- Ей,
сен бала, директордың шопыры емессің
бе? (А. Нұрманов)
Негізгі
сұрақты білдіретін сөйлемдер сұраулы
сөздердің (не істеді, кім, қашан т.б.),
шылаулардың (ма, ме, па, пе) қатысумен жасалады.
- Жетек
сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқаа
негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша
қойылған сұрақты білдіретін сұраулы
сөйлемдерді жатқызамыз.
- Бұл
құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ
екен?
- Бұған
Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі
де сай.
- Сен
өзің ше?
Бұл мысалдағы негізгі сұрақты
білдіретін сөйлем – «Бұл құрылысқа
бас инженер қылып кімді тағайындасақ
екен». Сөйлеуші осы сұраққа жауап ала
отырып, тыңдаушыға іліктес тағы бір сұрақ
қойып отыр: Сен өзің ше? Бұл жетек сұрақ.
- Анықтаушы
сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Бұл
сұраулы сөйлемдер екінші жақтын
сөзңн анықтап алу үшін қойылған
сұрақты білдіреді. Анықтаушы сұрақ көбіне
алдыңғы репликаның лексикасын қайталап
құралады.
- Бұл
кісілер қай елдікі?
- Сабынкөлдікі.
- Сабынкөлдікі?
- Иә,
Сабынкөлдікі
Бұл диалогтардағы анықтаушы
сұрақты білдіретін сөйлем тек
интонация арқылы форма алып
тұр. Оған шылаулар, сұрау мағыналы
сөздер қатыспаған. Бұл амал-анықтаушы
сұраққа тән амал және бұл хабарлы
сөйлемге қатысты қойылатын анықтаушы
сұрақтың формасы.
Сұраулы сөйлемдер сұрақтың ішкі
логикалық мазмұнына қарай да
бөлініп жатады. Сұрақтың бұл
бөлінуі арнайы тілдік формассынан
да көрінеді. Сондықтан тіл ғылымы
сұраулы сөйлемдердің бойындағы
бұл құбылысты елеусіз қалдыра
алмайды.
Сұрақты, логиктер мазмұнына қарай
негізінен екі топқа бөліп
тұр: жалпы сұрақ, альтернативтік
сұрақ. Сұраулы сөййлемдердің мағынасы
осы логикаклық мағыналарға негізделгенмен,
коммуникация үстінде түрлі өң алатыны
бар. Соларды ескеріп біз сұраулы сөйлемдерді
мағынасына қарай төрт топқа бөлдік: ашық
сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер,
альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы
сөйлемдер, риторикалық сұрақты білдіретін
сұраулы сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін
сұраулы сөйлемдер.
Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушінің
біреуді іске қосу, жұмсау үшін
айтқан пікірін білдіруүшін жұмсалады.
- Бұйрық
мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі
тірек форма – етістіктің жалаң ІІ жақ
бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл
баяндауышты тірек форма деуміз – ол бұйрық
мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді.
Көп сөздә қайтесің? Одан да тауығына ие
бол,- деп күзетші Құрманға тапсырды да,
Мақпал үйіне қайтты.
- І
жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды
–айын, -ейін, -айық, -ейік формалы етістіктерден
жасалған баяндауыштар білдіреді. Етістік
тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын
қуғанда былай саралауға болады: -айын,
-ай, -ын, -ейін, -ей, -ін; -ай, -ей бұйрық мағына
беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ық, -ік, - жақтық
көрсеткіштер. –ын, -н жақтық көрсеткіш
ретінде бұрын жиі жұмсалған. «Шайбанинамада»
алғанын тәрізді І жақтық форма жиі ұшырайды.
ІІІ
жаққа қатысты бұйрықты білдіру
үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрық рай
етістіктер баяндауыш ретінде жұмсалады.
- Ауызекі
тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келген
формалы баяндауыштардың қатысуымен де
құралады: Сен ертең келгін. Бұл баяндауыш
тек анайы тұлғада келеді, сыпайы тұлғасы
жоқ. Сөйлеуде де сирек жұмсалатын бұл
форма өте көнеден келеді, әрі ол осы күнгі
бірқатар өзге формаларға негіз болған.
- Бұйрықты
тұжырымдылау етіп білдіру үшін алсаңшы,
алсаңызшы түрінде құралған етістіктер
баяндауыш болып жұмсалады.
Егіннің
болары болды ғой, онан да шөпті айтсаңшы!
(Қ.Ж.), Тұрсаңшы, ауырып жатырсың ба! (Д.Д)
Алсаңшы, алсаңызшы формалы баяндауыштарды
ал, алшы тұлғалы баяндауыштармен
салыстырғанда ілгеріде біз атаған
қызмет ерекшеліктері анық көрінеді.
Баяндауыш шартты рай тұлғасын
қатыстыру арқылы жасалған: ал-са-ң-шы,
ал-са-ң-ыз-шы. Қарапайым сөзде бұл баяндауыш
–шы, -ші жұрнағын қоспай да айтылатыны
болады: Сен ертерек келсең! Барсаң, күткізіп
қоймай!
- Шартты
рай тұлғалы етістікті қатыстырып бұйрық
мағыналы баяндауыш жасау басқа түркі
тілдерінде де бар. А.Н. Кононов түрк тілінде
ашсана (ашсаңшы) сөйлесене (сөйлесеңші)
деген бұйрық мағыналы етістіктерді шартты
рай тұлға негізінде жасалған деп есептейді:
ашса-н-а.
Қазақ
батырлар жырындағы бар сана түріндегі
баяндауыштар кітаби тілдің осы түрік
тіліндегі форманы өзінше сіңіруінің
нәтижесі болу керек.
- Бұйрықты
бұдан гөрі тұжырымды етіп, үзілді-кесілді
айту үшін «ІІ жақ бұйрық форма –деген
соң – ІІ жақ бұйрық форма» болып құралған
баядауыш ( ал деген соң ал) жұмсалады.
Баяндауыштық
формаға етістіктің жіктік тұлғалары,
есім сөздер де қатысуы мүмкін.
- Көп,-
басын шайқады.
- Неге,-
деймін мен өз-өзімнен қысылып....
- Көп
деген соң көп! – дейді ол ақшаны қайырмай,
уыстап тұрып. (Ә.Нұрш.).
- Осы
қызметте –«-уші формалы есімше-болма»
құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
Айтпа,
айтпа деймін анаған! Айтушы болма
анаған.
- Іске
жұмсауды, тілек, өтініш ретінде айту үшін
алшы, келші, алайыншы түрінде құралған
баяндауыштар қызмет етеді.
- –айық,
-ейік тұлғалы баяндауышқа синонимдік
сыңар ретінде жұмсалатын –алық, -елік
арқылы жасалған баяндауыш бар: баралық,
келелік. Соңғы формадағы баяндауыш эпостық
жырларда және соған ұқсатып мәнерленген
сөзде жұмсалады.
Егінді
даланы бөліп әуре болмалық дестік,
- дейді Қасен.
-
–алықшы, -елікші бұйрықты өтініш, тілек
ретінде білдіру үшін жұмсалады.
Бір шөбі қалың, ойпаңдау жерге
келгенде Бибі «аттан түселікші»
дейді.
Бұйрық мағыналы етістік етістік
тудыратын –алық, -елік жұрнағы
түркі тілдерде әр түрлі грамматикалық
сипатта дамыған. Сібірдегі Чулыма
өзеннің өңірін жайлаған түркі тілдерінде
–лық, -лік келер шақтық жұрнақ ретінде
қызмет етеді.
Түрік тілінде аталған жұрнақ
–алым, -елім түрінде І жақ
жекеше тұлғадағы бұйрық рай
етістік жасайды.
Бұл келтірілген мағлұматтар
қазақ тілінде жіктік түрленуден
оқшау тұрып жасалатын –(а) лық
- (е) –лік жұрнақтарының генезисін байқатады.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшелігі
ретінде бұйрық мағына білдіретін
алалы, көрелі ( ал – алы , көр - елі) тұлғалы
баяндауыш бар. Бұл жұрнақ
–алық, -елік жұрнақтарының негізінде
пайда болған. Бірақ жұмсалу аясы тар,
белгілі территориялық сөйлеу практикасында
ұшырайды.
-
Ауызекі тіл бұйрық мағынаны білдіру үшін
ашық райдың келер шақ формасындағы етістікті
баяндауыш ретінде жұмсайды.
Бүгіннен
бастап есігін ашушы
болмайсың, олармен
сөйлеспейсің! Олардың
бетіне қараушы болмайсың! ( Б.М.)
Бұл сөйлемдегі келер шақ етістіктен жасалған
баяндауыштар ( ашушы
болмайсың, сөйлеспейсің,
қараушы болмайсың,
бармайсың ) белгілі бір оқиғаны хабарлау
ретінде емес, тыңдаушыны іске міндеттеу
мағынасын білдіріп тұр.
-
Ашық рай формасындағы алушы
болмайсың, бұйрық рай алушы
болма қызмет тұрғысынан ғана емес,
құрылысы жағынан да ыңғайлас. Іске міндеттеу
мағынасында жұмсалатын бұл күрделі етістік
бұйрық рай тұлғаға (алушы
болма) сүйеніп, соның негізінде қалыптасқан.
-
Іске қосу қызметінде ерекше жұмсалатын
тағы бір баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың
бір түрі «келер шақ етістік – сұраулық
шылау ба (бе)» болып құралады:
келесің бе, (осыны),
айтып барасың ба т.б. Мысалы, Сен
Төремді шақыртасың
ба, жаздыратын қағаздарым
бар еді (Б.М.)
Бұл
сөйлемдегі шақыртасың ба дегенде сұраулық
мағына жоқ, олар тыңдаушыны іске қосу
қызметінде жұмсалып тұр. Бірақ бұйрық
мағынасының бұл формадағы баяндауыш
арқылы білдірілуінің ерекше стильдік
мәні бар. Бұл ерекшелік іске қосуды
өтініш, тілек ретінде білдіруде
ғана емес. «Келер шақ етістік –
ба» болып құралған баяндауыш-ауызекі
сөйлесу үстінде ерекше мәнерлік тудыратын
тұлға.
Ауызекі сөйлеу тілінде құрамы,
қызметі жағынан осы реттес
тағы бір баяндауыш бар. Ол
баяндауыш «болымсыз келер шақ
етістік – ба» болып құралады
: бармайсың ба,
айтпайсың ба. Бұл баяндауыш та бұйрық
мағынаны контекске сүйеніп білдіреді.
Сөйлемдер дүниедегі болмыс туралы
пікірді хабарлап қана қоймайды,
ол сөйлеушінің болмысқа қатысты
туған эмоциясын да білдіреді.
Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін
сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз.
Сөйлемдерді лепті және лепсіз, яғни эмоциясыз
деп бөлу өз алдына бөлек принципке сүйенеді.
Бұл топтау сөйлемдердің мазмұнына, эмоцияның
қатысуына, қатыспауына және эмоцияны
білдіретін формалардың көріну, көрінбеуіне
негізделеді.
Көп жағдайда сөйлемнің лепті,
лепсіз көрінуі тек интонацияға
сүйенеді: Құлайды!
– деп айқайлады.
Тілімізде құрылысы жағынан оқшау
келетін, құрамындағы сөздереді
мүшелік қатынасқа аанық даралауға
келмейтін сөйлемдер бар. Мысалы:
Келгенде қандай, ол
ол ма! Бұл сөйлемдер лексикалық құрамы
жағынан мүлде еркін бола алмайды, олардың
бір тобы ылғи тұрақты бір сөздерді ғана
қатыстырып құралады: Ол
ол ма! О несі екен!
Енді бір тобы бір сөздің тұрақты компонент
болып қатысуы негңзңнде құралады: Алғанда
қандай! Айтқанда қандай!
Осы ретпен құралуы бұл сөйлемдердің құрылысына
фразеологизмдерге тән сипат береді. Өйткені,
сөйлемнің құрамындағы сөздер еркін тіркеспейді,
орнықты болған үлгі бойныша біріктіріледі.
Осы құрылымдық ерекшелігін ескеріп, біз
бұл типті сөйлемдерді реплика ретіндегі
лепті сөйлемдер деп атаймыз. Осылай аталуына
тағы бір себеп – бұл тәрізді сөйлемдер
көбіне диалогта жауап реплика ретінде
жұмсалады. Реплика ретіндегі сөйлемдер
мазмұны жағынан да басқа сөйлемдерден
ерекшеленеді. Бұларда эмоциялықты білдіру
қызметі басым.
Реплика сөйлемдер кісінің екінші
жақтың сөзіне байланысты түрлі
реакциясын : құптауын, ризалығын, жақтырмауын
білдіреді.
Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай
бірнеше түрге бөлінеді: сөйлемде бастауыштың
болу, болмауына қарай жақты және
жақсыз сөйлем, тұрлаусыз мүшелердің
болу, болмауына қарай жалаң және
жайылма сөйлем, сондай – ақ, толымды,
толымсыз сөйлем ,атаулы сөйлем.
Грамматикалық
бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай,
оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра,
атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты
сөйлем болады.
Олардың бастауыштары баяндауышпен
қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында
не жалғаусыз жақтық мағынада
айтылады. Соңғылардың жақтық тұлғаларына,
мағыналарына дәлме – дәл үйлесімді
болып айтылған (не айтылатын) бастауышы
бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы:
Біз елімізде молшылық
орнату бағдарламаларын
бұлжытпай жүзеге асырып
келеміз деген сөйлемнің бастауышы
– біз.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары
сөйлем ішінде ерекше айтылмай
да, оның қай сөз екені айқын
болып тұра береді. Ондай жақты
сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп
айту мынадай жағдайларда болуы
мүмкін: