Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:43, курсовая работа
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы.
Ана тілі, қазақ тілі пәндерінде қолданылатын ойын түрлері
Халықтық педагогиканы пайдалана отырып математика сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Сабақ жоспары мен презентациялары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Дегенмен физика және информатика пәніне ең жақсы ойынды ойлап табуды, класта немесе мектепте окушылар арасында конкурс жүргізуге болады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс.
Қазіргі мұғалім
әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр
кластың өзіндік
Ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі – бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар.
2.2 Ана тілі, қазақ тілі, математика пәндерінде қолданылатын ойын түрлері
«Буын» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу. Сөздерді буынға бөлу дағдыларын нығайту.
Қажетті құралдар: үлестірмелі материалдар.(Сөздер жазылған қағаздар)
Ойын барысы: Балаларға сөздер жазылған қағаздар үлестіріледі. Балаларлар сөздерді таңдап алғаннан кейін , оларға сол сөздерді буынға бөлу ұсынылады. Кейін балалар буын санына сәйкес жұмыс топтарын құрады.
Мысалы: 20 баланы 4 топқа бөлу қажет делік.Сонда:
1 буынды – 5 сөз
2 буынды – 5 сөз
3 буынды – 5 сөз
4 буынды – 5 сөз
Ұсынылатын сөздер: көк, ақ, қызғылт, жоғары, әдемі, Қарағанды, жақсы, теледидар, нағашы, дос, ана, кемпірқосақ, жеті, Талдықорған, Астана, биік, Темірқазық, сөз, бес, көгершін.
«Жеделдетіп тапсыру» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу.Бір-біріне сенімділік арттыруды үйрету. Зейіндерін дамыту.
Қажетті құралдар: топ санына сәйкес пішіндер.
( үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, тік төртбұрыш), аудио ойнағыш.
Ойын барысы: Балалар шеңбер құрап тұрады. Оларға түрлі пішіндер таратылады. Музыка қосылғаннан кейін оқушылар сағат тіліне сәйкес пішіндерін көршілес балаға беру керек.Музыка тоқтатылған соң, балалардың қолдарындағы пішіндеріне сәйкес жұмыс топшалары құралады.
Мысалы: 20 баланы 4 топқа бөлу қажет делік.Сонда:
Үшбұрыш саны – 5
Шаршы саны – 5
Дөңгелек саны – 5
Тік төртбұрыш саны – 5
«Әсем гүлдер» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу. Қарым – қатынастарын жақсарту.Тез ойлану және әрекет етуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Бұл ойынға қажетті құралдар қажет емес.
Ойын барысы: Алдымен өсімдік мүшелері туралы айтылады. Гүлдің сабағы , жапырақтары , күлтелері болатыны туралы естеріне түсіру. Бір гүлді құру үшін бес оқушы қатысатыны жайлы ескерту.Ойын басқарушысы (мұғалім,тәрбиеші) өлең жолдарын оқиды.Гүл туралы сөздерді естісімен екі оқушы қолдарын жоғары көтеріп күлтені жасаса, қалған үшеуі жапырақ болып күлтені қоршайды.
Жаңбыр, жаңбыр жауып тұр,
Тамшылары біркелкі.
Көк даланың бетінде,
Әсем гүлдер гүлдепті.
«Құмырсқалар» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу. Дене, аяқ, қол бұлшықеттінің жұмысын жақсарту.
Қажетті құралдар: Бұл ойынға қажетті құралдар қажет емес.
Ойын барысы: Алдымен құмырсқалардың жүрісі қандай болатыны туралы , олардың мекендері туралы әңгімелеу. Жаңбыр жауғанда құмырсқалар илеулеріне қарай асығатындары туралы айту. Кейін ойын бастаушысы ( мұғалім, тәрбиеші) «Күннің көзі қандай тамаша!!!» дегенде балалар қолдарының саусақтарын қимылдатып жұмыс жасаған әрекетті көрсетеді. Ал егер ойын бастаушысы (мұғалім, тәрбиеші) «Қап, жаңбыр жауайын деп жатыр!!!» дегенді естісе, екі бала илеудің аузын құрып, қалған үшеуі оның ішіне кіреді.Бір илеуге үш құмырсқадан артық кірмейтіні туралы алдын ала ескерткен жөн.
Мысалы: 20 баланы 4 топқа бөлу қажет делік. Сонда 4 илеу болу керек деген сөз.
«Қырықаяқ» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу. Дене, аяқ, қол бұлшықеттерінің жұмысын жақсарту.Балалардың зейіндерін және кедергілермен жүру дағдыларын дамыту.
Қажетті құралдар: музыка ойнатқыш және әуені көңілді үнтаспа.
Ойын барысы: Балалар бір-бірінің белдерінен ұстап, аяқтарының арасын иық көлемімен ұстап, музыка ырғағын бұзбай жүреді. Музыка тоқтатылған соң ойын бастаушысы (мұғалім, тәрбиеші) қажетті жұмыс топшаларының санына сәйкес балалардың арасынан біреуді қалдырып, әрбір келесі адамды шығарып, топқа бөле алады.Мүмкіндік болса, балалардың киімдеріне( шалбар, көйлек т.б.), басқа да белгілеріне қарап бөлуге болады.
«Кім жылдам ?» ойыны
Мақсаты:Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу. Жұмысты тез орындауға дағдыландыру(Егер жұмыс топшаларында деңгейлік тапсырмалар берілсе, онда осы ойынды қолануға болады).
Қажетті құралдар: үлестірмелі материалдар. (қағазға жазылған өрнектер немесе басқа да грамматикалық тапсырмалар. Тапсырмалардың мазмұны ұқсас болғаны абзал)
Ойын барысы: Балаларға қағазға жазылған жазбаша тапсырмалар беріледі. Ойын бастаушысы ( мұғалім, тәрбиеші) тиісті белгіні берген кезде балалар бұл тапсырманы орындауға кіріседі.Жұмыс топшаларының саны және бұл топшалардағы мүшелердің санына сәйкес алғашқы үштікті, төртікті, бестікті бөліп, жұмыс топшаларын құруға болады.
Мысалы: 20 баланы 4 топқа бөлу қажет делік. Сонда 20 тапсырма қажет болады.
Математика пәні (1 сынып)
1+3 = 3+1=
5+4 = 4+5=
6-3 = 3+3=
7-5 = 5+2=
5+5 = 5-5=
4-4 = 4+4=
7-4 = 7-3=
8-6 = 6+2=
9+1 = 9-1=
10-5 = 10-7=
P.S. Тапсырмаларды сынып не топ мүмкіндіктеріне сай өзгертуге болады.
«Цифрлар сиқыры» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу.Сандарды тез ажыратуға дағдыландыру.Ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: сандар жазылған үлестірмелі материалдар. Кішкентай сандықша не тақтайша(табақша)
Ойын барысы: Балаларға үлестірмелі қағаздар ұсынылады. Балалар түсіне сәйкес пе, пішініне сәйкес пе өздеріне ұнағанын алып, ішінде жазылған санды оқиды. Кейін бастаушысы ( мұғалім, тәрбиеші) «бір таңбалы», «екі таңбалы», «үш таңбалы», «төрт таңбалы» деп дауыстап айтады. Оқушылар осы жіктемеге сай жұмыс топшаларын құрады.
«Түрлі түсті шамшырақ» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу. Жағдаятқа қарай тез бейімделуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: топшалардың санына сәйкес түстерден қиылған дөңгелектер және сол түстерге сәйкес жолақшалар.
Ойын барысы:Балаларға сандықшадан үлестірмелі қағаз алу ұсынылады.Ұсынылған қағаздардың ішінде 4 түсті дөңгелек және сол түстес әрқайсысы төртеуден жолақшалар болады. Ойын бастаушысы ( мұғалім, тәрбиеші) : «Шырша-шырша жана ғой!» дегенде дөңгелегі бар төрт бала пішіндерін жоғары көтереді.Ал қалған жолақшалар иелері өздерінің түсіне сәйкес жақындап тұру керек. Олар жанып тұрған шамшырақ сияқты әрекетті көрсетіп тұрады.Осылайша жұмыс топшаларына бөлінеді.
Мысалы: 20 баланы 4 топқа бөлу қажет делік.Сонда:
Қызыл- бір дөңгелек және төрт жолақша
Сары- бір дөңгелек және төрт жолақша
Жасыл- бір дөңгелек және төрт жолақша
Көк- бір дөңгелек және төрт жолақша
«Көліктер» ойыны
Максаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу. Жағдаятқа қарай тез шешім қабылдауға дағдыландыру.
Қажетті құралдар: №1,№2, №3, №4 деген жазулары бар қағаздар.
Ойын барысы: Балаларға сұрақтар қойылады.Сұраққа жауап берген төрт бала ортаға шақырылады.
- Жол қиылыстарындағы көлік қозғалысын не реттейді? (Бағдаршам)
- Жер асты өтпесімен көліктер жүре ала ма? (жоқ)
- Жол бойын бойлай сызылған екі үзіксіз сызық нені білдіреді? (солға бұрылуға болмайды)
- Бағдаршамның «тыйым салу» көзі? (қызыл)
Ортаға шыққан балаларға автобус нөмірлері ұсынылады.Ол автобустар шеңбер бойымен жүреді. Ойын бастаушысы (мұғалім, тәрбиеші) «Аялдама!» деген кезде жүргізушінің белінен ұстап бір ғана жолаушы ілесе алады.Сөйтіп бүкіл жолаушылар отырғызылғанша дейін ойын жалғаса береді.Кейін оқушылар сол қалпында жұмыс топшаларын құрайды.
«Жұлдызқұрт» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу.Басқаға кедергі жасамай үйлесімді қимыл жасауға дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Бұл ойынға арнайы құралдар қажет емес.
Ойын барысы: Балалар бір-бірінің иықтарынан ұстап, жұлдызқұрт сияқты иректеніп қимылдайды. Сөйтіп жүргенде ойын бастаушысы белгі бергенде соңғы және алдыңғы екі бунағы бөлектенеді.Ойын барлығы да бөлініп кеткенше дейін жалғасады.. Кейін балалар осыған сәйкес жұмыс топшаларын құрады.
«Тұр - отыр» ойыны
Мақсаты: Сабақ кезінде балаларды топқа бөлу. Балаларды шапшаң қимылдауға дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Цифрлар шаблондары
Ойын барысы: Балалар партада отыра береді. Ойын бастаушысы «мұғалім, тәрбиеші) цифрларды көрсетеді.Егер ол бірді көрсетсе 2екі оқушы орнынан тұрады. Егер он бес санын көрсетсе тек он бес оқушы орындарынан тұрады.Сонда ойын бастаушысы қанша топ және топшаның мүшесі қажет болса сол санды көрсетіп, оқушыларды топтарға бөлуге болады.
2.3. Халықтық педагогиканы пайдалана отырып математика сабағында ойындарды қолдану
Халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша оқушылардың үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше бақылаулары қорытындыланады. Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады.
Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға болады.
Халықтық дәстүрлі ойындар:
“Бәйге” ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.
“Ақсүйек ойыны”. Оқулықпен жұмыс жасауға.
“Ақ серек, көк серек ойыны”. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.
“Қазақша күрес ойыны”. Бұл ойында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.
“Сақина салу ойыны”. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.
Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.
“Қыз қуу” ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.
“Арқан тарту”. Оқушылар парта бойынша екі топқа бөлініп, тақтада жіпке ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.
Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының барлығы жақсы таныс.
Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту мақсатында сабақта
оларға физикалық ертегі немесе әңгіме
құрастыру олардың ойлау
Информация о работе Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы