Жоғарғы сынып оқушыларын рухани құндылықтарға бағыттаудың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 23:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Жеке тұлға бойында рухани құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі
1.1 Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
ІІ Ұлттық діндердің рухани құндылықтарының мәні мен табиғаты
2. Ұлттық құндылықтардың маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

жогаргы сынып окушыларына рухани кунд манызы Гулжанат.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

 Оқушының ұлттық  қасиеттеріне меймандостық, кісілік,  сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

 Әрбір ұлттың ұлттық  қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты  дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы  ұлттық әдебиет пен сол ұлттың  салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиетерін қалыптастырып, кісілік сана сапасын арттырады. Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетеді де, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиеттерін қалыптастырады.

 Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу - міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

 Адамдардың бойында  қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер  рухани құндылықтарға, ал адамдардың  қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.

 Өзімізді өзіміз  бағалай білуге бет бұру - ұлттық  байлығымызды игеру, ұлттық санамызды  дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп,  оқыту процесіне енгізу арқылы  ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық  рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.

 Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген,  ұлт қадірін білген азаматтың  бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.

 Қазақ халқының  осындай дәріптеуге, қастерлеуге,  дамытуға тұрарлық ұлттық  рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа.     Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.

      Әр адам  өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз  халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің  туған жеріне өз халқы өмір  сүретін ортаға деген сезіммен  ұласып жату керек. Халықтық  әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы,  патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

       Бала  бойына ұлттық құндылықтарды  дамытудағы негізгі құралдарға  мыналарды жатқызуға болады:

сыныптағы тәрбие сағаттары

баспасөз және қабырға  газеттері

бұқаралық ақпарат құралдары

тәрбие шаралары (пікірталас, әңгіме-сұхбат, дәріс, конференция, кездесулер, үйірмелер

саяхат жасау

кітап оқу

шығармашылық жобалар

мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Халқымызда «Ердің артында  мол байлық қалғанша, жақсы аты  қалғаны игі» деген аталы сөз  бар. Бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қоятын жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық екенін ұмыта бастаған сыңайлы.

Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені – жоғары атақ-мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.

Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкін бөгде біреулердің  ұрлап әкетуі де, тіпті, қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан рухани қазынасын ешкімнің де тартып ала алмасы анық. Ел ішінде «Жақсылардың кеудесі алтын сандық» деген бағалы сөз осыдан қалса керек.

Ең бастысы – өмірімізге сара жол нұсқайтын, ізгі ниеттің  нұрын құяр ғұламалардың сөзін көңілімізге  ұялатсақ, өміршең ойға берілеріміз  шүбәсіз.

«Адамға адал досты табу қиын,

Көбіне дос етеді  мал мен бұйым.

Қасыңнан, досыңнан да бірдей сақтан,

Егер де болса зердең, баста миың»,- деп айтып кеткен еді, ұлт үшін ұрандаған Алаш қайраткерлерінің бірі – Ахмет Байтұрсынов.

«…Ғұлама машайықтар мен ақылман даналарды бөлек, дара тұлғалар ретінде сыйлап, құрметтей білдім, батыл адамдармен дос болдым. Өйткені, Алла Тағаланың өзі де, ер жүрек құлдарын ұнатқан ғой. Олармен дидарласып, өзара сырласып, таза ниет, пәк кісілерді жаныма жақын тұттым. Сондай-ақ, ізгі ниетімен берген ақ батасын алдым», – деп өзінің өнегеге толы өмірінен ұрпақтарына мөлтек сыр шертіп кеткен екен Махамбет бабамыз.

Мінеки, «Жақсының аты  өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген  осы болар.

Ұлт келешегінің кепілі – жастарға рухани кедейшіліктен, ертеңімізге  немқұрайлы қараудан аулақ болайық  дегім келеді. Соңымызда көл-көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға үлгі боларлық өнегелі іс қалсын ағайын!

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық   шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеумет- тік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең  болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын  ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім  болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа  ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге  қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес

Я.А.Коменский балаларға  тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады:           « Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының ,оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш.  Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский « Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес.» деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек.Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.

Тәрбие жайындағы белгілі  мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның  « Ұстаздан ұлағат»атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту ,сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған.

Бала тәрбиесі ең алдымен,аға  ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен  өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.

Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын  сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің  жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасының  баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып,адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза елжанды азамат керек.Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін,елін,туып-өскен жерін,тілін,халқының тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, « Менің Отаным-Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.

Ал ұлттық тәрбиеге тікелей  ықпал жасайтын білім ордасы,мектептер  мен жоғары оқу орындары.Олар жас  мамандар мен ұстаздарға мемлекет пен  халықтың мүддесін ойлайтын, «елім, туып-өскен  жерім, мен Қазақстан Республикасының  азаматымын» деп жүрегі соғатын  ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретуге міндетті. Ал тәрбиеге байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіріп,қайта даярлау мемлекеттің ұсынған қаулы-қарарлары мен заңдарына сай келуі керек.

Ұлтжанды,адами құндылықтарды  бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза.иман жүзді,біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.

Бүгінгі жас ұрпақты  сонау замандардан жинақталған  ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны қалыптастырмақ.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге сынып жетекшінің  де ролі ерекше .

Ұлттық құндылықтар  арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған  тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін  жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың  қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие,ұлттық рухты сақтап қалу-үлкен  міндет.

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар  арқылы тәрбиелеуде халқымыздың  сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз.Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза,рухани биік,адамгершілігі мол,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу-сынып жетекшінің міндеті.

Ғұлама Абай баланың  бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық  сіңіру парыз деген.

Міне ,осы  алты қасиетпен бірге үш асыл мінез-құлық.

1.Елімен туған-туыс,жұрағат,жекжат,дос-жолдасқа  адал болу.

2.Өте әділетті болу

3.Шындықты тура бетке  айту сияқты асыл мінезді атап  көрсеткен.

Сынып жетекші тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда мынадай  ұлттық құндылықтар тақырыбында тәрбиені тәрбиеленуші бойына дарытады.

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларын рухани құндылықтарға бағыттаудың маңызы