Жоғарғы сынып оқушыларын рухани құндылықтарға бағыттаудың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 23:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Жеке тұлға бойында рухани құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі
1.1 Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
ІІ Ұлттық діндердің рухани құндылықтарының мәні мен табиғаты
2. Ұлттық құндылықтардың маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

жогаргы сынып окушыларына рухани кунд манызы Гулжанат.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

Абай атындағы Қазақ  Ұлттық Педагогикалық Университеті

 

 

 

Психология – педагогика факультеті

Педагогика – психология мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарғы сынып  оқушыларын рухани құндылықтарға бағыттаудың  маңызы

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

Биғозиева Гүлжанат

Ғылыми жетекші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы

2013 жыл

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысынның кіріспесінде оның өзектілігін атап өттім. Негізгі бөлімнің бірінші  бөлімінде жеке тұлғаның бойында рухани құндылықты қалыптастырудағы мектептердің рөлін ашып көрсеттім. Мектептің рухани  құндылыққа әсер етуі жайлы баяндадым. Бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде жеке тұлға бойында рухани құндылықтарды қалыптастырудың негізгі ұсынылған жолдарын көрсеттім. Бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде ұлттық діннің рухани құндылыққа әсер етуі жайлы баяндалған. Екінші бөлімде рухани – ұлттық құндылықтардың маңызын атап көрсеттім. Бірнеше әдебиеттерді салыстырып, анализдедім. Қорытындыда осы жұмыстардың жалпы қысқаша нәтижесін жаздым. Бұл зерттеу жұмысының тілі анық, әрі жеңіл. Педагог мамандарға көмекші құрал бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Мазмұны

                                           Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І Жеке тұлға бойында рухани құндылықтарды қалыптастырудағы   мектептердің рөлі

1.1 Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары

ІІ Ұлттық діндердің рухани құндылықтарының мәні мен табиғаты

           2.  Ұлттық құндылықтардың маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеудің  көкейкестілігі. С. Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» тақырыбындағы жинағында «Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген» .

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің  мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние  жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі даңғыл қазақ еліндегі білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп, ұлы кешке еруде. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, «Парасатты экономиканың» қажеттіліктерің қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру. Халқымыз «Баланы – жастан» деп бекер айтпаған. Жаманнан жирендіріп, жақсыға үйретіп отырған. Қай заман, қай қоғамда болмасын, адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Осы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мектептердің үлесінде десек, қазіргі мектептердегі білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық қасиеттерді бойына жинақтаған жеке адамды қалыптастыру, дамыту. Осы тұрғыдан алсақ, бұл тақырып өте өзекті болып отыр. Өйткені елдің болашағы жас ұрпақтардың қолында екені анық. Ол бүгінгі қоғамның сұранысына қажет болғандықтан тақыырп өте маңызды. Рухани құндылықтар – әлеуметтік танымның өлшемі

Қазіргі кезеңде мемлекетіміз үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікті тұлғааралық барабар қарым-қатынас орнатуға, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Осыған байланысты адамдар арасында толеранттық мінез-құлық қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы әрекет ету шаралары қазіргі көп ұлтты еліміз үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Мемлекет жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен ұлтаралық бірлікті дамытуға бағытталған нақты саясат аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы, ата-ана мен бала арасындағы бірлікті, жастардың ішкі мәдениетінің дамуын ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан қамтиды.лттың, елдің дамуында ұлттық құндылықтардың алар орны ерекше. Оларсыз маңдайы жарқыраған, төрт аяғын тең басқан өркениетті ел болу да қиын. Құндылықтар дегенде атадан балаға мирас болып келе жатқан, ана сүтімен бойға дарыған ана тілімізді алдымен ауызға алар едік. Тіліміздің көсегесі көгеріп, тұғыры мықты болу мақсатында жұрт ұлт басылымына балаған «Ана тілі» газеті де жемісті қызмет етіп келеді. Қалай десек те, құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, ұлт мәдениетін жетілдіре беру – уақыт талабы..

Зерттеудің  мақсаты: Жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдарын табу және егеменді елдің ерен азаматтарын тәрбиелеу

Зерттеудің  нысаны: Мектептегі тәрбие үрдісі.

Зерттеудің  пәні: `Мектеп оқушыларының рухани құндылықтарын қалыптастыру негізінде студенттердің патриоттық тәрбиесі.

Зерттеудің  міндеттері:

  • “Құндылық”,“рухани құндылық”, “Жалпы адамзаттық құндылық”ұғымдарының ғылыми–теориялық мәнін, әлеуметтік– педагогикалық ұғымдарын түсіндіру; саралап көрсету;
  • рухани құндылықтарға тәрбиелеудің маңызын
  • жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
  • жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың модульдік технологиясын жасап, оның тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеудің  әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми -педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, оқу процесі үстінде қаншалықты рухани құндылықтарға мән беріледі бақылау, теориялық әдебиеттерді саралау арқасында тиімді әдістерді анализдеу, алынған нәтижелерді сұрыптау.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: Егер жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері анықталса, онда болашақта ол жастарға білім бере отырып, оларды рухани тәрбиелеу тиімділігі пайда болатын еді. Сол педагогикалық – ғылыми негіздері арқылы жастардың санасын өзгертіп, елінің нағыз патриот азаматына, мәдени жеке тұлға ретінде дамытуына септігін тигізер еді. Осы арқылы жастарымыз елдің болашақ тіректері болар еді.

Құрылымы: Бұл зерттеу кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Оның ішінде негізгі бөлімнің өзі екі бөліктен құралған.

 

 

 

 

 

 

1.1  Жеке тұлға бойында рухани құндылықтарды қалыптастырудағы   мектептердің рөлі. С. Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» тақырыбындағы жинағында.Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз. 
Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі даңғыл қазақ еліндегі білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп, ұлы кешке еруде. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, «Парасатты экономиканың» қажеттіліктерің қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру. «Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек. М.Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе». Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі. 
Мектебімізді таза, сау, берік Һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт», - деп келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелеуге ой салады және де бұл педагогикалық аса маңызды мәселе екенін меңзейді. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет. 
Біз интернет жүйесімен жаңа озық технологиямен, тіпті ғарышты игерумен ғаламды таң қалдыра алмаймыз. Санаулы жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай болатынына шүбәміз жоқ. Сонда басқа елден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тіліміз, ділімізбен қазақстандық менталитетімізбен ғана ерекшеленеміз. 2007жылғы шілдеде қабылдаған Қ.Р. «Білім туралы» заңының 11 бабында «Ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде сақталған. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында. Мектепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды. Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып өсіру ұстазға да байланысты. Тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастау алады. Сондықтан да ұстаздың білімді де білікті болуы керек. «Білім туралы» заңда «Педагогикалық қызметкер мәртебесі» бөлімінің енгізілуі бізді қуантады әрі үлкен жауапкершілік жүктейді. Республикамыздың әрбір азаматы ұлтына, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасымен, ұстаған бағыт-бағдарына қарамастан, өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекеттің «Туған елім, Отаным» деп тануы керек. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Олай болса баланың сана - сезімін сол ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін меңгеру негізінде дамыту керек, ұлттық құндылықты жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегеніміз жөн болар. Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Ұлттық мәдениет тарихының қайта жаңғырып өркендейі, халықтың рухани мұрасыен дәстүрлерін қастерлеу – оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын адам болып табылады.

Рухани-адамгершілік құндылықтар  педагогиканың тарихы мен теориясында  кеңінен зерттеліп жүрген мәселелердің бірі. Рухани-адамгершілік құндылықтарының  мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам  қайраткері, ғұламалар, ұлы педагогтар, ақын-жыраулар өз еңбектерінде ой-пікірлерін қалдырып кеткені белгілі. Халықтың тәрбие тұрғысын рухани-адамгершілік құндылықтарды негізденген ғалымдар ұлттық педагогиканың теориялық негізін айқындаумен қатар, мектептегі тәрбие жұмысын жетілдірудің практикалық жақтарын, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын және олардың ерекшеліктерін ашып көрсетті.

Халық педагогикасының  дәстүрлері негізінде бастауыш мектеп оқытушыларының және оған дейінгі ұрпақты  рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде  тәрбиешілерді, болашақ мұғаімдерді даярлау мәселелері ең басты назарда болуы қажет…

Білім берудің басты  құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік, ізгілікті қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген. Оқушы тұлға мен қоғамды  қалыптастыратын мәдениетті түсіну және бағалай білу үшін адамдармен құндылық – саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы ұстанымды жүзеге асыру ізгіліктің тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әркеттер және мұғалім мен оқушының арасында өзара ынтымақтастығыүдерісін өажет етеді.

Педагогика мен пркатиканың  адамға, оны дамытуға, ізігілікті дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы- өмірлік  мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканы патриотизммен  байланыстыра оқыту керек сияқты. Осы талапқа сәйкес, педагогиканың ұлтжандылығы – бұл білім беру философиясының ізгілікті мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындылықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.

Аталған адамзаттық және ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады. Рухани байлыққа халқымыздың мәдени-мұралары, ата-баба салт дәстүрлері, танымдағы және эстетикалық ләззаттағы өажеттіліктер жатады. Халық игілігі реінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Елінің бүгіні мен ертеңін алыстан болжап, халық үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып саналады. Бабалардан қалған қасиет пен құрмет, тіл мен діл, ел мен жер – бәріде біздің рухани байлығымыз. Рухани байлық – адамның өмірін, қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын жәнеоның бар мақсат мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның бергілі бір қажеттерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады.

Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқы жеке өасиеттерді қамтиды. Кеңпейілдік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен өоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттілігінің нәтижесі.

Адамгершілік дегеніміз  үлкенді үлкен, кішіні кіші деп қадірлей білуде, тектіліктің тірегін қалайтын тәлім тәрбиеде. Ал тәрбие қуаты  отбасында. Қазіргі таңда еліміздегі оқу – тәрбие жұмысында болып  жатөан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысына көп мән беруді міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде жеке тұлғаға ұлттық тәрбие және адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты алға қойылатын негізгі мақсат – өркениет, прогресшіл бағыттағы ұлттық бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тәлімін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастары мен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен бірге жеке тұлғаның сапасын көтеру.

Тәрбие – өоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын  қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып  табылады. Оқушылардың сапалы білімі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес ұлттық сезімін және сенімін тәрбиелеу әрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты. Тәрбиенің негізгі міндеті: өоғамның қажетті талаптарына әрбір баланың борышы, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сияқты биік руханни адасгершілікке айналдыру. Білім беру жүйесіндегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухқа ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлтық мәдениетін кіріктіре меңгеру.

Екіншіден, жастардың  бойындағы адами құндылыұтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.

Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық  бағытын сағтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершіліктұрғысынан кемелденуіне аудару.

Ендеше жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиет ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – заман талабы. Егер адам руханилығынан айырылса, онда ол эмоция мен мінезінен айырылады, жалаң рационализм мен прагматизмнің құлына айналады. Сөйтіп, материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған қоғамдық даму адамзатты рухани жұтандыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жеберуі мүмкін.

Қазіргі білім беру жүйесінің  міндетті бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа  және әлемдік мәдениет пен әр халықтың өзінің ұлттық тәрбиесін байланыстыра адами құндылықтарын, қайырымдылықты, ата-анаға,Отанға, табиғатқа дегенсүйіспеншілікті арта отырып білімді, еңбекқор, бәсекеге бейімделген жеке тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі таңда әрбір  жеке тұлғаның құндылық қасиеттерңн  дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отығаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарихи-әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндіктеріне барынша көңіл бөліп, мұғалім білімі мен білігін тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыру керек деп санаймын. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне баыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда азаматтық құндылықтарды, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып келе бермек.

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларын рухани құндылықтарға бағыттаудың маңызы