Оқыту үрдісінің психологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 16:16, курсовая работа

Описание

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.

Работа состоит из  1 файл

курсовая педагогика.doc

— 256.00 Кб (Скачать документ)

Наурыз айында зерттеу жұмыстары қорғалды. Бұл күн барлық бастауыш сынып оқушылары және ұстаздары үшін үлкен мерекеге айналды. Оқушылардың ойынан шыққан ғажайып туындылар өзінің қайталанбастығымен ерекшеленді. Әдетте, біз, ересек адамдар байқамай да қалатын құбылыстарды 10 жасар баланың көре білгені, сезе білгені таңғаларлықтай жағдай. Мәселен, Байпеисова Мадина есімді оқушы Шығыс Қазақстан өңірінде болған қаңтар айларындағы созылмалы аязды күндердің себептерін анықтау мақсатында қаладағы ауа райын болжау орталығына «іс-сапармен» барғандағы сұхбатының қорытындысы, Бектің өзінің ауыз құрсағындағы тістерінің ауыру себептерін анықтап, емдеу жолдары, Оралбекова Құралайдың Зайсан көлінің балықтарының түрлері Ертіс өзенінде де кездесетіндіктерін зерттеу қорытындылары көңілге қонарлықтай. Ең бастысы, оқушыларда білмегенді білуге, көрмегенді көруге деген таным қызығушылықтары күшейіп, зерттеу жұмысын нәтижелі жүргізуге аса қажетті негізгі ойлау операциялары (талдай білу, жинақтай білу, салыстыра білу, жалпылай білу, саралай білу) қалыптасты.

Конференцияға дейін және конференциядан кейін  логикалық ойлау операцияларын  қалыптастыру деңгейіндегі сандық айырмашылықтары  жайлы жалпы көріністі 1-ші суреттен алуға болады.

1-сурет Конференцияға  дейін және конференциядан кейін  логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру деңгейлерінің динамикасы.

Диаграмма мәліметтері  конференцияға дейін және кейін  оқушылардың логикалық ойлау  операцияларының қалыптасу деңгейлерінің пайыздық арақатынасының мәнді айырмашылықтарын барын анықтайды. Көріп тұрғанымыздай, конференция соңында деңгейлік өсу динамикасы байқалады.

Осылайша, жыл  сайын дәстүрге айналып өткізіп  тұрған танымдық конференцияның маңызы зор екенін айтпаса да түсінікті. Оқушылар зерттей білуге, бақылай білуге, әдебиеттерді талдай білуге, өз ойларын түйіндеп, аудиторияға жетікізе білуге үйренеді. Топта бірлесе жұмыс істеп, бір-бірімен пікір алмасады, бір-бірін үйретеді, ең маңыздысы оқушылардың бойында рефлексиялық қабілет қалыптасады. Болашақ орта буын оқушысына осындай тәжірибе қажет-ақ. Конференция соңында, әдетте, әрбір баяндамашы өз ойын қағаз бетіне түсіріп, шығу парағын толтырады. Құралай есімді оқушының жазған ойы осы ісімізге берген жоғарғы баға деуге болады: «Бүгін мен үшін бір тамаша күн болды. Өзімнің жасаған баяндамам көңілімнен шықты. Ойымдағын жеткізе білген сияқтымын. Басында сәл қобалжыдым. Тіпті дірілдеп кеттім. Ел алдына шығып сөйлеген осындай ауыр екенін білмеппін. Көп нәрсені біліп қайттым. Тіс ауыруларын, 40 градустық аяздың құпиясын білдім. 5 сыныпқа барғанда тақырыбымды жалғастырғым келеді. Барлық оқушылар жақсы дайындалыпты. Бәріне рақмет айтамын. Әділ-қазылар алқасына рақмет. Мен сондай қуаныштымын. Менде айтар сөз жоқ».

Гимназия алды даярлық бастауыш сыныптарының оқу-тәрбие үрдісінің тағы бір саласы – дарынды оқушылармен жұмыс. Мақсатымыз: дарынды оқушылардың ойлау ерекшеліктерін анықтап, оқу-тәрбие үрдісінде жетілдіру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру.

«Дарындылық»  феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғалымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі басымды қозғаушы күші тек қана генетикалық нышандар болып табылады деген пікір Ф. Гальтон, Г. Айзенк еңбектерінда айқын көрінген. Екінші бағытты ұстанған ғалымдар негізгі фактор ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі таңда, А.Т. Асмолов негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр. Л.С. Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт «дарындылықты» білімді өз бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді. Біз де, осы бағытты дарынды, ерекше қабілетті оқушылармен жұмыс істеу барысында негізге алғанды жөн көрдік.

Ғылыми әдебиеттерді тереңірек зерттеу дарынды, ерекше қабілетті оқушылардың ойлау ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Олар:

- Себеп-салдар  қатынастарын құрай білу;

- Қорытындылай  білу;

- Мәліметтерді  талдай, жинақтай, салыстыра, жалпылай, саралай білу;

- Болжам жасай білу;

- Пайымдай білу;

- Ойлау сыншылдығының  болуы;

- Ойлау өзбеттілігінің, жылдамдығының болуы.

Бұл ерекшеліктерді ескере отырып, оқытуды ұйымдастыру  ұстаздан:

- дарынды, ерекше  қабілетті оқушыларға арналған  дамыту пәндерінің бағдарламасын  құруды;

- дарындылықты шыңдайтын жаңа технологиямен дәріс беруді;

- оқу материалын  ақпарат көзіне емес, өзін-өзі  дамыту құралына айналдыруды;

- жоғарыда аталған  ерекшеліктердің өсу динамикасын  тіркеуді, жүйелі талдау жасауды  талап етеді. 

Осы бағытты  № 3 көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясында 1999-2004 оқу жылдарын қамтитын кешенді зерттеу жұмысы жргізілді. Ғылыми жетекшілер: пед. ғылым. кандидаты, доцент, ШҚМУ профессоры Аубакирова Л.Р. және пед. ғыл. докторы Адильгазинов Г.З. Мәселенің өзектілігіне сай зерттеу жұмысына: «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға бағытталған әрекеттер жүйесін теорияда негіздеу және практикада жүзеге асыру» мақсаты қойылды [24, 94 б.].

Оқушылардың логикалық  ойлау орперацияларын қалыптастыру мәселесін педагогикалық теория және практикада зерттеу – оның мотивациялық, мазмұндық және операциялық компоненттерінің жиынтығы ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Компоненттерге сай критерийлер, көрсеткіштер және мүмкін болатын қалыптасу деңгейлері мен жүзеге асыру құралдары алдын-ала анықталды.

Бастауыш сынып  оқушыларының логикалық ойлау операцияларын  қалыптастыру жүйесі, бір-бірімен өзара  байланысқан 3 кезеңнен тұрады: даярлық  кезең, негізгі кезең, қорытынды  кезең. Тәжірибе-педагогикалық жұмыста  аталған кезеңдерді белгілеу негізіне П.Я. Гальперин және Н.Ф. Талызинаның ойлау әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы алынды.

Дайындық қезең: бастауыш сыныптағы оқылатын пәндердің  оқушылардың логикалық ойлауын  дамыту бағытын күшейтуге байланысты жүзеге асты.

Негізгі кезең «Логика» пәнінің бағдарламасын құру және оқу үрдісіне енгізумен айқындалды. Бағдарламаның құрылу қағидалары:

1. Логикалық  ойлау дамуының сатылы түрде  жүзеге асуы;

2. Жаттығулар  жүйесінің жеңілден ауырға қарай  ілгерілеу талабына сүйенуі,

3. Оқыту үрдісінің  мақсат-міндеттерін оқушылардың саналы түсінуі.

Бағдарламаның құрылу ерекшеліктері:

- оқушылардың  психикалық дамуының онтогенездік  қасиетінің ескерілуі;

- бағдарлама  мазмұнының логикалық жаттығулар  жүйесіне негізделуі;

- оқушылардың  ойлау деңгейінің психологиялық  тестілер арқылы мерзімді тексерілуі;

- оқушылардың  білімін тексерудің өз-өзін бақылауға,  жұптық бақылауға, қорытынды бақылауға  негізделуі;

- бағдарлама  мазмұнына ұлттық сипаттағы ойын-есептердің, ұлттық өнер мен ертегілер  элементтерінің еңгізілуі;

- бағдарлама  мазмұнына енген жаттығулар оқушылардың сөздік қорын байытуға, байланыстырып сөйлей білу қабілеттерін жетілдіруге сауаттылықтарын арттыруға ықпал етуі;

- оқу пәнінің  оқушылардың ойлау мәдениетін  тәрбиелеуге оқушының өз-өзін  бақылау, жетілдіру мәселесіне  көп көңіл бөлуі.

Бағдарламаның мазмұндық бөлімінде әрбір сыныпта  берілетін білім мазмұны, бөлінген сағат саны көрсетілсе, нормативтік  бөлімінде оқушылардың ойлау  әрекетіне қойылатын талаптар, бағалау  нормалары берілген. Бағдарламаға сәйкес I-IV сыныпқа арналған жаттығулар жинағы жарық көрді.

Қорытынды кезең  «Логика» пәнінен алған теориялық  білім мен практикалық іскерліктерін  жаңа білімді игеруде қолданумен байланысты болды.

Әрбір кезеңнің соңында жүргізілген тіліктер, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау  операцияларын арнайы, жүйелі қалыптастыру осы бағытта оңды нәтижелі өзгерістерге жетуге жағдай жасайтындығын көрсетті.

Бастауыш сынып  оқушыларының бойында логикалық  ойлау операцияларын қалыптастыруға бағытталған тәжірибе-эксперимент  жұмысының нәтижесі төмендегідей 1-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Тәжірибе-эксперимент  жұмысының нәтижесі

Логикалық ойлау  операцияларының қалыптасу деңгейі

Кезеңдері

Экспериментке дейін

Эксперименттен  кейін

Экс. Сынып

Бақылау сыныбы

Экс. Сынып

Бақылау сыныбы

Жоғары

7,0

6,7

39,0

8,5

Орта

28,5

28,0

48,9

35,3

Төмен

64,5

65,3

12,1

59,6


Тәжірибе эксперимент  жұмысының нәтижесі оқушылардың  оқу мотивациясының тұлғалық маңыздылыққа ие болғандығын, логикалық ойлау  операцияларының қалыптасу деңгейлері, жекелей алғанда салыстыра білу, жалпылай білу, талдай білу, жинақтай білу, саралай білу қабілеттері артып, логикалық ойлау деңгейінің өсуіне септігін тигізді. Ал бұл өзгерістің өзі оқушылардың қабілеттерін шыңдап, дарындылықтарын жетілдіруге мүмкіндік туғызды.

Қазіргі уақытта  бастауыш сыныптарда «Логика» пәні вариативті бөліктен берілген сағаттар арқылы барлық сыныптарда жүргізіліп, оқушылардың өздігінен оқу материлын саналы түсініп, терең зерттеуге үлкен ықпалын тигізіп отыр.

Гимназияалды  даярлық сыныптарында дәстүрге айналып  жүргізілетін тағы бір мазмұнды шара - бастауыш сынып оқушыларының «ЕҢ ҮЗДІК СЫНЫП» акциясы.

Акция мақсаты: бастауыш буынының барлық сыныптарын жан-жақты бақылау, оқушыларды өз сыныбының  намысын қорғауға, коллектившілдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Гимназия мектебінің ішкі бірыңғай талаптарын саналы түрде қатаң сақтай білуге үйрету [25, 294 б.].

Акция міндеті: белгіленген көрсеткіштер бойынша  әр оқу тоқсанының ең үздік сыныбын  анықтау.

Жалпы ережелер:

1. Акция тоқсанына  бір рет жүргізіліп, бір апта  уақытты қамтиды.

2. Акцияға бастауыш  буынның барлық сыныптары қатысуы  міндетті.

3. Бастауыш буынның  сынып жетекшілері акция барысында  талап етілген барлық тапсырмаларды  орындау, әкімшілікке қажетті  көмек берулері тиіс.

4. Акция талаптары  оқушыларға таныстырылып, талдануы  тиіс.

5. Акцияның өткізілуіне  жауапты Талбесік тобының жетекшісі.

Бақылау көрсеткіштері: Оқу формасы, сабаққа кешігу, дәліздегі  тәртіп, Күнделіктің, дәптердің, оқулықтардың ұсталуы, оқушылардың тазалығы, сыныптың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі, сыныптан тыс шараларға қатысу белсенділігі, әкімшілік тарапынан алынған ескертулер, кезекшілікті атқару сапалылығы. Мұндай үлгідегі ауқымды шара оқушылардың біршама жинақталып, саналы тәртіптің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. 2004-2005 оқу жылының қорытындысы бойынша әр паралельден ең үздік сынып анықталып, гимназияның туған күнінде марапатталды. Олар: 2 а (Сын. Жет. Ташенова А.З.), 3 б (Сын жет. Құрманова Т.Ә.), 4 а (Сын жет. Онбаева С.Ш.)

Қазіргі таңда  ата-аналармен жұмысты түрлендіріп  өткізу арқылы, оларды оқу-тәрбие ісіне тарту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көптеген ата-аналар пікірінше баланы оқыту және тәрбиелеу – мұғалімнің міндеті, оған жауапты мектеп деп есептейді. Осындай бала тәрбиесіне деген көзқарасты жойып, ата-аналарды белсенді әрекетке итермелеу мақсатында дәстүрлі өткізіліп жүрген ата-аналар жиналысының жүргізілу барысын жаңа жоба негізінде түбегейлі өзгерттік. Күн тәртібіндегі мәселелер: ата – аналар комитетінің құрамын сауал сұрақ негізінде топта талқылап, ұсынған ата – ананы жарнамалау арқылы сайлау. Екінші мәселе бойынша ата – аналар міндеттерін галлереяны шарлау арқылы өздері анықтайды [7, б.].

Ата – аналар жиналысы № 1

Күн тәртібі: 1) Ата – аналар комитеті құрамын  сайлау

2) Ата – аналар  міндетін анықтау

Мақсаты:

Ата – аналарды ортақ шешім қабылдай отырып, оқу-тәрбие үрдісіне белсене араласуға тарту

Топтық жұмыс  үрдісіне байланысты міндеті:

1. Ата – аналар  бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады;

2. Топтастарының  сұрақтарына жауап береді;

3. Қорытынды  шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні:

Өзара құрмет сезімін  тудыру, танысу, ата – ананың жауапкершілігін  аттыру, ұйымшылдыққа, өзгенің пікірін  сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйренеді.

Стратегиялар: галлерияны шарлау, шығу парағы, топтастыру.

Жиналыстық  барысы:

Кезеңдері

Қолданған стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ата – ананың іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту

Танысу

1.Серігіңізбен әңгімелесіңіз  (серігіңіздің аты – жөні, қай  баланың ата –анасы, қайда қызмет  істейді, тұратын көшесі).

2. Енді жаныңыздағы  серігіңіз туралы бізге әңгімелеп беріңіз.

1. Серігімен әңгімелеседі.

2. Серігі туралы білгенін  айтады.

Топқа бөлу

Құрметті ата –  аналар сіздермен танысқаныма өте  қуаныштымын, мен сіздерге.

1. Денсаулық. 

3. Бақыт

2. Ашық аспан. 

4. Бірлік.

Тілеймін! Сіздер де осы  тілекті бір – бірлеріңізге жолдайсыздар ма?

Олай болса сөздерді ретімен оқып шығайық және оқыған сөздерімізді ұмытпайық. Кім қай  сөзді оқыса сол топқа келіп  жайғасуларыңыз сұралады.

«Денсаулық», «Ашық аспан», «Бақыт», «Бірлік» - деген жазу бар  столды тауып отырады.

Мағынаны ажырату

Галлерияны шарлау

1-ші мәселе бойынша  ата – ана комитетін сайлау.

Оқу–тәрбие жұмысында  және шаруашылық жұмысында мектепке көмектесіп отыратын ата –аналар  комитетін құруымыз керек.

Ата-аналарға сауал-сұрақ  берілді. (әр топқа)

Таңдалынған комитет мүшелеріне бала тәрбиесі жөнінде педагогикалық ситуация берілді.

2 – ші мәселе бойынша  ата – ананың міндеттерін анықтайық.

- Әр топта ата-аналар  сауал-сұраққа жауап беріп, жауаптарын  талқылады.

- Сауал-сұрақ негізінде  топтан бір ата-ана комитетінің мүшесін шығарады.

- Ұсынған адамдарын  жарнамалайды.

- Педагогикалық сиуацияны  дұрыс шешкен ата-ана төрағасы  болып сайланады.

- әркім өзі жазады

- топта талқылайды

- ортақ бір мәмлеге  келеді

- плакатқа түсіреді.

Әр топтан бір ата  – ана өз жұмыстарын қорғайды, тақтаға іледі.

Ата – аналар галлерияны аралап, өз ойларын жазады.

Ой толғаныс

Шығу парағы

1. Бүгінгі жиналыстан  алған әсеріңіз туралы. 2. Мұғалімге,  әкімшілікке қоятын сұрақтарыңыз, ұсыныс, пікірлеріңіз болса берілген  параққа түсіріңіздер.

Шығу парағын жазады.

Шешім қабылдау

Информация о работе Оқыту үрдісінің психологиялық негіздері