Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 13:37, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3
І. КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5
1.1 Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды
оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7
1.2 Оқу процесін ұйымдастырудың формалары.................................................11
ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16
2.1 Кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді ақпараттандыру....................................18
2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби
қасиеттерін арттыру...................................................................................................22
2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28
СӨЗДІК..........................................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа копиясы.doc

— 217.50 Кб (Скачать документ)

     Дидактикада принциптер жүйесі мыналарды қамтиды:

     1-оқытудың  ғылымилық, жүйелілік принципі;

     2-оқытудың  көрнекілік принципі;

     3-саналылық және белсенділік принципі;

     4-теория мен практиканың байланыстылық принципі;

     5-білімнің  шамаға лайықтылығы мен оқушылардың  жас және дара ерекшеліктерін  есепке алу принципі;

     6-білім  беру мен тәрбиенің байланыстылық  принципі;

     7-білімді  берік және тиянақты меңгеру  принципі;

     Оқыту процесінде бұл принциптер бір-бірімен  өзара тығыз байланыста және бірлікте жүзеге асырылады.

     Оқу орындарының даму тарихында оқытуды  ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнер-кәсіптің,  ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады.

     Білім ортасында сабақты оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үй оқу жұмысы т.б.

     Саяхат - пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Оларға мұражай, көрме, табиғат, өндіріс жатады.

     Семинар сабағы – бұл арнайы немесе жекелеген  пәндер бойнша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселелер қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материалдар жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, мұражайға, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді.

     Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен  жұмыс істеуге үйретеді, зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.

     Практикумдар – курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын зертханалық жұмысының кешендісі. Зертханалық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.

     Мұғалім оқу бағдарламасының материалдарын  және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын  анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың  есебінен практикумдарды өткізуге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді. Зертханалық жұмыстар негізінен берілген пәндер бойынша өткізіледі.

     Факультативтік  сабақтар – оқудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми-теориялық білімін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі.

     Үй  жұмысы – бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, қиыншылықтармен күресуге үйретеді.  Үй тапсырмасы сабақ кезеңдерінің бірі, білімді іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады.

     Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың  біріккен іс-әрекеттері. , сондықтан  ол екі жақты біртекті процесс, біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы танып міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

     Форма – сыртқы пішін, түр, қалыптасқан  белгілі бір тәртіп. Кез келген заттың, процестің формасы оның ішкі мазмұнымен шартталады. Сонымен қатар форманың өзі мазмұнға әсер етеді. Оқу процесін ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің арнайы конструкциясы. Бұл конструкция оқыту процесінің мазмұнымен, әдістерімен, құралдарымен, оқушылардың іс-әрекеттерінің түрлерімен анықталады.

     Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан, класс (сынып, топ)   деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақта оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы адамгершілік қасиеттері қалыптасады..

     Оқу процесін ұйымдастыру формасы сыныптық-сабақтық жүйесінің ерекшеліктері:

     - оқушылардың жас және дайындық  деңгейлерінің шамалас болуы; 

     - әр сынып жылдық оқу жоспары  бойынша жұмыс істеу;

     - оқыту процесі - бірлескен бір-бірімен  жалғасқан сабақ жүйесі;

     - әр сабақ бір пәнге ғана  арналуы (монизм);

     - сабақтың арнайы кесте бойынша  өтуі;

     - мұғалімнің жетекшілік ролі;

     - оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері  қалыптастыруда оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдану.

     Әрбір сабақта логикалық, психологиялық, ұйымдастыру бірліктері болуы тиіс. 

   Сабақтың  типіне байланысты сабақтың  құрылысы. 

   Сабақтың  типтері.                          Құрылымы.

   Жаңа  білімді хабарлау                    1.Ұйымдастыру кезеңі

                                                              2. Мақсат, міндеті.

                                                              3. Жаңа білімді хабарлау.

                                                              4. Бекіту.

                                                              5. Қорытынды.

                                                              6.Үйге тапмырма.

      

   2. Аралас сабақ.                                1. Ұйымдастыру кезеңі

                                                               2. Мақсат, міндеті

                                                               3. Үй тапсырмасын сұрау.

                                                               4. Жаңа сабақты хабарлау.

                                                               5. Бекіту.

                                                                 6. Қорыту.

                                                                 7. Үйге тапсырма. 

   3. Білімді бекіту,қолдану                   1. Ұйымдастыру кезеңі.

       және дағды мен іскерлікті             2. Мақсат, міндет.

        қалыптастыру сабағы.                   3. Білімді бекіту,қолдану.

                                                                 4. Қорытынды. 

   4.Бақылау сабағы.                               1. Ұйымдастыру кезеңі

                                                                 2. Мақсат–міндеттерін   

                                                                      анықтау.

                                                                 3. Бақылау мазмұнымен,

                                                                     тапсырмасымен, оны  

                                                                     орындау тәсілдерімен 

                                                                     таныстыру.

                                                                  4. Өздігінен жұмыс.

                                                                  5. Қорытынды. 

   5. Қорыту және жүйелеу сабағы.       1. Ұйымдастыру кезеңі.

                                                                  2. Сабақтың мақсаты, 

                                                                       міндеттері.

                                                                  3. Оқу материалын 

                                                                       қайталау,  жүйелеу және      

                                                                       жинақтау.

                                                                   4. Сабақтың қорытындысы [10]. 

     Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру

     1.Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

     2. Білім беру ұйымдары жүзеге  асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады, оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

     Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жылына арналған оқу- тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

     Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

     3. Білім беру ұйымдарындағы бағдарламалары  оқу процесінің құрамдас бөлігі  болып табылады және білім  алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай- ақ жан- жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

     Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты насихаттауға, милитарситік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тиым салынады.

     4. Оқу және тәрбие процесі білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің адамгершілік қадір- қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

     Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге  қатысты күш көрсету, моральдық  және психикалық қысым жасау әдістерін  қолдануға жол берілмейді.

     5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде  оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібінің олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.

     6. Әскерге шақырылуға дейінгі және  шақырылу жасындағы білім алушылардың  негізгі білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы- жалпы орта білім берудің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асратын білім беру ұйымдарында ( арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа), ал жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасынның заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери кафедраларда жүзеге асырылды.

     7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.

Информация о работе Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша