Проблемалық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 10:45, творческая работа

Описание

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.[1]
Проблемалық оқытудың мәні
Жоспар
Проблемалық оқытудың ерекшелігі.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 44.87 Кб (Скачать документ)

 

Ойлау мен үйренуге бағытталған  бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.

 

Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

 

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.

Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.

 

Белсенді түрде өз білім  үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол  білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа  бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

 

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.

 

Жоғарыда стратегиялар (әдіс) туралы сөз қозғадық. Мысалы, көптеген СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер «еркін жазу», «Венн диаграммасы», «дөңгелек үстел», «эссе жазу», «қос жазба күнделігі», «ЖИГ СО», «Көп деңгейлі сұрақ» т.б. Түсініктірек болу үшін солардың біразына сипаттама берейік.

 

Еркін жазу стратегиясы. Бұл  әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы  сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде  пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ  бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

 

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

 

«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы. Тура сұрақтар (Litera l level). Мұндай сұрақтар қандайда бір фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар (translation questions) жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді. Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп көріністі суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптер мен дыбыстарды талқылайды.

Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады. Интерпретациялау-сұрақ-тары (interpretation) оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. Сұрақ-тіркеме (application questions) оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сұрақ – баға (Evaluation questions) оқушыларды жақсы, жаман деген сиқяты қорытынды шешім қабылдатады.

ЖИГ СО – ұжымдық оқыту  әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен  жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл  жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады.

 

Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын  топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

 

ЖИГ СО – стратегиясы  мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ олар мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

 

«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

Осылайша сыни ойлауды  дамытуда қолданылатын стратегиялар оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді:

- айқын мақсат қоя білу;

- белсенді қатысуды қолдау;

- жақсы дискуссияның болуына  себеп тудыру;

- өзінің жеке сұрақтарын  құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыру;

- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;

- оқуға деген оқушылардың мотивацияларын қолдау;

- басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру;

- кейіпкерлерге деген  сезімдері мен елестету қабілеттерін  дамыту;

- өзгеруге стимул болады;

 

- сыни ойлауды дамытуды  жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын  оқыту технологиясы - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзіміз жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.

Оқытуда сөздік әдістер. Баяндау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп - бекіту. Бірінші ¬жаңа материалды игеруге оқушыны дайындау, екінші – берілген мазмұнды баяндау, үшінші – оқытуды аяқтау бөлімі.

 

Берілген әдістің тиімділігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады.

Демек, оқушыларға білім  беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.

 

Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды  тұрғыда болуы керек. Баяндаудың тиімділігі басқа да оқыту әдісі— иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғары сыныптарда) сонымен қатар мұғалімнің адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты таңдап алған деректер жайында болуы керек.

Әңгіменің дамытушылығы. Сонда яғни, елестету, ес, ойлау, қиялдау, эмоциональды қобалжу сияқты психикалық процесстерді белсенділік күйге әкеледі. Оңушылардың тұрақты зейіні, білімділер, қызығушылығың қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады.

 

Лекция. Лекцияның ауызша әдістен айырмашылығы оқу материалының логикалық мазмұндалуы, ақпарат  ағымының көптігі, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.

Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, объектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық  материалдарды қабылдау және ойлау  қабілеттері жеткілікті деңгейде қалыптасқан, лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі.. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.

 

Лекцияны оқыту аспектісі  оқушылардың көркем оқу материалдарын  тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Лекцияны дамытушылық  тиімділігі оңушылардың логикалық  ойлау, диалектикалы ойлау тәсілдерін,мұғалім ойының нақтыда абстрактілі ойлау ағымына білу болып табылады.

Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу – өзіндік білім алуды негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.

 

Оқулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық – бақылау т.б.

Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақгарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тесттерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады..

Кітаппен оқу жұмысын  жасауда оқушылардың өзіндік  бақылау білігін қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Оқушы кітаптағы мәтінді қанша рет оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсіндіріп бере білу біліктілігін меңгергенін бақылауы керек. Бұл үшін уақыттың көбін берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.

 

Әңгіме. Әңгіме мәні бағытты  мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған  білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады.

 

Әңгіме сонымен қатар  тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістермен қатар қолданылу керек. Әңгіменің  оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескерген жөн.

Мақсатына қарай әңгімені бірнеше түрге бөлуге болады: кіріспе әңгіме немесе ұйымдастыру; жаңа білім беру (сократтық, эвристикалық т.б.); синтездеуші немесе бекіту; коррекциялық - бақылау.

Кіріспе әңгіме оқыту жұмысының басында өтіледі, мақсаты оқушыларға берілетін жұмыстың мәні мен оның өтілуін дұрыс түсіндіргенін анықтау.

Кіріспе әңгіме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында өтіледі. Жаңа материалды оқушыға игертуде кіріспе әңгіменің мәні ерекше.

Жаңа білім игертуде катехизикалық (сұрақ-жауап, қарсы шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай, қысқа тұжырымды пікір білдіру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп, мұғалімнің берген сұрағына нақты жауап алу) әңгімелер қолданылады. Бүгінде мектептерде эвристикалық әңгіме көбірек орын алуда. Жаңалық ашуда оқушылардың, ойлау қабілетін жандандыратын дүние - мұғалімнің білікті сұрақ қоя білуінде. Сократтық әңгіменің шебері философ Сократ болған. Ол еш уақытта дайын жауап бермеген.

 

Сократтың мақсаты білімнің өзі емес, адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған. Сократтың әңгімесі - әңгімелесушіге сұрақтар қою арқылы білгендері мен білмегендерінің шекарасын ажырата білу, сол арқылы ақылды, керемет, ойлы әлем ашуға жетелейтін ауызша диалог әдісі. Сондықтан да эвристикалық әңгімеде оқушылар өздігінше ойлап, өз танымы бойынша білімді игеретіндігі байқалады.

ӘДЕБИЕТЕР

1. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 б.

2. Давыдов В.В. О понятии  развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.

3. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.


Информация о работе Проблемалық оқыту