Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 15:11, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі мәдени өмірімізде болып жатқан жаңа өзгерістер, жаңа серпін жастарға да қатысты болып отыр. Бүгінгі күні мәдениет демалыс мекемесінде ұлттық салт – дәстүрлер, әдет – ғұрып, ойын – сауықтарды ұйымдастыру, насихаттау мақсатында жұмыстар елеулі түрде көп ұйымдастырылып жатыр. Мерекелерді ұйымдастыру барысында ұйымдастырушының қиялы мен шеберлігіне қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, өз қажеттеріне қарай ұйымдастыруына болады. Мәдени демалыс мекемесіндегі шаралардың әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білуге көмек береді.
І. КІРІСПЕ.................................................................................................3-5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру жолдары ............8-9
2.2 Мектеп оқушыларымен өткізілетін сайыс кештері және олардың тәрбиелік мәні...........................................................................................
2.3 Сайыс кештерінің түрлері мен ерекшеліктері__________________26-30
2.4 Сайыс шараларын дайындап өткізу әдістері___________________30-42
ҚОРЫТЫНДЫ______________________________________________42-43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР____________________________44
ҚОСЫМШАЛАР_____________________________________________45-48
2.4 Сайыс шараларын
дайындап, өткізу
жолдары.
Кешке дайындық кезінде аудитория ерекшеліктерін, сұранысын, мазмұнын айқындаудан басталады. Тақырып аттары әртүрлі болып келеді: «Би ырғағы », «Үкілі үміт», «Кел, билейік», «Кел,таныс болайық», «Жауқазын», «Ақ сүйік», «Шаңырақ», «Ұмытылған әуендер», «Ескі вальс», «Күлкі жәрмеңкесі», «Қасиетті жеті», «Алты бақан», «Ойындар әлемінде».
Кеш тақырыбы
анықталғаннан кейін, ынталы топ
мәдени шұғылданымпаздылық қызметкері
жетекшілігімен (не болмаса өздері
тағайындаған жетекшісімен) өзара
кешті дайындау міндеттерін
бөліседі. Нақты тапсырмаларды,
ынталы топтың әр мүшесінің
қабілеттілігі ескере отыры бөледі.
Сайыстар бағдарламасын дайындау.
Би бағдарламасын дайындау.
Интермедиялар, шымшымалар, сықақтар дайындау.
Қызықты өнерлі адамдар мен қарым-қатынас жасап,кешке шақыру.
Тартымды киноүзінділер жинақтау оны кеште көрсетуге дайындау (мултфильмдер, диапозитивтер, әуесқой кинотүсірушілердің шығармалары).
Сайысты демалыс кеші бағдарламасының жүргізуші ретінде дайындалу.
Аудиторияны ұйымдастыру, шақыру билеттерін, жарнамалар жазу т.с.с.
Жүлделер, силықтар сатып алу.
Дәмхана жұмысын ұйымдастыру.
Енді, үлгі ретінде сайысты демалыс кешін дайындау жоспарының түрімен мазмұнын көрсетейін.
І.Ұйымдастыру
жұмысы.
ІІ. Әдістемелік
және дайындық жұмыстары.
Сайысты демалыс кешінің сценарийін жазу.
Қажет деген сайыстар деректер (сайыстар, интермедиялар, әндер, музыкалар, байқаулар т.с.с.) жиналған соң, сценариді жазуды ынталы топтың қабілеті бар мүшесіне береді. Не болмаса бәрі бірігіп жазады.
Демалыс кешінің сценарийі - шараның толық әдеби - мәтіндік мазмұны, онда өткізілетін сайыстардың іс – әрекеттері, элементтері жүйелі түрде жазылады: жүргізушілердің сөздері, қолдынылатын ойындар түрлерінің , интермедиялардың, әндердің кездесулердің т.с.с. мазмұндары, қажетті көрнекі – көркем, техникалық құралдар келтіріледі.
Кешті өткізу, оның нәтиежесінің талдап қорыту.
Өткізілген әр кешті жүйелі түрде талдау, талқылау және қорыту, ынталы топ мүшелерінің нақты практика жүзінде тәрбиелейтін, шығармашылықтары мен белсенділіктерін арттыратын құралы болып табылады.
Сайыстар аудиториясын, тақырыбын және өтетін орнын анықтау.
Бұл
кезең, сайыстар бағдарламасын қандай
аудитория үшін , дайындаудың
қажеттілігін білуден басталады.
Аудитория құрамына, жасына байланысты
психологиялық ерекшеліктері, білім
деңгейі, кәсібі алдын - ала анықталады.
Аудитория ерекшеліктерін жете
білу, оның кейбір сайыс түрлеріне
деген сұранысын
Сайыстар бағдарламасы жас ерекшеліктеріне байланысты-балаларға , жастарға, ересектерге т.б. арналады. Кейбір бағдарламалар аралас аудитория құрамына арнаулы да мүмкін , мысалы «ата-аналар мен балаларға».
Бағдарлама, тақырып жағынан күнтізбектегі мейрам – тойға, салт-дәстүрге , тарихи, мәдени оқиғаларға байланысты болады. Сондықтан, сайыстар бағдарламасы жеке шара түрінде, немесе көпшілік – көркем шараларының құрамдас бөлімі ретінде өтуі мүмкін.
Сайыстар түрлеріне, қатысушылар құрамына байланысты, бағдарламалар үлкен залда, бөлмеде, алаңда, саяжайда, өзенде, көлде т.б. жерлерде өткізіледі.
Тәрбиелік мақсатты анықтау.
Сайыстар іс-әрекеті адамдарға тәрбиелік, сауықтық және танымдық мәні бар процесс болғандықтан, оны ұйымдасырушылар аудитория құрамын, ерекшеліктерін, сұранымын білгеннен соң, нақты тәрбиелі-танымдық мақсаттын қоя білулері керек. Бағдарлама алдына қойылған мақсатты қоя білулері керек. Бағдарлама алдына қойылған мақсатқа байланысты, сайыстар мазмұны және түрлері айқындалады.
Сайыстар мазмұны жағынан табиғат, қоғам, техникалық құылыстарына, не болмаса аңшылық, соғыс, еңбек, жанқя-тұрмыстық, жан-жануар әлеміне, спорт, көркемөнер, музыка т.б. байланысты болады.
Сайыстар мазмұны жағынан
өте бай, жан-жақты болуы
себепі, сайыстар бағдарламасы алдына
қойылатын мақсаттарда әр
түрлі болуы мүмкін, мысалы: сайыстар
іс - әрекетіне қатысушылардың
ой - өрісін, эстетикалық талғамдарын
кеңкейту; табиғатқа экологиялық
көзқарастарын қалыптастыру; адамгершілік
жағымды қасиеттерді:
Қойылған мақсат пен аудитория ерекшелігіне байланысты сайыстар түрлерін жинау.
Тақырыпқа байланысты, әр түрлі бастаулардан (кітап, газет, журнал т.с.с) сайыстар жинап, олардың өту тәртібі мен мазмұндарын жазып отыру керек. Сайыстар түрлеріне - қазіргі және ұлттық сайыстар, сайыс өлеңдері мен айтыстары, сайысты аңыздар мен мысалдар, психологиялық, логикалық есептер мен жаттығулар,сөзжұмбақтар түрлері (кроссвордтар, анарграммалар, пиктограммалар,лабиринттер, ребустар т.с.с), жаңылтпаштар мен санамақтар, жұмбақтар мен сайыс өлеңдер т.б. жатады.
Сайыстардың әр алуан түрі, қойылған мақсат пен аудиториялық сұраныстарына сәйкес болуы, сайысқа қажетті реквизиттердің, құралдардың күні бұрын дайындауы бағдарламаның тартымды өтуіне бастапқы шарттар болуы табылады. Осылармен қатар, бағдарламаны жүргізушілерге арнайы , түрлі сайыстарды бір-бірімен қисынды, әсерлі, қызықты байланыстыруға көркем сөздерді жинауда қажет. [12.25]
Сайыс кеші бағдарламасында: ән, би өнерлері мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ғылымның әр түрлі салаларынан сұрақтар, салт - дәстүр сұрақтары, спорттық ойын жарыстары, ұлттық киім үлгілерінен жарыс, қол өнер шеберлігі жарыстары, көңілді көріністер т.б. Сайыс кеші өткізілмес бұрын белсенділер тобы әділ қазы алқасын құрады. Әділ қазы алқаларына өмірде тәжірибесі мол, адамгершілігі жоғары, тәрбиелі , әділ бағалай білітін қабілеті бар жан - жақты сайланады.
Сайыс кешінің өз дәрежесінде өтуі, кештің жүргізушісіне байланысты. Сондықтан сайыс кешін жүргізушіге талаптар қойылады. Жүргізушінің сахнада өзін - өзі ұстауы, жүріс - тұрысы, сөзге шешен, әр бір сайыстың тақырыбын, қатысушылардың шығу кезегін түсіндіріп, олардың орындалу тәртібін қадағалап отыратын жанкүйерлер мен әділ қазылар мен байланыста болып керек болған жағдай коментаторлық роль атқара алатындай болуы керек.
Сайыс
кешіне қатысушыларға да талаптар
қойылады олар білімнің, ғылымның
әртүрлі салларын терең игерген,
әдепті, іс - әрекеті, мінезі, сөйлеу
мәдениеті жоғары, ұшқыр ойлы,
кез – келген жағдайда өзін -
өзі үстай біліп, өзгелерге
үлгі болатындай қасиеттері
болуы керек.
Курстық жұмысты қорытындылай келе, мектепте сайыстарды дайындап өткізу жолдарының және оның басты нәтижелерін түйіндейік. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі – келешек ұрпақтың рухани дамуы. Елбасы Н.Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін екшелей келе «Егер біз мемлекет болуымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ мегзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып, қазақ жастарын заман талабына сай эстетикалық талғамы жоғары, парасатты, отансүйгіш, елжанды, жан-жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыру, осы бағытта тәрбиелеу – бүгінгі күнгі мәдениет мекемелерінің алдындағы өзекті мәселесі.
Жас
өспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп,
ой - өрісін, белсенділігін, арттыратын
мазмұнды шаралар тұлғаның қалыптасуына
белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда,
азаматтыққа, қоғамдық белсенділікке
баулитын және еңбек ардагерлерімен,
көп балалы отбасылармен, түрлі
мамандық иелерімен, құқық қорғау
орындарының қызметкерлеріімен, т.б.
кездесу, жүздесулер, дене тәрбиесі
мен салауаттылық өмір салтын қалыптастыратын
іс-шаралар, олардың адамдармен
қарым-қатынас әрекетіне, қоғамға, еңбекке,
ғылым-білімге, спортқа деген қарым-қатынасын
дамытып, жастарды Отаншылдық, елжандылық,
патриоттық рухта тәрбиелейді.
Әрбір
мәдениетті, білімді адам өзінің
кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін
ұлттық мәдениетпен ұштастыра
білуі тиіс. «Қай халықтың
болмасын, - дейді елбасымыз Н.Назарбаев,
- өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек
болмыс – бітімін даралап, өзіндік
тағдырын айқындайтын басты
белгісі - мәдениеті. Мәдениет – ұлттың
бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы,
парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен,
тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған
ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің
алтын қорына қосқан үлкенді - кішілі
үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек
өзінің ұлттық төл мәдениеті
арқылы ғана басқаға танылады».
Пайдаланылған
әдебиеттер: