Мұғалім беделі – білім сапасының кепілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 08:04, реферат

Описание

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді.

Работа состоит из  1 файл

Мұғалім беделі.docx

— 74.25 Кб (Скачать документ)

Мұғалім беделі – білім сапасының  кепілі

28-Сәуір, 2011

Пікірлерді көру

 

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің  де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің  де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы  мінез бен ақындықтың да нағыз  жанды өкілі. Үнемі бала көзінде  болу әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта  шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез  сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар  тарапынан баға алып отырады. Ол –  әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз  – білім беру сапасын арттыру  саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін  шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің  өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс  мәдениетімен де, мектепте және мектептен  тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің  эталондық бейнесі болып табылады. Сондықтан да мұғалімнің оқу-әдістемелік, әлеуметтік-материалдық жағдайын жақсарту жолымен оның беделін мүмкіндігінше  арттырып отыру мемлекетіміздің  білім беру саясатындағы негізгі  басымдықтардың бірі болуға тиіс деп  ойлаймын.

 Бұл орайда осы мақсатта  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың  ірге­сін бірге қалаймыз» атты  Жолдауында: «Білім берудің сапасын  арттыру және қолжетімдігін кеңейту  үшін білім беруге қолдау көрсетудің  жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын  енгізу» міндеттерін белгілеп  берді. Сондай-ақ, Жолдауда көрсетілгендей, «Қазақстандықтарда мемлекеттен  пайыздық бонустар ала отырып, балаларын оқытуға қаржы жинаудың  жаңа мүмкіндіктері пайда болуы  тиіс» және осымен қатар «2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының  50%-ы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90%-ға  дейін артады». Бұл шаралар,  сөз жоқ, мұғалім беделін арттыратын  жаңа көздер болып табылады.

 Сонымен бірге үстіміздегі  жылғы 11-12 мамыр аралығында республика  көлемінде өткізілгелі отырған  еліміздегі математик мұғалімдердің  I съезінің өткізілуі де мектеп  мұғалімінің беделін, абыройын  арттырары сөзсіз. Себебі мектепте  оқушылардың математика пәнінен  білім сапасының артуы үшін  аянбай еңбек етіп жүрген мұғалімдерге  бұл шара педагог қауымға үлкен  серпіліс берері анық. Педагог  қауым аталған іс-шарадан өздерінің  кәсіптік мүдде-мұраттарының, тілек-үміттерінің  жан-жақты сөз болып, оң бағыт  алатынын күтеді. Математик мұғалімдер  съезінің шақырылуы әлемдік білім  беру ісінде өзекті арқау болып  табылатын оқушылардың математика  негіздерін сапалы меңгеруінің  деңгейін арт­тырудағы шығармашылық  ізденісі деп бағалаймыз.

 Қазақстан Республикасы өзінің  Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен  бастап-ақ мектеп дамуына қолдау  көрсетуді назарына ұстап келеді. Елбасы Қазақстанда жас ұрпақтың  әлемдік стандартқа сай білім  алуы үшін қажетті жағдайлардың  жасалғанын айта келе, «бұл –  мемлекеттің даму саясатының  басым бағыттарының бірі», –  деп атап көрсетті. Бұл орайда  мемлекетіміз мектеп мұғалімдерінің  беделін көтеруде жан-жақты қолдау  көрсетіп, білім саясатына басымдық  беріп келеді. Ұстаз беделін қоғам  алдында көтеру үшін Елбасының  тікелей өз Жарлығымен еліміздегі  ең жоғары марапат – Қазақстанның  Еңбек Ері атағы мен «Алтын  жұлдыз» белгісі және «Отан»  ордені ең бірінші рет ұстазға  берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің  еңбегі елімізде жоғары құрметке  ие екендігінің айғағы.

 Қазақстан бүкіләлемдік қаржы-экономикалық  дағдарыстар жағдайында да халықтың  әл-ауқатының артуына мүмкіндігінше  қолдау жасап келеді. Соның ішінде  мектеп мұғалімдерінің жалақысы  жылма-жыл сатылап өсіп жатқанына  бәріміз де куәміз.

 Мұғалім еңбегі нағыз беделге  ие болуы үшін оған жақсы  мектеп керек. Бұл жағынан да  ел басқарып отырған азаматтар  аянып қалып отырған жоқ. Білім  беру жүйесінің дамуына үлкен  серпін берген «100 мектеп, 100 аурухана»  бағдарламасының мәні – түптеп  келгенде, білім сапасын арттыру үшін жасалған игі іс. Сондықтан да Елбасымыздың биылғы Жолдауында таяудағы жылдарда жаңадан 400 мектеп салу мәселесі көтерілген.

 Әрине, мұғалімге қойылып  отырған қоғамдық талап өскен  сайын мұғалімнің жауапкершілігі  де өсе түсуі тиіс. Мұғалімдер  қауымы оны жақсы түсінеді. Түсінгендіктен  де ол қашан да болса ұрпақ  тәрбиесіне адал қарайды. Абай  айтқандай, «адамшылықтың алды  – махаббат, ғаділет пен сезім.  Бұлардың керек емес жері жоқ». Мұғалімдердің балаларға деген  сүйіспеншілігі, қоғамға деген жауапкершілік  сезімі өрлей бермесе, кемімейді.  Осынау азаматтық, парасаттық, адамгершілік, ұждан қала мектептері мұғалімдерін  табыстан табысқа жетелеп келеді.

 Алайда мұғалімнің осы жанқиярлық  еңбегі зая кетпес үшін беделіне  қатысты оның еркіндегі және  еркінен тыс көптеген шарттар  бар екені белгілі.

 Мұғалім беделі, негізінен, ішкі  субъективтік және сыртқы объективтік  факторлардан түзілмек. Ішкі субъективтік  факторлар дегеніміз – мұғалімнің  өз басының педагогикалық қызметіне  көзқарасы, оның қатынасы, мінез-құлқы,  жеке мәдениеттілігі, білімділігі,  іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, ме­йірімділік пен жанашырлық  қасиеттері және шығармашылық  еңбегі мен жаңашылдық ізденістері.

 Сыртқы объективтік факторларға,  біріншіден, мектеп ішінде мұғалімнің  дұрыс еңбектенуіне жасалынатын  оқу-материалдық, оқу-әдістемелік,  әкімшілік-ұйымдастырушылық жағдайлар  мен мектепішілік психологиялық-педагогикалық  ахуал, т.б. көздер жатса; екіншіден,  мектептен тыс факторлар деп  мұғалімнің жалақысы, мұғалімдік  істі марапаттау, мұғалімдерге мемлекеттік  атқару ор­гандарының жан-жақты  қолдау көрсетуі, бұқаралық ақпараттық  құралдар арқылы жүргізілетін  үлгі насихаттар, ата-аналардың көзқарасы,  т.б айтамыз. Бұл екі фактор  өзара тығыз байланысты. Ішкі  факторлардың өзектілігі сыртқы  факторлардың болуын жеделдетсе, ішкі факторлар өз кезегінде  сыртқы факторларға оң пропорционал.

 Бір мақалада бұл факторлардың  әрқайсысын ашып көрсетуге оның  көлемі көтермейді. Сондықтан олардың  ішіндегі кейбір мәселелерге  көңіл аударғым келеді. Ендігі  жерде Тәуелсіздігіміз жан-жақты  орнығып, еліміздің экономикасы  өрлеуге бағыт алған тұста  ұстаздар қауымы мемлекеттік  бюджет тарапынан өзге жергілікті  басқару ұйымдарынан да материалдық  қолдауын қажет етіп отыр. Бұл  орайда Алматы қаласының мектеп  мұғалімдерінің шығармашылық талпыныстарына  қала әкімі Ахметжан Есімовтің  жергілікті қаражаттық қор есебінен  қолдау көрсетіп отырғанының  куәсі болудамыз. Жаңашылдық жаршысы  Ахметжан Смағұлұлы мектеп саласында  педагогикалық жаңашылдықтың орнығып,  дамуына айрықша ықылас танытуда. Бүгінде қаламыздың жас мұғалімдері  әулетінің ішінен ұстаздық өзіндік  бет-бейнесі бар, жүрек қалауымен  еңбек ететін, жаңашылдыққа ден  қойып, шығармашылық еңбекпен  үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп  жүрген жас педагог кадрларға  жалақысына 50% үстеме жалақы қосып  төлеуді, сондай-ақ 1-4-сынып оқушыларын  бір мезгіл тегін тамақтандыруды  ұйымдастырып, бақылауға алған. Жас  ұрпақ денсаулығын сақтауда мектептерді  тегін таза ауызсумен қамтамасыз  ету жолға қойылған. Осындай игі  бастамашылдық еліміздің барлық  өңірлерінде көрініс тауып жатса,  нұр үстіне нұр болар еді.

 Әрине, жергілікті қаражат  көздері есебінен қолдау жасаумен  бір аймақтың өзіндегі барлық  мұғалімдерді қамту қиын. Ол үшін  бүкіл мемлекет бойынша бірыңғай  шаралар керектігі, еліміздің  экономикалық-әлеуметтік дамуының 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында  мұғалімдерге жаппай қолдау көрсетуді  бірте-бірте арттыру көзделген.  Елбасымыздың өзі тікелей стратегияны  жүзеге асыру кезеңдерін атап, нақты бағыттарды айқындап берді.

 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйіні – қандай қиындық болса  да, мұғалімдер азаматтық ұжданын  сақтайды. Егер азаматтық ұжданды,  Шәкәрім айтқандай түсінсек, әр  адамда: «Нысап, әділет, мейірім –  үшеуін қосып айтқанда, ұждан  бар». Қазіргі мектепті сақтап  тұрған – осы нысап, әділет, мейірім. Мұғалімдеріміздің бойындағы  осы ұжданды бекіте түссек, олар  еліміз межелеп отырған қандай  міндеттерге болса да жас ұрпақты  дайындау ісінде аянбай еңбек  ететініне кәміл сенеміз.

 

БІЛІМ САПАСЫНЫҢ  КӨРСЕТКІШІ МҰҒАЛІМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МЕН ОНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНА ТӘУЕЛДІ

 

Бір замандары тамыры бір мемлекеттің  идеясына байланып, одан кейін өз тәуел­сіздігін жариялап, төркүл дүниеге әр қырынан  танылып жатқан Достастық елдерінің  мұғалімдері мен білім қызметкерлерінің тұңғыш съезінің екінші күнгі жұмысы негізінен білім сапасын көтеруге, мұғалім дайындау ісін жандандыруға бағытталды. Алғашқы сөзді Ресей  Федерациясының Білім және ғылым  министрі Андрей Фурсенко алып, жаһандану  заманында білім беру ісін бірлікте жүргізудің пайдасы ерекше болатынын, бұл халықаралық деңгейдегі білім  бәсекелестігіне кең жол ашып, қабілеттіліктің артуына, мемлекеттердің интеллектуалдық, кәсіби әлеуетінің тұрақты  өсуіне тигізетін септігіне тоқталды. Әрбір елдегі жақсы жетістікті білім  стандартына сай қолданудың еш артықтығы  жоқтығын тілге тиек ете келе, ол осыдан біраз жыл бұрынғы қиындықтар тұсында демографиялық ахуалдың құлдырап кеткенін, ауылдық жерлердегі шағын мектептерде бала саны 10-15-тен  аспай қалғанына нақты мысалдар келтіріп, мұғалімнің беделін көтеру мәселесіне ерекше тоқталды. Мектепте химия, математика, физика пәндерін жақсы  оқытпаған жерде ел экономикасын көтеретін азаматтардың шықпайтынын, мықты эконо­мистер мен инженердің болмайтынын, ол пәндерге жауапты мұғалім  екенін айта келіп, осыдан 20-30 жыл бұрын  көшбасшы да, үлгі алар, өнеге көрсетер адам мұғалім болатын. Қазіргі мұғалімдер сол дәрежеде дей алмасақ керек. Себебі, осы күнгі оқушылар пәнге  қатысты деректерді интернеттен, теледидарлардан, өзге де жерлерден алады. Ендеше, осындай  заманда мұғалімнің мәртебесін қалай  көтереміз, – деген министр Николай  біріншінің Александр Пушкинге: реформаны  бастамас бұрын не істеген жөн  деген сұрақ қойғанын, сонда ақын іркілместен білімнің іргетасын  мықты қаламай надандықты жоя  алмайсың, – дегенін айтты. Осы  тәмсілді алға тарта отырып, ол жаңа заманның мектебі қалай болу керек  деген ойға жауап беріп бақты. Жаңа мектеп – барлық адамға ортақ, жаңа мектепте – жаңа заманға сай  білім беретін білімді, білікті  мұғалім болуы тиіс, жаңа мектеп – тек мұғалім мен баланың  ғана емес, ата-ананың, қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы, уақыт талабына жауап беретін  инфрақұрылым, ең бастысы білім сапасының  тұғыры екенін еске салды. Ал оқу бағдарламасы бұрынғыдай қатып қалған қасаңдықтан  арылып, қағазбастылықтан құтылып, мұғалімдерге еркіндік берілуі тиіс. Бірақ бұл  арадағы еркіндіктің арғы жағында  мұғалімнің жоғарыда айтқан көшбасшылығы, білімділігі, парасаты жатуы тиіс. Ондай  болмаған жағдайда барлық іс сөз жүзінде  қалып қояды. Мұғалімнің мәртебесін көтеру дегенде, бірінші –моральдық жағынан, екінші – материалдық жағынан  жақсы мүм­кіндіктер қарастырылуы керек. Біз 2010  жылды Ресей мұғалімдерінің жылы деп жариялап отырмыз. Тағы бір  айтарым, талантты мұғалім мен талапты  балаға әркез қамқорлық көрсетіп отыру керек, деген ол білім –  тәрбие орныққан жерде оқушының бойына даритынын айта келіп, тәрбиенің  басы рухани құндылықтарда жатқанын, өзінің жастайынан елдің ардақты  ұлдарын үлгі етіп өскенін, күні бүгінге  дейін сол үрдісті жалғастырып  келе жатқанын, әсіресе Отанын сүюде  Бауыржан Момышұлына деген ілтипатының  ерекше екенін білдіріп, Александр  Бектің “Волоколамск тас жолы”  повесін, қазақтың қас батырының  “Артымызда Мәскеу”, т.б. шығармаларын атап өтті.

 

Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков “Қазақстан Республика­сындағы жоғары педагогикалық білімді жаңарту” деген тақырып бойынша ой қоз­ғап, еліміздегі жасалып жатқан білім  реформасы, мұғалімдердің білімін  жетілдіру, білім мазмұнын арттыру  мәселелеріне де тоқталып, сондай-ақ осы  саладағы жаңа білім технологиясы туралы да мәлімет берді.

 

Съезд делегаттары бірнеше секцияда жұмыс істеді. Онда білім сапасын  білім беру жүйесін қамтамасыз етуші  фактор ретінде қарау, білім ұяларын  нормативтік, оқу әдістемелік жағынан  толтырып отыру, оқулықтар мен оқу  әдістемелерін әзірлеу, жетілдіру, кадр әлеуетін арттыру және тағы басқа  мәселелер пікір бөлісуге арқау  болды.

 

Сол секілді құрылтайда педагогикалық  ынтымақтастықты зерттеп, зерделеу, интел­лектуалды тұлғаны қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық тәжірибе, қазіргі заманғы оқыту технологиялары мен электронды білім ресурстарының  жаңа буынын қалыптастыру, көп тілділік пен халықаралық ынтымақтастыққа  жету жайы да жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ оқулық пен оқу әдістемелерді  әр елдің ерекшелігіне қарай жазу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Оның кейбір үлгілері көрмеден көрініс  тапқанына куә болдық.

 

ТМД мемлекеттері мұғалімдері мен  білім қызметкерлерінің бұл съезінде білім берудің толғақты мәселелері қозғалып, әсіресе, жаратылыстану пәндерін оқыту, ортақ оқулықтар шығару жайы да қозғалды. Оқулық туралы әңгіме қозғағанда бірден айтайық, біз өзге мемлекеттердің, оның ішінде Ресейдің оқулықтарын баяғыдағыдай көшіріп алу деген ойдан мүлде  аулақпыз. Біздің ғалымдар мен жаңашыл  мұғалімдер Ресей, өзге де елдердің оқымыстылары бірлесе отырып, Отанымыздың білім  бағдарламасына, оқу стандартына  сай жазылатын болады, деген Білім  және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев  құрылтайда көтерілген мәселелер болашақта  өз шешімін табатынына сенім білдіре  келіп, оқулыққа арналған мұндай басқосу  алдағы уақытта Армения не Беларусь елінде өтетінін, білім беру саласы бойынша Қазақстан мен Армения  арасындағы ынтымақтастыққа, сол секілді  Қазақ елінің біліктілікті арттыру  институты мен Ресейдің біліктілікті арттыру және қайта даярлау академиясы арасында да ынтымақтастыққа қол  қойылғанын, өзге де мемлекеттермен қарым-қатынасты  нығайту туралы құжаттар қабылданғанын  алға тартты.

 

Сонымен жиырма екі жылдан кейін  бас қосқан Достастық елдерінің  мұғалімдері мен білім қызметкерлері  алқалы жиынға арқау болған білім  беру мен ұрпақ тәрбиесі, мұғалім  жауапкершілігі, оқулық жазу, әдістемелер  шығару, жаңа білім технологиясын  бірлесіп жүзеге асыру туралы нақты  ұсыныс-пікірді айтып қана қоймай, оны алдағы уақытта бірлікте жүзеге асыруға келісті.

Информация о работе Мұғалім беделі – білім сапасының кепілі