Педагогика технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 12:44, реферат

Описание

Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, ондаөндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады.

Содержание

І.Кіріспе
1.1 Технологиялар туралы ұғым, артықшылықтары;
1.2 Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Оқудың педагогикалық технологиялары
2.2 Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
2.3. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары;
2.4 Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;
2.5 Оқыту процесіндегі технологиялық процесс
а) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту
процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
б) Білім берудегі ақпараттық технологиялар
в) Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары
басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы
г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру
ІІІ. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Жоспар.doc

— 207.50 Кб (Скачать документ)

II деңгей (алгоритмдік) - репродуктивтік іс-әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:

•  Құбылыстың сыртқы белгілері.

•  Ол өткен кездегі  жағдай.

•  Құбылыс мәні, оның өту механизімі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).

•  Осы құбылыстың басқа  құбылыспен байланысы.

•  Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама  беру.

•  Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.

Тәжірибені  жасау жоспары:

•  Тәжірибенің мақсатын тұжырымдау.

•  Тәжірибені жасар  алдында гипотезалар  ұсыну. Тәжірибені өткізуге керекті жағдайларды  анықтау.

•  Тәжірибе үшін жабдықтарды  және материалдарды  анықтау және іріктеу.

•  Тәжірибені жоспарлау.

•  Тәжірибе нәтижелерін  шығаратын тәсілдерді анықтау.

•  Тәжірибені өткізу, бақылау, нәтижелерін  анықтау.

•  Нәтижелерді математикалық  тәсілмен өңдеу.

•  Алынған нәтижелерді  талдау.

•  Тәжірибеден қорытынды  жасау.

III деңгей (эвристикалық)

Эвристика - грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген  мағынаны білдіреді.

Эвристикалық  оқыту мақсаты - оқушыға барлық оқу  пәндері бойынша білімдік өнімдер  жасату, мәселелерді өз бетімен шешуге үйрету.

IV деңгей (шығармашылық)

Шығармапіылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндерінде қорғалатын білімдік німдердің үш түрі бар.

Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: Шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, (феже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, өойылым, сценарий, газеттің мазмұны.

Пәнаралық және пәннен тыс өнімдер - бір пән  шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.

Методологиялық  өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған  сұрақтар, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу тех-нологиясы, өздік  жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс-әрекетін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын-пікірлер жазу).

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нысандары:

•  зерттеушілік (эксперимент, тәжірибе өткізу, ғылыми мәселені өзінің шешуі, теореманы дәлелдеу);

•  шығарма (тақпақ, ертегі, есептер, очерктер, трактаттар).

•  көркемөнер шығармалары (бейнелеу өнері, сызба, кескіндеме, ән, саз, би, кесте  тігу, суретке түсіру, композиция, көрме);

•  техникалық шығарма (бұйым, үлгі, макет, сызба, фигура, компьютерлік бағдарлама).

•  көрермендергеарналғаншығармалар(концерт, қойылым, жарыс, шағын көрініс);

•  педагогикалық шығармалар (мұғалімнің орнына сабақ беру, сөзжұмбақ жасау, ойын, викторина).

•  методологиялық шығарма (тақырыптың жоспарын жасау, оқушыларға арналған тесті сұрақтарын құрастыру, өзін-өзі талдап жазған күнделік жүргізу.

Шығармашылық  жұмыстарды бағалағанда оның жаңалығына, қисындылығына, безендірілуіне, оқушының сұрақтарға дәйекті жауап беруіне, көрермендерді және әділ қазылар  алқасын қызықтыра білуіне назар  аударылады.

Жоғары деңгей 8-10 ұпай алғандар. 1 -орын алған балалардың да шығармашылық деңгейі жоғары деп бағалауға болады, 4-7 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері орташа. 1 -3 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері төмен. Себебі оның жұмысы үлгі бойынша орындалып, аздап жетілдірілген. Жаңалығы аз. Осындай бағалар шығармашылық апталық кезінде беріледі. Шығармашылық жұмыстар бойынша шығармашылық апталық өткізуге болады. Озып шьщқандар моральдық және материалдық жағынан ынталандырылады.

Жоғары  сыныптарда ғылыми апталықтар өтеді.

Түсінік деңгейін (сапасын) тексеру үшін ауызша сүрау әдісі, жазбаша тексеру  жұмыстары жүргізіліп баға қойылады.

Бағдарламалық материалдық 70% -ын меңгерген оқушы (түсініп, есте сақтаған), 30% қатесін  өз бетімен түзете алады. 70% -дан төменгі  білім сапасы оқушы білімінің берік еместігін көрсетеді. Сондықтан оқу материалын нашар меңгерген оқушымен қосымша жұмыс жүргізу керек.

Оқыту технологиясы:

•  Оқушыныңбілімділік, білік, дағдыларын диагностикалық құралдар арқылы анықтау.

•  Оқыту процесінің тиімділігін (пайдалылығын) объективтік әдістер арқылы тексеру.

•  Оқу материалының 70% -ын оқушыға меңгерту.

Оқыту қандай болу керек. Негізгі талап  — оқыту процесі арқылы оқушыға  білімді меңгерту.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог  мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

Психологиялық-педагогикалық  ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің  дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы  құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол  сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.

Орта  мектепте информатиканың жеке пән болып  оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің  туындауының жандана түсуіне  алып келді. Информатиканың қазіргі  қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне  сүйене отырып білім беруді кажет  етеді..

Жаңа  технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Көптеген  уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.

Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік  мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық  міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына  қарамастан, олардың іске асуының  екі ғана жолы бар. Біріншісі –  теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).

Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу  технологиясы жөніндегі идея қай  заманда пайда болған?

Мұндай  ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».

Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз  əрекеттегі механизмге сəйкестендіру  ұмтылысының талайы күні бүгінге  дейін басылған емес. Кейін оқу  технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).

Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

- қолдану деңгейі:  жалпы педагогикалық,  пəн əдістемелік,  бөлімдік (модульдік);

- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне  əміршіл- əкімшіл  (авторитарлы);

Информация о работе Педагогика технология