Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 10:45, творческая работа
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.[1]
Проблемалық оқытудың мәні
Жоспар
Проблемалық оқытудың ерекшелігі.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары.
- қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынықтар);
- материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары;
- тақырыпты тапсырмаларды
қорғау сабақтары, практикум
Балалардың даму деңгейінің
бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі
айырмашылықтар мен басқа да себептерге
байланысты сыныпта оқу үздіктері
мен үлгермеушілер пайда
Деңгейлік бағдарламалары (деңгейлік тапсырмалар емес, тек бағдарламалар ғана) маңызды екі тұсты қарастырады:
а) белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді (репродуктивті деңгейден шығармашылыққа дейін);
б) балалардың белгілі деңгейді өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).
Компьютерлік оқыту
Әрбір оқушының өздігінен білім алуының меншікті траекториясын қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды, ақпаратпен жұмыс істей алу білілігін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін дамытады, таным процесін ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына жылжыту жолымен түбегейлі өзгертеді. Оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады, жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етеді.
Дамыта оқыту
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік - зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді
жүзеге асыру қажеттілігін
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен
кейін мұғалім табылған
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Оқыту технологиялары оқушының
тұрақты жоғары нәтижелерге қарай
біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа
оқу ақпарлары мен
бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді. Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың бірі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.
Даралап-саралап оқыту
технологиясының мақсаттылық
Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау оқушылардың іскерліктерін жүзеге асырады.
Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет.
Аталмыш технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, оқушыларын жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы. Оқушыны сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістерін сабақтарда қолданудың маңызы зор, тиімді. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану негізінде оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.Ізденіске баулып, естіп көріп білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен жан-жақты ізденіп, танысып талдау. Сынып оқушыларының оқу тәрбие процесінде психологиялық педагогикалық тұрғыда бақылау, білім деңгейін диагностикалық үнемі зерттеу. Жан-жақты дамыған шығармашылық талапқа сай жеке тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие үйретіп, білім беру әр ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары
1. Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады.
2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.
3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
4. Мұғалім мен оқушылар
арасында ізгілік қарым-
Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері
Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.
Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек.
Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз. Осыған байланысты «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жолдары деген тақырыпта мақала жазылған еді. Дегенмен, мұғалімдер осы жобамен жұмыс істеу үшін оның теориялық, әдіснамалық ерекшеліктерін білулері керек деп ойлаймыз. Сондықтан да «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері тақырыбының төңірегінде сөз қозғайық.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар «сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде. Сын тұрғысынан ойлауды көптеген мұғалімдер мен зерттеушілер «сынау» деген ұғыммен шатастырады. Сондықтан да жұмыстарының нәтижесін көре алмайды. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді.
Солардың ішінде психолог ғалым В.Г. Крутецкийдің берген анықтамасы біздің көңілімізден шықты. Ол: «ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру» дейді. Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау. Бірақ бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Мектеп жасындағы балалардың
ойлауын зерттеу нәтижелері олардың
меңгерген теориялық
Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады [4]. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек. Олар төмендегідей:
1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.
4. Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру.
5. Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету.
6. Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру.
7. Сыни ойлауды бағалау.
8. Тиімді сыни ойлауға
қатысу үшін оқушылар өздеріне
деген сенімдерін және өз
Осыған дейінгі жарық көрген мақалада «Сыни ойлауды дамыту» жобасын жүзеге асыру бағдарламасының құрылымы үш фазадан тұратындығын айтқанбыз. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс. Бұл сатыларды басқаша сабақтың құрылымдық кезеңдері деп те атауға болады. Өйткені СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер өздерінің сабақ жоспарларын осы үш саты бойынша құрады. Әр кезең «стратегиялар» арқылы жүзеге асады. СТО жобасында 80 ге жуық «стратегиялар» бар. Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне тоқталып өтейік.
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.