Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 09:57, реферат
Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем, тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем, сондай – ақ, толымды, толымсыз сөйлем ,атаулы сөйлем.
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Олардың бастауыштары баяндауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың жақтық тұлғаларына, мағыналарына дәлме – дәл үйлесімді болып айтылған (не айтылатын) бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Біз елімізде молшылық орнату бағдарламаларын бұлжытпай жүзеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы – біз.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім а) Жай сөйлемнің айтылу мақсатына сай топтасуы
ә) Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрленуі
б) Жай сөйлемнің күрделену жолдары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Мен,сен,біз,ол деген бастауыштарға ерекше мән беріліп, ой екпіні түсірілгенде, олар сөйлемде ерекше айтылатын болады. Ондай бастауыштарды түсіріп айтуға болмайды : Мен де қайта жасарған
Сөйтіп, бастауыштың жақты сөйлемде дербес айтылу я айтылмауы баяндауыштың тиісті предикаттық жалғауда тұру я тұрмауымен ғана байланысты емес, бастауыштың сөйлемдегі қызметінің ерекше екендігімен де байланысты болады.
Бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы
бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың
өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын
жай сөйлем түрін жақсыз
сөйлем дейді. Мысалы:
Кім айыпты екеніне
әлі көзім жете қойған
жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемнің баяндауышы
(қайтті?)— көзім жете қойған жоқ, бұл —
фразалық (идиомдық) тіркес, сондықтан
сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқарады:
көзім деген сөзді бір бөлек, жете
қойған жоқ дегенді бір бөлек талдауға
болмайды. Бұл сөйлемнің бастауышы жоқ,
оны табуға да болмайды. Сондықтан бұл
— жақсыз сөйлем.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай
тұлғада келеді: 1) -қы,-кі,-ғы,-гі жұрнақты
қалау рай етістікке бол көмекші етістігі
тіркесіп келеді: айтқысы
келді, барғым келмейді
т. б.
2) түйық етістікке керек,
жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп
келеді: баруы керек,
сөйлеуім мүмкін, айтуы
тиіс т. б.
3) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол
(көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде)
көмекші етістігі тіркесіп келеді:айтып
болмайды,ұғып болмайды т.б.
4) Баяндауыш кұрамында бастауыш тұлғалы
сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге
келмейтін тұрақты тіркестерден болады:
ішек-сілесі қатты, шарасы
қалмады, тас-талқаны
шықты, мойнына су құйылды т. б.
Сөйлем арқылы хабарланатын
ойға қатысты сөздер кейде түгел айтылып,
кейде олардың кейбіреулері ғана айтылуы
мүмкін. Мысалы: Сырдың
суы ышқынып ағады деген сөйлемде ондағы
ойға қатысты мүшелер түгел айтылған.
Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейді. Мысалы, Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. (Ә. Нұрпейісов). Көзінен жасы ыршып кетті. (С. Сейфуллин) деген екі сөйлемнің алдыңғысы — толымды сөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді?— шықты) да, бастауышы (кім шықты?— Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты?— сыртқа және қалай шықты — бір ытқып) та жұмсалған. Екінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп калған. Сондықтан екінші сөйлем толымсыз сөйлемдер деп танылады.
Толымсыз сөйлемде тұрлаулы
Бұл сөйлемнің алдында не жазылғаны айтылмаған. Слесарь Лапшин деген сөйлемде анықтауыш пен бастауыш қана айтылған. Ал баяндауыш (жазды) пен тура толықтауыш (жазуды) ерекше айтылмаған. Сонда да өзара сөйлеуші кісілерге де, оларды оқушыларға да әңгіме не жайында болып отырғанын мына үзіндіден толық аңғаруға болады: «Сағаттың сыртындағы «Ардақ Мырзабекқызына социалистік мәдениет майданында көрсеткен екпінді ерлігі үшін берілді» деп Асыл бізбен жазылған әдемі жазуды оқыған соң ғана тіл қатты :
Осындай диалогты толымсыз сөйлемдерде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қайсысы болса да түсіріле береді.
Өзара беттесіп сөйлескен кісілер арасындағы тілдестік қатынас толымсыз сөйлемдерді өзінен-өзі түсінікті етіп тұрады. Ондайда сөйлемді толымды етіп айту стильдік қате болады. Мысалы: - Балам, анау өрмекшіні көрмеймісің, ол не істеп жүр? – дегенге баласы:
Енді бірқатар сөйлемдер сараланған бастауыш пен баяндауыштан құралмай, тек бастауыш ыңғайындағы сөзден, сөз тіркестерінен құралады:
Түн. Клуб толы адам. Музыка. (С.Ерубаев)
Атаулы сөйлемдер, осындай жеке сөзді не сөз тіркесін айрықша сөйлемдік интонациямен айту арқылы жасалады.
Атау сөйлемдердің мазмұны осы
шақтағы болмысты, құбылысты білдірумен
байланысты болады. Сондықтан олар
өткен шақтағы оқиға,іс
Кейбір авторлар атаулы
Сөйлем мүшелері сөйлемде жеке-жеке қолданылумен бірге топ-тобымен де қолданыла алады. Осындай сөйлем мүшелері бір сөз табынан да және бір ғана синтаксистік қызметтегі әр түрлі сөз таптарынан да жасалады, олардың бәріне бірдей бір-ақ сұрау қойылады. Бұлардың тұлғалары да көбінесе бір формада болып келеді. Бұндай мүшелер сөйлемнің барлық мүшелері осылай бір сұрауға жауап беріп, бір синтаксистік қызмет атқарып, тобымен бәрі сөйлемнің белгілі бір мүшесімен ғана қатынасқа түсіп сөйлемнің бірыңғай мүшесі бола алады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері санамалы интонациямен бөлініп-бөлініп айтылады.
Яғни, олар сөйлемдегі басқа синтаксистік қатынастағы мүшелер сияқты бірсыдырғы, бір-біріне ұласа айтылмайды. Бірыңғай мүшелер өзара салаласа, бірімен-бірі тең байланысады. Олар бірінен кейін бірі тізбектеле, арасына басқа мүшелі сөз түспей, әрқайсысы дербес интонациялы кідіріспен қолданылады, сонысымен басқа мүшелерден ерекшеленіп, өзара бір топқа бірігеді. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері сөйлемнің басқа мүшелерімен сөйлемнің жеке мүшелері тәрізді байланысады және солар сияқты синтаксистік қатынас жасайды.
Сонымен, сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады.
Біріңғай мүшелердің салаласа байланысуы екі тәсіл –интонация және жалғаулық арқылы жүзеге асады. Интонация санамалы түрде, кезектесе кішкене пауза жасаумен атқарылады: Мақсат –қазақ тілінде қатесіз сөйлеу, қатесіз жазу. Байланысудың екі тәсілі бір сөйлемде қатар, аралас қолданылуы да мүмкін. Интонация жеке сөздерден кейін де, немесе жалғаулық арқылы жұптасқан бірыңғай мүшелерден кейін де келіп байланыстыра береді: Қазақтың қара тырнағы мен көлеңкесінен, ұртын толтырып бауырсақ шайнауынан, сапырып сары қымыз ішуінен де ұлтшылдық іздеген зымиян темір қыспақ ендігі жерде ұлт тарихын, оның Абылай сынды арыстарын жазуға жол қалдырмаған еді(Д.Досжанов).
Бірңғай мүшелер интонация арқылы, кейде әрі жалғаулық, әрі интонация арқылы байланысып, айырым әуенмен айтылса, жазуда олардың арасына үтір қойылады.
Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелерді әрі қарай жалғастыра беруге болады –тұйықталмайды, ал жалғаулықты бірыңғайлар көбіне тұйықталады.
Кейде біріңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы екеу-екеуден қосақталып айтылады. Олай айту біріңғай мүшелерді басым мағынада айтудың стильдік амалының бірі болады:Олардың бұтақтарынан алма мен алмұрттың, өрік пен інжірдің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездестіресің.
Бірыңғай мүшелердің стильдік қызметін түсіну үшін бірнеше сөйлемдерге талдау жасайық: 1).Қорықпаймын енді мен,
Аңыздан, желден, бораннан (Т.Жароков)
Бұл сөйлемде шығыс тұлғалы үш жанама толықтауыш бар. Олар бір-біріне бағынбай, әрқайсысы өз бетімен, бірақ өзара байланысты тізбек ретінде бір сөзге (қорықпаймын) бағынған.
Осылай
ету, бір жағынан, бірнеше сөйлемді
бір сөйлем ішіне сыйыстыру амалы
болса, екіншіден, көп сөздерді
бір сөйлем ішіне тізбектеу арқылы
оның іргесін кеңейтіп, жайылма ету
амалы болады. Мұндайда бірнеше бірыңғай
бастауыштың бір баяндауышы, бірнеше
бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы,
бір толықтауыштың бірнеше
2).Қыран көзді, қаһарлы, қара мұртты, атақты қолбасшыны бірден таныдым (Ғ.Мүсірепов). Бірыңғай анықтауыштың төртеуі де зат есімдерге -лы, -ді, ты жұрнағы жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер. Бірыңғай мүшелерді осылай, мағыналық , тұлғалық сыбайластығына қарап сөйлем құрай білуге де дағды керек. Стильдік қателер жібермеу үшін мынадай мүмкіншілікті пайдалана білу керек:
1.Біріңғай мүшелердің ең соңғысы жинақтаушы болады да, тиісті жалғау тек соған ғана жалғанады: Құнанбай... Тоғалақ, Әнет, Бекенді де шақыртты(М.Әуезов).
2.
Бірыңғай күрделі мүшелерге
Біріңғай мүшелерді саралап, әрқайсысына ерекше мән бере, екпін түсіре айту үшін мынадай амалдар қолданылады:
1.Біріңғай мүшелердің әрқайсысынан кейін де жалғаулығы қойылады: Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалығымен де ұнайтын еді(Ғ.Мұстафин).
2.Біріңғай мүшелер мен, бен, пен жалғаулығы арқылы екеу-екеуден қосақталады: Ақ пен қара, қызыл мен көк, күрең мен қына сары біріне-бірі еппен тоғысып, бәрі жымдасып тұр(Ғ.Мүсірепов).
3. Біріңғай мүшелердің алдына бір, я, әрі, не, кейін сөздерін қою арқылы да оларды тәптіштеп таңдап, талғап жұмсаймыз: Оның көзі бір ашылып, бір жұмылады(М.Әуезов).
4.Біріңғай мүше (көбіне бастауыштар) тізбектеліп айтылады да, олардың ең соңғысына көптік жалғауы жалғанады, кейде одан кейін да жалғаулығы қойылады. Мұндайда көптік жалғаулы соңғы сөз біріңғай мүшелерді жинақтаушы болады: Ұраңқайда Көкпай, Ерболдар да шайын ішіп болыпты (М.Әуезов).
5. Қатарынан айтылған бірнеше біріңғай мүшелерді саралап көтеріңкі мағынада, әрі бәріне де ой екпінін түсіре айту үшін олардан кейін жинақтаушы –жалпылауыш сөз қойылады: Баланың да, жігіт-желеңнің де, егде-мосқал үлкеннің де – барлығының аузында бір жаңалық, бір хабар (М.Әуезов). Ғылыми, іс-қағаздар стилінде жалпылауыш сөз алдынан қойылады.
Сөйлемде бірыңғай бастауыштарға ой екпінін түсіріп, бәрінің синтаксистік қызметі бірдей екенін аңғару үшін, оларда жинақтауыш тұлға мен жинақтауыш сөздер қолданылады:
1.Бірыңғай бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысына көптік жалғау жалғанады. Ондайда көптік жалғауы жинақтаушы қызмет атқарады. Мысалы:
Абай, Біржан, Әйгерімдер тысқа шығып, оларды аттандырып жатыр (М. Әуезов).
2.Біркелкі бірыңғай бастуыштарды (кей басқа да мүшелерді) жинаушы сөз жинақтау сан есімдері болады: Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық үшеуі оңаша қалған еді (Ғ. Сланов)