқау қабілеті бар. Осы құрылғылар жүйесін қоршаған ортаға икемдеп қайта құра алады. Кибернетиканың осы процесті атқаруын автоматты жүйелерді басқару механизмі деп атайды.

     ҚБ     Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі

     кестеден  автомат пен адамның қызмет атқара алатын

     ұқсастықтарын салыстыруға болады  

     Автоматты реттеуші      Адам
Қызметі

Ақпаратты

жинау

Органы 

Өлшеу аспаптары (датчиктор, монометр, термом, амп)

Қызметі Сезім Органы

Сезім

органдары

(кұлак, көз,

тіл т.б.)

Ақпаратты жеткізу Байланыс каналдары (сым, рычаг, баспа) Қабылдау Нерв жүйелері
Ақпаратты сақтау Есте сақтағыш

құрылғылар

(ішкі және сыртқы

электронды ақпарат

жинағыштар,сандық

станоктар т, б.)

Есте сақтау (көру,

есту, қимыл

т. б.)

Бас және ми
Ақпаратты өндеу Бағдарлап өңдеу

құрьшғылары

(реттеуіш, есептеу

машииалары, жад)

Парасат

(ой түю,

таңдау және шешім

кабылдау)

Бас және ми
 

     жалғасы

Басқару Атқару органдары Қимыл- Қол, аяқ
әрекетін рычагтар, әрекеті бұлшық
сезіну қозғалтқыштар, (реакция, еттер
       клапандар қозғалу       
              әрекеті       

      

     Мұнда өз бетінше қызмет атқара алатын екі жүйенің ұқсас әрекеттері берілген. Машина мен адамның қызмет атқаратын органдарының ұқсас екендігі көрініп тұр.  

     АБ   2.2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері  

     Педагогикалық жүйе - бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компонентердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.

     Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының  алғы шарттары мына төмендегідей:

     1.  Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткіншектерді, ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.

     2. Педагогикалық жүйе коғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.

     3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.

     4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.

     5.  Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс-тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.

     6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.

     Бұл қоғамдық компоненттер - оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың үйлесімділігі оны басқа салалардан өзгешелендіріп тұрады.

     Ол  компоненттер: оқу ақпараты, мақсаты, педагогикалық байланыс тәсілдері, оқушылар, педагогтар.

     Төменгі сұлбада педагогикалық жүйенің компоненттерінің өзара байланыстылығы көрсетілген.

     

     

     

       

                                 

        

       

     АБ  I 2.3. Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің бір

     саласы

     Кәсіптік  мектеп – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ, білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны. 

     Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие.

     Кәсіптік мектептің құрылымдық компоненттері, педагогикалық жүйесі іспеттес (жоғарыдағы сұлбаға назар сал).

     Оның мақсаты - азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.

     Білім беру ақпараты - белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.

     Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы -оқушыларға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет. Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және басқа да жолдармен берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді.

     Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына - жалпы білім беретін орта мектептегіден басқа оқу құрал-жабдықтарымен қатар (машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар, аспаптар, т.б.) нақты заттық бөлшектер, кескіндер, макеттер, сондай-ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу тренажерлері де жатады.

     Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп саласына кызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар.

     Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі - 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін - 1,5 жыл. Бұл жөнінде кейінгі тарауларда «Кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» және «Тәрбие жұмысының ерекшеліктері» деген тақырыптарда толығырақ сипаттама беріледі.

     Кәсіптік мектеп педагогі - бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық меңгерген инженер-педагог.  

     АБ   2.4. Кәсіптік білімді басқару теориясы  

     Басқару теориясы туралы жалпы ұғым. Жеке тұлғаны дамытуда оның бойына білім, білік және дағды негіздерін қалыптастырып, сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мәліметтер беріп, оларды пайдалана білуді үйрету ережелері мен нормаларын білім үрдісі десек болады.

     Педагогикалық басшылық дегеніміз оқушы, не студентке авторитарлық (үстемшіл) әсер ету емес, оларға жалпы не кәсіптік ерекшеліктерін дамытуда жан-жақты, әрі үйлесімді ықпал ету, соған мүмкіндік пен алғышарттар жасау. Алдымен, басқару теориясының мына төмендегі жалпы ұғымын анықтау қажет, олар:

             • басқару

     • басшылық

      басқару қызметі

     • басшылық принциптері

            • басқару әдістері

     Қазіргі таңдағы басқару теориясы - басшылық шешімдерін қабылдау мен оны жүзеге асыру, ақпараттарды қозғалысқа келтіру, тікелей әрі байланыс процесіне басшылық жасау болып отыр. Олар: өзара әсер етуші екі жақ яғни басқарылатындар мен басқарушылардан тұрады. Сөйтіп, жүйенің өзін-өзі басқару біртұтастығы пайда болады. Ол қоршаған ортамен әрекет етуіне де игі әсерін тигізеді.

     Қазіргі заманда басқарудың сан түрлері бар, бірақ біздің пайымдауымызша оның жүйелі түрін таңдағанымыз дұрыс сияқты. Сондықтан басқаруға байланысты мына анықтамаларды пайдаланамыз:

     Басқару - басқарушы жүйелердің басқарылатындарға, олардың қызметіне әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау екенін аңғарамыз. Басқару негізі ақпараттық процестерден тұрады. Оны қабылдау, өңдеу және сыртқы ортамен байланыс арқылы дамиды. Одан белгілі бір нысандар туралы мәлімет біле аламыз. Бұл жүйелерді басқаруда, оны жұмыс істеп тұрған жүйелеріне қосу арқылы және қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және жіберу арқылы ақпараттарының тиімділігін арттырамыз. Басқарудан туындайтын екінші бір ұғым бар. Ол - «басшылық жасау». Бұл кең ұғым, бірақ ол мынадай анықтамаларды қажет етеді:

      белгілі бір жүйелі мақсат кою;

     • жүмыстың негізгі бағыттары мен мазмұны бойынша нақты міндеттер белгілеу;

      арнайы кызмет әзірлеу

     Басқару әкімшілік қызметіне басшылық жасау болып табылады, басқаша айтқанда басқару - объективті, ал басшылық жасау - субъективті сипаттамаға ие.

     Басшылық - басқару ісінде жеке субъектінің өзін-өзі басқару жүйесіне әсерін көрсетеді, яғни мақсатқа жету жолындағы жеке тұлғаның біліктік іс-әрекеті.

     Кәсіптік мектептің педагогикальақ үрдісін жүзеге асырудағы басқару қызметі туралы бірер сөз айталық.

     Басқару кызметі деп  еңбек бөлінісін анықтау мен басшылық аясын мамандандыруда ерекше мәртебеге ие кызмет.

Информация о работе Кәсіптік педагогика