Мектеп окушыларына арналfан сайыс кештерi жене оларды откiзу жолдары мен тербиелiк менi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 15:11, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі мәдени өмірімізде болып жатқан жаңа өзгерістер, жаңа серпін жастарға да қатысты болып отыр. Бүгінгі күні мәдениет демалыс мекемесінде ұлттық салт – дәстүрлер, әдет – ғұрып, ойын – сауықтарды ұйымдастыру, насихаттау мақсатында жұмыстар елеулі түрде көп ұйымдастырылып жатыр. Мерекелерді ұйымдастыру барысында ұйымдастырушының қиялы мен шеберлігіне қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, өз қажеттеріне қарай ұйымдастыруына болады. Мәдени демалыс мекемесіндегі шаралардың әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білуге көмек береді.

Содержание

І. КІРІСПЕ.................................................................................................3-5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру жолдары ............8-9
2.2 Мектеп оқушыларымен өткізілетін сайыс кештері және олардың тәрбиелік мәні...........................................................................................
2.3 Сайыс кештерінің түрлері мен ерекшеліктері__________________26-30
2.4 Сайыс шараларын дайындап өткізу әдістері___________________30-42
ҚОРЫТЫНДЫ______________________________________________42-43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР____________________________44
ҚОСЫМШАЛАР_____________________________________________45-48

Работа состоит из  1 файл

Куанышбаева.docx

— 46.08 Кб (Скачать документ)

       Бос уақытты демалыстың кең  тараған түрлерімен – туризм, саяхат, серуендермен өткізуге болады. Осы аталғандардың барлығы адамның  эстетикалық талғамын ұштап, қасиеттерін  биіктете түседі.

Бос уақытта  адам бойындағы көркемдік бастаманы  көркемөнерпаздар үйірмесінде де ұштай  түсуге  болады. Рухани қажеттеріміз түрлі мәдениет мекемелері, жалпы  информация мен насихат құралдары  көмегі арқасында қанағаттандырылуда. [8. 57, 60]

Дене  тәрбиесі, спортпен айналысу бос уақытты  мәнді өткізудің бірден – бір  тиімді жолы. Өйткені адамның жан  – жақты қалыптасуында, оның дене бітімін жетілдірудің орны ерекше.

Бос уақытты  тиімді пайдалану әр оқушының  қалауынша  жүзеге асырылатын жұмыс дедік. Өйткені  бұл әлеуметтік мәселе.  

2.2 Мектеп оқушыларымен  өткізілетін сайыс  кештері және олардың  тәрбиелік мәні 

Мектепте  көп өткізіліп  жүрген  сайыс  кештері:   «Не?  Қайда ? Қашан?»  «Ғажап  алаң»,  «Бақытты  сәт», «Жұлдызды  сағат»,  « Көңілді  тапқыштар  клубы  өнері, сайыс  кештері», « Ал,  қанекей  жігіттер»,  «Ал,  қанекей  қыздар», «Жігіттер  сұлтаны»,  «Қыз  сыны»,  тағы  басқа. Негізінен  кез  келген  сайыс  кештерінің  мақсаты:  қатысушыларды  да көрермендерді  де  өнерге,  тапқырлыққа,  шапшаңдыққа,  төзімділікке,  ойлау  қабілетінің  дамуына,  ептілікке  тәрбиелей  отырып,  өте  көп  тамдық  танымдық  қызмет  атқарады.  Мысалы:  «Не?, Қайда?, Қашан?», «Бақытты сәт», «Ғажайып алаң» т.б. сайыстары ғылымның (өнер,мәдениет,білім  т.б) салаларының әр түрлі сұрақтар беріп, қатысушылардан жан –жақты білімділікті талап етсе, ал «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» сайыстары бойжеткендер мен бозбалалардың  бойларынан табылуға тиіс ұлттық тәрбиеміздің көріктілік,әдемілік, инабаттылық,өжеттілік  т.б. жақтарынан байқау мақсатында, Әжелер  сайысы арқылы өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиелік  мәні зор сан  түрлер мен өткізіледі.  [5.75] Демалыс  кештерінің  бірі  түрі – сайыс  кеші.Сайыс  кеші  дегеніміз – мәдени  демалыс  шараларының  ең  белсенді  түрі,   ол  танымдық,  сауықтық  сипаттағы  элементтерді  қолдана  отырып,  адамдарды  сайыс  түріне  жатыстыра  отырып,  пікірлесуіне,  мәдениетті  қарым-  қатынаста  болуына  көмектеседі.

         Сайыс  кештерінің  тәрбиелік   мәні – танымдық - тәрбиелік   мәні  бар. Әрбір  қатысушының   рухани  талап - тілекетерін   қанағаттандыра  отып  жақсы   қасиеттерді  қалыптастыра  отырады.  Сайыс  кешінің  басқа   демалыс  шараларынан  ерекшелігі  кештің  басталуынан,  аяқталғанынша   жеке  адамдар  немесе  топтар  арасында  жарыс  түрлерінде  өтіп,  соңында  жеңімпаз  атанады.

     Баланы  дамытатын,  өсіретін  әрі  өзін  тәрбиелейтінде   негізгі  іс -  әрекет -  сайыс. Сайыс  арқылы   адам  өзін  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғамдық   құбылыстар мен,   адамдардың   еңбегімен  қарым - қатынастарымен   танысады.                                                       

     Халықымыз  сайысты  тек  балаларды   алдандыру,  көңілін   көтеру  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшелігіне  сай  олардың  көзқарастарын  мінез -құлқын  қалыптастыру  туралы  деп  ерекше  бағалаған. Сайыс  негізінен    денешынықтыру  және  эстетикалық   тәрбие  берудің  маңызды  құралы. Бір  заманда  халық  қиалынан  туып,  өз  ұрпағын  тәрбиелеудің  ұтымды  құралына  айналған  ежелгі  сайыстар  ешбір  арнайы  құрал  – жабдықты  өткізетін  орынды  талғамайды.  Олар  бүгінгі  мектептеріміздегі  тәрбие  жұмысына  падайлануға  қолайлы .  Сайыстар   тек  денені  ғана  емес,  ойдың  жаттықтырушысы  да  болып  табылады.  [17.63]                                                                                                             

     Халық  өзінің   қоршаған   дүниенің  қыры  мен  сырын  екжей - текжейлі  білуді  баланың  санасына  сайыс  арқылы  жастайынан  сіңіре  беруді  көздеген. Сайыс  бала  табиғаты  мен  егіз. Өйткені,  бала  сайысыз  өспек   емес, жан - жақты  дамымақ  емес.                                                             

     Бұл  жерде  атап  айтатын  бір  нәрсе,  сайыстарды  бүгінгі  педагогикалық  ілім  талаптарына  сай,  ретті  қолдана  білсек, онда  ол  мәдени  шаралардың    сапасын  көтеріп  тиімділігін  арттырады,  сыныптан тыс  тәрбие  жұмыстарын   жандандыра  түседі.  Мен  бүл  пікірімді  көп  жылғы  ізденіспен  мәдениет  қызметкерлеріне  іс - тәжірибелеріне  сүйеніп   айтып  отырмын.  Еліміздің  өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы  үлкен мәселелердің бірі – келешек  ұрпақтың рухани дамуы. Елбасы Н.Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді  мәселелерін екшелей келе «Егер  біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің  мемлекетімізді ұзақ мегзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын  түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып, қазақ жастарын заман талабына сай  эстетикалық талғамы жоғары, парасатты, отансүйгіш, елжанды, жан-жақты дамыған  тұлға етіп қалыптастыру, осы бағытта  тәрбиелеу – бүгінгі күнгі  мәдениет мекемелерінің алдындағы  өзекті мәселесі. Жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін, белсенділігін, арттыратын мазмұнды шаралар тұлғаның қалыптасуына белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда, азаматтыққа, қоғамдық белсенділікке  баулитын және еңбек ардагерлерімен, көп балалы отбасыларымен, түрлі  мамандық иелерімен, құқық қорғау орындарының  қызметкерлерімен т.б. кездесу, жүздесулер, дене тәрбиесі мен салауаттылық өмір салтын қалыптастыратын іс-шаралар, олардың адамдармен қарым-қатынас  әрекетіне, қоғамға, еңбекке, ғылым-білімге, спортқа деген қарым-қатынасын  дамытып, жастарды Отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелейді. Мәдениет мекемелері қызметінің тәрбие жұмысында  жасөспірімдермен атқарылатын шаралардың тиімді түрлерін жеткілікті пайдалануының  маңызы ерекше. Мұндай жұмыстардың  игілікті түрде жүзеге асуы үшін мәдениет мекемелері, отбасы және ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптастырған эстетикалық  тәрбиенің мазмұны айтарлықтай  рөл атқаратынын естен шығармауға тиіспіз. Өйткені балалық кезең  мен жасөспірім шақта білім мен  дағдылар тұлғаның жеке дара дамуының бірден-бір құралы, осылардың негізінде  саналы тұлға дамып қалыптасады. Қоғамдық өмір мен әлеуметтік-ғылыми прогресс талаптарын орындау барысында  жастарды саналы тұлға етіп тәрбиелеу  үшін клубтардағы мәдени көпшілік шаралардың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру  формалары және тәсілдерін жаңаша жүргізу  қажет. Көпшілік шаралар мазмұнды, тартымды тұстары адам жанын тебірентіп, тыңдарманның ынтасын арттырып, оны жақсылыққа итермелейді, өнегелі өмір сүруге баулиды. Мектеп кештерінде көркем шығарма мен  көркем өнердің батыл ұштасқан тұстары  шығармашылықпен, тартымды әуенмен  өрнектеліп, көпшілік бойында эстетикалық-рухани тәрбие қалыптасады. Қазіргі тарихи кезеңде, яғни, ХХІ ғасырдың басында  қазақ халқының ұлттық санасы мен  дүниетанымы жаңарып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту өзінің бай ежелден  қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін  құрметтеу, ұлы тұлғалары мен  ойшылдарын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани және мәдени қазынасын  әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында  – мәдениет саласында орындалатын  қыруар шаруалар күтіп тұр. «Сенімділік, жеке белсенділік, төзімділік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, секілді  көңіл күйлерді орнықтыратын материалды жіберу керек. Азаматтарды басқа  адамдардың оң тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми және шығармашылық интеллигенцияға да осындай рөл  жүктеледі» - деп атап көрсеткен  болатын елбасымыз Н.Назарбаев  «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға»  атты Жолдауында. Жас ұрпақтарға рухани байлық беріп, өз елінің туған тілін, әдет-ғұрпын үйретіп, Отанын, халқын шынайы сүюді, имандылыққа, инабатты болуға тәрбиелеу  – мәдениет мекемелерінің біздің еліміздің ертеңіне, болашағына қосқан үлесі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін  айтар болсақ, мәдениет мекемелерінде  атқарылып жатқан түрлі тәрбиелік  бағыттағы мәдени-көпшілік шаралардан бүгінгі ұрпақ адам бойында кездесетін үлгілі, жақсы қасиеттерді көкейіне тоқып, одан өзіне керекті тәлім-тәрбиелерді  бойына сңіре білсе, нұр үстіне нұр  болмақ. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс. Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та ол халықтың (халықтық) педагогикасымен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал тәрбие дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен (философиясымен) тығыз байлансты. Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті – ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдыретті құрал.

     Мәдениеттің өмірдегі көрінісі – ұлттық тәрбиенің  жемісі. Әдебиет пен өнер – мәдениеттілікке  тәрбиелеудің басты құралы болып  табылады. Кез-келген әдеби шығарманың эстетикалық мәні тәрбиеленушінің  этикасы мен этникасы (әдебін) қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп, адамдығын  қалыптастырады.Табиғат тамашаларын  жырлап, экологиялық тәрбиеге басым  көңіл аударатын тақпақтар әділдікті, әсемдікті жырлайтын ойын-өлеңдер, әдептілікті уағыздайтын термелер, ерекше қызық оқиғаларға құрылып, әдет-ғұрып  салт-санадағы әдепті көрсететін ертегілер, ұлағаттылық пен ұлылықты, яғни, мәдениеттіліктің шығар шыңын көрсететін аңыз-әңгімелер, әдемілікті бейнелейтін  әзілдер, бәрі-бәрі ұлттық мәдениеттің  этнопедагогикамен өзектесіп келе жатқан өз ерекшеліктері, яғни ауыз әдебиеті (оның көркем әдебиетпен ұштастырып пайдаланамыз) ұлттық мәдениеттің дамып қалыптасуына әсер ететін бірден-бір рухани мұрамыз  болып табылады. Ұлттық салт-сана сол  ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын  көрсетеді. Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері рәміздер, рәсімдер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер арқылы кісілік, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы асырылып салауаттылық, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады. Ұлттық мәдениеттіліктің айқын белгілерін жас ұрпақтың бойына дарыта білу ұлттық мәдениеттің бейнесін көрсететін тәлімдік кештерді ұйымдастыру мәдениет мекемелеріндегі  демалысты ұйымдастырушылардың  назарында болғаны маңызды. (Наурыз мерекесі, Республика күні, Халық композиторлары мен әншілерінің творчествосына арналған әдеби-сазды және портрет  кештері, тақырыптық кештер).

 Жастар  мен жасөспірімдердің дүниетанымдық  көзқарастарының дамуына, адамгершілік  ар-ұятының оянуына, құқықтық, эстетикалық  сана сезімдерінің қалыптасуына  үлкен көмек көрсете алатын  орын. Көпшілік орында орналасқан (ауыл, село, аудан) мәдениет орындарының  атқарар істерінің де ауқымы  кең. Өздері орналасқан аудандарының  мәдени экономикалық  ерекшеліктеріне  байланысты. Бос уақыттарын тиімді  өткізуге, эстетикалық тәрбие орталығына  айналды. Қазіргі таңда әлеуметтік  мәдени жағдайларға көз жүгіртсек  жасөспірімдерге қызмет көрсететін  бос уақытын тиімді өткізудің  бірден-бір орталығына айналды.  Қазақстанның тәуелсіз мемлекет  ретінде дамуы барысындағы ең  маңызды міндет республиканың  болашақ азаматтарын тәрбиелеу,  оларға терең кәсіби білім  берумен қатар, ортақ мәдениет, нағыз зиялылық және моральдық  қасиеттерді бойына дарыту болып  табылады. Әрине, бұл салада мектептің  атқарар ролі үлкен. Қазақ халқының  ұлттық мәдени өркендеуі жағдайында  жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани  қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын  халық дәстүрінде тәрбиелеудің  заңды, объективті қажеттілігі  арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек  ұрпақты өз халқының рухани  қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрып дәстүрімен неғұрлым  тереңірек таныстыру қажеттігін  тудырады. 
 
 
 
 
 
 
 

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 2.3 Сайыс кештерінің  түрлері мен ерекшеліктері 

   Сайыстар  мәдени – шұғылданымпаздық  түрлерінің  ішінде  ерекше  орын  алады.  Көңілді  сайысты  демалыс іс - әрекетіне  ұмтылу  әр  адамға  тән. Апталық  еңбек  күнінін  кейін  адамдарда  организімнің  шаршағандығын  бәсеңдету және  тынығу  қажеттіліктері  туады. Сайысты  демалыс  кештері  осындай  қажеттіліктерді  қанағаттандырып  қана  қоймай, адамдарды  ойындар іс - әрекетіне  көшіре  отырып, оларға  мәдени - тәрбиелік  ықал  жасайтын  жағдайлар  туғызып  отырады. Нақтылап  айтқанда  әр түрлі  сайыстардың  іс - әрекеттері  мазмұны  мен  мәнерлігі  жағынан  өте мағыналы  әрі  көңілді  адамдар  қарым - қатынасын  пікірлесуін  тудырады. Мұндай  қатынастардан  пайда  болатын  өнегелі  ықпалдар,  адамдар  бойындағы  жағымды, инабаттылық, адамгершілік  қасиеттерді  ұлттық  әзіл -қалжың, ойын - сауық  мәдениетін, мінез - құлық, киім - киіс  мәдениетттілігін қалыптастыруға  жан - жақты  дамуына  ынталандырады. Ойынды  демалыс  кеші - мәдени  шұғылданымпаздылық   жұмыстарының  белсенді  түрлерінің бірі, ол, танымдық және  сауықтық  сипаттағы  элементтер  мәнерлігімен,  аудиторияны  сайыстар  іс - әрекеттеріне  еркін  қатыстыруымен,  олардың  көңілді  дем  алуына  жан  - жақты  жағдайлар жасаумен, адамдарды сайысты - пікірлесу  қатынастарына  көшіруімен  ерекешелінеді. Өте қызықты, тартымды және  мазмұнды  сайысты - демалыс кешін  өткізуіміз үшін, оған  арнайы  дайындалуымыз  керек. Сайысты  демалыс   кешін  ұйымдастыру  мынадай  негізгі  кезеңдерден тұрады:                                                                                        Аудиторияны  анықтау. Ынталы  топты құру.Сайысты  демалыс кешін  дайындық  жоспарын  құру.

Сайыс  кешінің  сценарийін  жазу.

Кешті  өткізу, оның  нәтиежесін  талдау.                                                          Ал енді, жеке - жеке әр кезеңінің  мазмұнын  ашып  көрсетейік.                            

1. Аудиторияны   анықтау (кеш  кімдерге  арналады).

     Сайысты  демалыс  кешіне  дайындықты  бастамай  тұрып, мәдение – ағарту  қызметкері, оны  қандай  аудитория  үшін  ұйымдастыратынын  білуі  керек. Бірінші кезеңінің  маңыздылығын  дұрыс  түсінуіміз үшін, біз аудиторияға  анықтама  беруге  тырысайық.

     Аудитория  бұл  қысқа  уақытта  біріккен   адамдар  тобы, олар: демалуға  байланысты  себептер  мен  бірінғай  ойын –сауықты  және  танымды іс - әрекеттер  ықпалыны  түсуімен  бір - бірімен  әртүрлі  деңгейде  сайысты  қарым - қатынас  жасау мен  ерекшеленеді. Сонымен, аудитория  біріңғайлылығы  адамдардың  психологилық  білімдік,  кәсіптік  және  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  сайысты  демалыс  кешінің  бағдарламасын  құруға  мүмкіншілік  береді.  [6.55]

     Осымен  қатар, жоғарыда  көрсетілген  аудитория  ерекшеліктерін  ескере отырып, біз  әртүрлі  ойынды  демалыс кештерін, түрлерін  анықтай  аламыз: олар  жастарға, жанұялы адамдарға, мектеп  оқушыларына  жанұя  құрмаған ересек  адамдарға , зейнеткер т.б.  арналуы  мүмкін.

  • Ынталы  топты құру және  оларға  нақты көмек  беретін  ұйымдарды  анықтау.

     Сайысты  демалыс кешінің  аудиториясын  және   оның  сұранысын  анықтағаннан кейін мәдени  шұғылданымпаздылық  қызметкері аудитория  құрамының  ішінен өте белсенді, кешті  өткізуге  ынталы  адамдарды  тауып, олармен  қарым - қатынас  жасап, кешті  дайындауға  қатыстырулары  қажет.

Әр сайыстар  аудиториясы  ішінде  өте  белсенді  адамдар  болады, олар  аудиторияны  өз айналасына  ұйымдастырып қана  қоймай , олардың  көңіл - күйін, қызығушылығын, қабілетілігін  біледі. Әр адам мен  тіл  табысып, оны қандай да  болсын іс - әретке  ынталандырып отыра  алады. Сондықтан, осындай  белсенді  адамдар  не  болмаса, сурет  сала  білетін,  жүргізуші болатын сценарий  жазуға қабілеті  бар, музыка, ойын  өнерінен  хабары  бар   т.с.с. Қабілетті  адамдар  ынталы  топ  құрамына  тартылады.  Жалпы  ынталы топ  3-7  адамға  дейін  болады.  Осылар  мен  сайысты  демалыс  кешін, тартымды  және қызықты  ұйымдастыру  үшін, ынталы топқа нақты  көмек  беретін ұйымдар, кәсіп - одақ, мектеп, кітапхана, кішікәсіп  орын т.с.с.  анықталады  да олармен  мәдени - іскерлік  қарым - қатынас  жүргізіледі.

  Мектептің көпшілік жұмыстарын тек көрушілер мен тыңдаушыларды қамтумен тындыруға болмайды. Демалушылардың творчестволық белсенділігін арттыру – жан-жақты тәрбиелеудің аса маңызды саласы болып табылады. Демалушыларды балалар, жасөспірімдер, жастар, жалпы көпшілік қауым деп бөлуге болады.Демалушылардың әр тобымен жұмыс жүргізудің өзіндік жолдары: Балалармен қызықты олардың ой-өрісін күшейтетін, адамгершілікке баулитын мәдени шаралар, ертеңгіліктер, тақырыпты кештер, ойын сағаттарын ұйымдастыруға болады. Әртүрлі көпшілік мәдени шаралар өткізу арқылы Оқушылардың көркемдік білім негіздерін игеруі және олардың бейнелі ойлау қабілеттіліктерін дамыту; балалардың көркемдік образдарын жасау және шығармашылық іс-әрекеттеріндеәдеби шығармалардан, фольклордан әсерлі сюжеттерді немесе тарихи оқиғаларды көрсете, ұлттық музыканы естірте отырып туған жер тарихымен, халық өмірімен, тұрмыс-салтымен, мәдени дәстүрлерімен байланысты тақырыптарды мейлінше оңтайлы пайдалану; халықтың ән-күйлерінің мазмұнымен, шығу тарихымен, авторларының өмірімен таныстыру арқылы балалардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, ұлттық өнер саласының мәдени деңгейін көтеру; балаларды ән-күйдің өзіндік көркемдік ерекшеліктерін көре, ажырата, талдай білуге дағдыландыру, музыкалық, шығармашылық, қабілеттерін (естіген, әуенді есте сақтау, ырғақты ұға білу, екпінді сезе білу т.б.) дамытуға ықпал ету; Ұлттық өнерлер: ән, күй, би, ою-өрнектер арасындағы өзара үндестікті,байланысты, ұқсастықты, көре білуге, олардың өзіндік тілін түсініп эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге үйрету; Ауыз әдебиеті үлгілерін (мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, санамақ ойындары, ертегі т.б.) ойын тәсілі және әуен жаттығуларының сөзі тұрғысында пайдалану арқылы баланың қиялын танытып, ойын ұшқырлау; сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырып, тілін ширату, тапқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. Рухани өрісінің кеңеюіне тәрбиелеу.   Қоғам талаптарына сәйкес жастармен жұмыс жүргізу барысында жеке бастың адамгершіліктік және әлеуметтік тұрғысынан дамуын көздейді, жеке адамның, қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет қағидаларды, ережелерді және рухани байлықтар жүйесін меңгеруіне көмектеседі. Жүргізілетін жұмыстар олардың кемелденіп азамат болуына, мамандық таңдауына, семья құруына көмектесуіне бағытталады. Бұл әрине күрделі міндет. Тәрбие жұмысы алға қойған мақсат пен міндет бірлігін қамтамасыз ете отырып дәйекті дамытуды қажет етеді. Жұмыстың нәтижелі болуы клуб кештерін ұйымдастырушының рухани байлығына, білімділігіне, адамдарды түсіне білгіштігіне, қарым-қатынас мәдениетіне байланысты. Жасөсіпірімдер  демалушылардың ішіндегі ең маңызды тобы. Топтың бұл уақыттағы өскелең кезі нені болса да қуана қабылдайтын балғын шағы. Жасөспірімдер жұмыс істеу мәдениет қызметкерінен кәсіби шеберлікті талап етеді. Тез тіл табысу, сенімге ие болу үшін жастардың әртүрлі тыныс-тіршілігімен, оларды қызықтыратын әдебиет пен музыканың бағыттарымен жете таныс болуы керек. Жасөспірім шақтың өзінің қиындықтары мен проблемалары бар. Дегенмен, оның қуанышы мен жемісі де жоқ емес. Жастардың жауапкершілікпен жұмыс істеп, айналасындағылармен, жора-жолдастарымен, тамаша қарым-қатынаста бола алатынын өмірден көріп жүрміз. Сонда да болса, жасөспірімдік кезең – аласапыран шақ. Бұл кезеңде жасөспірімнің жан дүниесі мың құбылып, бірде сүрініп, бірде құлап жатады. Жасөспірім баланың албырт шақтың сынақтарына төзіп, жауапкершілігі мол ересек адам болып шығуына ата-анасы, қоршаған ортасы, тәрбиелік жұмыстармен айналысатын қоғамдық орындар ең жақсы мүмкіндік жасайды.«Кеңес жоқ жерде жоспар бұзылады» дейді нақыл сөздерде. Жасөспірімдердің қалыптасу кезеңіндегі осы уақыттарда, олардың бойындағы жасқаншақтық, көпшіліктің назарынан қашып, оңашаланып, оқшаулануды әдетке айналдыруы мүмкін. Сондықтан да олармен ашық пікір алысып, сенімді қарым-қатынас жасап, түсінісуге, сөйлесуге, сырласуға әрдайым даярлық рухы танытылуы қажет.Олардың ерекше қызығушылығы мен өзіндік қиындығын жете түсіну, жасөспірім баланың сөйлескісі келетін ықыласын елеусіз қалдырмай, уақыт бөлу, қажет болған жағдайда қасынан табылатындығына көз жеткізу керек. Осы орайда түрлі тәрбиелік бағыттағы пікір алысулар ұйымдастырып, тәжірибесі мол адамдармен кездесулер өткізсе, сонда ғана мектеп пен   жасөспірім арасында тығыз қарым-қатынас үндестігі орнайды. Пікір алысу бұл жай ғана сөйлесу емес. Жақсы пікір алысу арқылы біз басқалардан үйреніп, жамандықтан қашып, жақсылыққа үндейміз.Тағы бір жайт – жасөспірімдердің еркіндікке ұмтылуы. Ал бұдан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені, бұл - өсіп келе жатқан азаматтың қалыптасу кезеңі. Жүрегі таза, ниеті ақ жасөспірімдердің өз халқының ұлттық құндылықтарын саналы түсініп, меңгеруіне, елін сүйетін, салт-дәстүрлерін қадір тұтатын азамат қатарына қосылуына маңызды үлес қосатын мәдениет мекемелері десек қателеспейтін шығармыз.Ұлттық құндылықтарды қазіргі өзгерген, жаңарған заман жағдайында қарастыра отырып, ол құндылықтар арқылы қазіргі қоғамда әлеуметтік бағдарлануға әсер етудің тиімді жолдары іздестірілуде. Құндылық бағдар іс-әрекет пен мінез-құлықтың әлеуметтік мәнді үлгілерін меңгерудің нәтижесі ретінде көрінетін ерекше тұлғалық құрылым.Құндылық бағдар қалыптастыруда қызығушылықтың ролі ерекше. Егер қызығушылықтар өзінің мазмұны мен бағдарына қарай әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болса, тұлға үшін мұндай қызығулар пайдалы болады.Қызығушылық жасөспірімнің рухани әлеуетін белсендіреді. Сондықтан жасөспірімнің күнделікті өмірде болып жатқан дүниелерге қызығушылығын ояту, оларды саналы түрде сезінуге бағыттап отыру, оның өзін-өзі тануы – құндылық бағдар қалыптастыруда ерекше маңызды. Өйткені құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау құндылығының үлгісі арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезеңінде жасөспірім игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, белгілі бір құндылық бағдарға ие болады.Балғын кезінен бастап, жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі тану қабілеті қалыптаса бастайды, әлеуметтендіру, яғни, әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, өзін қоғамға қатыстыруы іске асады. Осыларды есепке ала отырып, жасөспірімдерге ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың мазмұнын анықтау ерекше маңызды. Ең алдымен ұлттық құндылықтарға анықтама беріп кетсек: «Ұлттық құндылықтар – халықтың ұлттық тілі, ұлттық мінез-құлқы, ерекше адамгершілік қасиеттері, ауызша-жазбаша тәлім-тәрбиелік мәні бар даналық өсиеттері, салт-дәстүрлері, ділі мен діні. Ұлттық құндылықтар - әрбір халықтың, этностың мәдениетінің өзегі, жеке тұлғаның ішкі мәдениетінің іргетасы».Қазақта туған жер, ата-бабаның кіндік қаны тамған жері деген ұғымдарда үлкен мән жатыр. Өйткені туған елге деген сүйіспеншілік, құштарлық сезім әрбір қазақ баласының бойына, сана-сезіміне ана сүті арқылы дарыған, ата қаны арқылы сіңген. Б.Момышұлының «Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге міндетті» деген. Өзінің туған жері мен ата-бабасын, оның тарихын білмеген адам, туған жеріне деген мақтаныш сезімін білдіре алмайды. Сондықтан да жасөспірімдерді өз жерінің қадір-қасиетін білуге, тануға дайындап, олардың жүрегіне, сезіміне әсер ететін мәдени шаралар арқылы жастайынан тәрбиелесек, егемен еліміздің адамгершілігі жоғары, түсінігі мол азаматы болып қалыптасады.  Жастардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда, өмірдегі кейбір қайшылықтарды жеңуіне, ортаға бейімделуде клуб кештерін өткізу арқылы тәрбиелеу өте маңызды. Демалушыларды танып-білуге арналған шаралардың ішіндегі маңыздысы – сауалнама жүргізу, яғни жазбаша ой-пікірлері мен танысу. Сауалнамаға мысалы: «Қандай көпшілік жұмыстардың түрі ұнайды?», «Өткізілген кештерге жиі келесіз бе?», «Қандай демалыс кештері іш пыстыратын көңілсіз? Жасың нешеде? Алдағы уақытта қандай демалыс кештерінің ұйымдастырылғанын қалар едің? т.б. сұрақтарға жауап алу арқылы демалысты ұйымдастырушылар алдағы жұмыс жоспарына енгізу, демалушыларға қолайлы жағдай жасау, алдына қойған мақсаттарына орай жұмыс барысында іске асырады. Жас ұланды еңбек процесінде адамгершілікке тәрбиелеу – ертеңгі еңбеккерді қалыптастырудың басты шарттарының бірі. Ал адамгершілік тақырыбындағы өткізілетін пікір алысулар, тартымды пікір таластардың мақсаты – жасөспірімдерге ой салып, дұрыс қорытындыға келуге бағыттау. «Талғам туралы талас», «Өмір сүру, өмірден өз орныңды табу», «Ар және намыс», «Білімділік және адамгершілік», «Адам еркі мен еңбегінен кереметтер туындайды», «Жолдастық, достық және махаббат» т.б. кештердің қызықты, тартымды, жасөспірімге ой тастайтындай болуына көңіл бөлінеді.         Уақыт талабына сай жұмыс түрін лайығымен өткізу мәдениет үйі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне байлансты. Клуб кештерін өткізу үшін дайындық жұмыстарын бастау ең маңыздысы. Жақсы ұйымдастырылған қызғылықты болып өткен демалыс кештері қатынасушылардың есінде көпке дейін сақталатыны сөсзсіз. Демалыс кештерін ойдағыдай өтуі үшін оған алдын-ала дайындық, мұқият әзірлік жүргізілуі керек. Көпшіліктің жиналатын, демалатын орталығы клубтардың жұмысын жандандыру жергілікті халықты мәдени жұмыстарға тарту клуб жұмыстарын жақсартып қана қоймай бұқарамен байланысын жақсарта түседі. Қазіргі замандағы елдің талап-тілегі жан-жақты артуда, демек солардың тілектерін орындау – бүгінгі мәдениет мекемелерінің төл жұмысы. Мектеп оқушылардың саяси, мәдени білімдерін көтеруге, олардың қоғамдық көзқарастарының қалыптасуына жалпы мәдени дәрежесін көтеру міндеті. Осы бағыттарды мәдениет мекемелері әртүрлі ерекше жолдармен тақырыптық кештер, әдеби кештер, жазушылар мен еңбек озаттарымен кездесу, экскурсия жасау, балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық кештер, ертеңгіліктер, түрлі ойын сағаттары, білім мен техника табыстары, еліміздің тарихы туралы т.б. шаралар өткізеді. Көпшілік жұмыстардың бір ерекшелігі ол бір сарындылықты сүймейді. Заман талабына сай өзгеріп, өсіп отырады. Белгілі бір тақырыптарға арналған кештер демалыс кештерінің сан-алуан түрлерін қамтиды, онда тақырыпты неғұрлым толық және кеңінен түсіндіру үшін насихаттың алуан түрлері баяндама жасау, көрме ұйымдастыру, кинофильмдер көрсету, көркемөнерпаздар күшімен сол тақырыптарға әдеби монтаж, көріністер, әуендер беру т.б. қолданылады. Кешті ұйымдастырушылар неғұрлым тапқырлық танытып, сан-алуан етіп ұйымдастырса, неғұрлым кештің бағдарламасының жеке бөлімдері айқын түсінікті болса ол кешке қатысушылардың есінде соғұрлым жақсы қалады. Жастарды туған елін тілін қастерлеуге отан сүйгіштікке баулу, өз елінің патриотын тәрбиелеуге баулитын кештердің мәні зор.Мысалы, 1. Кіріспе сөзбен ашу, 2. Отан, туған жер, ұшқан ұя туралы ел ағалары мен соғыс ардагерлерінің сөзі, 3. Жас балғын оқушылардың әдеби монтажы, 4.Патриоттық әндер, 5.Деректі фильм көрсетуге болады.Кештердің тақырыптары олардың бағдарламалары сан-алуан. Кешке қатысушылардың назарын аударып, кештің мақсатын жақсы түсіндіру үшін оның тақырыбы қысқа, өткір мүмкіндігінше жалпыға жағымды болғаны жөн. Белгілі бір тақырыпқа кеш өткізу ол оңай іс емес. Оған нақты және ұзақ әзірленуді талап етеді. Міне сонда ғана кештің идеялық дәрежесі жоғары болуын оның мазмұнын неғұрлым қызықты түрде баяндауды қамтамасыз етуге болады. Белгілі тақырыпқа кешті әзірлеуде мынадай кезеңдерді атап өтуге болады:Кештің мақсатын анықтау және тақырыбын неғұрлым дәл тұжырымдау Кештің бағдарламасын жасау, кешті ұйымдастырушылардың құрамын жәнетақырыпты неғұрлым түсінікті, ұғымды, қызықты етуге көмекші болатын құралдарын анықтау.Сөйлеушілерді әзірлеу, тақырыпты бейнелеуге қажетті материалдарды іріктеп алу,көрнекіліктерді дайындау, қосымша көрмелер, плакаттар әзірлеу.    Кешті хабарландыру, қатысушыларды шақыру.Осындай егжей-тегжейлердің бәрі аяқталғаннан кейін еңсоңғы бағдарлама жасалады. Бағдарлама жасағанда бұл кештің бір-біріне еш жанаспайтын екі бөлімге – ресми және ойын бөліміне немесе мәжіліс және концерт бөліміне айналып кетпеуін қарастыру керек. Кешті ұйымдастырушылардың шеберлігі – баяндамашының сөзі, кешке қатысушылардың сөзі, көрнекіліктері, көкркем сөздер, бейнефильмдер, әдеби монтаж, әуен т.б. біріне-бірі ұштасып, тыңдаушыларды барған сайын қызықтырып, бүкіл кештің мәнді, мазмұнды, әсерлі болу жағын қарастыруында.

Информация о работе Мектеп окушыларына арналfан сайыс кештерi жене оларды откiзу жолдары мен тербиелiк менi