Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:43, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы.
Ана тілі, қазақ тілі пәндерінде қолданылатын ойын түрлері
Халықтық педагогиканы пайдалана отырып математика сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Сабақ жоспары мен презентациялары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

авалбекова.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың оқу-білім туралы айтқан сөздері                       

 жазылған  плпкпттар.           

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе әңгіме.

Мұғалім. Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!

«Жұлдызды сәт» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.

Бұл ойында біз осы уақытқа дейін алған  білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молдығын көрсетеміз.

Ал, қанекей, келіндер,

Біріңе-бірің  еріндер.

Білімімізді тексеріп,

Ойынға  қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Оқушылар  ортаға шақырылып, таныстырылады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Демекші, әділ қазыларды ортаға шақырамыз.           

 Ән.

Жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма

Бұл бәйге  ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда.

«Бәйге» бөлімінде түрлі сала бойынша  әр түрлі сұрақтар қойылады. Сигналды открытканы кім бұрын ашса, сол оқушы 1-ші болып жауап береді. Дұрыс жауап Берген оқушыға 1 жұлдызшадан беріліп отырылады.

Сұрақтар:

Біздің  Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай  қала?

еліміздің президенті кім?

Отанымыздың астанасы қай қала?

Мемлекеттік рәміздерді білеміз бе?

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады,

Қ.Р-да жыл сайын аталып өтілетін басты  үш мерекені ата?

Қазақ халқының жаңа жыл мерекесі қай уақытта  аталып өтіледі?

Ш.Уалихановтың кішкентай кезіндегі досы кім?

Қазақ халқының шешен билерін ата?

Әліппенің атасы атанған кім?

Жүргізуші:

Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге  тілдің бәрін біл,

Өз  тіліңді құрметте.

Деп келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Бұл сайысты мақалдың соңғы сөзін  оқушы тауып, сол сөзді орыс тіліне аударуы қажет.

Аз  сөз алтын-көп  сөз көмір.

Ел  іші-алтынбесік.

Өз  елім -өлең төсегім.

Жері  байдың –елі бай.

Қыс азығын жаз жина.

Оқу-инемен құдық қазғандай.

Қына  тасқа бітеді,

Білім  басқа бітеді.

Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі  алтын.

Өнерлі бала –сүйкімді.

Жақсы дос үшін жан пида.

Жүргізуші:

Келесі  сайысымыз «Жеті жұмбақ» деп  аталады. Тоғыз ұяшықта әр түрлі  пәннен сұрақ қойылады. Оқушы бір  пәнді таңдайды. Онда 7 сұрақ беріледі. Бір сұрағын таңдайды да жауап  береді.

Ана тілі

Мәтін деген не?

Қазақ даласында ең алғаш мекетеп ашқан  адам кім?

Мына  өлеңнің авторын ата? «Күз» А. Құнанбаев

«Балаларға  тарту» кітабын жазған кім? ( І. Жансүгіров)

Қандай  мақал –мәтел білесің?

«Қайраты  бат кісінің –берекесі бар  ісінің»-деп қай әңгімеде айтылған?

М.Әуезов көбінесе кім туралы жазды?

Қазақ тілі

Сөз таптарларын  ата?

Сөйлемнің неше түрі бар?

Қосымшаның  неше түрі бар. Атап бер.

Дауысты дыбыстың неше түрі бар, атап бер.

Түбір дегеніміз не?

Сын есім дегеніміз не?

Қандай  сөздер бас әріппен жазылады?

Математика

Есептеп шығарн.

Марұлан он  тор көз бәптер сатып алды. Ал Самат одан 13 жол дәптер сатып алды. Екеуі неше дәптер сатып алды?

Қосудың қасиеттерін ата?

7 онд. 8 бірл. Қандай сан?

1 дм. Неше  см. Бар?

1 м.  Неше см бар.

Бұрыштардың түрлерін ата?

Фигураның периметрін қалай табады?

Дүниетану.

Судың қасиетін ата? (ақ, түссіз)

Жапырақтың  түсі неге жасыл; (хлорофил)

Адамның өміріне не қажет?

Өсімдіктің  өсуіне неп қажет?

Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

Суға  шыдамды жанурларды ата?

Жыртқыш аңдарды және жыртқыш құстарды ата?

Жүргізуші:

Келесі  кезеңге өтуге соңғы сұрақ  қалды. Аз жұлдызша жинаған екі оқушы  ойыннан шығады.

Тапқырлықтың  негізі талап,

Кілті –білім –демекші, енді «Тапқырлық »  кезеңіне келейік. Геометриялық жигуралардан бір заттың бейнесін салу. (1 минут)

Әр  мүшесі қай фигурадан салғанын айтып өтуі.

Жүргізуші:

Оқушылар  таңдаған сұрағы бойынша жауап береді, яғни өз шешендігін көрсетеді.

-әдептілік  деген не, қалай түсінесің?

-туған  жер туралы әңгімеле

-«денсаулық  –зор байлық» дегенді қалай  түсінесің?

Жүргізуші:

«Білімді  мыңды жығады, білекті бірді жығады»-демекші, ақырғы сайыс «Жорға». Бұл кезеңде екі оқушыға жеке-жеке 12 сұрақтан беріледі. Тез бірден жауабын айту керек.

1-оқушы.

1. Тудың  авторы кім?

2. Мұхтар  көбінесе кім туралы жазды?

3. Бір  жылда неше ай бар?

4. Ит  жеті қазынаға кіре ме?

5. Абайдың  анасы кім?

6. Бие  сүті қала аталады?

7. Батырларды  ата?

8.Сұйықтың  өлшем бірлігі?

9. Қандай  деген сұраққа жауап беретін  сөз табы?

10. Қазақстаннан  шыққан тұңғыш ғарышкер кім?

11. Абылайдың  шын аты кім?

12. Ы.  Алтынсари жазған кітап қалай аталады?

2-оқушы.

1. Елтаңбаның  авторы кім?

2. Абай  кім?

3. Жылдың  неше мезгілі бар?

4. Тауық  жеті қазынаға жата ма?

5. Абайдың  әжесі кім?

6. Түйе  сүті?

7. Абылайға  Төле би қандай ат қойды?

8. Ең  алғаш балаларға мектеп ашқан  кім?

9. Қимылды  білдіретін сөз табы?

10. Қазақстаннан  шыққан екінші ғарышкер кім?

11. Күннің  шуағы жылы     

 Ананың  құшағы жылы

12. Қазақстанның  көрші елдерін ата? 

             Егер оқушы тең түссе қосымша 5 сұрақ қойып  «Жекпе жек» ойыны арқылы «Сынып жұлдызы » анықталынады.                 

         Мадақтау.                         

 Марапаттау.                         

 Қазылар  алқасына сөз бер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

«Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады.»

                                                  Атақты француз ғалымы Луй де Брайль

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан  мектебі» журналы №9-10 2005ж

  2. Аскар  Молдагаринов «Казахские детские  игры» 

Алматы «Жалын» 1987г

3. Базарбек Төтенаев  «Қазақтың ұлттық ойындары»

Алматы «Қайнар» 1994ж

4. «Бастауыш  мектеп» журналы 2001\2002 ж 17 қазан  34-37 беттер

5. «Бастауыш  мектеп» журналы 7-2003 ж 3-7 беттер

6. «Бастауыш  мектеп» журналы 1-2002ж

7. «Қазақстан  мектебі» журналы 2-2004 72-беттер

8. «Бастауыш  мектеп» журналы 5-2003 17-бет

9. «Жер жүзінің  жүзге жуық жұмбақтары»

Балауса 2004ж

10.  Интернеттен алынған мәліметтер

 

 

 

 


Информация о работе Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы