Мектеп окушыларына арналfан сайыс кештерi жене оларды откiзу жолдары мен тербиелiк менi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 15:11, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі мәдени өмірімізде болып жатқан жаңа өзгерістер, жаңа серпін жастарға да қатысты болып отыр. Бүгінгі күні мәдениет демалыс мекемесінде ұлттық салт – дәстүрлер, әдет – ғұрып, ойын – сауықтарды ұйымдастыру, насихаттау мақсатында жұмыстар елеулі түрде көп ұйымдастырылып жатыр. Мерекелерді ұйымдастыру барысында ұйымдастырушының қиялы мен шеберлігіне қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, өз қажеттеріне қарай ұйымдастыруына болады. Мәдени демалыс мекемесіндегі шаралардың әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білуге көмек береді.

Содержание

І. КІРІСПЕ.................................................................................................3-5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру жолдары ............8-9
2.2 Мектеп оқушыларымен өткізілетін сайыс кештері және олардың тәрбиелік мәні...........................................................................................
2.3 Сайыс кештерінің түрлері мен ерекшеліктері__________________26-30
2.4 Сайыс шараларын дайындап өткізу әдістері___________________30-42
ҚОРЫТЫНДЫ______________________________________________42-43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР____________________________44
ҚОСЫМШАЛАР_____________________________________________45-48

Работа состоит из  1 файл

Куанышбаева.docx

— 46.08 Кб (Скачать документ)

                      Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

    Ақтөбе  гуманитарлық колледжі 
     
     
     
     
     

    ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА 

          МЕКТЕП  ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЫС КЕШТЕРІ  ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘРБИЕЛІК  МӘНІ  

    0302002 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығы 
     

Білім алушысы:                      Ш.Қуанышбаева ТЖ-405 топ    

Ғылыми  жетекшісі:                Г.Қ. Каликова «Бос уақыт іс-әрекетін     

                                                                       Ұйымдастыру» пәні    

                                                                       оқытушысы 
 
 
 
 
 

Қорғауға  жіберілді (жіберілмеді)

Әлеуметтік-мәдени қызмет және

арнаулы пәндер бірлестігі жетекшісі

                  Г.К.Каликова

« »   2011ж.

Ақтөбе, 2011ж 
 
 

МАЗМҰНЫ: 

І.   КІРІСПЕ.................................................................................................3-5

ІІ. НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

2.1 Мектеп  оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру  жолдары ............8-9 

2.2 Мектеп  оқушыларымен өткізілетін сайыс  кештері және олардың тәрбиелік  мәні...........................................................................................

2.3  Сайыс  кештерінің түрлері мен ерекшеліктері__________________26-30 

2.4 Сайыс  шараларын дайындап өткізу әдістері___________________30-42 

ҚОРЫТЫНДЫ______________________________________________42-43 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР____________________________44 

ҚОСЫМШАЛАР_____________________________________________45-48 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                     
 
 
 
 
 
 

Кіріспе. 

Тақырыптың  өзектілігі:  Бүгінгі   мәдени  өмірімізде  болып жатқан жаңа  өзгерістер,  жаңа  серпін  жастарға  да  қатысты болып отыр. Бүгінгі күні мәдениет  демалыс мекемесінде ұлттық  салт – дәстүрлер,  әдет – ғұрып,  ойын – сауықтарды  ұйымдастыру,  насихаттау  мақсатында  жұмыстар  елеулі  түрде көп ұйымдастырылып  жатыр. Мерекелерді ұйымдастыру барысында ұйымдастырушының  қиялы мен шеберлігіне қолда бар мүмкіндіктерді  ескере   отырып,  өз  қажеттеріне қарай ұйымдастыруына  болады.  Мәдени  демалыс мекемесіндегі шаралардың  әдістемелік тұрғыдан  дұрыс ұйымдастыра білуге  көмек береді.                                                                                     

     Мәдени  –  шұғылданымпаздылық  мекемелері  алдына  бос  уақытты  қоғамға  тиімді  болардай,  әр  адамның  рухани  өмірін  жетілдіретіндей  етіп  ұйымдастыру  міндеттері  заман  талбына  сәйкес  орынды  қойылып  отырады.  Себебі, бос  уақыт  кезінде  орынды  дем  алу   дегеніміз,  адамның   жұмыстан   шаршаған  ағзасын  қалпына  келтіру,  оларды  тиімді  іс - әрекетке  көшіру,  тәрбиелік  мәні   бар  демалыс  мәдениетін  қалыптастыру  әр  адамның  рухани  өмірі  жетілдіретіндей   Мәдени - демалыс   жұмыстарының  аса  қызықты   және  тартымды шараларының  бірі – сайыс   кештерін ұйымдастыру.                                                                                              

Зерттеудің  мақсат – міндеттері:

-  Болашақ   мамандар  сайысты -  демалыс   шараларын  қазіргі  талаптарға  сай  ұйымдастыру;

-  Мазмұны   ұлттық   сайыс  түрлері   мен  байытып  отыру, адамды  ұлттық  сайыс  байлығын  игеретін  іс - әрекетке  көшіру  амалдарын   игеру. 

- Мәдени - шұғылданымпаздылық  мекемелерінде   өткізілетін  сайыс   кезіндегі   әр  түрлі  жағдайларда  мәдени - тәрбие  әрекетін  ұйымдастыру   ерекшеліктерімен  таныстыру.

-  Заман  талабына  сай сайысты – демалыс   шараларын  дайындау   және  өткізу  әдістемелерін  игеру,  ойындар  бағдарламасын  жүргізу   дағдысы  мен  шеберліктерін  қалыптастыру.                                                                                                          

     Зерттеудің  нысаны: Мектеп оқушылырына арналған мәдени шаралары.

     Мәселенің деректі көздері: «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы. Тәрбие бағытындағы оқулықтар, И.Б.Сиқымбаев «Бос уақыттың ұйымдастырудың педагогикалық негіздері».

     Зерттеу әдістері: Мектеп оқушыларына арналған сайыс түрінде ұйымдастырылатын шара түрлерін анықтау, олардың мектеп оқушылырының талап – тілектеріне сай ұйымдастырылу жолдарын анықтау.

     Практикалық маңыздылығы:

  • Түрлі бағытта өткізілетін сайыс шараларының мектеп оқушыларының сұранымдарына сәйкес келуі.
  • Мектеп шаралары арқылы оқушыларды жан – жақты тәрбиелеу.
  • Мектеп шаралары арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыта отырып бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру;

      Практикалық базасы: №34 орта мектеп

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                       ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

     2.1 Мектеп оқушыларының  бос уақытын ұйымдастыру  жолдары  

    Баланы  тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте  ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің  жетілуіне, жалпы жан – жақты  болуына арналады. Әр адам бос уақытын  өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда  тиімді. Бос уақытты пайдалана  отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың  демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс, тиімді ұйымдастырылған бос уақыт –  олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтыруын қамтамасыз етеді. Біз  өмірімізде бос уақыттың рөлін айырықша танимыз. Баланың бос уақытын  оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру – қазіргі  таңның басты мақсаты саналуы  тиіс.

Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты  әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру  мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың  назарын аударып отыр, өйткені  қоғамымыздағы әлеуметтік – экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға  санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын  қамтамасыз етуде.

Адам  факторының белсенділігін жандандырудың  көп шарттарының бірі – бос  уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт  – бұл жұмыстан немесе оқудан тыс  мезгілде өз бетінше білім деңгейі  мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен  спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек  пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл  көтеруге бағышталған уақыттың бір  бөлігі. Ғылыми – техникалық дамудың  жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К. Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі  қоғам мүшелерінің жан – жақты  дамуының басты шарты болмақ. Бос  уақытты тиімді пайдаланудың қызықты  түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу  мен теледидар көру болып келеді. Теледидар көрсетілуінің молдығы  мен бейнелеу сапасының жақсаруы, тұрғындардың демографиялық құрамының  өзгеруі, яғни жасы ұлғайған адамдар  мен зейнеткерлердің көбейуі, келешекте  мәдени – ағарту және ойын – сауық  мекемелерінің басты бәсекелесі теледидар болуы ғажап емес. Сондықтан  адамдар рухани өмірдің жай тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы  да болуы үшін оларды міндетті түрде  бос уақытты ұтымды пайдалануға  дағдыландыру орынды. Осыған орай, мектепте атқарылатын маңызды мәселелерді  ескере отырып, енжарлыққа, тұтынушылыққа, маскүнемдікке қарсы ымырасыз күрес  жүргізуді жолға қою керек. Бұл  үшін міндетті түрде балалардың бос  уақытында орындалатын іс – шараларды  ұйымдастыру, тәрбиелік бағыттағы  жұмыс түрлеріне адамдарды көптеп тарту, әлеуметтік белсенділікті жандандыруға бағытталған тәрбие және мәдени –  ағарту жұмыстарының сапалық деңгейін көтеру қажет.

    Бос уақыт дегеніміз еңбек етуге, үй жұмысы мен басқа да тұрмыстық  қызмет, сонымен қатар физиологиялық  қажетімізді (ұйықтау, тамақтану, жеке адам гигиенасы, т.т) қанағаттандыруға кететін уақыттарды есептемегендегі  жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі. Бос уақыттың жұмыстан тыс уақыттардың  басқа түрлерінен айырмашылығы –  мектеп оқушылары оны өз қалауынша  еркін пайдалана алады.

             Сабақтан тыс уақытты қалай  ұйымдастыруы керектігі озық  ойлы адамдарды ертеден – ақ  толғандырған. Босқа өткен уақыт  ішінде адам қандай жұмыстарды  атқара алар еді. Осы тұрғыдан  біздің қоғамымызда бос уақыттың  зая кетуін болдырмау шаралары  қандай нәтиже беретінін анықтауды  қажет етеді. Бұл – өмірдің  барлық жақтарын түгел қамтитын  зор міндет.

    ХХ  ғасырдың екінші жартысында техникалық прогресс жедел қарқынмен дамыды. Өмір сүріп отырған дәуірімізде  информацияның берілу көлемі, жылдамдығы, тездігі, ірі ғылыми жаңалықтардың  жиі ашылуы, уақыттың тез өтуі мен  оның құны барған сайын артып отыр. Уақытын бекер өткізген адам ұтылған  адам болып есептелінеді. [7.12]

      Бос уақыт адамның қалауына  сай ұйымдастырылады. Кейбіреулер  бос уақытын көркем шығарма  оқумен өткізуді қаласа, ке йбіреулері телевизор көруді, ал енді біреулері табиғат саясында жан сергіткенді ұнатады.

Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі  өздерінің бос уақыттарын ең алдымен  оқуға, білімін жетілдіруге, көркем әдебиетті және күнделікті баспасөз жаңалықтарын оқып – білуге, музейлерге, парктерге, көрмелерге баруға пайдаланады.

      Ал қазіргі уақытта ата –  аналардың балалармен қарым –  қатынасы басқаша. Жастар еңбекке  бұрынғыдан әлдеқайда аз араласады  және олар ата – аналарымен  үнемі бірге бола бермейді. Жас  өспірімдердің дене бітімінің  жетілуі тез өсуде, яғни акселерация  құбылысы, сондай – ақ кейбір  ата –аналар мен балаларының  білім деңгейінің арасындағы  айырмашылықтар қосымша қиындықтар  тудырып отыр. Сондықтан барлық  ата – аналардың педагогикалық  және психологиялық білімге ден  қоюы, олардың тәрбиелеу дағдыларын  жетілдіруі айрықша маңызды. Бұл  тұрғыдан келгенде ата – аналардың  арнайы оқу жүйесін, бәлкім  мектептерде педагогикалық кеңестер  ұйымдастыру қажет сияқты. Бұған  жұмсалған күш зая кетпесе  керек. Бос уақытты барынша  тиімді пайдалану көптеген жастарды  толғандыруда. Ол ең алдымен адамның  өзіне, оның қажеттілік сипатына  және мақсат ауқымына, оның әлеуметтік  белсенділігіне байланысты. Адам  бос уақытында тау аралап, сырғанақ  тебуге де, фильм немесе спектакль  көруге де немесе өзі ұнататын  тақырыпта реферат жазуға да  не қызықты ғылыми, әдеби –  көркем кітап оқуға да үлгереді.

      Бос уақыттың пайдаланылуы көп  ретте жеке адамның өндірістегі  іс – қызметі мен ол жүзеге  асыруға атсалысатын мәселелерге  тәуелді және белгілі бір коллективтің  сол адамға деген талап –  тілегімен айқындалады. Бос уақыттағы  әрбір іс – әрекет, қимыл (мақсатсыз  демалыстан басқасы) осы екі  міндетті де атқарады. Мысалы, серуендеу,  дене шынықтырумен шұғылдану  – тынығумен қатар, жеке адамның  эстетикалық тәрбиесіне де игі  әсерін тигізеді. Бос уақытта  қандай тиімді жұмыспен айналасуға  болады? Мұнда ең алдымен қоғамға  пайдалы творчествалық іспен  шұғылдануға, материалдық және  рухани байлықтарды(техникалық творчества, өзіндік білімін жетілдіру, қоғамдық  жұмыстармен, балаларды тәрбиелеумен) немесе мәдени қазыналарды(кітап,  газет – журналдар, театр, кино, телевизиялық хабарлар, т.т) пайдалануға  болады. Адамның өзін – өзі  толығымен меңгеруі, өзінің икемділігін,  ептілігін ұштауы, адамгершілік  қасиеттерін жан – жақты қалыптастыруы,  эстетикалық жағынан дамуы үшін  адамға, қоғамға пайдалы қызмет  етудің тигізетін ықпалы зор.

Информация о работе Мектеп окушыларына арналfан сайыс кештерi жене оларды откiзу жолдары мен тербиелiк менi